Күні:.................................. Пәні: Информатика Сыныбы: 9 (тоғызыншы)
Сабақтың тақырыбы: Модельдеу. Модель ұғымы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға модель ұғымы, модельдеу және модельдеудің кезеңдері жайлы ақпарат беру.
Тәрбиелік: Оқушыларды нақты шешім қабылдай білуге, топпен жұмыс жасауға, өз ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушыларды модель құруға дағдыландыру, пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: аралас сабақ (Ақпараттық диктант, процесс, «Шыңға шығу!» ойыны, тәжірибелік (жұптық) жұмыс)
Сабақтың әдісі: интерактивті тақта көмегімен түсіндіру
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: Компьютер, оқулық, интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу, түгелдеу.
2. Оқушылардың құрал-жабдығын тексеру.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру: «Ақпараттық диктант» арқылы үй тапсырмасы тексеріледі. Оқушыларға бос орындарға қажетті сөздерді тауып жазу үшін төмендегідей арнайы кеспе қағаздар беріледі. Оқушылар жазып болған соң интерактивті тақтадағы дұрыс жауаптар көмегімен өздерінің диктанттарын тексеруге мүмкіндік алады.
1. Бірнеше рет қайталанатын әрекеттер тізбегі ....................................................... деп аталады.
2. Блок-сызбада циклдік алгоритмнің шарты ................................................. фигураға жазылады.
3. Шарт циклдік алгоритмнің ...................................................... немес соңында келуі мүмкін.
4. Алгоритм түрлері:........................................................................................................................
...........................................................................................................................................................
III. Жаңа сабақты түсіндіру:
Модель – бұл глобус және әлем картасы, жердің тартылыс күшінің формуласы, көрме стендіндегі зымыранның макеті, мектептегі биология кабинетіндегі көрнекі құралдар, әйгілі суреттердің көшірмесі. Нақты нысандарды (түпнұсқа) зерттеу мақсатында адамның қолымен жасалған нысанды – модель деп атаймыз.
Модель – нақты нысанды, құбылысты немесе үдерісті қарапайым етіп түсіндіреді.
Модельдеу – нысандарды, үдерістерді және құбылыстарды зерттеу үшін модель құру.
«Модель құру, модельдеу не үшін қажет?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Біріншіден, нақты уақыт барысында түпнұсқа болмауы мүмкін немесе мүлдем табиғатта жоқ болуы мүмкін.
Екіншіден, түпнұсқа көптеген қасиетке және өзара байланыстарға ие болуы мүмкін, ал бізді тек жеке бөлігі ғана қызықтыруы мүмкін.
Модельдеу кезінде алдымен нысанның немесе қандай да бір үдерістің қасиеттерін біліп қана қоймай, сонымен қатар модельдеу кезеңдерін жоспарлау да қажет.
Модельдеудің кезеңдері: есептің қойылымы, модельді құру, компьютерлік модель, модельдеу нәтижесін талдау. Модельдеу нәтижесін талдау барысында алынған нәтиженің мақсатқа сйәкес келетіндігін немесе мақсатқа сәйкес келмейтіндігі талданады. Анықталған қате – бұл да нәтиже болып есептелінеді.
Зерттеу мақсаты ретінде мыналарды айтуға болады:
Қошаған ортаны танып-білу;
Берілген қасиет бойынша нысанды құру;
Әсердің нысанға тигізер салдары;
Құбылыстарды, үдерсітерді және нысандарды тиімді басқару.
ІҮ. Жаңа түсінікті тексеру: «Шыңға шығу!» ойыны. Оқушыларға шыңға шығу барысында жол бойындағы жалаушаларды алу керек. Ол үшін олар сол жалаушаларда жасырынған сұрақтарға жауап берулері тиіс.
1. Модель дегеніміз не?
2. Анықталған нәтиже қате бола алады ма?
3. Модельдеу дегеніміз не?
4. Құбылыстан, үдерістен және нақты нысаннан модельдің айырмашылығы неде?
5. Модельдеудегі түпнұсқаның маңызы.
6. Модельдеудегі негізгі кезеңдерді атаңдар.
V. Жаңа тақырыпты бекіту: Тәжірибелік жұмыс (жұптық жұмыс).
1. Сабаққа кешігу барысындағы жазылатын түсініктеменің сөздік моделін құрыңдар.
2. Оны мәтіндік редакторда рәсімдеңдер.
3. Қалай ойлайсыңдар, сөздік модель құру барысында қандай мақсаттар қойылады?
VІ. Қорытындылау
ҮІІ. Үйге тапсырма: Модельдеу. Модель ұғымы
VІІІ. Оқушылар еңбегін бағалау:
Достарыңызбен бөлісу: |