Суппозиторийлер-Suppositoria
(Суппозиторий –Nom. Sing. Suppositorium:Ass. Sing.
Suppositorium;Ass. Pl. Suppositoria)
Суппозиторийлер – бөлме температурасындағы қатты, дене температурасында балқитын қуыстарға енгізуге арналған мөлшерге бөлінген жұмсақ дәрілік түр.
Суппозиторийлер тік ішекке (ректальды) –suppositoria rectal ia,қынапқа арналған (вагинальды) –suppositoria vaginalia және таяқшалар –bacilli деп ажыратылады.
Тік ішекке арналған суппозиторийлер жергілікті немесе цилин дер тәріздес,салмағы 1,1 - 4,0 дейін болады.Қынапты суппозито рийлер жергілікті әсер етип, салмағы 1,5 – 6,0 дейін болады . Суппозиторийлердін пішіні шар тәріздес, тұқым тәріздес немесе ұшы дөңгелек тыгыз болып келеді.Суппозиторийлердің негізі ретінде какао майы пайдалынады.Өндірісте суппозиторийлер дайындалатын негіз ретінде желатин – глицеринді және сабынды – глицеринді негіздер кеңінен пайдалынады.Қазіргі таңда суппозиторийлер фармацевтикалық өндірістерде дайын түрінде шыгарылады. Фармацевтикалық өндірістерде шығарылатын суппозиторий лерге, басқа да официнальды дәрілік түрлер сияқты рецепте дәрілік түрдің аты атау септігінің жекеше түрінде (Suppositorium Nom. sing. ) cum (менен) етістігінен соң, табыс септігінің жекеше түрінде дәрілік заттың аты (Abl. Sing.)оның мөлшері жазылады.Жазылымда D.t.d.N. … мен сигнатурасы көрсетіледі.
Рецеп үлгісі
Құрамында 0,2 ихтиолы (lchtyolum)бар 10 официнальды тік ішек суппозиторийіне жазыңыз.1 суппозиторийден таңертең және түнге белгілеңіз
Pecipe: Suppositorium cum lchtyoli 0,2
Da tales doses N.10
Signa. 1 суппозиторийден таңертен және түнде.
Кей жағдайда күрделі құрамды суппозиторийлер коммерциялык атауға ие. Мысалы,’’Анузол’’,’’Бетиол’’ және т.б. суппозиторийлер.Бұл суппозиторийлерге жазылым дәрілік түрдің аты табыс септігінің көпше түрінде (Acc. pl. Suppositoria) көрсетіліп суппозиторийдің (Nom. Sing) аты оның санымен шектеледі.Мұңдай рецепте дәрілік заттың мөлшері көрсетілмейді.
Рецепт үлгісі
‘’Бетиолдың’’ (‘’Bethiolum’’) 10 суппозиторийіне рецеп жазыңыз . 1 суппозиторийден күніне 2 рет белгілеңіз.
Rp.: Suppositoria ‘’Bethiolum’’ N. 10
D.S. 1 суппозиторийден күніне 2рет.
Тік ішек пен қынапты суппозиторийлерге рецепт жазғанда барлық ингредиенттердің атауы мен мөлшері жазылады. Рецепте негіздің мөлшері көрсетілмейді. Мұндай жағдайда форма түзгіш заттың аты, ал оның мөлшерінің орнына q.s (qyantum satis-қажетті мөлшерде) деп жазылады.
Рецепт үлгісі
Құрамында 0, 02 промедолы (Prpmedolum) бар 6 тік ішек суппозиторийіне жазыңыз. Ауырсынуда 1 суппозитерийлерден белгілеңіз.
Rp: Promedoli 0, 02
Olel Cacao q.s
M. F. Suppositorium rectale
D.t.d. N.6
S. Ауырсынуда 1 суппозиторийден.
Достарыңызбен бөлісу: |