ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: 1. «Ел болу тарихымыздан» – оқыту, мазмұнын айтқызу. ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: 1. Сұрақтарға жауап алу - Қазақ хандығы қай уақытта құрылды? - Алтын адам туралы не білесің? - Біздің елімізде қандай ұлт өкілдері қоныстанған? 2. Қорытындылау
ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Ақ күрішті аймақ.
V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Мұғалімнің түсіндірмесі
Арал теңізінің шығысынан басталып, Сырдария өзенін бойлай Қызылорда облысы созылып жатыр. Оның ең басты қаласы – Қызылорда. Бұл аймақтың табиғаты шөлді. Жерінде үлкен-үлкен құмды жондар жиі кездеседі. Республикамыздың ең ыстық шөлді өлкелерінің бірі. 2. Сурет бойынша жұмыс. 3.Сергіту сәті
VІ Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Оқулықпен жұмыс 192-195 бет.
2. Сұрақтарға жауап алу. - Қызылорда облысының ең басты байлығы не? - Неге ақ күрішті аймақ дейміз? - Күріш өсіруге қолайлы жағдайларды ата.
VІІ Бекіту кезеңі: Қорытындылау
VІІІ Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 192-195 бет оқу, мазмұндау. 2. Бағалау
№65. Тақырыбы: Өзгерген өлке.
Мақсаты: Өзгерген өлке жайында оқушылар ұғымын кеңейту; тілін, сөздік қорын дамыту; адам еңбегінің құнын түсінуге тәрбиелеу.
Сабақ типі: аралас сабақ. Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу
Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелер
Барысы: І .Ұйымдастыру кезеңі . Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару
ІІ .Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:1. Өлкенің ең негізгі байлығы неде – оқыту, мазмұнын айтқызу. ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:
1. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап алу. - «Кенді Алтай» деп неге айтады? Алтайды неге Еліміздің «інжу-маржаны» дейді? - Өндірілетін пайдалы қазбаларды ата. Олардың шаруашылық маңызына тоқтал. - Біздің елімізде қандай ұлт өкілдері қоныстанған?
2. Қорытындылау
ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Өзгерген өлке.
V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Мұғалімнің түсіндірмесі
Өндіріс өркендеді. Маңғыстау же жүзінде мұнайды көп өндіретін мекендердің қатарына қосылды. Өңірде үлкен-үлкен қалалар тұрды. Жергілікті ұлу тастан салынған қырмыздай құлпырған қала – Ақтау осы облыстың орталығы. 2. Сурет бойынша жұмыс. 3.Сергіту сәті
VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Оқулықпен жұмыс 195-196 бет
2. Сұрақтарға жауап алу
VІІ .Бекіту кезеңі: Қорытындылау
VІІІ.Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 195-196 бет оқу, мазмұндау. 2. Бағалау
№66. Тақырыбы: Астықты алқап.
Мақсаты: 1. Баланың еңбекке бейімділігі, отбасы «қоры» туралы түсінік беру; тілін, сөздік қорын дамыту; табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Сабақ типі: аралас сабақ. Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу
Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелер
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:1. «Өзгерген өлке» – оқыту, мазмұнын айтқызу.
ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: 1. Тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру. 2. Дәптермен жұмыс. 3. Қорытындылау
ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Астықты алқап.
V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
1. Мұғалімнің түсіндірмесі
Нанның қайдан келетіні бәрімізге белгілі. Бірақ ол дастарқанға жеткенше қанша тер төгілетінін еңбек еткен адам ғана біледі. Оның дәмін, құнын сол адам ғана өз мәнінде сезінеді.
«Көзін сатып жеген нан,
Кептеледі өңешке.
Терін сатып жеген нан,
Балдан тәтті емес пе?!» -
деген сөз өте орынды айтылған.
2. Асар деген не? Оқып беру, түсіндіру. 3.Сергіту сәті
VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:1. Оқушыларға оқыту. 2. Сұрақтарға жауап алу. VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау
VІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 197-198 бет оқу, мазмұндау 2. Бағалау
№67. Тақырыбы: Мал шарушылығы
Мақсаты: Мал шарушылығ туралы түсінік беру; тілін, сөздік қорын дамыту; табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Сабақ типі: аралас сабақ. Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу
Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелер
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі. ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:1. Сұрақтарға жауап алу.
2. Қорытындылау. ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Мал шаруашылығы V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Мұғалімнің түсіндірмесі
Қазақстан – ауыл шаруашылығы дамыған республика. Мал өсіруге жайылымдық жерлері де мол. Оған қоса астықты аймақтарда мал азықтық дақылдар да егіледі. Әсіресе, жүгеріні көктей орып, турап, тұздап, сүрлеп мал азығын жасайды. Жүгері сүрлемін жеген сиыр малы тез семіреді, сүтті мол береді. Астық сабаны да – мал үшін құнарлы азық.
2. Сурет бойынша жұмыс 3.Сергіту сәті
VІ Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:1. Оқушыларға оқыту 2. Сұрақтарға жауап алу - Бунақденелілердің қандай ерекшеліктері бар? - Буанқденелілердің табиғаттағы және адам өмірінде маңызы қандай?
VІІ Бекіту кезеңі: Қорытындылау
VІІІ Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 199-200 бет оқу, мазмұндау. 2. Бағалау
№68. Тақырыбы: Қазақстан – мәдениеті мен өнері өркендеген ел.
Мақсаты: Қазақстан мәдениеті жайлы түсінік беру; танымдық қабілеттерін дамыту; байқампаздыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: аралас сабақ. Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу
Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелер
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:1. «Мал шаруашылығы» – оқыту, мазмұнын айтқызу.
ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: 1. Сұрақтарға жауап алу - Республикада мал шаруашылығының дамуына қандай қолайлы жағдайлар бар? - Ірі қара малының пайдасын айт. - Сүттен жасалатын тағамдарды ата. Ол тағамдарды сенің отбасың қайдан алады?
- Еттен жасалатын тағамдарды ата. 2. Қорытындылау
ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Қазақстан – мәдениеті мен өнері өркендеген ел.
V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Мұғалімнің түсіндірмесі
Біздің республикамызда жастарға жалпыға бірдей міндетті орта білім беріледі. Сонымен қатар әр оқушының икемділігіне қарай арнаулы білім беретін де мектептер бар. Олар: музыка, математика, спорт, шет тілдері мектептері. Бұларда осы аты аталған пәндер тереңдетіліп оқытылады.
2.Сергіту сәті
VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
1. Тақырыпты оқыту. Іштей, дауыстап-тізбектей оқыту. 2. Сұрақтарға жауап алу
VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау
VІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 200-203 бет оқу, мазмұндау.2. Бағалау.
3 –сынып. Еңбекке баулу.
№ 1. Сабақ тақырыбы: Кіріспе (оқулықпен таныстыру)
№ 2. Тақырыбы: Жұмыс орнын дайындау және еңбек қауіпсіздігін сақтау ережелері.
Мақсаты: Жұмыс орнын дайындау және еңбек қауіпсіздігін сақтау ережесі жайлы түсінік беру, есте сақтау қабілетін дамыту, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу
Көрнекілігі: суреттер. Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа дайындық.
ІІ Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Жұмыс орнын дайындау және еңбек қауіпсіздігін сақтау ережесі.
Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Жұмыс орнын дайындау және еңбек қауіпсіздігін сақтау ережесі жайлы түсінік беру. - сабаққа арнаулы киіммен келу /алжапқыш, жеңсе немесе халат, жаулық немесе телпек/; - құрал жабдықтарды, сурет, сызба, жазу жазатын жұмыс дәптерлерін ретке келтіріп отыру; - тек дұрыс құралмен ғана жұмыс жасау, оларды өзінің тиісті жерінде ғана пайдалану; - техника қауіпсіздігінің ережесі бұзылған жағдайда, жараланғанда дереу мұғалімге хабарлау.
Сергіту сәті. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап – тізбектей; 2. Сұрақтарға жауап алу . 3. Тапсырмаларды орындау.
Бекіту кезеңі:Қорытындылау.Үйге тапсырма беру кезеңі:1. 4-5бет түсініп оқу.2. Бағалау
№ 3 Тақырыбы: Оқуға шақыру . Ахмет Байтұрсынұлы
Мақсаты: А.Байтұрсынұлы жайлы білгенін еске түсіре отырып, оқушыларды мәнерлеп оқуға, мазмұнын игеруге, біліктілігін арттыра түсуге көмек беру, жағдай жасау; ауызша сөйлеу дағдылары мен жазбаша тілдерін жетілдіре отырып, ойын қорытып түсіндірп айта білуге ықпал жасау; оқуға, білімді алуға ұқыптылыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас. Көрнекілігі: кітап, пікір ағашының суреті, сызба, өлең жолдары
Әдісі: түсіндіру, әңгіме, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау.
Тұңғыш әліппені жазған кім? Ол туралы не білесің? (әңгімелеу) кітаптағы суреттер сыры неде?
ІІІ. Жаңа сабақ: 1. Кіріспе: Ахмет Байтұрсынұлы туралы білгеніңді пайдаланып «Пікір ағашын» толтыр. 2. Өлеңді түсініп оқып, іштей оқу, тізбектей оқу, жеке- жеке оқу, түсті бояумен жазылған сөздерге көңіл бөлу. 3. Дәптермен жұмыс ( түсті бояумен ерекшеленген сөзерді теріп жазып, түсіндір) 4. Сөзік жұмыс жүргізу «Іздеп тауып алалық – бұл жерде: үйрену, оқу, іздену.»
IV. Жаңа сабақты пысықтау: 1. Өлеңді бөлімге бөліп оқу. а) оқуға шақыру. ә) еңбек іс - әрекеті. б) даналық . 2. Даналық сөзін басқаша қалай айтуға болады? Алмастырып көр. (өлеңді қайталап оқып көр.) 3. Ақын ойын енді түсіндің бе? Ахмет Байтұрсынұлы балалрды неге шақырады? Өз сөзіңмен түсіндіріп көр.
V. Қорыту : Сызбамен жұмыс: зер сал, өз сөзіңмен түсіндір.
1.Даналық, оқу, білім, т.б сөздер неліктен құмырсқа түрінде көрсетілген деп ойлайсың?
2.«Даналық - өшпес жарық, кетпес байлық» қалай түсінесң? Сызба арқылы көрсете аласың ба? VІ Үйге тапсырма: жаттап ал, «Ахмет» сөзжұмбақ құрастырып көр. Бағалау.
№ 5. Тақырыбы: Өздік жұмыс. Схема бойынша көжек құрастыру.
Мақсаты: Көжек құрастыру жайлы түсінік беру. Танымдық қабілеттерін дамыту. Тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас. Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелер. Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап. Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық
ІІ Үй тапсырмасын тексеру, сұрау.Тақырыпты оқыту. Мазмұнын сұрау.
ІІІ Білімді тексеру кезеңі: 1.Сұрақтарға жауап алу. Табиғат және адам қолымен жасалған әлемнің байланысын түсіндір.
IV. Мақсатын қою кезеңі: тақырыбын, мақсатын хабарлау. Схема бойынша көжек құрастыру. V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
Ұлу қабыршағының екі жартысын желімдеу үшін «момент» желімін пайдаланған дұрыс. 2. Ұлу қабыршағынан ойыншықтар, жапсырмалар және әдемі әшекейлер жасауға болады. Қоян туралы әңгіме құра (2 – сурет). Құраған әңгімеңе халық ертегілерінен үзінділер, мақал – мәтелдер кіргізуіңе болады.
Материалдар: көлемі мен түсі әртүрлі ұлу қабыршағы, гүл тұқымы, ермексаз.
Керек заттар: лак, қатырма қағаздан жасалған тұғыр немесе тақтай, қылқалам. 1. Бұйым жасаудың реті схема түрінде берілген. 2. Барлық бөліктер біріктірілгеннен кейін құйрығын жалғау керек. 3. Ең соңынан дайын болған бұйымға лак жағылады.
VI Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Әр түрлі материалдан композиция жаса. Композиция мазмұны «Дала» деген тақырыппен үндесуі тиіс. 2. Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау. Схема дегеніміз не? Онымен қалай жұмыс істеу керек екенін түсіндір.
VІI Бекіту кезеңі:Қорытындылау . VIII Үйге тапсырма: 1. 12 – 13 бет оқу. 2. Бағалау.
№ 8 Тақырыбы: Мозайка. Қарындаш жаңқаларынан жасалған мозайка.
Мақсаты: 1. Оқушыларға мозайка туралы тұсінік беру. Қарындаш жаңқаларынан мозайка жасау тәсілін көрсету. 2. Ой – өрісін,білімін дамыту. 3. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу
Көрнекілігі: суреттер,қағаз,әр түсті қарындаш,бояу.
Сабақ барысы:I Ұйымдасу кезеңі: Сабаққа дайындық. IV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Мұғалімнің түсіндірмесі. Мозайка – бір немесе одан да көп материалдардың ұсақ бөліктерінен жасалған сурет. Мозайканың алғаш пайда болған уақытын дәл айту қиын. Азияда қазба
жұмыстары кезінде көктас пен бақалшақтан жасалған мозайкалар табылған. Негізінде мозайкамен жауынгерлердің жорықтары бейнеленген.
Римде әр түрлі тастардан жасалған мозайкамен еден,қабырғаларды сәндеген. Соған қарағанда мозайканы ерте кезде – ақ құрастырған екен. 1,2,3 – сурет бойынша түсіндіру
Кез– келген пайдаланылған қарындаш жоңқаларын алуыңа болады. Жоңқа неғұрлым ұзын және бірдей болса, мозайка да соғұрлым әдемі болады. Жоңқаларды бояп, қиып, мозайка жасауға пайдаланамыз. 1.Оқулық бойынша жұмыс: 14-15 бет
Сергіту сәті.
Өздік жұмыс. Қарындаш жоңқаларынан жасалған мозайкамен ормандағы жаңбарлы күнді немесе гүлге қонған көбелекті бейнеле.
VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
Сұрақ – жауап: 1.Негізгі жұмыс кезеңін ата? 2. Қарындаш жоңқалары немен боялғанын түсіндің бе? 3.Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау.
Көрме ұйымдастыру.
VII. Қорыту: VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 14 – 15 бет оқу. 2. Бағалау
№ 9 .Тақырыбы: Дән тұқымынан мозайка құрастыру.
Мақсаты: 1. Оқушыларға дән тұқымынан мозайка құрастыру. 2. білімділікке тәрбиелеу. 3. Әдемілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу
Көрнекілігі: суреттер, дән тұқымдары, ермексаз, қағаз.
Сабақ барысы: I Ұйымдасу кезеңі:Сабаққа дайындық
IV. Мақсатын қою кезеңі:Тақырыбын,мақсатын хабарлау
V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Мозайка деген не?Мозайка – бір немесе одан да көп материалдардың ұсақ бөліктерінен жасалған сурет.2. Ваза (1сурет ) мен табақшаны (2 сурет) қандай дән тұқымымен әшекейлеуге болады? (бидай, күріш, арпа). 3.Оқулық бойынша жұмыс 16 бет 1-5 суреттермен жұмыс
Сергіту сәті. Өздік жұмыс. Өз ойыңа сүйеніп, дән тұқымынан көлемді мозайка құрастыр.
Алдымен қағаз бетіне мозайканың нобайын сызып ал. Одан кейін қатты негізге бір қабат ермексаз төсе. Оған дәндерді жасаған нобайдың бойынша орналастыр.
VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
Сұрақтарға жауап алу. Жасалу ретін ата? Қазақстанда суда мекендейтін жануарларды ата?
VII. Қорыту. VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 16 бет. 2.Бағалау
№ 10. Тақырыбы: Қауырсыннан заттар құрастыру.
Мақсаты: Қауырсыннан заттар құрастыру. 2.Білімін, ой-өрісін дамыту. 3.Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу
Көрнекілігі: суреттер, ПВА желімі,гуашь, сым, қауырсын.
Сабақ барысы:I. Ұйымдасу кезеңі:Сабаққа дайындық
IV. Мақсатын қою кезеңі:Тақырыбын,мақсатын хабарлау.Қауырсыннан заттар құрастыру
V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Жұмыс барысында әр түрлі (көлемі, түсі) құс қауырсындарын пайдалануға болады. Жұмысты бастамас бұрын қауырсынды жауып, кептіріп, тарау керек. Қазақ халқы дәстүрі бойынша домбыраға, түскиізге, тақияға,балалар кеудешесіне үкі қауырсыны тағылады.
Енді 1 – суреттегі гүлдің жасалу ретімен танысамыз. Сабағын ұзынырақ сым темірден жасаймыз. Оны гофрирленген (кеңірдіктелген) жасыл қағаз жолағымен ораймыз (4 – сурет). Сегіз кішкене, сегіз үлкен қауырсын таңдап аламыз (5 – сурет).Жіңішке алты сым темірді гофрирленген сары қағаз жолағымен ораймыз. Осылайша гүлдің аталық бөлігін жасадық. Олрдың ұшын ПВА желіміне маламыз. Содан соң ұнтақ жармаға батырып алып, қызыл түсті гуашьпен бояймыз (6 – сурет, 18 – бет).Дайын болған аталық бөлігін сабағына жіппен (7 – сурет) байлаймыз (4 – сурет, 18 – бет). Ал кішкене мамық қауырсындарды гүл шоғырына орнатамыз. Сонымен гүл жапырақшаларының өзегі дайын болды (1 – сурет, 17 – бет).Үлкен сегіз қауырсынды кішкене жапырақшалардан сәл төменірек орналастырамыз. Қосылған жерлерін гофрирленген жасыл қағаз жолақшасымен ораймыз.
Сергіту сәті. Өздік жұмыс. Аккумулятор мен күшікті құрастыр.
VI Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: Оқулық бойынша жұмыс. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап-тізбектей. Сұрақтарға жауап алу.
VII. Қорыту. VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі:1. 17 – 19 бет оқу. 2.Бағалау
№ 11. Тақырыбы: Қайың қабығынан құрастыру.
Мақсаты: Оқушыларға қайың қабығынан құрастыру тәсілін үйрету. Ұқыптылыққа тәрбиелеу . Білімін дамыту.
Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу
Көрнекілігі: Қайың қабығы,ПВА желімі, қолғап.
Сабақ барысы:I Ұйымдасу кезеңі:Сабаққа дайындық
IV Мақсатын қою кезеңі:Тақырыбын,мақсатын хабарлау
V Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Қайың қабығының сыртындағы жұқа, ақшыл қабатын т о з деп те атайды. Ол қара жолақтары бар ақ түсті болып келеді. Қайың қабығынан әсем ойыншықтар, әшекейлер жасайды және тоқымаға пайдаланады.Тозды ағаш сөлінің бөлінуі тоқтаған кезде, жаз бастала жинайды. Қайың қабығын пайдалануға болатынын білдіретін белгілер:алғашқы күн күркіреуі; масаның пайда болуы; қайың жапырағының көлемі шамамен 15 мм болуы. 1 – суретте қабықты қабат – қабатымен аршудың жолы көрсетілген. Олар дауыл, жел тұрғанда құлаған ағаштар мен бұтақтар. 2 – суретте ұзын таспа (спираль) түрінде аршылған. Қайың қабығынан сәнді бұйымдар жасауға болады.
Қайың қабығын аршыған кезде қолғап кию керек.
Аппликацияның орындалу реті: Заттың, кейіпкердің бейнесін анықта. Сурет, нобай түрінде бейнеле. Негізтүс таңдап, композиция құр. ПВА желімін пайдаланып, композицияны негізтүске жапсыр. Аппликацияны салмақ түсіру арқылы кептір.
Сергіту сәті
VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: Сұрақтарға жауап алу. Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау. Қиял аппликацияны жасап көр. 21 – бет, 3 – сурет.
VII. Қорыту. VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі:1. 20 – 21 бет оқу. 2. Бағалау
№ 1 Тақырыбы: Қағазбен және қатырма қағазбен жұмыс істеу.
Мақсаты:1.Оқушыларға қағаз туралы түсінік бере отырып, оны белгілеуге, өлшеуге үйрету. 2. білімін, ой – өрісін дамыту. 3. ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу
Көрнекілігі: Суреттер. Сабақ барысы:I. Ұйымдасу кезеңі:Сабаққа дайындық
IV. Мақсатын қою кезеңі:Тақырыбын,мақсатын хабарлау
Қағазбен және қатырма қағазбен жұмыс істеу.
V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:1.Қағаз жазуға, сызуға, сурет салуға және түрлі қажеттіліктерге жарайтын ағаштан жасалған материал.
Қағаз дайындау кезеңдерін кесте түрінде көрсетуге болады.
Ағаш дайындау
|
Ағашты орманнан әкету
|
Қағаз фабрикаларында қағаз жасау
|
Қағаз қалай жасалады?
Қағаз жасайтын шикізатты дайындау үшін ағаштарды кеседі. Бұтақ, жапырақ, тамырынан тазартады. Сонан соң ұсақталғанша үгітеді де, ол ұнтағы шыққанша майдалана береді. Бұдан соң ұлпа әр түрлі өңдеуден өтеді. Дымқыл әрі борпылдақ ұнтақ машинадан өтіп, тығыз да теп – тегіс аппақ қағазға айналады.
Сендер мыналарды жасай аласыңдар: - қағаз бен қатырма қағазды белгілеу және өлшеуді; - қағаз бен қатырма қағазды бүктеуді; - оларды қайшымен қиюды; - оларды желімдеп, бояуды; - заттарды құрастырып, модельдеуді; - қағазбен аппликация құруды.
Үйренесіңдер: - пышақпен кесуді; - түрлі тақырыптар бойынша сюжетті суреттер құрастыруды.
Сергіту сәті:Суретті,нобайды,сызбаны талдау арқылы бөлшектің құрылымын көзге елестетеміз:а) б ө л ш е к – материалдың тұтас бір бөлігінен дайындалған бұйым; ә) қ ұ р ы л ы м – белгілі бір құрылғы, б) б ө л ш е к э л е м е н т т е р і – жекелеген бөліктер.в) бұйымды дайындаудан бұрын оның құрылымын мұқият зерттеу керек, яғни бөлшектер мен оның элементтерінің пішінін, өлшемдерін, санын, қызметін және өзара орналасу жағдайын анықтап, оларды бір-бірімен біріктіру тәсілдерін білу керек.
VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап-тізбектей 24-бет. Сызба сызықтары
Түзу жуан (негізгі) сызық. Онымен көзге көрінетін контур сызықтарын белгілейді.
Түзу жіңішке сызық. Мұнымен өлшемдерін көрсетеді. Штрихпунктирлі үзік сызық. Онымен бүгілу сызықтарын, осьтік және центрлік сызықтарды белгілейді.
Ашықхат сызбасын және оның нобайын жаса. Сұрақтарға жауап алу.
- Қағаз деген не? - Қағазды қалай жасайды?
- Қағазбен қандай операцияларды жасай аласыңдар?
VII. Қорыту. VIII Үйге тапсырма беру кезеңі: 1.22 – 25 бет оқу. 2. Бағалау
№ 13. Тақырыбы: Қағазбен және қатырма қағазбен жұмыс істеу.
Мақсаты: 1.Оқушыларға белгілеу мен өлшеу және циркульмен жұмыс істеуді үйрету. 2. білімін, ой – өрісін дамыту. 3. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу
Көрнекілігі: Суреттер, қағаз, сызғыш, циркуль.
Сабақ барысы: I Ұйымдасу кезеңі:Сабаққа дайындық
II. Үй тапсырмасын тексеру. III. Білімді тексеру: 1. Сызба сызықтарын ата?
Түзу жуан (негізгі) сызық. Онымен көзге көрінетін контур сызықтарын белгілейді.
Түзу жіңішке сызық. Мұнымен өлшемдерін көрсетеді. Штрихпунктирлі үзік сызық. Онымен бүгілу сызықтарын, осьтік және центрлік сызықтарды белгілейді.
Техника қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.
IV. Мақсатын қою кезеңі:Тақырыбын,мақсатын хабарлау.Белгілеу мен өлшеу.
VII. Бекіту кезеңі:1. Естеріңе түсіріңдер, біз белгілеудің төмендегідей түрлерін білеміз: - бүгу сызықтары арқылы; - тор көздер бойынша; - трафарет бойынша; - тепшу тігісімен; - қалып үлгі бойынша; - үшбұрыш және циркульмен.
Ү ш б ұ р ы ш т ы с ы з ғ ы ш (үшбұрыш) – тексеру және өлшеу құралы (1 – сурет). Оны сызба сызғанда пайдаланады. Үшбұрыштың көмегімен бұйым бөлшектерінің бұрыштарын сызады. Циркульмен де белгілеуге болады. Ц и р к у л ь – латын сөзі. Ол «дөңгелек» дегенді білдіреді. Құрастырушылар мен жұмысшылар циркульді өлшеуіш (3 – сурет) және белгілегіш құрал (4 – сурет) есебінде пайдаланады. Сендер оны болашақ құрастырушы, сәнгер, дизайншы ретінде пайдаланасыңдар.
Циркульді партаға тастама. Оның инесін төмен қаратып, қорапқа салып қой. 1.Сурет бойынша жұмыс 26 – 27 бет. 2. Сергіту сәті. 3. Сұрақтарға жауап алу. - Қағаз деген не?- Қағазды қалай жасайды?- Қағазбен қандай операцияларды жасай аласыңдар?- Қағазды немен теседі?
3. Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау (қайшы, пышақ)
Циркульмен жұмыс істеу. Циркульдің ұшын 5 санына дейін белгілеп ал. Радиусы 5 см деп жаз. Шартты түрде R=50 деп белгіленеді.
Циркульді жоғары көтер (1 – сурет). Қағаз парағына белгіле (2 – сурет).
О нүктесінен циркульді айналдыр. Радиусы R=50мм тең радиус (цифрдың жанында
ештеңе көрсетілмеген, демек олар – миллиметрлер).
VIII. Қорыту. IX. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 26 – 28 бет оқу. 2. Бағалау
№ 14. Тақырыбы: Шеңберді пайдаланып құрастыру. Қорытынды жасау.
Мақсаты: Қағаздан шеңберді пайдаланып қалпақ, телпек құрастыруды үйрету, білімін, ой – өрісін дамыту, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу
Көрнекілігі: Суреттер, әр түсті қағаз,қайшы,желім, циркуль.
Сабақ барысы:I. Ұйымдасу кезеңі:Сабаққа дайындық
II. Мақсатын қою кезеңі:Тақырыбын, мақсатын хабарлау
Қалпақ, телпек жасап алып, оны дайын цилиндрге орнату немесе өзің цилиндр жаса.
IIІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1.Үлгі қалыпты үш рет қағазбен ораймыз. Әрбір орағаннан кейін желім жағамыз. Барлығы екі рет желімдейміз. 2. Ораудың шеттерінен кертік жасаймыз. 3. Қағаздың шетін жазып, дөңгелете желімдейміз. 4.Циркуль арқылы шеңбер сыз.5. Сауыттың түбін жұқа қатырма қағаздан қиямыз.6. Түбін ыдыстың негізіне желімдейміз. 7. Қалыбын алып тастаймыз, қағаз цилиндр дайын.
ІV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап-тізбектей 29 бет. 2. Сұрақтарға жауап алу. 1. цилиндр жасау үшін не керек? 3. Қалпақ жасау үшін қанша бөлік керек?
Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау. (қайшы, пышақ)
V. Қорыту. VІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 29-30 бет оқу. 2. Бағалау
№ 15. Тақырыбы: Терезесі бар көңілді ашық хаттар құрастыру.
Мақсаты: Оқушыларға қағаздан, қатырма қағаздарды пайдаланып терезесі бар көңілді ашықхаттар жасауды үйрету. Білімін, ой – өрісін дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: Жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: Түсіндіру, әңгімелеу
Көрнекілігі: Суреттер, әр түсті қағаз,қайшы,желім, фото.
Сабақ барысы:I Ұйымдасу кезеңі:Сабаққа дайындық
II Мақсатын қою кезеңі:Тақырыбын,мақсатын хабарлау
IIІ Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Ашықхат қандай болуы керек? Әрине көңілді. 2. Сурет бойынша жұмыс 31-32бет. 3. Күн бейнесі көтеріңкі күйден хабар береді. Терезе ашықхаттың жалпы композициясының ішіне кіруі тиіс. Алдымен қалың қағаздан өзімізге қажет өлшемдерді тік төртбұрыш етіп қиып аламыз. Терезенің пішіні мен өлшемдері әр түрлі болуы мүмкін. Дөңгелек терезені циркульмен сыз.1-3 суреттерде көрсетілген ашықхаттарда көбелек, фотосурет ішкі жағынан желімделген. Бейнебір көбелек гүлдерге қарай ұшып бара жатқандай.4-сурет 2-3 суреттердегі композицияның негізінде жасалады. Безендіру барысында аппликация, «оригами» фигураларын және өз шеберлігіңді пайдалануыңа болады.
Сергіту сәттері: Туған күнмен құттықтау ашықхаттарын құрастыр.
ІV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1.Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап-тізбектей. 2. Сұрақтарға жауап алу. – Қағаз деген не? Қағаз – әр түрлі бұйымдар жасауға ыңғайлы материал. - Қағазды қалай жасайды?
- Қағазбен қандай операцияларды жасай аласыңдар?
Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау. (қайшы, пышақ): Қағаз дайындау. (кесу, тесу)
V. Қорыту. VІ Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 31-32 бет оқу. 2. Бағалау
№ 16. Тақырыбы: Қағаз кесінділерінен құрамақтар жасау.
Мақсаты: Қағаз тілшелеріне әшекейлер жасауды үйрету. Білімін, ой – өрісін дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу
Көрнекілігі: Суреттер, әр түсті қағаз кесінділерімен, қайшы,желім.
Сабақ барысы:I Ұйымдасу кезеңі:Сабаққа дайындық
II Мақсатын қою кезеңі:Тақырыбын,мақсатын хабарлау
Қағаз кесінділерінен құрамақтар жасау.
IIІ Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Қағаз – әр түрлі бұйымдар жасауға ыңғайлы материал. Ол жақсы желімделеді. Қағаз кесінділерінен сопақша, үшкір немесе шеңбер тәрізді пішіндер құрастыруға болады. Оларды бір – біріне жалғап желімдесе және бояса, әдемі сәндік композиция шығады. Мұның бәрі сенің шеберлігіңе байланысты. Қалың қағаздан немесе жұмсақ қатырма қағаздан құрастырылған композиция майысып, мыжылмайды. Егер ақ қағаздан жасалса, онда ол өте әдемі көрінеді. Қызықты, сәнді композиция жасау үшін алдымен оның нобайын сызып алу керек. 1. Қағаз тілшелерінен әшекейлер жасау тәсілін түсіндіру.- Қағаз тілшелерін не істеуге болады?(кесуге, өруге, бұрауға, әртүрлі құрастырма заттар жасайды). 2. Сурет бойынша жұмыс 33-34 бет. 3. Тілшені қалың қағаздан, жұмсақ қатырма қағаздан жасаса, ол майысып мыжылмайды. Егер ақ қағаздан жасалса, тілшелер әдемі көрінеді. Қағаз тілшелерінен шеңбер тәрізді, сопақша бұрыш пішіндер жасауға болады.
Қызықты, сәндік композицияларды ойша да құрастыра аламыз. Әсіресе әр түрлі механизмдер мен тасымал құралдары әдемі жасалады.
Сергіту сәттері.
ІV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап-тізбектей 33 – 34 бет. 2. Сұрақтарға жауап алу. – Қағаз деген не? - Қағазды қалай жасайды? - Қағазбен қандай операцияларды жасай аласыңдар? - Қағазды немен кеседі? - Қағаз тілшелерін не істеуге болады? Оны қалай жасайды?
Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау (қайшы, пышақ):Қағаз тілшелерінен әшекейлер жасау.
V. Қорыту. VІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 33-34 бет оқу. 2. Бағалау
№ 17. Тақырыбы: Қағаздан гүл жасау. Өздік жұмыс.
Мақсаты: Оқушыларға қағаздан гүлдер мен өрнектер құрастыруды үйрету. Ой – өрісін дамыту. Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу
Көрнекілігі: Суреттер. Сабақ барысы: I. Ұйымдасу кезеңі:Сабаққа дайындық
II. Мақсатын қою кезеңі:Тақырыбын,мақсатын хабарлау. Қағаздан гүл жасау.
IIІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Көк қағаздан бірдей етіп үш дөңгелек қиып аламыз. Оны схемеда көрсетілгендей (1) етіп әрлейміз. Өсімдіктің аталығын (2) жіңішке сым темірден жасауға болады. Өсімдік аталығы табиғи түрде ұқсас болу үшін оны сұйық гипс ерітіндісіне саламыз. Содан кейін барлық үш дөңгелекті (3) гүл сабағының төменгі ұшы жағынан кигіземіз. Сабақты (5) жасыл түсті жұқа қағазбен ораймыз. Жапырақ (4) сабаққа жіңішке сыммен бекітіледі.
Өзіңе ұнайтын гүл құрастыр. Сергіту сәттері.
ІV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1.Сұрақтарға жауап беру. – Моншақтан гүлдер мен өрнектер құрастыру үшін қандай заттар қажет? - Бисер дегеніміз не? - Олардан нелер жасауға болады? Техника қауіпсіздік ережесін қайталау(қайшы, ине)
Өздік жұмыс: Ұсақ моншақтардан гүлдер мен өрнектер құрастыру.
V. Қорыту: - Бүгін сабақта не істедік?
VІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 35-36 бет оқу, балық жасау. 2. Бағалау
№ 18. Тақырыбы: Қағаздан қозғалатын бөліктері бар фигуралар құрастыру.
Мақсаты: 1. Қағаздан қозғалатын бөліктері бар пішіндер құрастыруды үйрету.2. Білімін, ой – өрісін дамыту. 3. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу.
Көрнекілігі: Суреттер. Сабақ барысы:I. Ұйымдасу кезеңі:Сабаққа дайындық
II. Мақсатын қою кезеңі:Тақырыбын,мақсатын хабарлау
(Қағаздан қозғалатын бөліктері бар пішіндер құрастыру)
IIІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Қағаздан қозғалатын бөліктері бар пішіндер құрастыру тәсілін түсіндіру. 2. Құрастыру реті: 1.Араның денесін қара қатырма қағаздан қиып ал. 2. Штрихталған бөлігін - сары, ал көзін сұр қатырма қағаздан қиып, оларды денесіне желімдеп орналастыр. 3. Фломастермен тор сызықтар арқылы көздерін жаса. 4. Аяқтары мен мұрттарын жапсыр. 5. Барқыт баудан жасалған бөліктерді ара денесіне бір – бірінен 2 см аралықпен желімдеп жапсыр. 6. Денесінің үстіңгі бөлігін астыңғы бөлігіне біріктіріп жапсыр. 7. Қанаттарын орнат. 8. Барлық сызықтарды фломастермен жүргізіп шық. 9. Тесіктер жаса, қанаттарын шегемен денесіне бекіт.
Сергіту сәті.ІV жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап-тізбектей 40 – 42 бет. 2. Сұрақтарға жауап алу. Қағазбен қандай оперцияларды жасай аласыңдар? Қағазды немен теседі? Қағаздан қозғалатын бөліктері бар пішіндер қалай жасайды? 3. Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау. (қайшы, пышақ). 4. Қағаздан қозғалатын бөліктері бар пішіндер құрастыру. Араны жасау
V. Қорыту. VІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 39-40 бет оқу. 2. Бағалау
№ 19. Тақырыбы: Фольгамен жұмыс
Мақсаты: Фольгамен әр түрлі бұйымдарды жасап үйрету. Білімін, ой – өрісін дамыту.Ұқыптылыққа, еңбекке тәрбиелеу.
Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу
Көрнекілігі: Суреттер, фольга, біз,қайшы
Сабақ барысы:I Ұйымдасу кезеңі:Сабаққа дайындық
II Мақсатын қою кезеңі:Тақырыбын,мақсатын хабарлау.Фольгамен жұмыс
IIІ Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Фольга деген не? Фольга жұқа парақша немесе таспа, тілше түрінде әр түрлі металдан жасалады. Ол электр техникасы, баспа өндірістерінде қолданады. Тамақ өнеркәсібінде кәмпит, шай, сүт тағамдарын орау үшін пайдаланады.2.Фольгадан не жасауға болады?Жұқа фольгадан ойыншықтар, қалың, қатты фольгадан ашықхат жасауға болады, оған сурет салуға болады.3.Жұқа фольгадан шырша ойыншықтар дайындау тәсілін үйрету.
Сергіту сәті:Жұмыс реті:1.Бұйымның нобайын әзірлеу.2.Домалақшалардың саны мен өлшемдерін анықтау.3.Домалақшалардың саны мен өлшемдеріне сәйкес шаршыларды белгілеп, қию. Домалақшалар жасау.4.Әрбір домалақшаны бізбен тесу.5.Жасалған тесіктен сым өткізу.6.Ұштарынан 3 см сым ілмегін қалдыру.Қалған сымнан алақанын, аяқтың табанын жасауға болады. Бізбен немесе инемен домалақшаның тура ортасынан тесу керектігі есте болсын.Фольга оңай жыртылып, тесіліп, майысып, өзінің пішінін тез өзгертеді. Сондықтан да фольгадан жасалған бұйымдарды ұқыптап ұстау керек.
ІV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап-тізбектей 38 – 40 бет.Сұрақтарға жауап алу. - Фольга деген не? Фольга – әр түрлі металдар мен қорытпалардан өте жұқартылып жасалған материал. - Оның қандай түрлері болады? Одан не жасауға болады? 2. Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау. (қайшы, пышақ). 3. Фольгадан құлын пішінін құрастыру.
Құлын пішінін құрастырып көрейік. Ол үшін 40 – беттегі сурет бойынша құлын денесінің негізгі бөліктерін анықтаймыз, олар: денесі, аяғы, құйрығы, басы. Жұмсақ фольгадан әзірленген домалақшалар құлын пішінін жасауға қажет бөлшектер бола алады. Домалақшаларды сымға өткіземіз. Олар инемен оңай тесіледі. Көрме ұйымдастыру.
Қорыту: VІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 38-40 бет оқу. 2. Бағалау
№ 20. Тақырыбы: Фольгадан барыстың панносын жасау
Мақсаты: Фольгадан барыстың панносын жасап үйрету. Білімін дамыту. Еңбекке, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу
Көрнекілігі: Суреттер, тіс пастасының құтысы,қайшы
Сабақ барысы:I Ұйымдастыру кезеңі:Сабаққа дайындық
II. Мақсатын қою кезеңі:Тақырыбын,мақсатын хабарлау.Фольгадан барыстың панносын жасау. IIІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
Қажетті заттар: Тіс пастасының құтысы. Металл пластина
Құты фольгадан жасалған. Металл пластинана сызғышпен тегістейміз. Барыстың суретін көшірме қағаз арқылы пластинаның ішкі жағынан түсіріп аламыз. Пластинана аударып, бетіндегі суретті өңдеп шығамыз. Барыстың айналасына зергерлік айшықтарға ұқсаған ойыс нүктелер түсіреміз. Пластинаны қатырма қағаздың шетінен асыра қайырып, панно етіп жиектейміз.
Сергіту сәті
ІV. жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
Сұрақтарға жауап алу: Фольганы қандай материалдан жасайды? Фольганың қағаздан айырмашылығы не? Фольганың қандай қасиеттері бар?
Оқулық бойынша «фольгадан барыс панносын жасау» тақырыбын оқу.
Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау.
Барыстың пішінін құрастыру
V. Қорыту. VІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 41-43 бет оқу. 2. Бағалау.
№ 21. Тақырыбы: Қатырма қағаздан қобдиша жасау
Мақсаты: Оқушыларға қатырма қағаздан қобдиша жасауды үйрету. Білімін дамыту. Еңбекке, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу
Көрнекілігі: Суреттер, қатырма қағаз,қайшы
Сабақ барысы:I Ұйымдасу кезеңі:Сабаққа дайындық
II. Мақсатын қою кезеңі:Тақырыбын,мақсатын хабарлау. Қатырма қағаздан қобдиша жасау. IIІ Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Қатырма қағаз – қағазға қарағанда қалың және тығыз материал. Одан әдемі бұйымдар жасай аламыз: маска, сәндік қорапшалар, инеқап (ине, түйреуіш салатын), қалып үлгілер, т.б. Қатырма қағаздан ойыншық, ұсақ әшекей бұйымдардан басқа жіп, қайшы, түйме сақтайтын қобдишалар жасалады. Қақпақты қораптың өлшеміне қарай жасаймыз. Жібі бар шарықтар сақтайтын әсем де ыңғайлы қобдишаны кәмпит, торт, печенье қорапшаларынан дайындаған жөн. Қобдишаны қақпақты және қақпақсыз етіп жасауға болады. Жіптің ұшы шатасып кетпес үшін шарықтың шетінен 10 мм шамасында кертіктер жасаңдар. Жібі бар шарықтарды сақтайтын сәндік қобдиша жасап, сыйға тартуларыңа болады.
Қатырма қағаздар: Қатырма қағаздың қасиеті. Қатырма қағаздан жасалатын бұйымдар
Қатырма қағаздан қорапша жасаудың тәсілін түсіндіру.
Қорапша ішіне жіп сақтайтын шарықтар жасау (түсіндіру).
Оқулық бойынша жұмыс 43 – 44 бет
Сергіту сәті
ІV жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
Сұрақтарға жауап алу: Қатырма қағаздың қағаздан қандай айырмашылығы бар? Қатырма қағаздан не жасауға болады? Қатырма қағаздан жасалған қораптарды қалай пайдалануға болады?
Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау (қайшы, желім).
Жіп сақтайтын қобдиша жасау.
V. Қорыту. VІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 43-46 бет оқу. 2. Бағалау
№22. Тақырыбы: Ақ қағаздан карнавалдық костюм құрастыру, қорытынды жаса.
Мақсаты: Ақ қағаздан карнавалдық крстюм құрастыру жолдарын оқушыларға үйрету. Білімділікке тәрбиелеу. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу
Көрнекілігі: Суреттер, ақ қағаз,қайшы, желім, циркуль, біз, қатты қағаз, бау.
Сабақ барысы: I. Ұйымдасу кезеңі: Сабаққа дайындық
II. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын,мақсатын хабарлау. Ақ қағаздан карнавалдық костюм құрастыру.
IIІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Мұғалімнің түсіндірмесі. Қуыршақты қалып үлгі бойынша жұқа қатырма қағаздан немесе бір- біріне желімделген екі альбом парағынан жасауыңа болады.Ақ қағаздан карнавалдық костюм құрастыруға ұсынылатын жоспар: 1.Қуыршақ мүсінін конустан жаса. Альбом парағын пайдаланған дұрыс. Қалай ойлайсың, неліктен? 2. Конутың жоғарғы жағын бүкте және костюм бөліктерін жалғайтын тілік (кесік) жаса. 3. Қуыршақтың барлық бөліктерін бір құрылымға жина. 4. Қыршаққа кең ақ костюм кигіз (ұзын юбка). 5. Басында үлкен ақ орамал. 6. Қайшы қиюға арналған құрал. Оны ашық күйінде қалдыруға болмайды. Қайшыны қорапшаға салу керек. Қайшыны сап жағын қаратып ұсын.
ІV. Сергіту сәті. V. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Оқулық бойынша жұмыс 46 – 50 бет. Оқушыларға оқыту: ішей, дауыстып –тізбектей. 2. қорытынды жаса «Схема бойынша аспап модельдеу» жобасы.Сен өз аспабыңмен жылы ауа қозғалысын анықтай аласың. Ол үшін саған қатты қағаз керек. Шеңбер қағаз бетіне шиыршақ (спираль) сызып, оны қиып ал. Шиыршақтың дәл ортасын бізбен тес. Тесіктен өткізілген баудың ұшын түй.
Қорыту. VІI. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 46-50 бет оқу. 2. Бағалау
№23. Тақырыбы: Қиял әлеміне саяхат
Мақсаты: Оқушыларға қиял – ғажайыптар жайлы түсінік беру. Білімін, тілін дамыту. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу
Көрнекілігі: Суреттер, әр түсті қағаз,қайшы, желім.
Сабақ барысы: I. Ұйымдасу кезеңі: Сабаққа дайындық
II. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын,мақсатын хабарлау. Қиял әлеміне саяхат
IIІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Мұғалімнің түсіндірмесі. Қағазбен жұмыс істеу. 2. Еске түсірейік: 1. Қағазбен жұмыс істеген кезде, ең алдымен, оны өлшеп, белгілеуден бастаймыз. 3. Содан соң белгі бойынша бүктейміз. 4. Бүктеу сызығы бойынша қағазды қайшымен қиямыз. 5. Сурет бойынша бұйымды құрастыра аламыз, қағазға жапсырмалаймыз. Жапсырмалау – бұл, негізінен, балалар заттарына арналған әшекейлеу тәсілі.
ІV. Сергіту сәті. V. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:Оқулық бойынша жұмыс . «Біз табиғат перзентіміз» тақырыбына ертегі құра.
VI. Қорыту. VІI. Үйге тапсырма беру кезеңі: Бағалау
№24. Тақырыбы: «Қиялдағы кейіпкерлер» құрамағын құрастыру.
Мақсаты: Оқушыларға қиялдағы кейіпкерлерді құрастыру тәсілін үйрету. Білімін, тілін дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу
Көрнекілігі: Суреттер, әр түсті қағаз, түйме, моншақ, қайшы, желім.
Сабақ барысы: I. Ұйымдасу кезеңі:Сабаққа дайындық
II. Мақсатын қою кезеңі:Тақырыбын,мақсатын хабарлау
IIІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Мұғалімнің түсіндірмесі.
Құрамақтың атынан көрініп тұрғанындай, бұл аңдар мен адамдар өмірде жоқ. Сондықтан оларды өз қалауларыңша бейнелеп көрсетулеріңе болады.
Оларды қағаздан жасаған жеңіл. Қағаз оңай бүктеледі әрі басқа материалдарға қарағанда арзан. Керексіз қорап, түйме, моншақ, т.б. заттарды да пайдалануларыңа болады.
Бұл әзілкеш – жартылай робот, жартылай адам. Ең бастысы – ол мейірімді. Оның атын, атқаратын қызметін өздерің ойланыңдар. Оқулық бойынша жұмыс 52 – 53 бет.
ІV. Сергіту сәті .1 – 5 суреттер бойынша құрамақ құрастыр.
V. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
Сұрақ – жауап: Бұл қызықты құрамақтарды дайындауда қандай геометриялық пішіндер қолданылған? Қалай ойлайсың, олар қандай жануарларға ұқсайды?
VI. Қорыту: Қорытындылау. Бүгін сабақта не істедік?
VІI. Үйге тапсырма беру кезеңі: 52 – 53, 54 бет оқу. Бағалау
№25. Тақырыбы: Әуе шары туралы қиялға шому.
Мақсаты: Оқушыларға қызықты ойыншықтар жасау туралы түсінік беру. Білімін дамыту. Тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу
Көрнекілігі: Суреттер, әр түсті шар, жіп, кішкене насос.
Сабақ барысы: I. Ұйымдасу кезеңі: Сабаққа дайындық
II. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын,мақсатын хабарлау
IIІ Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Мұғалімнің түсіндірмесі. Сендер шардан жасалған ұшқыш сайқымазақтарды, көз тартар гүл тізбектері мен гүл шоқтарын, алуан түсті су бұрқағын білесіңдер. Олар қазір көптеген мерекелік, концерттік думандарда, туған күндерде кеңінен қолданылады. Оқулықта шардан жасалған ойыншық үлгілері берілген. Олардың түсін, бет – пішінін өзгерте аласыңдар. 2. Шарды үрлеп, диаметрі шамамен 40 см болғанда ауызын байлаңдар. Көзіне екі дөңгелек шар (диаметрі шамамен 6 – 8 см шамасында) үрлеңдер. 3. Мұрнына диаметрі 10 – 12 см, ал ауызы үшін ұзындығы 10 – 12 см шар алыңдар. Шар ауызбен немесе кішкене насоспен үрленеді. 4. Барлық кішкентай шарларды үлкен шарға желімдейді. Әуе шарларына арналған арнайы каучук желімін қолданыңдар. Жабысқыш таспаны пайдалануға да болады. 6. Шашын үрленбеген шар қиындыларынан жасауға болады. Содан соң көз қарашығын сызыңдар. Бет – пішіні дайын.
Оқулық бойынша жұмыс.
ІV. Сергіту сәті. V. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: Шардан бет – пішін құрастыру. Өздік жұмыс. VI. Қорыту. VІI. Үйге тапсырма беру кезеңі: 55 – 57 бет оқу. Бағалау
№26. Тақырыбы: Әуеде ұшпайтын шарды пайдалану.
Мақсаты: Шар жайлы түсінік беру. Танымдық қабілеттерін дамыту. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақ типі: аралас сабақ. Әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, әңгімелеу
Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер, шарлар, қатырма қағаз, қайшы, жіп, насос.
Сабақ барысы: I. Ұйымдасу кезеңі: Сабаққа дайындық
II . Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: III. Білімді тексеру кезеңі: Шардан көңілді ойыншықтар жасауға бола ма?(ия). Бұл іс сенің де қолыңнан келеді.Қорытындылау
IV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Әуеде ұшпайтын шарды пайдалану.
V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Әуеде ұшпайтын шар ішіне гелий толтырылған. Ол әуе шарының аспанға қалқып көтеріліп кетпеуіне мүмкіндік береді. Оны шардан әшекей жасағанда қолданады. Екі кішкене шар алыңдар оның біреуінің аузына түтікше енгізіңдер. Соның көмегімен кішкене шарлардың біреуін (сары) екінші шардың (қызыл) ішіне кіргізіңдер. Ішкі шардың үлкендігі жұдырықтай болғанша ішіне су толтырыңдар. Екі шардың да ауызын байлау керек. Оларды таспамен әшекейлеуге де болады. Су толтырылған ауыр шар мерекелік әшекейлердің төбеден біркелкі түсіп тұруы үшін қажет.
VI .Сергіту сәті. VII. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Тақырыпты оқыту 58 – 61 бет. Іштей, тізбектеп – дауыстап. 2. Шардың аузын байлаудың бірінші тәсілі: Шардың ауызын күшпен созу керек (1 – сурет). Созылған ауызын бұрап, екі саусақтарыңды айналдыра ораңдар (2 – сурет). Шар аузының созылған ұшын екі саусақтың арасынан өткізіңдер (3 – сурет). Шардың ауызы байланды (4 – сурет).
Шардың ауызын байлаудың екінші тәсілі.
Шардың бұралған ауызын созып, оны тұтқышты (фиксаторлы) таспамен бекітіңдер.
VIII. Қорыту: Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
ІX. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 58 – 61 бет оқу. Мазмұны. 2. Бағалау
№27. Тақырыбы: Жаңа жылдық думан.
Мақсаты: Оқушыларға жаңа жыл туралы түсінік беру. Білімін, тілін дамыту. Еңбексүйгіштікке, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Сабақ типі: аралас сабақ. Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу
Көрнекілігі: Суреттер, шар, әр түсті қағаз, қайшы.
Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындық
II. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.
III. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Мұғалімнің түсіндірмесі.
Жаңа жыл шыршасының құрметті қонақтары Ақшақар мен Аяз ата екенін жақсы білесіңдер. Енді қағаздан Ақшақар мен Аяз атаны жасаймыз.
Аяз атаның орындалу реті: 1.Алдымен Аяз ата пішінінің биіктігі мен жуандығын белгілеп ал. 2. Денесін жасауға биіктеу құты немесе бөтелкені алуға болады. Сонда бойының биіктігі неге байланысты болады екен. 3.Қуыршақты сәндеу өз қиялдарыңа байланысты. Аяз атаға сән беретін – оның сақалы. Оны жасау үшін тік төртбұрышты қағаз тілімдері қажет. Ұзындығын өздерің белгілеңдер. Қағаз тілімін ширатқанда, қысқаратынын ұмытпаңдар, ширату үшін қағаздың әр тілімін қарындашқа ораса болғаны.
Аяз атаның шашын ептеп қайырып қоюға немесе бұйралауға да болады.
Мұртын сақалының үстінен жапсырамыз.
Бас киімі екі бөліктен тұрады.
Қасын,мұрнын және көзін жасаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |