U1- өзгертетін кернеу; U2, U3 - өзгертілген кернеулер.
1.45 – сурет
Трансформаторларды электр жүйелерінде электр энергиясын жеткізу мен тарату үшін; қыздыру, электрмен пісіру, түзеткіш электр қондырғыларында; радиоаппараттарда, автоматика мен байланыс құрылғыларында; электр өлшегіш техникасында және тағыда көптеген мақсаттарда пайдаланылады.
Трансформаторды техникада қолданудың негізін қалағандар -П. Н. Яблочков - 1876 жылы бірфазалық трансформаторды жасап шығарып, оны алғаш рет жарық беру қондырғыларында пайдаланды және М. О. Доливо- Добровольский — ең бірінші болып 1891 жылы үш фазалық трансформаторды жасап шығарды.
Трансформаторда кемінде екі орам болады, олар бір - бірімен ортақ магнит ағыны арқылы байланыста болады. Элекгрлік жағынан бұл орамдар бір - бірінен өте мұқият, сенімді оқшауланған. Тек қана автотрансформаторда ғана бұлай емес. Олар туралы жеке сөз болады.
Өзара магниттік байланысты күшейте түсу үшін көптеген трансформаторларда орамдарды электротехникалық болаттан жалпақ етіп жасалған жүрекшеге орналастырады.
Алатын кернеуімізге байланысты орамдар да бөлек - бөлек бірнешеу болуы мүмкін. Орауыш катушкадағы орамдардан өтін жатқан айнымалы ток осы орауыш катушканың магнит өрісінде орналасқан басқа орауыш катушкадағы орамдарда өзінің магнит өрісі арқылы ток түзеді.
Бір орамның үстіне екінші орамның орналасуы немесе ол орамдар бір осьте қатар орналасулары да мүмкін. Орауыш катушкаларды электромагниттегі сияқты ферромагнитті жүрекше –сердечникке орналастырады. Ол схемада ортадағы қара сызық арқылы көрсетілген. (1.45 - сурет).
Трансформатор арқылы біз берілген кернеуден кез — келген шамадағы кернеуді ала - аламыз. Өйткені мұндағы әрбір орам кернеудің белгілі бір шамасын өзімен бірге алып жүреді. Бұл дегеніміз - орамдар саны мнн кернеулер шамалары бір - бірімен пропорционал деген сөз.
Электр энсргиясының көзімен жалғанған орамды бірінші орам деп атайды. Ал электр энергиясын тұтынушыға беретін орамдарды екінші орамдар деп атайды.
Қысқасын айтқанда, екі жақтағы орамдар саны мен олардың кернеулері бір - біріне пропорционал.
U2 / U1 = w2 / w1;
Екінші орамның саны көбейсе, соған байланысты екінші орамнан шығатын кернеудің шамасы да көбейеді. Ал бірінші орамдағы кернеудің шамасы арқашан тұрақты, стандартты болып келеді.
Бірінші орамның санынан екінші орамның саны аз болса, онда трансформатор төмендеткіш трансформатор деп аталады. Ал егерде бірінші орамның саны екінші орамның санынан аз болса, ондай трансформатор жоғарылитқыш трансформатор деп аталады.
Естіген шығарсындар, көп жағдайда «трансформатор жанып кетті» деген бір сөздерді. Бұл не жағдай екенін кейбір адамдар біле де бермеуі мүмкін. Ол дегеніміз - трансформатор жұмыс істеп тұрған кезде мына кәдімгі екінші орамдардың ешқандай тұтынушысыз екі ұшының, әлде болмаса орамдардың өзара бір - біріне тиіп калуы. Ондай уақытта барлық ток ешқандай кедергісіз сол орамда еркін жүреді де, токтың күштілігінен орам қыза бастайды. Орамның қызу температурасының өте жоғары көтерілетіндігі себепті, ақыр аяғы орам күйіп тынады. Әрине, егер дер уақытында трансформаторды өшіріп тастамаса.
Ал енді бірінші орамның екі ұшы трансформаторға кіре берісте осылай бір — біріне тиіп қалса ше? Онда аса қорқынышты емес. Тек қана трансформаторға ток келіп тұрған екі өткізгіштің әлде біреуі, әлде екеуі бірдей үзіліп қалады. Өйткені ток одан ары қарай орамдарға бармайды.
Қатты қызғаннан болатын осындай бүлінулер жылдам бола ма, алде біраздан соң барып бүліне ме, оны келіп тұрған кернеудің немесе өтіп жатқан токтың шамасы біледі. Ол шамалар неғұрлым үлкен болса, соғұрлым өткізгіштердің немесс орамлардың бүлінуі жылдамырақ болады. Мұның бәрін электротехника тілінде қысқаша тұйықталу (короткое замыкание) дейді. Оны біз соған сәйкес тақырыпта қарастырғанбыз.
Бір фазалық трансформатордың жұмыс процессі үш фазалы трансформатордың бір фазасыныкімен бірдей болады. Бірінші орамдағы ток і1, бірінші орамдағы синусоидалы и1, кернеудің әсерінен пайда болады. Осы токтың магниттеу күші жүрекшеде айнымалы магнит ағынын тудырады:
Ф = Фm sin
Достарыңызбен бөлісу: |