2-мәтін
Қыздардың сәнді киіну ережелері
Бас киім
Дұрыс таңдалған қалпақ немесе орамал сіздің киіміңізбен тұтасып қана қоймай бет әлпетіңіз бен шашыңызды да ажарландыра түсері сөзсіз. Кез- келген бас киім үстіңіздегі киімнің қолданысына сәйкес болуы керек. Егер мұны білсеңіз, басыңызға еш уақытта жұқа орамалды қалың тонмен тартпайсыз. Өкінішке орай мұндайжағдайды өмірде жиі ұшыратып қалып жатамыз.
Үшкіл орамал (косынка)
Үшкіл орамал қарапайым көйлектер мен жакеттерге ерекше үйлеседі. Олар кез-келген киімді өзгерте алады. Жаңа костюм не пальтоға үшкіл орамалдан артықештеңе әр бере алмайды.
Белбеулер
Белбеу костюмге сәйкес келуі тиіс. Белбеу таңдағанда бейтарап түсті, өз денебітіміңізге үйлесетін жалпақтықта таңдаңыз. Белбеудің түсі аяқ киіміңізбен сәйкесуікерек, алайда киімнің түсін де назардан тыс қалдырмау керек. Егер туфлиіңіз жылы түсті, мысалы қоңыр болса, онда көйлегіңіз бен белдемшеңізге сары немесе зәйтүн түсті белбеу жарасады. Кейде белбеуді белдемшенің, кеудешенің не үшкір орамалыңыздағы түстердің біріне сәйкестеуге де болады. Белбеуі жоқ белдемше «аяқталмаған» өң береді.
Көзге түсетін тоғасы немесе басқа да жылтырақ әшекейлері бар белбеулер дене бітімі сымбатты кісілерге ғана үйлеседі.
Аяқ киім
Аяқ киім қалған киіміңізді толықтырып тұрады. Оған қойылатын ең басты талап - ыңғайлылығы. Егер аяқ киіміңіз тым тар немесе кең болса, қаншалықты әдемі аяқ киім болса да барлық көңіл-күйіңіз бен жүрісіңізді бұзары сөзсіз. Оның үстіне тар аяқ киім башпайыңыздың қисаюына әкелуі мүмкін.
Егер сіздің жүрісіңіз орнықсыз болса, биік тақалы аяқ киім кимеңіз ол сіздің жүрісіңізді одан сайын бүлдіреді. Одан күнделікті ыңғайлы төмен тақалы немесе тіпті тақасыз, ал салтанатты жағдайларда орнықты орташа тақалы аяқ киім киіңіз. Егер биік тақалы аяқ киімдер сәнде болса, сіз тақасы емес, түрі сәнді туфли алыңыз.
Аяқ киімнің түсі де маңызды рөл атқарады. Ол қалған киіміңіздің түсімен үйлесуі керек. Егер аяқ киіміңіз көп болмаса, олардың бейтарап түсті болғаны жөн. Мысалы: қара, қоңыр, сұр, ақ.
Дұрысы бірнеше пар туфлиіңіздің болғаны жөн. Олар әртүрлі стильде болып, кез-келген киіммен мінсіз үйлесуі тиіс. Жұмысқа табиғи былғарыдан тігілген аяқ киім киген дұрыс. Жазды күні жұмысқа тұмсығы ашық аяқ киім кимеңіз (әдеп бойынша жұмыста өкшені көрсетуге болғанымен, башпайды көрсетуге болмайды). Егер жұмысқа жаяу баратын болсаңыз, онда берік, ыңғайлы туфли киіңіз, ал жұмысқа келген соң аяқ киіміңізді сәнді туфлиге ауыстырып алуды ұмытпаңыз. Аяқ киімді түрін жоғалтып алмайтындай (майысып қалмайтындай) етіп шкафта сақтаңыз. Былғары аяқ киімді 2-3 күн аралатып (демалтып) кисеңіз, ол ұзақ киіледі.Ұзын баулы сәнді бәтеңкелер мен етіктерді тек практикалық қолайлылығы (қыста қар мен суықтан, күзде қатты жауыннан қорғану) үшін киген жөн. Бірақ жұмыста әрдайым ауыстырып киетін аяқ киіміңіз болуы керек.Жұмысқа киетін аяқ киім алғанда мына ережені естен шығармаңыз:
• туфлидегі түрлі-түсті әшекейден аулақ болыңыз (олар тек би кешіне жарасады);
• жаздың күні сәнге айналатын «металл» түсті аяқ киімді көптеген мекемелерде киюге болмайды;
• жалпақ тақалы немесе өте жабық туфли тек шалбармен ғана киюге қолайлы, ал көйлек, костюм, белдемшемен киюге жарамайды;
• туфлиіңіздегі әшекейдің мүмкіндігінше аз болғаны дұрыс;
• қыста қою көк, қара, қоңыр түсті, ал жазда киіміңіздің түсіне сәйкесіп тұрғаны жөн, алайда жазғы аяқ киімнің кең таралған түсі ашық сұр мен қою қызыл не қан қызыл.
Аксессуарлар
Ақшыл-сары, талшын түсті шашты қыздар мен әйелдердің алтын әшекейлер таққаны жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |