Сабақтың тақырыбы Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілін оқып үйренеміз.Үш тілді білу-үлкен өнер


Практикалық тапсырма. Оқушыларға «Киім - мінез айнасы» мәтіні бес бөлімге бөлініп таратылады



жүктеу 11,08 Mb.
бет99/185
Дата17.04.2023
өлшемі11,08 Mb.
#42189
түріСабақ
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   185
Каз яз 7 сынып Т2 КМЖ-2

Практикалық тапсырма. Оқушыларға «Киім - мінез айнасы» мәтіні бес бөлімге бөлініп таратылады.
ЖЖ Мәтінді оқып, асты сызылған сын есімдерден салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырай жасаңыздар.
1
Классикалық үлгідегі киімді өзіне сенімді адамдар таңдайды деген пікір қалыптасқан. Бұл рас, алайда классикаға құмар жандар қатарына өз таңдауын жасауға қорқып, классикалық киімді кисем, қателеспеймін-ау дегендер де енеді екен. Бұл екі топты ажырататын айқын белгілер бар. Ол адамның осы киімде өзін-өзі ұстауы. Әсіресе адамның пиджакты қалай киіп жүретіндігіне назар аударыңыз. Өзіне сенімді кісі пиджагын кішкене ұқыпсыз киеді, оны еш уақытта барлық түймелеріне түймелемейді. Ал өзіне сенімсіз адамдар керісінше пиджагын соңына дейін түймелеп, қорғаныс ретінде қолданады екен. Дәстүрге сай, тұрақтылықты қолдайтын адамдар екі қатар түймесі бар пиджактарды таңдайды. Ал бірқатар түймесі бар пиджактың иесі жайдары, ашық жүзді кісі болады.
2
Спорттық үлгідегі киімді тек спортшылар киеді деп кім айтты? Жоқ, спорттық киімдерді көп нәрсеге көңіл бөле бергісі келмейтіндер де сүйіп киеді екен. Джинсы шалбары, кеды не кроссовкалар, жалпы спорттық киім қазіргі жастардың дертіне айналды. Психологтардың айтуынша бұндай киім үлгілерін ауырдың астымен, жеңілдің үстімен жүретін, қиналғысы келмейтін адамдар таңдайды екен. Басқа жақтан қарағанда, бұндай "жеңіл жол" қазіргі үлкен қалалардағы өмірге сай ыңғайлы әрі жеңіл болады.
3
Этно үлгісіне сай киінетін адамдар саяхаттауды жақсы көреді екен. Біртүрлі шалбарлар, үнді сариі, қызықты суреттер. Осындай ерекшеліктері бар киімді таңдайтын жандар батыл, ашық, өнерпаз адамдар болады. Олар көпшіліктің арасынан көрініп, көзге түседі. Алайда кейде арманға беріліп, бастаған істерін соңына дейін істемеуі мүмкін.
4
Қыз ба, жігіт пе? Ауыр әскерлік етіктер, камуфляж түсті киім, жігіттерге сай күңгірт түстер... Осындай киім киген қыздар өзінің табиғи нәзіктігін жоққа шығарғысы келеді. Бұндай қыздар берген уәделеріне берік, сенуге тұрарлық жандар. Өз сезімталдығын "жігітше киімнің" астына тығып, адамдарға жан дүниесін ашпайды.

жүктеу 11,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   185




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау