Сабақтың тақырыбы: «Жалпы рецептура.Рецепт. Қатты дәрілік түрлер. Жұмсақ дәрілік түрлер. Сұйық дәрілік түрлер, Егуге арналған дәрілер».
2.Осы практикалық сабақтың тақырыбы бойынша материалды тексеруге арналған сұрақтардың тізімі.
1.Жалпы рецептура туралы түсінік.Дәрілер туралы түсінік
2.Рецепт,оны жазудың ережесі.Рецепторлық бланктер
3.Таблеткінің рецепте жазылу әдістері. Мөлшерленген, мөлшерленбеген жәй және күрделі ұнтақтардың рецепте жазылу әдістері. Дәрілердің емдік мөлшері. 4.Гранулалар. Гранулаға рецептер жазылу әдістері. 5.Капсулар туралы түсінік.Капсулаларға рецептер жазылу әдістері. 6.Жұмсақ дәрілік түрлер туралы түсінік және олардың түрлері. 7.Майлар: анықтамасы, құрамды компоненттері. Май негіздері: май негіздерінің түрлері, оларға қойылатын талаптар. 8.Пасталар: пасталардың майлардан айырмашылығы, рецептте жазылу ережесі. 9.Суппозиториялар: оларды дайындау үшін қолданылатын негіздер, суппозиториялардың қолданылуы, рецептте жазылу ережесі. 10.Линименттер: анықтамасы, қолдану және рецептте жазылу ережесі. 11.Пластырь(жапсырма): анықтамасы, қолдану және рецептте жазылу ережесі. 12.Сұйық дәрілік түрлерді мөлшерлеудің жалпы қабылданған көлемдік өлшем бірліктері. Ерітіндіні дайындау кезінде мөлшері мен концентрациясын есептеу принциптері. Ерітінділердің концентрациясын көрсету әдістері. 13.Сұйық дәрілік түрлер:
а) Ерітінділер: анықтамасы, жіктелуі. Еріткіштердің түрлері. Рецептте жазу ерекшіліктері.
б) Тұнба және қайнатпа: дайындау, сақтау және мөлшерлеу, рецептте жазылу ерекшеліктері.
в) Тұндырма және сығындылар (экстракттар): анықтамасы, тұнбадан айырмашылықтары. Дайындау және мөлшерлеу. Галенді және жаңагаленді препараттар.
г) Суспензиялар: ерітінділерден айырмашылығы. Рецептте жазылу ережелері.
д) Микстуралар: анықтамасы, олардың түрлері. Микстураның құрамындағы компоненттердің мөлшерін есептеу ерекшеліктері, рецептте жазылу ережелері.
е)Эмульсиялар және кілегейлер: анықтамасы, тағайындалуы, рецептте жазылу ережелері. 14.Инъекцияға арналған дәрілер
Инъекцияға дәрілік түрлерді мөлшерлеудің жалпы қабылданған көлемдік өлшем бірліктері.
Ерітінділер: анықтамасы, жіктелуі.
Еріткіштердің түрлері.
Рецептте жазу ерекшіліктері .
Ерітіндіні дайындау кезінде мөлшері мен концентрациясын есептеу принциптері.
Ерітінділердің концентрациясын көрсету әдістері
Достарыңызбен бөлісу: |