Салық ЖҮйесінің МӘнімен маңызы салықтың түсінігі, ерекшеліктері және элементтері



жүктеу 0,63 Mb.
бет1/19
Дата25.08.2020
өлшемі0,63 Mb.
#31332
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Акциз салығы






МАЗМҰНЫ



КІРІСПЕ

1САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІМЕН МАҢЫЗЫ

1.1 Салықтың түсінігі, ерекшеліктері және элементтері

1.2 Салық жүйесінің түсінігі мен құрылу принциптері

1.3 Қазақстан Республикасының салық жүйесінің даму кезеңдері

1.4 Жергілікті бюджеттердің мәні, кірістері мен шығыстары

2 ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ БОЙЫНША САЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚЫЗЫМЕТІНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ТАЛДАУ

2.1 Жезқазған аймағының салық қызметінің жалпы сипаттамасы

2.2 Жезқазған қаласы бойынша Салық басқармасының құрылымы

2.3 Жезқазған аймағы бойынша салық төлеуші субъектілер

мен олардың деңгейі

2.4 Жезқазған салық басқармасының қызметін талдау



2.5 Салық төлемдерерінің түсімін талдау

3 БЮДЖЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕХАНИЗІМІ РЕТІНДЕГІ АКЦИЗДЕРДІҢ РОЛІ

3.1 Акциздің құрылу негізі

3.2 Акциздердің төлеу мен есептеу тәртібі

3.3 Акциздердің бюджет кірісіндегі орны

3.4 Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер

бойынша мерзімінде төленбейтін салықтарды азайту

3.5Акциз салығын алуды жетілдірудің жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ




6

9

9



13

18

20



24
24

25

34


37

41

54


54

57

63



64
66

73

75




КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі.Нарықтық қатынастар жағдайында салық жүйесі эканомиканы мемлекеттік реттеудің негізгі қаржы-несие механизмі, ең маңызды реттеушілердің бірі болып табылады. Салық саясаты облысындағы негізгі бағыт: мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы қатынастардың жаңа типін қалыптастыру басты негізде салық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі он жылдан астам уақыт бойы әрекет етуде және де осы уақытқа дейін қатаң сынаудың обьектісі болуын жалғастырып келеді. Еліміздің жеке салық қызметінің ұйымдасқан күніне бастағандығы он жыл ішінде біздің тәуелсіз мемлекетіміздің салық жүйесін қалыптастырып және оның, әрі қарай дамуына сәйкес біршама жұмыстар атқарылады.

Қазақстан Республикасының «Бюджетке төленетін салықтар және басқа да міндеті төлемдер туралы» кодексі 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастай күшіне енді. Салықтық қатынастарды реттеу деңгейі тағы бір сатыға жоғарылады. Салықтың түрлері мен санының кемуі және оларды бюджетке төлеу механизмнің жеңілдетілуі жүмыс жағдайына жағымды әсер етті. Бірақта салық салу механизмінің анық болмауы, көптеген жұмыскерлер қызметтерінің нақты болмауы салық төлеуден жалтаруға әкелді.

Нарық жағданында акциз салығының төлеу шарттарының қалыптасуына байланысты заңдық және іс-тәжпребелік сұрақтарды зерттеудің жетіспеушілігі зерттелетін жүмыстың тақырыбын таңдауды айқындап, мақсатын және қарастырылатын сұрақтардың аясын анықтады.

Салықтар мемлекеттің басқа да атрибуттары сияқты мемлекеттер құрыла бастаған кезде пайда болған және олар әркашан да мемлекеттің мемлекет болып қалыптасуының, сондай-ақ оның өсіп-өркендеуінің негізгі материалдық тірегі болып табылған.

Алғашқы кездерде мемлекетті ұстауға қажетті қаражаттар сол мемлекет тұрғындарынан заттай немесе ақшалай күйінде алынған болса, кейінінен олар тұрақты, жүйелі түрде ақшалай алынатын міндетті төлемдерге - салықтарға айналған.

Салықтардың, салықтық құқықтың мемлекеттермен қатар пайда болуы олардың құқықтық табиғатын, мәнін ашып көрсететін сияқты. Өйткені сол кездерден бастап мемлекеттерде әлеуметтік әділеттілік, демократиялық және

құқықтық принциптері көрініс берген. Әртүрлі меншік нысандарының теңдігі, олардың өндіріс құралдары мен жабдықтарына негізделуі де мемлекеттің экономикалық жүйесімен шартталған болатын.

Сонымен салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субьектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субьектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді.

Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет қүрылымының өзгеруі, өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады.

Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Салықтар - мемлекеттің тұрақты қаржы көзі. Сондықтанда мемлекет экономиканы дамытып, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады.

Салықтардың функционалдық, сипаттамасын нақтыландыру, яғни қызметтеріне талдау жасау арқылы салықтардың тікелей мәнін және экономикалық табиғатын, сондай-ақ атқаратын қызметтерінің негізгі бағытын көруге болады. Салықтардың қызметтері белгілі кезеңде өздері атқаратын рөліне байланысты, мемлекет алдында тұрған негізгі мәселелерді шешуге септігін тигізуге, қажетті экономикалық тұтқа және реттеуші болып табылады.

Салық кодексі бойынша барлық жағдайларда акцизделетін тауарларды сатып алушыға тиеп жөңелту (беру) күні операция жасаған күн болып табылады.

Тауар өндіруші өзі акцизделетін тауарларды өзінің құрылымдық бөлімшелер желісі арқылы өткізгеп жағдайда тауарларды құрылымдық бөлімшелерге тиеп жөнелткен күн операция жасалған күн болып табылады.

Акцизделетін алыс-беріс тауарларын беру кезінде аталған тауарларды мердігерге (ұқсатушыға) берген күн операция жасаған күн болып табылады.

Алыс-беріс тауарларынан акцизделетін тауарлар әзірленген кезде әзірленген акцизделетін тауарларды тапсырыс берушіге немесе тапсырыс беруші керсеткен тұлғаға берген күн операция жасаған күн болып табылады .

Акцизделетін тауарларлы өздерінің өндірістік қажеттеріне пайдаланған кезде аталған тауарларды осындаи пайдалануға берілген күн операция жасалған күн болып табылады .

Лотерея ұйымдастырған және өткізген жағдайда салық органдарыда лотерея билеттерін сатуға шығаруды тіркеген күн операция жасалған күн болып табылады.

Акцизделетін өнім, акциз алымы маркалары бүлінген жағлайла бүлінген акцизделетін өнімді ( акциз алымы маркалары ) есептен шығару туралы акт жасаған күн операция жасалған күн болып табылады.

Акцизделетін тауарлар, акциз алымы маркалары жоғалған жағдайда акцизделетін тауарлар, акциз алымы маркалары жоғалған күн операция жасалған күн болып табылады .

Тұрлаулы акциз ставкасы белгіленген акцизлелетін тауарлар бойынша салық базасы өндірілген, өткізілген заттай нысандағы акцизделетін тауарлар көлемі ретінде белгіденеді.

Адвалорлық акциз ставкалары белгіленген акцизделетін тауарлар бойынша салық базасы өндіруші осы тауарды акциздер мен қосылған құн салығын енгізбей беретін бағалар бойынша анықталатын өндірілген, өткізілген акцизделетін тауарлар құны ретінде белгіленелі.

Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезіндегі салық базасы лотереяны ұйымдастырушы салық органында лотерея билеттерін сатуға шығаруды тіркеген кезде жүлде қорына жатқызылатын сома алып тасталған, оған акциз сомасы қосымша мәлімдеген түсім сомасы ретінде анықталады және шығарылған тіркелгеннен кейін ол өезгертілмеуге тиіс.

Егерде спирттің барлық түріне әртүтрлі акциз ставкалары белгіленген жағдайда, салық базасы сол бір ставкамен салық салынатын операциялар бойынша жеке-жеке анықталады.

Зерттеу мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты-акциз салығының салық жүйесі ішіндегі мәнін ашу және оны алудың жетілдіру жолдарын ұсыну болып табылады.

Алға қойған мақсатқа жету үшін өзара байланысқан келесі шаралар қатарын шешу керек:

1.салықтың маңызы мен мәнін ашу;

2.салық жүйесінің түсінігін, ерекшеліктерін және принциптерін зерттеу;

3.Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі ішіңдегі акциздің ерекшелігін қарау;

4.акциз салығының құрылу негізін қарастыру;

5.акциз салығының бюджет кірісіндегі орнын анықтау;

6.салық жүйіесінің мәселелерін қарастыру және жетілдіру жолдарын ұсыну.

Жұмыстың зерттеу пәні болып мемлекет пен салық төлеуші - азаматтар арасындағы қаржылық, қатынастар жүйесі табылды.

Ақпараттық, базасына Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң актілері, Қазақстан Республикасының салық кодексі, Қазақстан Республикасы Табыс министірлігі мен Қаржы министірлігінің салық жөніндегі инструкциялары, қазақстандық және шетелдік ғалым экономистердің монографиялық әдебиеттері мен ғылыми мақалалары қолданылды.

Практикалық (тәжірибелік) негізіне Қазақстан Республикасы Табыс министірлігінің жоспарлық және есеп беру мәліметтері қолданылды.

Дипломдық жұмыс 76 бетте жазылған, 5 сурет, 16 кестені қосады.






  1. жүктеу 0,63 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау