Премьер-Министру



жүктеу 58,76 Kb.
Дата18.12.2017
өлшемі58,76 Kb.
#4489
түріКонкурс



«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға арналған

осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы

ішкі конкурс туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, индекс 060005 Атырау қаласы, Азаттық даңғылы 94-А, анықтама телефондары (7122) 30-36-76, факс 45-15-67 электрондық мекен-жайы: ekagazgalieva@taxatyrau.mgd.kz, ekagazgalieva@kgd.gov.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға арналған осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:


  1. Қосылған құн салығын әкімшілендіру бөлімінің бас маманына, С-R-4 санаты, 1-бірлік.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 73 288 теңгеден 99 105 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Бюджетке қосылған құн салығын төлеу жөнінде салық төлеушілердің міндеттерін бақылау, салықтық тексеру нәтижелері бойынша хабарламаны табыс ету, нөлдік ставка бойынша түскен өтініш бойынша тақырыптық тексеру жүргізу, соның нәтижесімен тиісті ҚҚС сомасына өкім дайындау, басқа салық органдарынан ҚҚС сомасын растау үшін жіберілген сұраныстарды уақытылы орындау, ҚҚС сомасының асып кетуіне талдау жүргізу, салық төлеушілерден түскен өтініштер мен хаттардың сапалы уақытында орындалуын қамтамасыз ету, аймақтық Мемлекеттік кірістер басқармаларына ҚҚС сомасын растау үшін сұраныстарды жіберу.

  1. Өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру бөлімінің бас маманына, С-R-4 санаты, 1-бірлік.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 73 288 теңгеден 99 105 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Жергілікті салықтар бойынша дұрыс есептеудің және жеңілдіктер беруді, салықтың толықтай және уақытында түсуін қадағалау, салық төлеушіден түскен арыз-шағымдардың, хаттың уақытында және сапалы қаралуын қамтамасыз ету, өндірістік емес төлемдер болжамының орындалуына талдау жасап, бекітілген болжамға түзету енгізу, уәкілетті органдардан алынған мәліметтерді қадағалау, өз мерзімінде хаттарды және хабарламаларды ұсынуды жүзеге асыру, облыс Әкімінің қаулысына сәйкес салық салу базаларын кеңейту және толық есебін қамтамасыз ету бойынша жасалған жұмыстар туралы мәліметті уақытында ұсыну.

С-R-4 санаты бойынша конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім (экономикалық, құқықтық).

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) Тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар жоғарыда аталған құжаттарды ekagazgalieva@taxatyrau.mgd.kz, ekagazgalieva@kgd.gov.kz электрондық почта не «E-gov» электрондық Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «E-gov» электрондық Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.



Құжаттарды қабылдау мерзімі ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына тапсырылуы тиіс.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандиттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандиттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссисының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандиттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандиттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, немесе электрондық көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) әңгімелесу басталғанға дейін құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларына

2 - қосымшасы


________________________
________________________
________________________

(мемлекеттік орган)

Өтініш
Мені_______________________________________________________ ___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ ____бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына

орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін:

Қоса берілген құжаттар:_____________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны__________________________

________________________________________________________________



__________ ___________________________________
  (қолы)                                 (А.Т.Ә.(болған жағдайда))

«____»____________ 20_____ ж.
жүктеу 58,76 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау