Білу және түсіну 10 минут
Заңды И. Ньютон 1667 жылы ашты. 1665 жылы 23-жасында Ньютон Айды орбитада ұстап тұратын күш Жерге алманың құлауына септігін тигізетін күш табиғатына ұқсас екендігін болжап айтты. Оның болжамы бойынша Әлемдегі барлық денелер арасында массалар центрін жалғастыратын түзу бойымен тартылыс (гравитациялық күштер) күштері әсер етеді .(1- сурет).
1-сурет. Денелер арасындағы гравитациялық күштер
Айдың Жерді, планеталардың Күнді айнала қозғалуын зерттеу нәтижесінде И. Ньютон ашқан бұл заң табиғаттағы барлық денелерге және олардың барлық бөліктеріне қолданылады. Б. ә. т. з. аспан денелерінің қозғалысы жайындағы ғылым — аспан механикасының іргетасын қалайды. Осы заңның көмегімен аспан денелерінің қозғалу траекториясы есептелінеді және олардың аспан күмбезіндегі орындары алдын ала анықталады. Уран планетасының осы заңға сәйкес есептелінген орбитадан ауытқуы бойынша 1846 ж. Нептун планетасы ашылды. Плутон планетасы да 1930 ж. осындай тәсілмен анықталды. 19 — 20 ғ-ларда бұл заңды алдымен қос жұлдыздарға, сонан соң шалғай орналасқан галактикаларға да пайдалануға болатындығы белгілі болды. Жалпы салыстырмалық теориясының ашылуы (1916) нәтижесінде тартылыс күшінің табиғаты онан әрі айқындала түсті. Шындығында кез келген дене кеңістікте тартылыс өрісін туғызады. Денелердің арасындағы тартылыс күші осы өріс арқылы беріледі. Өте майда бөлшектерден тұратын микродүниедегі (атом, атом ядросы, элементар бөлшектер, т.б.) құбылыстарда Б. ә. т. з-ның әсері сезілмейді. Өйткені онда күшті, әлсіз және электр магниттік өзара әсерлер ( Әлсіз өзара әсер, Күшті өзара әсер, Электр магниттік өзара әсер) тәрізді өрістік әсерлер басым болып келеді.
Табиғаттағы барлық денелер бір-біріне тартылады. Осы тартылыс бағынатын заңды Ньютон анықтап, бүкіл әлемдік тартылыс заңы деп аталған. Осы заң бойынша, екі дененің бір-біріне тартылатын күші осы денелердің массаларына тура пропорционал, ал олардың ара қашықтығының квадратына кері пропорционал болады:
мұндағы, G - гравитациялықтұрақтыдепаталатынпропорционалдық коэффициент. Бұлкүшбір-бірінеәсерететінденелерарқылыөтетінтүзудіңбойыменбағытталған. Формула шамасыбойыншабір-бірінетең F12және F21күштердіңсандықмәнінбереді. Cуреттегіөзараәсерлесетінденелербіртектішарларболса, m1және m2 – шар массалары, r - олардыңцентрінің ара қашықтығы. Сонымен, шарларматериялықнүктелерретіндеөзараәсерлеседі , ал олардыңмассалары шар массаларынатеңжәнеолардыңцентрлеріндеорналасқан. Гравитациялықтұрақтыныңсандықмәні, массаларыбелгіліденелердіңбір-бірінетартылатынкүшінөлшеужолыменанықталған. Осындайөлшеукезіндекөпқиыншылықтаркездеседі, өйткенімассаларытікелейөлшенетінденелерүшінтартылыскүштеріөте-мөте аз болыпшығады.
G -тұрақтысының мәнін анықтау үшін ең алғаш ойдағыдай өлшеу жүргізген ағылшын ғалымы Генри Кавендиш (1798ж.) болды. Ол күшті өлшеу үшін өте сезгіш иірілмелі таразы әдісін қолданды (2-сурет).
Жеңіл стерженнің ұштарына бекітілген екі қорғасын шар m (әрқайсысының массасы 729 г) симметриялы орналастырылған М шарларының (әрқайсысының массасы 158 кг) жанына қойылған. Стержень серпімді жіпке асып қойылған, шарлардың бір-біріне тартылу күшін осы жіптің бұралуы арқылы өлшеуге болады. Жіптің жоғарғы ұшы орнату бүркеншігіне бекітілген, ал осы бүркеншікті бұру арқылы m және М шарларының ара қашықтығын өзгертуге болады. Әр түрлі әдістермен анықталғандардың ішінде -ның анағұрлым нақтылы мәнін мынадай деп есептейді:
Егер (2.10.1)-өрнекке m1, m2және r-лердіңбіргетеңмәндерінқойсақ, ондакүш -ныңөзінетеңболады. Сонымен, әрқайсысынмассалары1 кг, центрлерініңбір-біріненқашықтығы1 мболатынекі шар өзара 6,670×10-11Н-ға теңкүшпентартылады.
Ғаламшарлардың қалай қозғалатынын біле отырып Ньютон оларға қандай күштер әсер ететіндігін анықтағысы келді. Бұл әдіс механиканың кері есебі деп аталады. Механиканың негізгі есебі бойынша массасы мен жылдамдығы белгілі денеге әсер ететін күштің салдарынан кез келген уақыт мезетіндегі дененің орнын анықтау болса , механиканың кері есебінде дененің қалай қозғалатындығына қарай оған әсер ететін күштерді анықтау болып табылады.
Ауырлық күші жер центріне қарай бағытталған.Басқа күштер болмағанда дене Жерге еркін түсу үдеуімен құлайды. Жердің әр түрлі нүктелеріндегі еркін түсу үдеуінің орташа мәні 9,81 м/с2. Жердің радиусы мен еркін түсу үдеуінің мәнін біле отырып(Rз = 6,38·106 м), Жер массасын М есептеп шығаруға болады:
М=gR23/G=5,98*1024 кг
Табиғаттағы көптеген құбылыстар бүкіл әлемдік тартылыс күшімен түсіндіріледі.
|