60.Элементар бөлшектер
Әрбір элементар бөлшектің антибөлшегі бар, ол үстіне тильда белгісі қойылып сол символмен белгіленеді.
Фотонның, π0− және η0− мезондардың анти бөлшектері сол бөлшектерге теңдес. Бұл бөлшектер ақиқат нейтрал болып табылады, олар аннигиляцияға қабілетті емес, бірақ барлық элементар бөлшектердің іргелі қасиеті болып табылатын өзара түрленулерге ұшырайды.
Элементар бөлшектер үш топқа бірігеді: фотондар, лептондар және адрондар.
Фотондар тобы бір бөлшектен-фотоннан- электромагниттік әсерлесу квантынан тұрады.
Лептондар тобы электроннан, мюоннан, электрондық және мюондық нейтринодан, ауыр лептон – τ− лептоннан (таоннан), таонды нейтринодан, сондай-ақ олардың антибөлшектерінен тұрады.
Адрондар тобына мезондар (пиондар мен каондар) және бариондар (нуклондар (протон, нейтрон) және тұрақсыз бөлшектер) жатады. Адрондар электромагниттік және әлсіз әсерлесумен қатар, күшті әсерлесуге де ие.
Адрондар кварктерден тұрады. Әрбір M мезон бір q кварктен және бір q антикварктен, ал әрбір B барион үш q кварктен тұрады: M=q~q , B=qqq .
Лептондар саны кварк типінің санына тең-кварк-лептонды симметрия принципі.
Кварктың алты типі бар, лептондар тәрізді үш дублет немесе үш ұрпақ (u,d) , (c,s) , (t,b) түзеді:
1) жоғарғы(up)–u
2) төменгі (down) –d
3) «очарованный» (charm) –c
5) «истинный» (true) –t
6) «прелестный» (beauty) –b
Кварктарда антибөлшектер – анти кварктер бар.
59.Ядролық реакциялар туралы айтыңыз
Ядролық реакциялар – элементар бөлшектермен (оның ішінде γ-квантпен) немесе бір-бірімен әсерлескен кездегі атомдық ядролардың түрленуі.
Реакциялар символдық түрде былай жазылады:
Х+а→Y+b немесе Х(а,b)Y
мұндағы Х және Y− бастапқы және ақырғы ядро, a және b− ядролық реакция кезінде атқылайтын және шығаратын (шығарылатын) бөлшектер.
Кез келген ядролық реакция кезінде электр зарядының және массалық сандардың сақталу заңдары орындалады: ядролық реакцияға түсетін ядро мен бөлшек зарядтарының (массалық сандарының) қосындысы реакцияның соңғы өнімі (ядро мен бөлшек) зарядтарының (массалық сандарының) қосындысына тең. Сондай-ақ энергияның, импульстің және импульс моментінің сақталу заңы да орындалады.
Ядролық реакциялар экзотермиялық (энергияның бөлінуімен жүретін реакция) және эндотермиялық (энергияның жұтылуымен жүретін реакция) деп бөлінеді.
Ядролық реакциялар бірнеше кезеңмен өтеді. Бірінші кезеңде ұшып келген бөлшек ядро-нысанада тоқтап, құрама ядро немесе компаунд-ядро түзеді және оның энергиясы қандай-да бір нуклонға берілмейді, ол құрама ядроның барлық бөлшектеріне біркелкі таралады, олай болса бөлшектердің бірде біреуі ядродан шығып кетуге жеткілікті энергияны ала алмайды.
Я дролық реакцияның екінші кезеңі бірінші кезеңнен кейін
уақыт өткенде өтеді, мұндағы τЯ− сипаттамалық ядролық уақыт (~10−22c) .
Достарыңызбен бөлісу: |