Сабақтың мақсаты: - Программалау тілі бойынша жалпы түсінік беру;
- Паскаль – программалау тілі не үшін керек;
- Паскаль тілінің негізгі элементтерімен таныстыру;
- Паскаль тілінің алфавитімен таныстыру.
- Программалау тілі – алгоритмдерді және алгоритмдік тілде құрылған амалдар тізбегін компьютерге түсінікті командалар мәтіні түрінде жазуға арналған жасанды тіл. (Фортран, Паскаль, Си, Дельфи, Пролог т,б.)
- Паскаль тілін 1968-1970 жылдары швейцаралық ғалым Никалус Вирт оқып-үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын. Паскаль тілі өзінің қарапайымдылығының және тиімділігінің арқасында дүние жүзіне тез таралды. Қазіргі кезде барлық ДК-лер осы тілде жұмыс істей алады. Паскаль тілінде жазылған программаның дұрыстығын компьютерде тексеру және жіберілген қатені түзету оңай.
- Паскаль тілінде жазылған программа компьютерде орындалу барысында алдымен трансляцияланады (машина тіліне аударылады), объектік программаға түрлендіріледі де, содан сон кейін ғана орындалады.
- . Басқа жоғары деңгейлі программалау тілдері сияқты, Паскаль тілінің өз алфавиті, синтаксисі, семантикасы (жазу түсіңдірмелерінің ережелері) бар.
- Алфавит — программада пайдаланылатын түрлі символдар (әріптер, цифрлар, таңбалар және басқа белгілер), синтаксис ~ машинаның іс-әрекетін анықтайтын нүсқауларды (команда-ларды, операторларды), функцияларды, деректер мен өрнектерді жазу ережелері.
- Олар — машинаға түсінікті шартты белгілерді пайдалана отырып жазьшатын үлгілер
Паскаль алфавитінің символдары: - Латын алфавитінің бас және кіші әріптері.
- Араб цифрлары.
- Өрнек таңбалары: + — * / . DIV, MOD
- Қатынас таңбалары: = — ><<><= >=
- Арнайы символдар:
- : ; ! ? # ; ' ' ' (Бос орын - бір позициялық ашық жер), () (ашу, жабу жақшалары), жөне т.б.
Есінде сақта - Санның бүтін және бөлшек бөліктерін бөлетін үтірдің орнына нүкте қойылады.
- Меншіктеу белгісі := түрінде жазылады;
- Санды дөрежелеу белгісі жоқ. Дөрежелеу санды озіне өзін көбейту арқылы беріледі;
- Мәтіндер мен символдар дәйекшелерге (‘ ’) алынып жазылады;
- Қызметші создер, операторлар жөне функцияларды жазуда латын алфавитінің әріптері пайдаланылатыны. Оларды бас не кіші оріптермен жазудың айырмашылығы жоқ.
Программалау тілдірінің негізгі ұғымдары - Өрнек –арифметикалық немесе логикалық амалдар таңбасымен біріктірілген айнымалылар, атаулар, функциялар, жиымдар т.б. мағынасы бар сөздер тізбегі.
- Оператор – программалау тілдің белгілі бір іс-әрекетті орындай алатын тиянақты мағынасы бар ең қарапайым сөйлем.
- Программа – кез келген есептің шешіміне жетуге арналған реттелген амалдар тізбегі.
Достарыңызбен бөлісу: |