Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5.3 В. Пайымдаймыз және программаны жасаймыз
Мектеп: №2 ММГ
Күні Мұғалімнің аты-жөні: Нурушева А.А.
Сынып: 5 Қатысқандар: 28 Қатыспағандар: 0
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Жанды графика
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары оқу бағдарламасына сілтеме
|
5.3.2.2- қадамды сөз түрінде ұсыну
5.3.3.1- тармақталу, цикл пәрменін және ойын ортасындағы программалау кезеңінде қолдану (Лого, Scratch)
5.3.1.1- ойын ортасындағы программалау кезеңінде (Лого, Scratch) нысандар мен оқиғалардың анимациясын құру
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар істеуге дағдыланған:
Ойын программасында әр блоктың командаларымен жұмыс жасай алады
|
Оқушылардың көпшілігі істей алады:
Фондар кітапханасынан алынған спрайтқа сәйкес келетіндей фон бере алады
Программада қадам санын енгізіп, өзгерте алады
|
Кейбір оқушылар істеуге қабілетті:
Ойын программасында тармақталған және циклдік командаларды қолдана отырып анимация құра алады
|
Бағалау критерийі
|
Scratch бағдарламасында нысандармен жұмыс жасай біледі
Тармақталу командаларын қолданып бағдарлама құрады.
Scratch бағдарламасында фонды, қадам санын өзгерте отырып анимация құра алады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар істей алады:
Scratch бағдарламасында нысандардың атауларын дұрыс қолдана алады.
Пәндік лексика мен терминология:
Спрайт, скрипт, графика, сахна, блок, команда, сенсор, оператор
Сұхбатқа/хатқа арналған пайдалы сөздер:
Scratch бағдарламасында орналасқан нысанды өңдеу батырмалары ...... орналасқан
Жобаны сақтау үшін ..... бұйрықтары қолданылады.
Файлдың кеңейтілімі .....
Программалау тілдерін пайдаланамыз себебі, ....
|
Құндылыққа баулу
|
Өз бетімен АКТ-ны қолдана алатын, шығармашыл, инновациялық өзгерістерге бейім, ізденімпаз тұлға қалыптастыру.
|
Пәнаралық байланыс
|
Математика, бейнелеу, орыс тілі
|
Тақырып бойынша алдыңғы білім
|
Программалау тілдері, Scratch бағдарламасының интерфейсі туралы біледі.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
3 мин
4 мин
3 мин
|
Шаттық шеңберін құрып, «Жүрек жылуы» тренингін ойнату.
Мақсаты: оқушылар бір-біріне жүрек жылуын сыйлап, әр оқушы бір-біріне мейірімді, қайырымды, жылы сезімге толы екенін, жақсылықтын бәрі жүректен шығатынын жеткізу. Жүрекшенің екінші жағында топ аттары бойынша топқа біріктіріледі.
1-топ: «Спрайт»
2-топ: «Сприт»
3- топ: «Скретч»
Үй тапсырмасын тексеру:
«Кубизм» әдісі
Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қою.
Мақсаты: оқушылардың алдыңғы сабақта алған білімдерін тексеру, есте сақтау қабілеттерін анықтау.
Scratch деген не?
Лого тілі қай жылы шыққан?
Неліктен программалау ортасында сриптілерді қолданамыз?
Программада штамп құралы қайда орналасқан?
Scratch программалау ортасын қалай жүктейміз?
- батырмасының атқаратын қызметі қандай?
Оқушыларды уәждік бағалау «жақсы», «өте жақсы» сөздерімен бағалау.
«Сөзді тап» әдісі бойынша жаңа сабақтың тақырыбы ашылады.
(карточкада сөздер беріледі «анимация», «графика» бір оқушы карточкадағы сөздерді бейне қимылдары арқылы түсіндіреді).
|
Оқулық, компьютер, интерактивті тақта, слайд, Scratch бағдарламасы, маркер, жұмыс дәптері, карточка.
|
Сабақтың ортасы
10 мин
15 мин
7 мин
|
Постер қорғау. Әр топ берілген тапсырмалар бойынша постер дайындайды, қорғайды. (Топтық жұмыс)
Мақсаты: оқушыларды топтық жұмыс жасауға баулу, өз ойларын ашық жеткізе білуге үйрету
1-топ: Программалау тілі
2-топ: Программаның жазылу түрлері
3-топ: Scratch ортасы
«Бас бармақ» тәсілі бойынша топтар бірін-бірі бағалайды.
І деңгей
1-тапсырма:
Қай блок командасына жататынын анықтап, сәйкестендір:
№
|
Скрипт атауы
|
Блог атауы
|
1
|
|
Сенсорлар блогы
|
2
|
|
Басқару блогы
|
3
|
|
Операторлар блогы
|
4
|
|
Оқиғалар блогы
|
5
|
|
Ішкі блог
|
6
|
|
Қозғалыс блогы
|
7
|
|
Дыбыс блогы
|
8
|
|
Қылқалам блогы
| |