Сабақтың тақырыбы: Қайталау. Төртбұрыштар. Сабақтың мақсаттары


Призма: төбелері, қырлары, табандары, жақтары, биіктігі анықтамаларын беру. Призманың диагональдік қималары



жүктеу 3,36 Mb.
бет16/17
Дата28.11.2017
өлшемі3,36 Mb.
#2173
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Призма: төбелері, қырлары, табандары, жақтары, биіктігі анықтамаларын беру.

  • Призманың диагональдік қималары.

  • Призманың бүйір беті – бүйір жақтарының аудандарының қосындысы.

  • Призманың толық беті – бұйір беті мен табандарының қосындысы.

  • Тік призма көлемі: V = a*b*c = Sтаб * H

  • Теорема. Тік призманың бүйір беті табанының периметрін призма биіктігіне көбейткенге тең. Sб.б.=Pтаб * Н.

  • Дәлелдеуі: Бүйір жақтары тіктөртбұрыш болғандықтан, олардың ауданы ұзындығы мен еніннің көбейтіндісіне тең, яғни S1=a1* H, S2=a2*H т.с.с. Ал призманың бүйір бетінің анықтамасы бойынша олардың қосындысы:

  • Sб.б.= a1* H + a2*H + an*H= Н*( a1 +a2 +an) = Pтаб * Н.

  • Демек: Sб.б.=Pтаб * Н.

  • Теорема дәлелденді.

  • Параллелепипед - табаны параллелограмм болатын призма.

  • Теорема: Параллелепипедтің қарама – қарсы жақтары параллель және тең.

  • Дәлелдеуі: үйге.

    ІV Дамыту кезеңі. Есептер шығару:

    Орындарында орындалатын тапсырмалар: №371, №372

    Тақтада орындалатын тапсырмалар: № 373
    Сабақты қорытындылау: Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға қою.
    Үй жұмысы: №374, №375

    Сабақ жоспары

    №56

    Пән: геометрия



    Сынып: 9 «в»

    Күні: ___________



    Сабақтың тақырыбы: Тік призма. Параллелепипед.

    Сабақтың мақсаты:

    • Білімділік: Оқушылардың көпжақтар: тік призма, параллелепипед, куб ұғымдарымен жақын танысу.

    • Дамытушылық: Көпжақтардың қасиеттері мен қажетті формулаларды пайдаланып, оқушылардың есептер шығару дағдысын дамыту.

    • Тәрбиелік: Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, басқа да пәндерге қызығушылығын арттыру, оларды алғырлыққа, жылдамдыққа, нақтылыққа тәрбиелеу.

    Сабақтың түрі: бекіту сабағы

    Сабақтың типі: Аралас сабақ.

    Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақтада

    V. Сергіту сәті.

    Тесттен ең аз балл жинаған балалар жазаланады:

    Мына батырмалардан өз жазасын таңдайды.


    1-жазалау: Жұмбақ: Егіз туған қос жүйрік,

    Жарыса шауып терлейді.

    Бірін- бірі көрмейді,

    Дамылсыз қанша шапса да,

    Бір мәреге келмейді. (Жауабы: Параллель түзулер).

    2-жазалау: Жаңылтпаш: Айқыш бұрыш, айқыш бұрыш,

    Тең- тең бұрыш, тұтас бұрыш.

    Тұстас бұрыш, тұстас бұрыш,

    Сәйкес бұрыш , құрған бұрыш,

    Жазыңқы бұрыш құрған бұрыш.

    Ал, қане айтып көр!

    3-жазалау: Мақал - мәтел. Сандарға байланысты мақал- мәтелдерді айтып, олардың сандарын ағылшын тіліне аударып айт.
    4-жазалау: Ребусты шеш.

    Жауабы: Космонавт.

    VI. Есептер шығару кезеңі. Кітаппен топтық жұмыс.

    №372. Тік параллелепипедтің бұйір қыры 1м, табан қабырғалары 23дм, 11дм. Ал табан диагональдарының қатынасы 2:3. Диагональдік қималардың ауданын табыңыз.

    №374. Үшбұрышты тік призманың барлық қырлары өзара тең. Оның бүйір бетінің ауданы 48см2. Биіктігін табыңыз.

    №379. Үшбұрышты дұрыс призаның көлемі  см3. Табанына сырттай сызылған шеңбердің радиусы 2-ге тең. Призманың биіктігін табыңыз.

    ІV Дамыту кезеңі. Есептер шығару:

    Орындарында орындалатын тапсырмалар: №375

    Тақтада орындалатын тапсырмалар: № 376

    Сабақты қорытындылау: Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға қою.


    Үй жұмысы: №379
    Сабақ жоспары

    №57


    Пән: геометрия

    Сынып: 9 «в»

    Күні: ___________

    Сабақтың тақырыбы: Пирамида

    Мақсаты: Пирамида ұғымын енгізіп, пирмиданың түрлері мен оның элементтерімен таныстыру.
                     1. Білімділік «Дұрыс пирамида», «дұрыс пирамиданың апофемасы» ұғымдарын танып, оның қасиеттерін есеп шығаруда қолдану біліктілігін қалыптастыру;
                    2. Дамытушылық.  Оқушылардың теориялық білімін практикада-есептеулерде, дәлелдеулерде қолдану біліктілігн дамыту;
    3. Тәрбиелік. Сауатты, дұрыс жазуға тәрбиелеу.

    Сабақтың типі: Жаңа сабақ.  

    Сабақтың түрі: Дәстүрлі.
    Сабақтың әдіс- тәсілі: Түсіндірме,  сұрақ-жауап.
    Сабақтың көрнекілігі: Таратпа материалдар, плакаттар

    Сабақтың барысы:

    1.Ұйымдастыру. Сынып оқушыларын түгендеу, оқу құралдарын тексеру.

    2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқушыларды аралап жүріп тексеру, жазбаша жұмыстарын жинап алу.

    3. Жаңа сабақты түсіндіру:

    Егер көпжақты бұрышты жазықтықпен қиятын болсақ «пирамида» деп аталатын көпжақты аламыз.

    Пирамида деп бір жағы кез келген көпбұрыш, ал қалған n жағы төбелері ортақ үшбұрыштардан тұратын көпжақты атайды.

    Пирамиданың элементтері: бүйір жақтары үшбұрыштар,бүйір жақтарының бірігуін бүйір беті деп атайды. Барлық бүйір қырларының ортақ төбесі- пирамиданың төбесі деп аталады.

     

    4. Сабақты бекіту.    №380, №381



    5.Қорытындылау.

    6.Бағалау.

    7.Үйге тапсырма беру.№388
    Сабақ жоспары

    №58


    Пән: геометрия

    Сынып: 9 «в»

    Күні: ___________

    Сабақтың тақырыбы: Айналу беті. Цилиндр.

    Сабақтың мақсаты:



    а) білімділік: Оқушыларға «Цилиндр», оның элементтері, қималары, қолданылуы туралы мағлұматтар беру;

    ә) дамытушылық: Оқушылардың еркін ойлау, есте сақтау қабілеттерін, ой - өрістерін дамыту;

    б) тәрбиелік: Оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыра отырып, мамандықты сүюге баулу.

    Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

    Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, Венн диаграммасы, ойын арқылы деңгейлік тапсырмаларды орындау

    Пәнаралық байланыс: Сызу, Адам және қоғам, Автомобиль құрылысы

    Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, геометриялық макеттер, сызба плакаттар т.б.

    Сабақтың барысы:

    І. Ұйымдастыру кезеңі.

    Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу;

    Оқу – құралдарын тексеру;

    Назарларын сабаққа аудару.


    ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

    Призма
    10 – Призманың элементтерін ата ( табаны, бүйір қыры, жақтары, биіктігі, диагоналі)

    20- Бүйір қырлары табандарына перпендикуляр призма қалай аталады? (Тік призма)


    Паралелепипед
    10 – Тікбұрышты паралелепипедтің барлық жақтары қандай дене болады? (Тіктөртбұрыштар)

    20 – Тіктөртбұрышты паралелепипедтің өлшемдері: 4; √11; 3 болса, оның диагоналі қандай? (6)



    Пирамида
    10 – Пирамида дегеніміз не? (Бір жағы кез келген көпбұрыш, ал қалған п жағы төбелері ортақ үшбұрыштардан тұратын көпжақ)

    20 – Пирамиданың диагональдық қимасы дегеніміз не? (Бүйір қыры мен табанының диагоналі арқылы өтетін қима)



    ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау.

    Жаңа сабақты үй тапсырмасын қорытындылап, байланыстыра отырып түсіндіру.


    ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.



    (Цилиндрлердің құрылыста қолданылуы)
    Тапсырмаларды «Жамбы» ату ойыны арқылы орындайды.

    Бұл ойынның мақсаты балаларды өз бетінше жұмыс істеуге жаттықтыру, тапсырмаларды тез, әрі дұрыс орындауға баулу.

    Тақтаға үлкен дөңгелек ілінеді. Оның ішіне 5,4,3 сандары жазылған. Оқушы қолына жебені алып, көздеп тигізеді, сол сандағы тапсырманы орындап, сол бағаға ие болады.


    «3» - тік тапсырма:
    Цилиндрдің геометрияның планиметрия бөлімімен қандай байлынысы бар, түсіндіріп бер?
    «4» - тік тапсырма:
    Табанының радиусы 4м және биіктігі 6м цилиндр берілген. Цилиндрдің осьтік қимасының диагоналін табыңдар.
    Бер: R= 4см шешуі: d2= D2 + Н2

    Н = 6см D=2 R = 2*4 =8см

    т/к: d d2= 82 +62 = 100, d = √100 =10 см

    Жауабы: 10 см





    жүктеу 3,36 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




    ©g.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет
    рсетілетін қызмет
    халықаралық қаржы
    Астана халықаралық
    қызмет регламенті
    бекіту туралы
    туралы ережені
    орталығы туралы
    субсидиялау мемлекеттік
    кеңес туралы
    ніндегі кеңес
    орталығын басқару
    қаржы орталығын
    қаржы орталығы
    құрамын бекіту
    неркәсіптік кешен
    міндетті құпия
    болуына ерікті
    тексерілу мемлекеттік
    медициналық тексерілу
    құпия медициналық
    ерікті анонимді
    Бастауыш тәлім
    қатысуға жолдамалар
    қызметшілері арасындағы
    академиялық демалыс
    алушыларға академиялық
    білім алушыларға
    ұйымдарында білім
    туралы хабарландыру
    конкурс туралы
    мемлекеттік қызметшілері
    мемлекеттік әкімшілік
    органдардың мемлекеттік
    мемлекеттік органдардың
    барлық мемлекеттік
    арналған барлық
    орналасуға арналған
    лауазымына орналасуға
    әкімшілік лауазымына
    инфекцияның болуына
    жәрдемдесудің белсенді
    шараларына қатысуға
    саласындағы дайындаушы
    ленген қосылған
    шегінде бюджетке
    салығы шегінде
    есептелген қосылған
    ұйымдарға есептелген
    дайындаушы ұйымдарға
    кешен саласындағы
    сомасын субсидиялау