Ақтөбе обылысы, Байғанин ауданы, Көкбұлақ ауылы
Көкбұлақ орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі
Құрақова Жазира Сембайқызы
Тақырыбы: Жапырақ
Пәні :Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Жапырақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жапырақтар және олардың құрамы туралы білгендерін ортаға салу.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып дүниетанымын кеңейту. Өз ойларын еркін айтуға баулу.
Тәрбиелік: Өсімдіктер әлеміне деген оқушылардың сүйіспеншіліктерін ояту, оларды қорғай білуге баулу. Түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Көрнекілігі:кесте, суреттер, сөзжұмбақ,тест
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық дайындық.
-Оқушыны сабаққа даярлау
Шаттық шеңбері
Адал жақсы ниетпен
Бар адамға бақ тілеп.
Жарып шыққан жүректен,
Сөздің бәрі ақ тілек.
ІІ. Үй тапсырмасы:
ІІІ. Өткен сабақты пысықтау
1.Өсімдік нешеге бөлінеді? /ағаш. бұта, шөп/ 2.Бөлме өсімдіктерінің адамға пайдасы туралы айт. /бөлмедегі лас көмірқышқыл газын сорап алып, таза ауа оттегіні бөліп шығарады. Адамның көңіл –күйін көтереді./ 3.Таңқурайдың сабағы қандай? /тік, қатты/
ІV .Жаңа сабақ
1.Кіріспе әңгіме
Жаңа сабағымызды бастамас бұрын жұмбақ шешіп алайық.
Жазда өседі,
Күзде түседі. (жапырақ)
-Жапырақ туралы не білеміз ?
-Жапырақ неге сарғаяды және неге түседі ?
-Көктемде өсімдіктердің жапырақтары жап-жасыл болып шығып, олар әдемі, сәнді болып көрінеді. Ыстық күндері ағаш көлеңкесіне жатып демалған қандай тамаша ! Жапырақтар неге жасыл түсті болады ? Күн сәулесінің әсерінен жапырақта хлорофилл деген зат түзеледі. Ол жапыраққа жасыл түс береді. Күн көзінің жарығы мен жылуы жеткілікті жағдайда өсімдік жасыл қалпын сақтайды. Күз басталысымен Күннің көзін жиі бұлт жабады. Күн шұғыласы өсімдіктерге жаздағыдай жылуды бере алмайды . Сондықтан жапырақта хлорофилл түзілмейді де,олар сарғая бастайды. Кейбір өсімдіктердің жапырағы қызарды. Күз салқындаған сайын өсімдік жапырағы сарғая түседі. Топырақ салқындайды ,өсімдік тамырлары суды аз тартады,өсімдіктің қоректенуі нашарлайды да,жапырақтар түсе бастайды. Күз соңында ағаштар мен бұталар жапырақтарынан айырылып жалаңаш қалады.
Жапырақтар құрлысына қарай сағақты,сағақсыз болып екіге бөлінеді.Жапырақтар жай жапырақ және күрделі жапырақ болып бөлінеді.
-Өсімдікке жапырақ неге керек ?
-Бұл сұраққа мәтінді оқып жауап берейік.
V. Оқулықпан жұмыс
а) Оқулықтағы материалды меңгерту
ә) Тізбектеп оқу
Сұрақтар :
-Жапырақ қалай қоректенеді ?
-Жапырақ қандай қызмет атқарады ?
-Жапырақтар қандай болады ? - Жапырақ қайда орналасады?
VІ. Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар
Біп-биік боп өседі.
-Енді,балалар мына жапырақтардың ішіне әр түрінен таңдап алып,орнымызға отырып дәптермен жұмыс жасайық.
VІІ. Дәптермен жұмыс: Жапырақ
Тапсырма.Әртүрлі жапырақтарын қара және кестені толтыр.
Жапырақты сал
|
Түсі
|
Көлемі
|
Пішіні
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жапырақтар несімен ұқсас?-----------------------------------------------------------------------------------------------------
Жапырақтар несімен ерекшеленеді?--------------------
VІІІ.Бекіту кезеңі:
/ Тест/
• 1. Жапырақтың сыртқы құрылысы неден тұрады?
• А) Тақта, сағақ; Б) Сабақ, сағақ; В) Тақта, сабақ ;
• 2. Бір ғана тақтасы бар жапырақ.
• А) Күрделі жапырақ; Б) Жай жапырақ; + В) Жасыл жапырақ
• 3. Жапырақта өсімдіктің өсуі үшін қажетті қоректік заттар.
• А) Қант пен крахмал; Б) Қызметі; В) Көмір;
• 4. Сабақтың әр буынында бір жапырақ болса, ол қалай орналасу?
• А) кезектесіп; + Б) Қарама - қарсы; В) Топтанып;
• 5. Өсімдіктің өсу мүшесі.
• А) Сабақ; Б) Тамыр; В) Жапырақ;
«Жапырақ» /Сөзжұмбақ шешу/
1.Сабақ пен бұтақта орналасқан.
2.Бір ғана тақтасы бар жапырақ.
3. Сабақтың әр буынында үш немесе көп жапырақ орналасуы.
4. Жапырақ тақтасының ине тәрізді пішіні.
5.Бір сағақта, 2 я одан да көп майда жапырақшасы болатын жапырақ.
6.Өсімдіктің өсу мүшесі.
7.Жапырақ бетінен артық ылғал буланады да, өсімдік не істеп кетпейдің ?
Ж А П Ы Р А Қ
Ж А Й
ТОПТАСЫП
ҚЫЛҚАНДЫ
К Ү Р Д Е Л І
Ж А П Ы Р А Қ
Қ Ы З Ы П
2. Жасыл желек туралы не айтар едің?
Жасыл желек - табиғат көркі, 4 ағаштан бөлінген ауа, 3 адамға жетеді.
ІХ.Қорыту кезеңі:
1. «Нені білдім?» сұрағын қою арқылы оқушылардың пікірін білу.
Өсімдікке сән беретін – жапырақ.
Жапыраққа су, еріген тұздар сабақ арқылы тамырдан келеді. Жапырақ арқылы өсімдік тыныс алады. Күн сәулесі мен жылуы арқылы жапырақта ауа мен судан қант пен крахмал жасалады.. Жапырақтың пайдасы ол ауадан көмір қышқыл газды сіңіреді де ауаға қажет оттегін шығарады. Сондықтан ауамызды тазарту үшін ағаштарды өсірудің пайдасы мол.
-Бүгінгі сабақтан не үйрендік ?
-Не білдік ?
Соны мына алдымыздағы жапырақтарға жазып ағашқа жабыстырамыз.
Х.Үйге тапсырма.
а) оқып, түсінік айту
ә) жапырақ суретін салу
Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |