r2 дегеніміз екінші орамның активті кедергісі, басқаша айтқанда екінші орамдағы өткізгіш сымның кедерігісі.
Бірінші сейілу ағыны сияқты, екінші сейілу ағыны да оны қоздыратын токқа тура пропорционал.
Ф-Е-09/18.1
Трансформатордың номиналды қуаты жоғарылаған сайын, оның орамдарындағы сымдардың көлденең қималары да ұлғая берулері керек. Бірақ та, сымның көлденең қимасының ұлғаюы оның сейілу индуктивтігіне аса әсер ете қоймайды, өйткені ол сымның жуандығына емес, негізінен оның ұзындығына тәуелді. Осы себепті де үлкен және орташа трансформаторлардың орамдарының активті кедергісі индуктивті кедергісіне қарағанда өте аз, көбіне оны есепке алмайды.
Бірініші кернеу номиналды болған уақытта екінші кернеудің екінші ток күшіне тәуелділігін трансформатордың сыртқы сипаттамасы деп атайды (1.48 - сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |