Сабақтың тақырыбы:
Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі. Координаталары бойынша нүктені салу.
Қызылорда облысы, Арал қаласы №64 орта мектептің математика пәні мұғалімі Сералиева Жеңіскүл Құттымұратқызы
Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы: Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі. Координаталары бойынша нүктені салу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік.Оқушыларға жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесімен таныстыру. Координаталары бойынша нүктені салуды үйрету,меңгерту.
Дамытушылық.Сызбаларды дұрыс сызуға, өз бетінше жұмыс істеуге үйрету.Ойлау қабілетін дамыту.Дүниетанымын кеңейту.
Тәрбиелік.Ұқыптылыққа, зеректікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: репродуктивті, сұрақ – жауап, түсіндірмелі, суреттермен жұмыс
Сабақтың көрнкілігі: интерактивті тақта, презентациялар, суреттер, үшбұрышты сызғыш,оқушылардың жұмыс дәптері.
Пәнаралық байланыс: сызумен, геометриямен, географиямен
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушыларды түгендеу.
ә) оқушылардың сабаққа дайындығын қарау.
ІІ. Үй тапсырмасы
№ 1119 есеп.
k және l – паралелль түзулер. s – қиюшы түзу, <2= 400, <5,<6,<7,<8 – тың градустық өлшемдерін табыңдар.
s
k 1 <2= 400
3 4
l 5 6
7 8
Шешуі: k ║ l,
<1=<5, <1 = 1800 - <2= 1800 - 400 = 1400, <5 = 1400
<6 = <2 = 400
<6 = <7 вертикаль бұрыштар,<7 = 400
<5 = <8 вертикаль бұрыштар,<8 = 1400
Жауабы: <5 = 1400,<6 = 400,<7 = 400,<8 = 1400
№1120
142 – суреттегі а және в – параллель түзулер. с және d - қиюшы түзулер.
<1 =1200;<3 = 1100.<2+<4+<5+<6 қосындысы неше градус?
с d
а <1 =1200 <3 = 1100
2 4
в 6 5
Шешуі:
<1 = <2 = 1200 вертикаль бұрыштар
<3 = <4 = 1100 вертикаль бұрыштар
<6 = 1800 - <1 = 1800-1200=600, <6= 600
<5 = 1800 - <3 = 1800-1100=700, <5= 700
<2+<4+<5+<6 = 1200+1100+600+700=1800+1800=3600
Жауабы: 3600
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
«Тездет, бірақ қателеспе » ойыны
Түзу дегеніміз не?
Кесінді дегеніміз не?
Сәуле дегеніміз не?
Екі түзудің орналасуы туралы не білесіңдер?
(қиылысатын түзулер, перпендикуляр түзулер, айқас түзулер, параллель түзулер)
Қандай түзулер параллель түзулер деп аталады?
Берілген түзуде жатпайтын бір нүкте арқылы түзуге параллель неше түзу жүргізуге болады?
Бір түзуге перпендикуляр екі түзу өзара қиылыса ма?
Параллель түзулерге өмірден мысалдар келтір.
ІV.Жаңа сабақты баяндау.
Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі. Координаталары бойынша нүктені салу.
Алдымен мына нүктелердің координатасын табайық:
Д е к а р т
-4 -3 -2 -1 0 1 2 3 4 5 6 х
Жауабы: Д(-4),е(-3),к (0),а(1),р(3),т(5)
Нүкте координаталық түзуде бір ғана санмен – координатасымен анықталатынын білеміз.Енді нүктенің жазықтықтағы орнын анықтауды үйренейік.Ол үшін мына мысалдарға назар аударайық.
Сыныптағы партаның орнын анықтау үшін бір ғана сан жеткіліксіз.Мысалыға, осы сыныптағы Нұрболдың отырған партасы 2 – ші қатардағы 3 – ші парта.Мұндағы 2 – қатар ретін анықтаса, 3 – парта ретін анықтайды.
Қаладағы кинотеатрларға барғанда, қолыңдағы билетпен отыратын қатардағы орныңды табасың.Мысалыға, 5 қатардағы 9 – шы орын.
6>3>5>1>6>4>3>2>1>3>1>6>3>1>8>7>6>5>8>8>5>7>7>6>2>6>5>1>8>
Достарыңызбен бөлісу: |