IV. Сергіту сәті: Ақшақар пішінін өзің жасап көр.
V. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: Оқушыларға оқыту: іштей, тізбектеп – дауыстап. VI Қорыту. VII Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 62 – 65 бет оқу. 2. Бағалау.
№ 28. Тақырыбы: Жаңа жылдық думан. Өздік жұмыс
Мақсаты: Схема мен үлгі бойынша қағаздан бөрік жасау. Білімін дамыту. Еңбекке, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: Жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу
Көрнекілігі: сурттер, әр түсті қағаз, қайшы.
Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау
Схема мен үлгі бойынша бөрік жасап үйренеміз.
ІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1 бет ақ қағаз аламыз. Циркульды пайдаланып шеңбер жасаймыз.
Шеңбер және тілік қиған кезде қайшымен жұмыс істеу ережесін еске түсіру.
Үлгі және қалып үлгіні пайдаланып, сайқымазақ бөрігін схема бойынша жаса.
Өз ойыңнан бөрік моделін құрастыр.
ІІІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Сұрақтарға жауап алу. 2. Қағаз деген не? 3. Қобдишаға жіптен басқа не салуға болады? 4. Фольга деген не? Фольга - әр түрлі металдармен қорытпалардан өте жұқартылып жасалған материал.
IV. Қорыту. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 66 бет оқу. 2. Бағалау
№ 29. Тақырыбы: Тоқыма материалдармен жұмыс, матамен жұмыс істеу. Құрал жабдықтар. Сүлгіше жасау
Мақсаты: Матамен жұмыс істеуді, сүлгіше жасауды үйрету. Ой- өрісін дамыту.
Ұқыптылыққа, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: Жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу
Көрнекілігі: суреттер,қайшы, ине, жіп, оймақ.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындық.
ІІ. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау
Матамен жұмыс. Құрал – жабдықтар. Сүлгіше жасау
ІІІ.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Матаның жіптен тоқылатынын, жіп талшықтардан тұратынын сендер білесіңдер. Талшықтардан жіп жасауды иіру дейді. Ал, иірілген жіптен мата тоқуды тоқымашылық деп атайды. Матаның өң жағы және астар жағы болады. Матаның өңі мен астарын олардың жылтырлығы, түгі, суреттері, әшекейлерінің анықтығы бойынша ажыратылады. 2. Матамен жұмыс істеу. - Пішілген бұйымның жекеленген бөліктерін өолмен көктеп тігеді; - Тепшіп тігеді; - Әшекейлейді; - Тігістер мен дайын бұйымдарды үтіктейді. 3. Сүлгіше жасау реті: 1. Қалып үлгі дайындаймыз. 2. Қалыңдығы бірдей, түстері өзара үйлескен мата қиындыларын таңдап аламыз. 3. Қалып үлгіні кезекпен әрбір мата қиындысының бетіне түйрейміз. Бормен жан - жағын сызып шығып, сызық бойынша қиямыз. 4. Қалып үлгі бойынша қиылған қиындыларды бір-біріне жалғап тігеміз. 5. Жиегін әшекейлейміз. 6. Қалың драппен астарласақ, өте әдемі болады.
Сергіту сәті. IV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап- тізбектей 67-69. 2. Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау
Сүлгішені тігу. Көрме ұйымдастыру.
V. Қорыту. VІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 67-69 бет оқу. 2. Бағалау
№30. Тақырыбы: тоқыма материалдарымен жұмыс.
Мақсаты: Оқушыларға құрақ өрнек құрастыруды үйрету. Ой – өрістерін дамыту.Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу
Көрнекілігі: мата, қайшы, ине – жіп, құрақ үлгілері.
Сабақ барысы: I. Ұйымдасу кезеңі: Сабаққа дайындық
II. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Құрақ құрау
III. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:Құрақ өрнек құрастыру.
Құрақ өрнек – сәндік тәсіл. Ол халықтың қолданбалы қолөнерінен бастау алады. Қазіргі кезде де қолданыстан қалған жоқ. Құрақ өрнек (мозаика) дегеніміз – түр – түсі және геометриялық пішіні әр алуан мата қалдықтарынан құрастырылған өрнек. Қиықтар таза және тегістеп үтіктелген болуы керек. Алдын ала құрақтың суретін салып алу керек. Құрақ түстерінің үйлесімдігіне көңіл бөлу қажет.
Құрақ өрнек құрастырудың техникасы.
Құрақ – сәндік өнердің бір түрі. Ол халықтың қолданбалы қолөнерінен бастау алады. Құрақ бұйымдары барлық халықта бар. Алайда олардың пішіні мен өрнектері әр түрлі. Өрнектері бірдей, атаулары өзгеше құрақтар да болады.
Төмендегі құрақтар түрін біздің елімізде «құдық» дейді. Ол Ресейде «ағаш үй», ал Америкада «бөрене үй» деп аталады.
Үшбұрыш және шаршы қиықтардан жасалған композиция.
Оқулықпен жұмыс, 70 бет.
IV. Сергіту сәті V. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
Сұрақтарға жауап беру. - Құрақ өрнек деп нені айтамыз? Құрақты қарамас бұрын не істеп алу жөн? 2. Өздік жұмыс. Құрақ құрау
VI. Қорыту. VII. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 70 бет оқу. 2. Бағалау
№31. Тақырыбы: «Мақсатқа жету» ұжымдық жобасы. Панно жасау.
Мақсаты: Панно жасауды үйрету, оқушы білімдерін пысықтау. Танымдық қабілеттерін дамыту. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақ типі: қайталау сабағы. Әдісі: сұрақ-жауап
Көрнекілігі: суреттер, кесте, үлестірмелер.
Сабақ барысы: I. Ұйымдасу кезеңі: Сабаққа дайындық
II. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Панно жасау.
III. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: Құрақ құрау.
IV. Білімді тексеру кезеңі: Жобалау
шарт:
Құрақ құрау техникасы бойынша 9 бөліктен панно жасау.
|
?
Мақсат:
Дайын панно
Схемада сендердің жобалық жұмыстарыңның мәні көрсетілген. 1 – суретте жасалған бұйымды іске асыру үшін шарттар берілген. 3 – суретте шарт талаптарына сәйкес келетін панно суреті бейнеленген. Енді 2 – суреттегі бос орынды анықтау керек екенін түсінген шығарсыңдар (2 – сурет). 2 – суретті «Қара жәшік» деп атайды.
Қорытынды жаса: 1. Жобада оның шарттары беріледі ( 1 – сурет). 2. Жұмыс нәтижесі шарт талаптарына сәйкес келуі тиіс (3 – сурет). 3.«Қара жәшіктегі» жасырылған нәрсені қойылған шарттар мен жауап (нәтиже) арқылы табу (2 – сурет). 4. Шешімді іздеудің өзі – жобалау жұмысының басты міндеті. 5. Шешім: - каркасты таңдау және жасау; - құраққа мата таңдау; - оны желімдеу. 6. Жоба жұмысын және бұйымды бағалау: бұйым ойдағыдай жасалды ма; жұмыс барысында менің ұтқан жерім; кемшілігім; біздің топтың жетістігі; жасалған бұйым туралы оқушыларға әңгімелеу, яғни алғашқы тұсаукесер. Өздік жұмыс. Құрақ құрау кезіндегі үйлесім: 1. Ортақ композиция ойлап тап. 2. 13 – 14 суреттер бойынша композиция таңда. Суретті бір парақ қағазға көшіріп ал. Өзіңе ұнаған түсті пайдалан. 3. Панно каркасы құрылымын таңдап (4 – 5 суреттер), оны жаса. 4. Құрақ үйлесімін қадағалап отырып, мата қиындыларын тақтайшаларға желімде.
Қорытындылау.
VI. Қорыту: 1. Еңбек туралы мақал – мәтелдер айтқызу. Қорытындылау.
VII. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 71 – 75 бет оқу. 2. Бағалау
№32. Тақырыбы: Құрақ жылан жасау
Мақсаты: Оқушыларға құрақтан жылан жасауды үйрету. Ой–өрісін дамыту. Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу
Көрнекілігі: Суреттер, мата, ине, жіп, қайшы, мақта, синтепон.
Сабақ барысы: I Ұйымдасу кезеңі: Сабаққа дайындық
II Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын,мақсатын хабарлау. Құрақ жылан жасау
IIІ Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Құрақ жылан жасау
Алдыменен жыланның композициясын жасаймыз. Ол қандай бөліктерден тұратынын анықтаймыз (басы, тілі, көзі, денесі). Жылан – көлемдік пішін. Демек, жұмсақ ойыншықтар дайындау техникасын пайдаланамыз. Сөйтіп, біз екі амалды біріктіреміз: а) Құрақ жыланның пішінін құрастыру. ә) Жұмсақ ойыншықты тігу. Екі жағдай да бізге белгілі, оларды орындаймыз. Сурет бойынша жұмыс: Жыланды құрастырғанда 2 – 4 суреттегі бөлшектер қос қабатты екенін ескереміз. Тігістерді тіккенде «шет» тігісін қолдануға болады. Оқулық бойынша жұмыс 76 – 79 бет.
ІV. Сергіту сәті
V. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
Сұрақтарға жауап беру: - Құрақ өрнек деп нені айтамыз? - Жыланды қандай ретпен жасаймыз? - жыланды тіккенде қандай тігісті қолданамыз?
2. Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау (ине).
Әрқашан инеге жіп сабақталып тұрғанын тексер.
Егер ине жоғалса, оны оңай табуға болады.
Инені үстелдің үстіне қойма және киімге түйреме.
Жұмыс аяқталған соң инені арнаулы жастықшаға шаншып қой.
Өздік жұмыс. Құрақ жыланды тігу.
VI. Қорыту. VІI. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. Қол орамал тігу.78 – 79 бет. 2. Бағалау
№33. Тақырыбы: Техникалық модельдеу.
Мақсаты: Техникалық суреттер бойынша жылжымайтын құрастырма жасауды үйрету, самокаттан велосипедке дейінгі мағлұматтар беру.
Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу.
Көрнекілігі: Суреттер
Сабақ барысы: I. Ұйымдасу кезеңі: Сабаққа дайындық
II. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын,мақсатын хабарлау. Жылжымайтын құрастырма. Самокаттан велосипедке дейінгі мағлұмат.
IIІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
Жылжымайтын құрастырма: Техникалық суреттер бойынша, өз беттерімен үлгі жасау. Құрастырманы жасағанда ең бастысы – суреттер бойынша үлгі жасағанда, оны сауатты оқу білу керек. Бөлшектердің орнын ауыстыруға болмайды.
Өзі жүргеннен велосипедке дейінгі мағлұмат
Ежелгі заманнан адам баласы өз еңбегін жеңілдетуге ұмтылып келеді. Осы мақсатпен есек, ат, өгіз, түйенің күшін пайдаланды. Адам аяқ – қолының күшімен қозғалатын: өзі жүретін машиналар, өзі жүретін арбашалар, өзжүргектер пайда болды.
Самокат – қазіргі велосипедтің арғы «атасы».
Алғашқы велосипедті орыс жұмысшысы Артамонов 1801 жылы жасады.
ІV. Сергіту сәті
V. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап – тізбектей (80 – 83 бет).
Қатырма қағаздан самокат моделін жаса.
Көрме ұйымдастыру.
VI. Қорыту:
Велосипедтің артқы доңғалағын көтеріп тұрып, тепкісін айналдыр (2).
Доңғалақтың айналу жылдамдығын мұқият қадағала.
Қай доңғалақ жылдам айналады? Неліктен?
Айналу жылдамдығы доңғалақ диаметріне тәуелді ме?
Қорытынды жаса. Достарыңмен пікір алмастыр.
VІI. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 80 – 83 бет. 2. Бағалау
№34. Тақырыбы: Легоқұрастырғыш бөлшектерінен ойыншықтар құрастыру.
Мақсаты: Легоқұрастырғыш бөлшектерінен ойыншықтар құрастыру. Ой – өрісін дамыту. Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: Жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу
Көрнекілігі: Суреттер, легоқұрастырғыш бөлшектері.
Сабақ барысы: I Ұйымдасу кезеңі: Сабаққа дайындық
II. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын,мақсатын хабарлау. Легоқұрастырғыш
IIІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
Легоқұрастырғыш бөлшектерінен ойыншықтар құрастыру
Біз өткен жылында мотоцикл, экскаватор, ұшақты, тікұшақты легоқұрастырғыштарының бөлшектерінен жасадық.
Сурет бойынша үш, төрт бөліктен тұратын заттарды өздерің құрай аласыңдар.
Жол талғамас машина құрастырудың жолын көрсету.
Ол – мүддірмей, кез келген жерде жүре беретін автокөлік.
Жол талғамас машиналар әр түрлі болады. Олар мұз үстінде, қарда, суда, құмда, асфальтта жүре береді.
Оқулық бойынша жұмыс, 84 бет.
Сурет бойынша жұмыс. Пойызды құра.
ІV. Сергіту сәті
V. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
1. Пойызға отырып көрдің бе?
2. пойыз неше негізгі бөліктен құрылғанын анықта?
VI. Қорыту: VІI. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 84- бет оқу. Өз ойыңмен тікұшақ құрастыр. 2. Бағалау
№35.Тақырыбы: Ұшу аппараттарын жетілдіру тарихы мен ұшақтар туралы мағлұмат. Сендер де ғарышкер бола аласыңдар.
Мақсаты: Ұшу аппараттарын жетілдіру тарихы туралы, ұшақтар туралы мағлұмат беру. Ой – өрісін дамыту. Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу
Көрнекілігі: Суреттер, түсті қағаз, қатырма қағаз, қайшы, фольга, бау.
Сабақ барысы: I. Ұйымдасу кезеңі: Сабаққа дайындық
II. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын,мақсатын хабарлау
Ұшу аппараттарын жетілдіру тарихы. Ұшақтар туралы мағлұмат. Сендер де ғарышкер бола аласыңдар.
IIІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Ұшу аппараттарын жетілдіру тарихы. Алғашқы ұшу құралы әуе шары еді. 1783 жылы тұңғыш әуе шары зығыр матадан және қағаздан жасалды. Әлемдегі тұңғыш тікұшақ 1939 жылы құрастырылды. Тікұшақ тік ұшып, тік қонады және кез келген бағытпен ұша алады. 2. Ұшақтар туралы мағлұмат. Кез келген басқа көлік түрлеріне қарағанда, ұшақ әлдеқайда жылдам қозғалады. Ұшақтардың қанаттары оны ауаға көтереді. Ұшақтар жолаушылар таситын және жүк таситын болып екіге бөлінеді. Қазіргі кезде олар 10 мың метрге жуық биіктікке көтеріле алады. Ең шапшаң ұшатын жолаушылар ұшағы «Конкорд» деп аталады. 3.Ғарышкерлер туралы мағлұмат.
1961 жылы 12 сәуірде тарихта тұңғыш рет ғарышқа адам ұшты. Ол – Юрий Алексеевич Гагарин. 108 минут ішінде ол «Восток» ғарыш кемесімен Жер шарын айнала сапар шегіп, ауданға келіп қонды.
Еліміздің тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ағаларың да өте еңбексүйгіш болып өскен. Сондықтан да ол өз арманын жүзеге асырған.
3.Сурет бойынша зымыран құрастыр
Ғарышкері бар мұндай зымыранды құрастыру үшін мыналар қажет: - құрғақ әрі таза пластик бөтелке; - фольга; - жапсырмалар; - бау мен таспалар; - түсті қағаз; -қатырма қағаз; -жабысқақ таспа және ең бастысы – зымыран құрастыруға дайындық.
ІV. Сергіту сәті . V. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап – тізбектей (85 – 92 бет)
Өз беттеріңше ұшақ, тікұшақ модельдерін жасату.
Көрме ұйымдастыру.
Қорыту. VІI. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 85 – 92 бет оқу. 2. Бағалау
№36. Тақырыбы:Металл құрастырғыш бөлшектерімен жұмыс.
Мақсаты: Металл құрастырғыш тәсілін үйрету.Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Білімін дамыту.
Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу
Көрнекілігі: Кілт, бұрауыш, бұранды, бұрамалар.
Сабақ барысы: I. Ұйымдасу кезеңі: Сабаққа дайындық
II.Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын,мақсатын хабарлау.Металл құрастырғыш бөлшектермен жұмыс.
IIІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
Металл құрастырғыш (металлоконструктор)- бөлшектер жинағы. Бұл бөлшектердің көмегімен әр түрлі бұйымдар (машина, кран, арбаша, мотоцикл,самокат) құрастыруға болады. Машинаны немесе самокатты дайындамас бұрын, заводта оның құрылысын ойластырып алады. Олардың кішкентай үлгілерін жасайды. Машина үлгілері өлшемдері жағынан кішкентай болғанымен, олардың құрылысы мен қозғалыс сипаты нағыз машиналарға ұқсас келеді. Машиналар мен басқа да бұйымдардың мұндай үлгілерін модель (үлгі) деп атайды. Ал, олардың дайындау процесін модельдеу (үлгілеу) дейді. Біз металл құрастырғыш бөлшектерінің көмегімен әр алуан машина, кран, бесік арба, мотоцикл, самокаттар үлгілерін жасай аламыз.
Есіңе түсір және сақта: 1. Бұранда 2. Тығырық 3. Бұрамалар 4. Кілт 5. Бұрауыш
Бөлшектерді біріктірудің екі тәсілі бар: жылжымайтын және жылымалы. Суретке қарап бөлшектерді біріктіріп көрейік. Ең бастысы – суреттер бойынша үлгі жасағанда, оны сауатты оқи білу керек.
ІV. Сергіту сәті . V. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
Сұрақтарға жауап алу
Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау.
Бөлшектерді біріктірудің қандай тәсілін білесің?
VI. Қорыту. VІI. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 93-95 бет оқу. 2. Бағалау
№37. Тақырыбы:Металл құрастырғыш бөлшектерімен жұмыс.
Мақсаты: Техника паркі және жұмыс мамандар туралы түсінік беру. Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Білімін дамыту.
Сабақ типі: Жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу
Көрнекілігі: металл құрастырғыш бөлшектері, кілт, бұрауыш.
Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындық
II. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын,мақсатын хабарлау. Ұжымдық жұмыс.
IIІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
Краншы кранмен жоғарғы қабаттарға құрылыс материалдарын көтереді.
Жүргізуші жүкті жүк машинасымен тасиды.
Кірпіш қалаушы кірпіштерді жүкшығырмен екінші қабатқа көтереді.
Диірменші дәнді дақылдарды тартып, ұн шығарады.
Тракторшы құрылыс алаңынан трактормен қоқыстарды шығарады.
Қорытынды жаса
Құрастырғыш бөлшектерінен шаршы және үшбұрыш жаса. Бұрама мен бұрандаларын мықтап бекіт.
а) Шаршыны әрі – бері қозға; ә) үшбұрышты да қозға; б) қайсысы мықтырақ?
Өздік жұмыс. Сен қай техниканы жасайсың?(кран, жүк машинасы, трактор)
ІV. Сергіту сәті .V. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
Сұрақтарға жауап алу:
Қай техника егіс алқабында жұмыс істеуге арналған? Топпен «Ауыл шаруашылық паркі» жобасын талқылаңдар.
Жұмысты топ ішінде бөліп алыңдар. Сен қай техниканы жасайсың?
Жобаны 71 – беттегі схема ( ) бойынша жаса.
Жобаның әрбір кезеңін түсіндір.
Қажетті материал мен құрал – саймандарды таңдап ал.
Жолдастарыңның модельдерін және техника паркін құрастырудың принципін талқылауға қатыс.
Өз моделіңнің маңыздылығын түсіндір.
Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау.
VI. Қорыту. VІI. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 96-98 бет оқу. 2. Бағалау
№38. Тақырыбы: Ағашпен жұмыс істеу әліппесі
Мақсаты: Ағашпен жұмыс істеу әліппесі тәсілін үйрету.Білімін, ой – өрісін дамыту. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу
Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу
Көрнекілігі: қолара, ағаш, табиғи материал.
Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындық
II. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын,мақсатын хабарлау. Ағашпен жұмыс істеу әліппесі
IIІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
Бір шебер ағаштан әр түрлі жиһаз – үстел, орындық, шкаф жасай алады. Ол – ағаш шебері. Келесі шебері. Келесі шебер бөренеден үй салады. Ол – ағаш ұстасы. Тағы бір шебер ағаш ғимараттар мен үйлердің жобасын сызады. Ол – архитектор.
Ағаш кесу үшін қолараны пайдаланамыз. Қолараның тістері пышақ сияқты өткір. Оны тек үлкендердің көмегімен ғана пайдалану керек. Қураған ағаштың бұтағынан шайнектің, табаның астына қоятын ыдыс қойғыш жасауға болады. Ол үшін арамен діңінен кесіп алу керек. Оны кесінді деп атаймыз.
Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау.
Қолараның сабын жоғары, жүзін өзіңе қаратып ұсын.
Ағаш бұтақтары мен түбірінен бейнелер модельдеу жаса. Мысалы «Кесіндіден жасалған қоян». Ұзын құлақ сұр қоян
ІV. Сергіту сәті . V. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
Сұрақтарға жауап алу
1.Мұқият қарап, тосын бейнелерді байқауға тырыс. 2.Өзің де қиялдап көр.
3.Өз ойыңды жүзеге асыруға көмектесетін ағаш бұтақтары мен түбірін таңдап ал.
VI. Қорыту. VІI. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 99-101 бет оқу. 2. Бағалау
№39. Тақырыбы: Ағашпен жұмыс істеу әліппесі
Мақсаты: Бұтақтан құрамақтар жасау тәсілін үйрету.Ұқыптылыққа үйрету.Білімін дамыту.
Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу
Көрнекілігі: шыбықтар, қайшы, пышақ, қағаз, лак.
Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындық
II. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын,мақсатын хабарлау. Бұтақтан құрамақтар жасау.
IIІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Тармақтары мен шыбықтары көп бұтақтар мен түбірлерді таңдаңдар. Олардан сендер қандай да бір қиялдағы тіршілік иесінің бейнесін байқайсыңдар. Үйеңкі, терек, қайың ағаштары – жұмсақ та жақсы материал. Бұтақтарды ағашты маусымдық өңдеу орындарынан немесе орманнан жинауға болады.
Бұтақтан құрамақтар жасау.
Ағаштардың қураған бұтақтарына зер салып қараңдар. Әрбір бұтақты жануар бейнесінде елестетуге болады. Бір бұтақ таңдап алып, сәндік бұйым құрастырыңдар.
Бұтақты тазала. Бұрғымен тесік жасап, шеге қағуға мұғалімнен, үйдегі үлкендерден көмек сұра. Лак жағып безендір.
Түзу бұтақтардан үй, сарай, балабақша құрылысын жасай аламыз.
Құрамақ жасауға тек қураған бұтақтарды пайдалану керек.
Бұтақтарды біріне – бірін желіммен жабыстырып, жіппен байлап, ермексазбен және саз балшықпен жапсырмалап біріктіреміз. Мысалы, әдеттегі бұтақтан сыйлыққа арналған әдемі зат жасауға болады.
ІV. Сергіту сәті. V. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
Сұрақтарға жауап алу
Ағаштан қандай сәндік бұйымдар жасай аласың?
Табиғи материалдармен жұмыс істегенде қандай қиындықтар тууы мүмкін?
Шеберлер деп кімдерді айтамыз?
Ағаш бұтағынан, емен жаңғағынан қандай нәрселер жасауға болады.
Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау.
VI. Қорыту. VІI. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 101-104 бет оқу. 2. Бағалау
№ 40. Тақырыбы: Көркем еңбек. Ұлттық киімдер.
Мақсаты:Ұлттық киімдермен танысу және жасау тәсілін үйрену. Ұқыптылыққа дамыту. Білімін дамыту.
Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу
Көрнекілігі: түсті қағаздар, қайшы, желім.
Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындық
II. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын,мақсатын хабарлау. Қазақ халқының ұлттық киім үлгілері. IIІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Қазақ халқының ұлттық киім үлгілері: 1. Үкілі тақия; 2. Көйлек; 3. Камзол; 4. Етік; 6. Кебіс
Ер адамдардың сырт киімдерінің бірі - шапан. Ол ою-өрнегі және кестесімен, басқа халықтарға ұқсамайтын киім үлгісімен ерекшеленеді. Ұлттық киімдер зермен көмкерілген ою-өрнектер, бағалы тастармен әшекейленеді. Зер – сән бұйымдарын жасауға пайдаланылатын әдемі, сары түсті жіп.Ер адамдар тақия, бөрік, тымақ, қалпақ киген. Тымақ пен бөрікті сеңсеңнен, аң терілерінен жасап, барқыт, қыжым, атласпен тыстайды. Тымақ, бөріктердің бірнеше түрі бар. Тымақ Қазақстанның солтүстік аймақтарында қыс өте суық болғандықтан, шопандар мен жылқышылар үшін таптырмайтын бас киім. Ал жаздың ыстық күндерінде тақия киген дұрыс. Ерлер киетін тақиялар «қошқармүйіз», «шырмауық» өрнектерімен кестеленеді. Бөрікті, сәукелені ермексаздан жасап фольга, түрлі түсті қағаз, моншақпен әшекейле.
ІV. Сергіту сәті . V. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
Сұрақтарға жауап алу:
Қазақ халқының қандай ұлттық киімдерін білесің?
Ерлердің бас киімдерінің қандай түрлерімен таныстың?
Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау.
VI. Қорыту. VІI. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 105-106 бет оқу. 2. Қазақтың ұлттық киімін киген қыз бейнесін қатырма қағаздан жаса. 3. Бағалау
№ 41 Тақырыбы: Ұлттық киімдер
Мақсаты: Орыс, ұйғыр халының ұлттық киім үлгілерімен таныстыру және жасау тәсілін үйрену. Ұқыптылыққа дамыту. Білімін дамыту.
Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы
Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу. Көрнекілігі: әртүрлі ұлттардың киімдері
Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындық, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. II. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын,мақсатын хабарлау
IIІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Қазақстан халықтарының дәстүрлі киім үлгілері. Әр қатардағы киім үлгілерінің қай халықтың киім екенін анықтаңдар. (қазақ, орыс,ұйғыр). Дұрыс балалар, біз бүгін орыс, ұйғыр халқының ұлттық киімдерімен танысамыз және құрастырып үйренеміз. Сурет бойынша жұмыс. Өз беттеріңше киім үлгісін қиып, жапсырыңдар.
ІV. Сергіту сәті . V. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
Сұрақтарға жауап алу:
Суреттерде ұйғырдың қандай киім үлгілері көрсетілген? (тақия, шапан, етік)
Қағаздан бас киім құрастыру үшін не істейсің?
Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау.
VI. Қорыту. VІI. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 109-110 бет оқу. 2. Қазақтың ұлттық киімін киген қыз бейнесін қатырма қағаздан жаса. 3. Бағалау
№ 42 Тақырыбы: Ермексаздан ыдыс жасау.
Мақсаты: Ермексаздан ыдыс жасау тәсілін үйрену. Ой өрісін дамыту. Ұқыптылыққа шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу
Көрнекілігі: ермексаз, жіп, ыдыс үлгілері.
Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындық.
II. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын,мақсатын хабарлау. Ермексаздан ыдыс жасау.
IIІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Ағаш ұсталары ыдыс –аяқ жасауға айырықша ден қойған. Ыдыстарды негізінен қайыңнан жасаған. Өйткені қайың – мықты ағаш. Әбден кепкен қайында иіс те, шайыр да болмайды. Оған құйылған астың дәмі де бұзылмайды. Бұйымдардың пішіні, оюлары нені елестетеді? Әрине, пішін, түс, сурет, үйлесімділік табиғаттан алынған. Ыдыстар ұқсас, бәрінің пішіні бірдей. Конус тәрізді, қырлы, ортасы бүйірлі. Олардың тұтқасы, қақпағы және өрнектері де белгілі бір компазициямен жасалған. Соған қарағанда ыдыстардың барлығы белгілі бір стильмен жасалады.
ІV. Сергіту сәті
V. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
Әдемі бұйым адамды таңғалдырып, қуаныш сыйлайды ма? (ия)
VI. Қорыту: Бүгін сабақта не істедік? VІI. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 111-113 бет оқу. 2. Бағалау
№ 43. Тақырыбы: Қағаздан ыдыс құрастыру.
Мақсаты:Қағаздан ыдыс құрастыру тәсілін үйрену.Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Білімін дамыту.
Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу
Көрнекілігі: түрлі түсті қағаз, қайшы, желім .
Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындық.
II Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын,мақсатын хабарлау. Қағаздан ыдыс құрастыру.
IIІ Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Қағаздан ыдыс құрастыру.
Ертеде ыдысты бұтақтан, ағаштың қабығынан, саздан жасаған. Уақыт өте келе адамдар ыдысты шыныдан, металлдан, қыштан, ағаш және т.б материалдардан жасай бастады.Тағы қандай материалдардан әдемі ыдыс жасай аласың? Өзің дизайыншы, құрастырушысың!
Қағаздан 1,2,3 – суреттер бойынша бірігіп шай сервизін құрастырыңдыр. Топқа бөлініп құрастыруға да болады (топта 5-7 оқушыдан болуы керек).
ІV. Сергіту сәті . V. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
Байқау жариялаңдар: «Ең үздік сервис дизайны», « Сервиздің әдемі безендірілуі»
VI. Қорыту: Жұмбақтар шеш: Шешуі: кесе, ыдыс, шайнек.
VІI. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 113-114 бет оқу. 2. Бағалау
№ 44. Тақырыбы: Сәндік бұйымдар құрастыру.
Мақсаты: Ұсақ моншақ бастыру, тарихымен таныстыру. Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Білімін дамыту.
Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу
Көрнекілігі: ұсақ моншақтар.
Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындық.
II Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын,мақсатын хабарлау. Сәндік бұйымдар құрастыру.
IIІ Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Ұсақ моншақ бастыру тарихынан. Ұсақ моншақтың пайда болуы (бисер) әйнектің шығу тарихымен байланысты. Бұл арабтың «бұсра» немесе «бусер» деген сөзінен шыққан. Олар кішкентай моншақты және жұмсақ әйнекті осылай атаған. Ал, моншақ шеку ісі алғаш рет Мысырда басталды. Ерте кездерде оны адамдар өздерінің киімдерін ғана емес, сонымен қатар қару – жарақтарды, еңбек құралдарын және үй жабдықтарын безендіруге де жиі қолданылатын болған. Сондай –ақ адамдар қағазды ойлап таппай тұрған кезде ұсақ моншақтар бір жерден екінші жерге ақпарат беретін құжат есебінде пайдаланылған.Ұсақ моншақпен әмиян, жастық, белбеу және әйелдер киімдерін безендірген. Маржан шекумен шеберханаларда суретшілер, осы заманғы үлгі пішушілер (сәнгерлер) айналысады. Кейде моншақты бұйымдарға арнаулы аспаппен шекіп (бастырып) тігеді.
Қажетті материалдар:
Мөлдір полиамид жіп
Ұсақ моншақ бастыруға арналған ине.
Жасыл, күміс, қызыл және сары түсті ұсақ моншақтар. Сыдырма бау.
Мына бұйымдардың бірін жасап көр. ( 1-4 суреттер)
ІV. Сергіту сәті. V. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
Сұрақтарға жауап алу. Суреттегі көрсетілген өрнектерді ата.Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау.
VI. Қорыту. VІI. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 115-117 бет оқу. 2. Бағалау
№ 45. Тақырыбы: Сәндік бұйымдар құрастыру.
Мақсаты: Ұсақ моншақтардан гүл құрастыру тәсілін үйрету.
Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу
Көрнекілігі: ұсақ моншақтар.
Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындық.
II. Мақсатын қою кезеңі:Тақырыбын, мақсатын хабарлау.Ұсақ моншақтардан гүл құрастыру. IIІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Ұсақ моншақтардан гүл құрастыру. Ұсақ моншақ – пластмассадан, әйнектен, інжу-маржаннан жасалатын түрлі түсті әшекей. Оларды кестелеп тігіп, әсем өрнектер (сақина, сырға, білезік) жасайды.
Біз ұсақ моншақтардан гүл жасап көрейік.
Бұл гүлдердің күлте жапырақшалары үшкіл, түсі қызғылт сары. Гүлдің –ақ адамдар қағазды ойлап таппай тұрған кезде ұсақ моншақтар бір жерден екінші жерге ақпарат беретін құжат есебінде пайдаланылған. Ұсақ моншақпен әмиян, жастық, белбеу және әйелдер киімдерін безендірген. Маржан шекумен шеберханаларда суретшілер, осы заманғы үлгі пішушілер (сәнгерлер) айналысады. Кейде моншақты бұйымдарға арнаулы аспаппен шекіп (бастырып) тігеді.
Қажетті материалдар:
Мөлдір полиамид жіп
Ұсақ моншақ бастыруға арналған ине.
Жасыл, күміс, қызыл және сары түсті ұсақ моншақтар. Сыдырма бау.
Мына бұйымдардың бірін жасап көр. ( 1-4суреттер)
ІV. Сергіту сәті. V.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
Сұрақтарға жауап алу. Суреттегі көрсетілген өрнектерді ата.
Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау.
VI. Қорыту. VІI. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 115-117 бет оқу. 2. Бағалау
№ 45. Тақырыбы: Сәндік бұйымдар құрастыру.
Мақсаты: Ұсақ моншақтардан гүл құрастыру тәсілін үйрету.
Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу
Көрнекілігі: ұсақ моншақтар.
Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындық.
II.Мақсатын қою кезеңі:Тақырыбын,мақсатын хабарлау.Ұсақ моншақтардан гүл құрастыру. IIІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Ұсақ моншақтардан гүл құрастыру. Ұсақ моншақ – пластмассадан, әйнектен, інжу-маржаннан жасалатын түрлі түсті әшекей. Оларды кестелеп тігіп, әсем өрнектер (сақина, сырға, білезік) жасайды. Біз ұсақ моншақтардан гүл жасап көрейік. Бұл гүлдердің күлте жапырақшалары үшкіл, түсі қызғылт сары. Гүлдің күлтелері бес –бестен. Оған ұсақ моншақтардан жасалған гүл сәйкес келеді.
Бұл үшін мыналар қажет: 1. Түрлі түсті ұсақ моншақтар. 2. Жіптің жуандығындай, ұзындығы 15-30 см мыс сымдар. 3. Жіптер. 4. ПВА желімі. 5. Қайшы.
1- суретті мұқият қарайық. Гүлдің 5 күлтесі бар. Әрбір күлтені жеке –жеке орындайды. Бір күлтеге назар аудар.Күлтеде неше қатар бар? Бес қатардан. Бірінші қатарда - 1 моншақ. Екінші қатарда - 2 моншақ.Үшіншіде - 3 моншақ.Төртіншіде - 2 моншақ. Бесіншіде - 1моншақ бар. Енді қанша моншақ керек екенін анықтай аламыз. Бір күлтедегі моншақ саны – 9.Күлте жасаудың реттілігі: Мыс сымға бір моншақты кигіземіз. Оны 4 – суреттегідей етіп, сымның ортасына ілмектеп бекітеміз.Екінші қатардағы сымның екі ұшынан екі моншақ енгіземіз. Үшінші қатардағы сымға үш моншақ кигіземіз. Төртінші қатардағы сымның екі ұшынан тағы да екі моншақ енгіземіз. Бесінші қатарға – бір моншақ. Күлте жасалып бітті. Сымның ұштарын біріктіріп, бұрап бекітеміз. Күлтені схемамен салыстыр. Әр қатардағы сым біркелкі тартылуы тиіс.
ІV. Сергіту сәті. V. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
Сұрақтарға жауап алу. Әшекейлердің біріне сипаттама бер. Сурет бойынша жұмыс.
VI. Қорыту. VІI. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 118-120 бет оқу. 2. Бағалау
№ 46. Тақырыбы: Ұлттық бұйымдар. Ою – өрнектің жасалу жолдары.
Мақсаты: Ұлттық бұйымдар. Кілем үлгілерімен таныстыру. Ұқыптылықа тәрбиелеу. Білімін дамыту.
Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу
Көрнекілігі: Ою – өрнектер,әр түсті қағаз, қайшы, желім.
Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындық.
II. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын,мақсатын хабарлау. Кілем үлгілері.
IІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Кілем мен түскиіз – қазақтың үй жиһаздары. Оларды тоқудың дәстүрлі тәсілдері бар. Кілем түскиізге қарағанда төзімді әрі сәнді болып келеді. Кілемді өрнектеп тоқиды. Тұскиізді өрнек салып, кестелеп тігеді.
Кілем тоқу – Азия, Еуропа, Кавказ халықтарына ежелден белгілі қолөнер түрі. Қазақтар түкті және түксіз (тықыр) кілемдер тоқыған. Кілемді қоспасыз, таза қой жүні мен түйе жүнінен тоқиды. Оны әдемілеп бояйды. Оларға табиғи бояуды пайдаланады. Шеберлер кілем тоқуды балаларға тоғыз, онбір жасынан үйреткен. Қазір Қазақстанның оңтүстігінде қыз балардың бәрі дерлік кілем тоқуды біледі. Бұл күрделі де қиын жұмыс. Шыдамдылықты, ептілікті, түс үйлесімін құрастыра білуді талап етеді.
Зер салып қарасаңдар, ою -өрнектерден көп нәрсені байқайсыңдар. Өрнектерге қарап қозғалстағы адамдарды, жануарлар мен өсімдіктерді, Күн және Айды елестетуге болады. Халық шеберлері өрнек үлгілерін адамды қоршаған табиғат аясынан алады.
Қағаздан кілем құрастыр.
ІV. Сергіту сәті . V. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
Сұрақтарға жауап алу: Кілемнің қандай түрлерін білесіің? Қазақ, орыс халықтары кілемдерінің түр-түс, өрнек мәнерлерін анықта.
Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау.
VI. Қорыту: VІI. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 122-124 бет оқу. 2. Бағалау
№ 47. Тақырыбы: Ою – өрнектердің шеңбер ішінде орналасуы. Ою – өрнектің жасалу жолдары.
Мақсаты: Ою – өрнектердің шеңбер ішінде орналасу тәсілін үйрету. Ұқыптылықа тәрбиелеу. Білімін дамыту.
Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу
Көрнекілігі: циркуль, Ою – өрнек, қайшы, әр түсті қағаз,
Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындық.
II Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын,мақсатын хабарлау
IІ Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Кілем, дастархан, шар, ыдыстар шеңбер пішінді болып келеді. Аталған бұйымдарға ою – өрнектер салуға болады. Бұған дейін біз шаршыны ою –өрнектермен сәндегенбіз. Енді шеңбер ішіне ою – өрнектерді орналастырып көрейік.
Кез келген өрнекті қарапайым етіп орналастыруға болады.
Өрнектерді суретте көрсетілгендей тәртіппен орналастырып, композиция құрып көрейік. Ол үшін көлемі орташа домалақшаны ( 1) шеңбердің дәл ортасына желімдейміз. Оның төрт жағынан одан да кіші домалақшаларды (2) айналдыра орналастырамыз. Одан соң бос қалған орындарды кішкене домалақшалармен толтырамыз (3). Міне, композициця дайын.
Өз бетіңмен шеңбер ою –өрнек салып бұйымыңды сәндеп безендір.
ІV. Сергіту сәті . V. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
Сұрақтарға жауап алу: Өрнектерді (10-сурет, 4) орны –орнына қой. Дайын болған ою –өрнегіңді сыныптастарыңның жұмыстарымен салыстыр. Шаршыға ою-өрнектерді орналастыру жолдарын есіңе түсір. Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау.
VI. Қорыту: Бүгін сабақта не істедік?
VІI. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 126-128 бет оқу. 2. Бағалау
№ 48-49 Тақырыбы: Дорба тігу.
Мақсаты:Оқушыларға дорба тігу тәсілін үйрету.Ұқыптылықа тәрбиелеу, білімін дамыту.
Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу
Көрнекілігі: мата, қайшы, ине, жіп.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындық.
II. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын,мақсатын хабарлау
IІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Дорба тігу. Дорбаны құрастырудың және тігудің ретін еске түсірейік. 1. Үлгі пішімін дайындаймыз. Тік төртбұрыштың пішінін негізгі сызықпен белгілейміз. Өлшем сызықтарды негізгі сызықтан үш есе жіңішке етіп сызамыз. 2. Матаға белгі саламыз. Пішілген үлгіні матаның теріс жағына түйреуішпен қадайтынымыз сендерге белгілі. Арнаулы қаламмен, бормен, сабынмен салынған белгінің таңбасы матаның өң жағына өтіп кетпейтіндей болуы керек. Жиегін айналдыра кесеміз. Түйреуішті қыстырған кезде еңбек қауіпсіздігі ережесін қадағалаңдар. 3. Дорбаның теріс жағынан (шетінен 10 мм дей кеңдеу етіп алып) көктеп тігеміз. 4. Дорба дұрыс тігілмесе, ол пайдалану кезінде тез сөгіледі. Егер жиегін жөрмеп тіксек, дорба өте әдемі және тігістері мықты болады. 5. Дорбаның жоғарғы жиегін өңдеу. Дорбаның жоғарғы жиегі әдемі және сәнді болуын ойланыңдар. Жоғарғы жиегіне кесте таспасын, шілтер, матаның үшкіл қиықтарын тігуге болады. Біз кестемен жиек салуды да білеміз. 6. Дорбаны сәндеу: Алдымен қағазға композиция сызып алыңдар. Сол бойынша тігуге, жапсырма жасауға болады. Дорбаны түрлендіріп сәндеңдер. Дорбаға өзгеше сәнді бау тағыңдар. Дорба дайын. Ол – пайдалы, ыңғайлы әрі әдемі. Сендер өздерің жасаған бұйымның дизайншысы болып табыласыңдар.
Дизайншы – бұйымның сыртқы көрінісін әсем, көрікті, әшекейлерін тартымды және пайдалануға ыңғайлы етіп жасайтын адам. Дизайншы көркем құрастырумен шұғылданады. Кез келген дорба жаса
ІV.Сергіту сәті.V.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: Сұрақтарға жауап алу.
Дизайншының міндеті не? 2. Дорбаның элементтерін өз бетіңше қалай өзгертер едің? 3. Қиылған жерді не үшін торлап тігеді? Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау.
VI. Қорыту. VІI. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 129-131 бет оқу. 2. Бағалау
№ 50. Тақырыбы: Қуыршаққа арналған киімдерді модельдеу.
Мақсаты: Қуыршаққа арналған киімдер тәсілін үйрету. Танымдылық қабілеттерін дамыту. Тазалыққы тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Көрнекілігі: мата, қайшы, ине , жіп. Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық
ІІ. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.Қуыршаққа арналған киімдерді модельдеу. IІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Маталар әр түрлі болады: тықыр және түкті, жеңіл және ауыр, тығыз және босаң тоқылған.
Олардың қандай ортақ қасиеті бар?
Барлық маталардың жіптері белгілі бір ретпен тоқылады. Оларды тоқу станоктарында тоқиды. Бұдан көп жылдар бұрын адамдар қолмен тоқу станоктарын пайдаланған. Қазір маталар тоқыма фабрикаларында тоқылады. Жартылай автоматтандырылған арнаулы станоктар қолданылады. Матаны жіптен тоқиды. Жіптердің мақта, жүн, жібек, зығырдан, әйнектен жасалатын және синтетикалық түрлері болады. Синтетикалық және жібек жіптерден басқа барлық жіптер иәру машиналарында шүйкеленіп, иіреді. Киімдерді дизайншылар сияқты модель дейміз. Бұл спорттық киім болғандықтан, сен материалды дұрыс таңда. Киім моделін қиып ал. Баулықтарды бүктеп, оларды желімде.
Сергіту сәті.
IV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: Свитер мен шалбарды өз ойыңша безендіруіңе болады. Қағаздан аппликация жаса. Сен қуыршаққа арналған бұл киімдердің құрастырушы – сәнгері екеніңді ұмытпа. Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау.
V. Қорыту: Қуыршаққа арналған киімді қалай модельдеуге болады?
VІ. Үйге тапсырма: 132- бет оқу. Бағалау.
№ 51 Тақырыбы: Қуыршаққа арналған киімдерді модельдеу.
Мақсаты: Қатырма қағаздан қуыршақ қию тәсілін үйрету. Ой – өрістерін дамыту. Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы.
Көрнекілігі:Қағаз түрлері, қайшы, желім, қуыршақ үлгісі. Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық
ІІ. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Қатырма қағаздан қуыршақ қию.
IІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: қуыршақ пішінін 1 – 2 суреттер бойынша қалып үлгімен қиып ал. Оларды біріне – бірін беттестіріп, желімде. Қуыршаққа көйлек кигіз, оны желімде. Қуыршақ орнықты тұру үшін не істеу керек екенін ойлан. 1 – суреттегі қуыршақ бантигі 3 – суреттегі көйлек түсімен үйлесе ме?
Сергіту сәті. IV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Сұрақтарға жауап алу. 2. Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау.
V. Қорыту. VІ. Үйге тапсырма: 133 бет оқу. Бағалау.
№ 52. Тақырыбы: Дизайншы жұмысы. Дизайн дегеніміз не?
Мақсаты: Оқушылады дизайншы жұмысымен таныстыру. Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Білімін дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы.
Көрнекілігі: Суреттер. Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық
ІІ. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.
IІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Кез – келген қобдиша немесе панно өзінің әсемдігімен, ыңғайлылығымен, пішінімен, құрылымымен, яғни сыртқы түрімен көз тартады. Дизайн – бұйымның сыртқы көрінісін әдемі, тартымды, сәнді етіп жасайтын (көркем құрастыру) іс – әрекет.
Не себепті дизайнды көркем құрастыру дейміз? Дизайн сөзі ағылшын тілінен аударғанда «жоба» деген мағынаны білдіреді. Көркемдіктің өзі әсемдікті жасаумен тығыз байланысты. Сонымен дизайн дегеніміз көркем құрастыру. Олай болса көркем құрастырумен шұғылданушы – дизайншы. 2. Бірдей екі жарты бөліктен қуыршақ киімін модельдеу кезінде көйлектің әсем сырт көрінісін, тартымды әшекейлерін жасап үйрен.
Суреттегі көйлектің моделін қиып, қуыршаққа кигіз. Берілген үлгі бойынша костюм – шалбардың моделін жаса. Түсті қағаздан жасалған аппликацияны пайдалануыңа немесе суретін салуыңа болады. Сергіту сәті.
IV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Сұрақтарға жауап алу. 1. Қуыршақ киімінің қай моделі саған көбірек ұнады? 2. Киім таңдағанда саған кім кеңес береді? 2. Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау.
V. Қорыту: Бүгін сабақта не істедік?
VІ. Үйге тапсырма: 134 – 135 бет оқу. Бағалау.
№ 53 Тақырыбы: Дизайншы жұмысы. Дизайн дегеніміз не?
Мақсаты: «Ертегілер әлемінде» композиция құрастыру тәсілін үйрету.Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Білімін дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Көрнекілігі: ермексаз, мата, қағаз, қайшы Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық
ІІ. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Дизайншы жұмысы.
IІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Адамның табиғаттан үйренері көп. Табиғатта «әсемдік + пайда» заңы мүлтіксіз сақталады. Біз табиғаттағы заттардың әсемдігі туралы әңгімеледік, енді пайдасы туралы сөйлесейік. Қабыршақтар бүріне, ал дәндері масағына қалай орналасқан?
Қабыршақтар мен дәндер тек әсем пішін тудырып қоймайды, оған қоса ылғал мен жылу, жарықтың біркелкі таралуын қамтамасыз етеді. Ешбір қабыршақ, ешбір дән жылу мен жарықсыз, ылғалсыз қалмайды. Мұндай мысалдар өте көп. Сондықтан да дизайншы оның идеяларын меңгеруге тырысады. Сендер де дизайншылар сияқты табиғатты зерттеуге кірісіңдер.
Дизайншылардан үйренеміз. «Ертегілер әлемінде» деген тақырыпқа композиция құрастыр. Композиция дизайншысы ретінде түсінің үйлесімді болуына жауаптысың.
Сергіту сәті.
IV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: Композицияның қай бөлігі ермексазды созу, кесу арқылы, ал қайсысы жапсырмалау тәсілімен жасалғанын анықта. Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау.
Қорыту. VІ. Үйге тапсырма: 136 – 137 бет оқу. Бағалау.
№54 Тақырыбы: Табиғат әлемінен заттар әлеміне. Адам – жасаушы. Мақсаты: Табиғат таңғажайыптар тәсілін үйрету.Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Білімін дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы.
Көрнекілігі: табиғат бейнетаспа, суреттер. Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық
ІІ. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Табиғат таңғажайыптары.
IІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Әсемдікті көре білу керек. Табиғат тамашаларына бір сәт көз салыңдаршы. Мұндай шеберліктің сырына бойлап, әсемдікті бағалай білген де жақсы.
Гүл – жердің жаратылыс берген сәні. Ал көбелек болса жиегі иректелген, таңбалы өрнектері бар «әдемі көйлек» киген табиғат туындысы. Қанатындағы тамшыдай дақтарына назар аударыңдаршы. Мұның бәрі тылсым бір сұлулық!
Құс пен балыққа қараңдаршы! Жанарыңды жаулайды!
Табиғаттың барлық таңғажайыптарын түгендеп шығу мүмкін емес. Біз одан әсемдікті үйренеміз. Ойланып, қорытынды жаса. Табиғатта бәрі де керемет, пайдалы!
«Табиғат таңғажайыптары» аппликайия құрастыру. Сергіту сәті.
IV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: Сұрақтарға жауап алу.1. Суретшілер мен дизайншылар өз суреттері мен өрнектерін неге сүйеніп жасайды? 2. Сенің айналаңда табиғи материалдардан жасалған бұйымдар бар ма? 3. Адам табиғатты ластай ала ма? 4. Баршамыздың ортақ үйіміз – Жерді сақтап қалу үшін бізге не істеу керек?
Достарыңызбен бөлісу: |