Жаңа тақырып
6 Гц-20000 Гц →дыбыс толқындар, акустикалық дыбыстар.
Жиілігі 20000 Гц-тен жоғары дыбыстар ультрадыбыстар, 16 Гц-тен төмен –инфрадыбыстар деп аталады.
Ауада тарайтын дыбыс толқындары серпімді бойлық толқындар болып табылады.
Дыбыстың қаттылығы неге байлынысты болатынын анықтау үшін камертонды қолданады.
Камертондардың немесе басқа гармоникалық тербеліс жасайтын денелердің шығаратын дыбыстары музыкалық дыбыстар деп аталады.Дыбыс қаттылығы дыбыс шығаратын дененің тербелістер амплитудасымен анықталады.
Белгілі бір жиіліктегі дыбыс толқынын тон деп атайды.
Тембр –адамның дауысына немесе аспаптың үніне өзіндік бояу беретін дыбыстың сапасы.
Шу - әр түрлі жиіліктегі дыбыстардың ретсіз қабаттасуы болып табылады
Акустикалық резонанс құбылысын түсіндіруге арналған тәжірибе көрсету.
Дыбыстың шағылуы.
Жаңғырық – қандай да бір кедергіден шағылған және бастапқы таралған орнына қайта оралған дыбыс толқындары.
Дыбыстың әр түрлі кедергілерден шағылуы барысында, естілу ұзақтығының артуы реверберация деп аталады.
Жиілігі 20000 Гц-тен жоғары дыбыстарды ультрадыбыстар деп атайды.
Дыбыстың әр түрлі кедергілерден шағылуы барысында, естілу ұзақтығының артуы реверберация деп аталады.
Жиілігі 20000 Гц-тен жоғары дыбыстарды ультрадыбыстар деп атайды.
Шағылған ультрадыбысты пайдаланып, нысананың орнын анықтау тәсілі эхолокация деп аталады.
«Постер қорғау »Жұптық жұмыс
«Дана үкі» әдісі бойынша 5 топқа тапсырма беру.
Ітоп – Бас: 31 тақырыпты «Дыбыс» флипчартқа түсіріп, түсіндіреді
ІІ топ – Баритон: 32 тақырыпты флипчартта схемалар арқылы көрсету, түсіндіру.
ІІІ топ – Тенор: 33 тақырып «Акустикалық резонанс» тақырыпты оқып, камертон мен домбыра құрал жабдықтар арқылы тақырыпты практикада көрсетіп, түсіндіру
Тақырыпты бекітуге арналған бейнені көрсету.-2 мин
Бекітуге арналған PISA тапсырмалары:
1 – есеп
Көл суының бетінде толқын 6 м/с жылдамдықпен тарайды. Егер толқынның ұзындығы 3 м болса, онда су бетіндегі қалқыма тербелісінің периоды менжиілігі қандай?
2 – есеп
Балықшы қалтқы 10 с ішінде толқында 20 тербеліс жасағанын, ал көршілес толқын өркештерінің арақашықтығы 1,2 м екендігін байқаған. Толқындардың таралу жылдамдығы қандай?
1 – есеп
Ер адамның ең төмен дауысы үшін ауадағы дыбыс толқынының ұзындығы 4,3 м-ге, ал әйел адамның ең жоғарғы дауысы үшін 25 см-ге жетеді. Осы дауыстардың тербеліс жиілігін табыңдар.
2 – есеп
Рояльдың жиілік диапазоны 90 Гц пен 9000 Гц аралығында. Ауадағы дыбыс толқындары ұзындықтарының диапазондарын табыңдар.
Акустикалық резонанс дегеніміз не?
Акустикалық резонанс қандай құбылыстарда көрініс береді?
Музыкалық аспаптардың ойықтарының көлемін салыстыр?
Домбыраның дыбыс шығаруының мәні неде түсіндір?
Акустикалық резонансты, дыбыстың шағылуын білу біз үшін маңызы қаншама?
|