Пән аты: Информатика
Сыныбы: 9
Сабақтың тақырыбы: Құжат беттерін рәсімдеу және басу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Excel -дің графикалық мүмкіндіктері, Диаграммамен жұмыс істеу, графикалық обьектілерді біріктіру туралы білімдерін қалыптастыру;
Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық,пректор
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу
Назарларын сабаққа аудару
2. “Ұшқыр ойдан-ұтымды жауап”.
Ой қозғау. «Кім жүйрік, кім білімпаз?»:
І. Excel- процессорының терезе элементтерін жазыңыз
Қатарлар нөмерлері
Стандартты панель
Пішімдеу панельі
Бағаналар тақырыбы
Кестелік меңзер
Формула қатары
Бет таңбасы
Қалып-күй жолы
ІІ. Сәйкестендіру тестісін орындау
Формула қандай символмен басталады
|
|
Автоформат
|
Ұяшық аумағын автоматты түрде форматтау командасы
|
|
Жалпы қосындыны анықтау
|
Ұяшықтар деп ....
|
|
=, + белгілерінен кейін
|
Автомсумма деген не?
|
|
Қою -
|
Функцияларды енгізу жолы
|
|
Кестенің ең аз құраушысы
|
3. “Білгенге маржан....”
Өтілген тақырыпты пысықтау.
Бірақ бұл біз бұдан да нақты графиктік түрде осы ақпаратты ұсына аламыз ба, әрине, көрсете аламыз. Ол үшін EXCEL программасының арнайы мүмкіндігі Диаграмма мастерін пайдаланамыз. Балалар сендер өмірде диаграмманы көрдіңдер, диаграммалар әр түрлі пәндер бойынша кездесіп жүр, енді осы диаграммаларды өзіміз тұрғызып үйренеміз.
Диаграмма - деп кестедегі мәліметтерді графиктік түрде ұсынуды айтады. Диаграмма құру үшін кестедегі мәлеметті белгілегеннен кейін аспаптар панелінен немесе Вставка-Мастер Диаграмм командасын таңдаймыз. Содан кейін мынандай терезе шығады.
Диаграмма тұрғызудың:
1-ші қадамы – диаграмма типін тандау. Диаграмманың 14 типі бар.
2-ші қадамы – диаграммадағы мәліметтер аралығын енгізу
3-ші қадамы – диаграмманың тақырыбын, мәнін енгізу
4-ші қадамы – диаграмманы қайда орналастыру керек екендігін таңдап аламыз
Дөңгелек диаграммалардан басқа диаграммалардың барлығының екі осі:
Диаграмма мынандай элементтерден тұрады. Тор тақырып және аңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |