Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаев



жүктеу 184,65 Kb.
Дата05.02.2018
өлшемі184,65 Kb.
#8581
түріСабақ

Астана қаласы

10 мектеп-гимназиясының



қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

оқытушысы Абельдинова

Айнаш Сабырқызы

Әдебиет

Сабақтың тақырыбы:Мұқағали Мақатаев «Фантазия» өлеңі

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік. Оқушылардың қазақ ақыны,біртуар тұлғасының бірі –Мұқағали Мақатаевтың бай шығармашылық дүниесімен таныстырып,жас буынды поэзия нәрімен сусындату. Мұқағали өлеңі арқылы қазақ ауыз әдебиетіндегі қиял-ғажайып ертегілердің, қазіргі таңда шындықпен байланысын көрсету. Ұлттық құндылықтармен танысу.

  2. Дамытушылық. Оқушының сөйлеу тілін дамыту, өз ойын еркін,жатық жеткізе білуге, одан әрі дағдыландыру,ізденушілік қабілетін дамыту. Ғылыми ізденіске жол ашу, шығармашылық жұмыстар жасай білуге үйрету.

  3. Тәрбиелік. Оқушыларды поэзияны сүйе отырып, өз халқының әдебиетіндегі бай мұрасын құрметтеуге,қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу.

Сабақ типі:жаңа сабақ

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақ әдіс – тәсілдері: мәнерлеп оқу, талдау, ізденушілік, әңгіме, сұрақ – жауап.

Сабақтағы жұмыс түрлері: шығармашылық,іздендіру,салыстыру,талдау.

Пәнаралық байланыс: музыка, қазақ тілі,тарих

Көрнекіліктер: слайдтар,буклеттер,плакаттар,ақын портреті,қосымша газет – журналдар материалдары,ақынның кітаптары, «Есіңе мені алғайсың» әні.

Пайдаланған әдебиеттер: «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы 2009 2 ақпан

«Ұлан» газеті 2001 6 ақпан

Мұқағали Мақатаев күнделігі

Мұқағали Мақатаев «Өмір-өзен»

Мұқағали Мақатаев «Аманат»

Сабақ барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу

  2. Түгендеу

  1. Үнтаспадан М.Мақатаевтың «Есіңе мені алғайсың» әні ойналып тұрады.

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Ойлы жас! Өлең менің сырласымдай,

Сырлассам да құмарым тұр басылмай

Айтып өткен ақында арман бар ма,

Жүрегінің түбіне кір жасырмай,-деп,

ақын өзі айтқандай ол артына көптеген отты жырлар мен мұңды өлеңдер қалдырды.



Бүгінгі сабақтың тақырыбы: М. Мақатаевтың «Фантазия» өлеңі

Бүгінгі сабағымыздың мақсаты: «Фантазия» өлеңі арқылы ертегідегі қиял мен бүгінгі шындықтың байланысын аша отырып, өткен сабақтардан қаншалықты білім алдық,есте сақтау қабілетіміз қаншалықты деңгейде, өз ойынды дұрыс, анық жеткізе білу, шығармашылық қабілеттерінді сынап, зерттеу жұмыстарыңды тыңдаймыз

Ал, кәне зерттеушілер,қандай зерттеулер жасап келдік? Ақын өмірінен қандай дерек білесіңдер?



1-оқушы. Мұқағали Мақатаев Алматы облысы Нарынқол ауданынын Қарасаз ауылында 1931 жылы 9-ақпанда дүниеге келген.

Мұғалім: Биыл Мұқағали ағамызға неше жас толды?

Оқушы:Биыл Мұқағали ағамызға 79 жас толды

Мұғалім:Алдымыздағы жылы Мұқағали ағамыздың үлкен мерейтойы 80 жасқа толады

2-оқушы: 1948 жылы орта мектепті бітіреді,аудандық кеңестің хатшысы, әдебиет пәнінің мұғалімі,республикалық газетінің тілшісі, қазақ радиосының дикторы, «Жұлдыз» журналының әдеби қызметкері. Ол 1962 жылы Алматы қаласына көшіп, әдеби ортаға араласады

3-оқушы: Бүгінде Мақатаевтың 35 мың жолға жуық өлеңі бар. Көптеген жыр жинақтарын оқырман қауымға ұсынды: «Армысыңдар достар», «Шуағым менің», «Дариға жүрек», «Өмір дастан», «Өмір – өзен», «Аққулар ұйықтағанда» т.б.

Мұқағали өлеңдеріне жазылған әңдердің саны 45- ке жуық .



Мұғалім : Тағы бір қосып айта кетер дерек. Мұқағалидің жастық шағы Ұлы Отан соғысы кезеңіңде өтті. Тылдағы бар ауыртпалық, әсіресе ана мен балаға түсті .Қаншама боздақтар қыршын кетті.

Мұғалім : Балалар, биыл Ұлы Отан соғысының аяқтағалғанына неше жыл болады?

Оқушы : Биыл, яғни, 2010 жылы 9-мамырда Ұлы Отан соғысына 65-жыл толады.

Мұғалім: Еліміздің призенденті өз жолдауыңда Ұлы Отан соғысының ардаргерлері мен тылда еңбек еткен адамдарға қандай жағдай жасау керек деді?

Оқушы: Президентіміз өз жолдауында Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тылда еңбек еткен ардагерлерге және олардың әйелдеріне ақшадай көмек және денсаулығын жақсартуға жағдай жасау керек деді

Мұғалім:Биыл 9 мамырда Жеңістің 65 жылдығына байланысты Мәскеуде өтетін әскери салтанатты шеруге елімізден 32 соғыс Ардагері қатысады.

Мұғалім: Мұқағали ағамыз өлеңді алғаш рет қашан жазды?

Оқушы: Өлеңді ақын он жасынан бастап жаза бастады.Әкесі он жасында соғысқа кеткен,соны сағынып,өлеңдер жаза бастады. Алғашқы өлеңдері - «Қырман басында», «Қойшы бала-Әкітай»

Мұғалім: Жарайсыңдар! Мұқағали ағамыз туралы зерттеулерін өте жақсы.Ал, енді слайд арқылы Мұқағали ағамыздан кітаптарына енген өлеңдерімен танысайық(слайд көрсетіледі)

Жаңа сабақ:Ал енді,балалар ,осы өлеңдерінің ішінде Мұқағали ағамыздың бүгінгі танысайық деп отырған өлеңі «Фантазия». Қалай ойлайсыңдар,фантазия деген не?

Ертегі Қиял

Фантазия

Арман


Сиқыр

Мұғалім: Ал енді осы «Фантазия» өлеңінің мәтінімен танысайық (кітаппен жұмыс)

Өздеріне таныс және таныс емес сөздердің астын сызып қойыңдар («Түртіп алу» стратегиясы)



Таныс емес сөздер:

Галилей,Коперник-жер мен жұлдыздарды зерттеген Еуропа ғалымдары.



Таныс сөздер:

Жеті қат жер,жеті қат аспан,қиял,ертегі,ғаламаттар.



Мүғалім:Бұл сөздерді қай тақырыптарды өткенде жие қолдандық?

Оқушы: Ертегілерді.

Мұғалім: Ертегілердің қандай түрлері бар?

Оқушы:

  1. Хайуанаттар туралы ертегілер.

  2. Қиял ғажайып ертегілер.

  3. Шыншыл ертегілер.

Мұғалім:Осының ішінде бізге жақыны қайсы?

Оқушы: Қиял – ғажайып ертегілері.

Мұғалім: Қиял ғажайып ертегілер дегеніміз не?

Оқушы:Қиял-ғажайып ертегілерде ержүрек батыр адамдардың басынан кешкен сан қилы,сан алуан ерлік оқиғалары баяндалады.

Мұғалім: Енді өлең мен ертегі арасындағы байланысты ашып көрейік.

Жеті қат жерін мына төңкерілген,

Жеті қат аспанымен көмкерілген,-деп ақын неге санмен өлеңді бастайды?

Оқушы: Өйткені жеті саны – киелі сан

Мұғалім: Ертегі оқиғаларында қандай сандар кездеседі?

Біздің қазақ халқында қандай сырға толы сандарды киелі деп санаймыз? Жеті атаны атап беріңдерші?



Ғаламаттар туылған ертегіден

Бұл жолдан ертегімен қандай байланыс көріп тұрмыз?



Қиялдан жер бетіне сыя алмаған

Ойлап-ойлап отырып кілемімен

Аспанға ұшудан да ұялмаған

Қай ертегіде аспан шаһарына саяхат кешкен?



Қиялдап,менің дана байғұс бабам,

Алайда,атқа мініп,Айға ұшпаған

Бабамның қиялымен қанаттанып,

Бүгін мен Айға қонып,жайды ұстағам.

Мұғалім: Ақынның осы жолдары қазіргі таңдағы шыңдыққа жанаса ма?

Оқушы: Иә, қазір ертеде ата – бабаларымыз қиялдаған кілеммен ұшу,айға қонып,жайды ұстағаны,қазіргі таңда ұшақ,тік ұшақ,ғарыш кемелері алмастырып отыр.

Мұғалім: Ал ендеше ,балалар, ата – бабаларымыздың қиялынан туған оқиғалармен бүгінгі шыңдықтың байланысы бар ма екен?

Оқушы: Байланысы бар. Ертегідегі қиял бүгінгі таңда шындыққа айналып отыр.

Мұғалім: Ендеше ақын ағамыздың айтқысы келгені де осы.

Келесі талдау жұмыстары:

  1. Өлең құрылысына талдау.

  2. Буын түрлерін ажырату.

  3. Тасымалға бөліп көрсету.

  4. Дыбыстық талдау жасау.

Сабақты қорытындылау: Шығармашылық жұмыс «Мұқағали ағаға хат» («Есіңе мені алғайсың» әні ойналып тұрады).

Мұғалімнің қорытынды сөзі: Бұл әннің сөздерін ақын өмірінің соңғы күндерінде жазған болатын. Өлеңге ән жазған Нұрғиса Тілендиев,әнді орындаған Мәдина Ералиева. Біреуі – ақиық ақын. Екіншісі – біртуар сазгер. Үшіншісі – асқақ үнді әнші. Осы ән арқылы халық үшеуін де ұмытпай,есіңе алып жүреді.

Үйге тапсырма: Өлеңді жаттап келу.
жүктеу 184,65 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау