Суретпен жұмыс - Мына сурет қай жылдарға қатысты?
- Неліктен адамдар жол үстінде бейнеленген?
- Мұны немен түсіндіруге болады?
- Олар қайда кетіп барады?
- Бұл суреттегі ақпараттың құндылығы неде?
Қолдан жасалған “ұлы нәубет” Күніне қазақ мыңдап өліп жатыр, Тұқымы сағат сайын кеміп жатыр. Өз баласын өзі үйтіп,сирағын жеп, Көр азабын тірідей тартып жатыр. Ілияс Есенберлин
Тақырып: Қазақстандағы ұжымдастыру
ОҚУ МАҚСАТТАРЫ:
8.4.1.2 – күштеп ұжымдастыру саясатының ауыл шаруашылығына тигізген зардап тарын талдау;
8.1.1.1 – демографиялық өзгерістердің себептері мен салдарын анықтау;
8.3.1.7 – ХХ ғасырдың 20–30 жылдарындағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын талдау
Бағалау критерийлер
Қолдану
|
Берілген статистикалық мәліметті диаграммаға түсіре алады
|
Зерттеушілік дағды
|
Деректің авторын, әлеуметтік тегін, жазылу мақсатын,дерек ретінде құндылығы мен шектеулігін анықтай алады
|
Сыни тұрғыдан ойлау
|
ашаршылықтың себептерін, ұжымдастыру саясатының зардаптарын анықтап, талдайды.
|
Неліктен ұжымдастыру саясаты «ұлы нәубетке» әкеліп соқтырды?
«Ұлы нәубет» сөзінің синонимдері
- Қасірет
- Қайғы
- ұлттық трагедия т.б
Терминдер - Босқындар — қоғамда белгілі бір күштердің (саяси, экономикалық, этникалық қысым, соғыс, табиғи апат) қысымына қарсы тұруға, төзуге шарасыз болудың әсерінен өз елінен басқа бір елге көшуге мәжбүр болған адамдар.
- Кулак – ауқатты шаруа
- Демография-белгілі бір халықтың, ұлттың, ұлыстың, этникалық топтың санын, құрамы мен құрылымын, аумаққа бөлінуін, өсу не кему динамикасын қоғамдық-тарихи жағдайлармен байланыстырып зерттейтін әлеуметтік ғылым саласы.
1927 жылы желтоқсанда Коммунистiк партияның ХV съезi ауылшаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады. Қазақ АКСР-де ұжымдастыруды 1932 жылы аяқтау белгiлендi. Ұжымдастыру қуғындау мен террорға негiзделдi «Асыра сілтеу болмасын – аша тұяқ қалмасын!» (Ф. И. Голощекин) 1929 - 1930 жылдардың қысында жұт болды - 1929 - 1930 жылдардың қысында жұт болды
- 1931 - 1933 жыл – Жаппай ашаршылық «ұлы жұт» атанды. Суықтан және өзге де аурулардан 2, 1млн-дай қазақтар мен 200 - 250 мыңдай басқа ұлттардың өкілдері қаза тапты. 1 млн. 700 мың адам қазақ Қытай, Монғолия, Иран мен Ауғанстан жеріне көшті.
Зерттеу мен талдау
(Т\Ж)Зерттеу жұмысын орындау үшін «Дерекпен жұмыс»
Талаптары:
- Бұл жазбаның авторы кім
- Әлеуметтік тегі қандай?
- Деректі жазудағы мақсаты неде?
- Құжаттың дерек ретінде құндылығы неде деп ойлайсыздар?
1 топ: Ұжымдастыру қалай жүргізілді?
2 топ: Неліктен ұжымдастыру саясаты «Ұлы нәубетке» айналды?
3 топ: Нәубет жылдарының демографияға қаншалықты әсері болды?
4 топ: Ұжымдастыру саясатының нәтижесі
РАФТ әдісін қолданып әлеуметтік топтардың көзқарастары арқылы ұжымдастыру саясатына
баға беріңіз.
Р – рөл, А – аудитория, Ф-форма (әдіс), Т-тақырып.
1-топ. Қазақ зиялылары (А- партия басшылары, Ф-хат)
2- топ. Еңбекші қауым өкілдері (А-ұрпақтар, Ф- естеліктер)
3-топ.Партия басшылары (А- еңбекші қауым, ф- үндеу)
4-топ. Бай, кулак өкілдері (А- қазақ зиялылары, Ф-арыз хат)
31 мамыр 2012 жыл, Астана қаласы ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «1931 - 1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына ескерткіш» монументінің ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінен : « Бұл - біріншіден, ашаршылықта құрбан болған миллиондардың рухына бүгінгі буыннан тағзым. Екіншіден, келер ұрпақ ата - бабаларының қандай қасіреттерді бастан өткергенін біліп жүруіне қажет тағзым. Рефлексия Рефлексия - Күрделі
- Пайдалы болды
- Түсінікті болды
Достарыңызбен бөлісу: |