(118 сөз Автор: Марлан Жиембай)
2-мәтін
Климаттың өзгерулері
Климаттың өзгерулері - түгелдей жер бетінде немесе оның ірі аймақтарында климат жағдайларының ұзақ бағытты (он жылдан астам) немесе ырғақты (геологиялық уақытта, тарихи уақытта) өзгерулері.
Зерттеулердің негізінде анықталған климаттың өзгерулері Жер тарихында ұзаққа созылған жылы және суық кезендердің болғанын дәлелдейді.
Климаттың өзгерулері әр түрлі дәрежеде табиғи ортаның барлық құрам-бөліктері мен ауыл шаруашылығы өндірісіне әсер етеді.
Ауа райының жылынуынан келесі өзгерістер туындауы мүмкін деген болжамдар бар:
Антарктида мен Гренландияның мұздықтарының еруі.
Мұздықтар еруі барысында дүниежүзілік мұхит деңгейі 2300 жылдары 2,5 м. жоғарылауы мүмкін.
Мұздықтардың еруі барысында пайда болған тұщы су мөлшері Гольфстримнің жылу ағысын бұзып Еуропаның суытуына алып келеді.
Арктика мұздықтарының еруі ақ аюдың өліміне алып келуі мүмкін.
Ормандарға, көлдерге, қала инфраструктурасына кері әсерін тигізеді.
Дауылдар, су тасқындары жиілігі өседі.
(118 сөз https://kk.wikipedia.org/wiki/)
Оқылымнан кейінгі тапсырма
Жеке жұмыс
Төмендегі кестені толтырады
Білемін
|
Білдім
|
Білгім келеді
|
|
|
|
Кері байланыс
|
Слайд
http://inform.kz/kaz/article/2560924 Климаттық өзгерістер мен дауыл салдары
|