Сабақтың тақырыбы: Адам өз өміріне қажетті жағдайлар



жүктеу 0,78 Mb.
бет2/5
Дата05.02.2018
өлшемі0,78 Mb.
#8688
түріСабақ
1   2   3   4   5

Жаңа материалмен жұмыс:

Мәтінді оқып, талдау жүргізу:



  • Ал осы мәтінге сүйеніп айтып көріңдерші, сендерге өмір сүру үшін не қажет?

  • Мәтіндегі белгілер сызығындағы сөзді табайықшы:

  • «Күн – табиғаттың перзенті. Ендеше адам жылуды КҮННЕН алады..

  • Күннің жер бетіне жарық шашудан басқа қандай пайдасы бар?

  • Қыс мезгілінде ауа райы қатты суық болып, күн көзінің жылуы азаяды. Сол кезде үй де суып кетеді. Адамға жылыну үшін не қажет? (отын) Отынды қайдан алады. (шахта туралы түсінік бере кету) Демек, отын да (ағаш, көмір, газ) табиғи заттар екен.

  • Ал, адамдар осы қыс мезгілінде қалай киініп жүреді? Киімдерді қайдан алады?(малдың жүні қажет) Адам үйді салғанда нелерді пайдаланады? (Кірпіш, саз, құм, ағаш, шыны)

  • Яғни, Осы аталған заттардың барлығы табиғаттың туындысы деуге толық негіз бар ма?

Мәтінді оқушыларға тізбектеп оқыту, бөліктерге бөліп оқыту.

Дәптермен жұмыс:

Табиғаттағы өлі денелерді бір бөлек, тірі денелерді бір бөлек топтастырып жазу

Сергіту сәті:

3.Жаңа білімді бекіту:

Қима қағаздардан кітапта берілген жапырақтарды жасап, сөздерді дұрыс құрастырып, құрылыс материалдарының атын шығару;

ә) Мәтінмен жұмыс : тауып оқыту

- Сонымен бүгін адам өміріне қажетті қандай заттармен таныстық?



Табиғат берілген сызбаны толтыру;

- Сонда адам өміріне табиғат қандай қажетті заттарды беріп отыр? Табиғат пен адам арасында қандай байланыстар бар деп ойлайсыңдар? (табиғат адамға су, ауа, жылу, жарық т.б. заттарды береді, Адам табиғаттағы ағаштарды күтіп баптайды, табиғи заттарға қамқорлық жасайды)



4. Қорытынды:

- Сонымен адам жылуды, жарықты, ауаны суды, тағамды, киімді қайдан алады?

- Бұл қажеттіліктерді табиғаттан қалай алады? «Иә. Жоқ» сөдерін белгілеу арқылы кестені толтыртып, дәлелдету;



5. Үйге тапсырма: мәтінді оқып, өлі табиғат денелерінің суреттерін салып келу;

6. Бағалау;



Күні:

  1. Сабақтың тақырыбы: Нан – тамақтың атасы

Мақсаты: 1. Тұқымның нанға айналу жүйелілігін түсіндіре отырып, нанның адам өміріндегі маңызы жайлы әңгімелеу, түсіндіру;

2. Нанның маңыздылығы жайлы білетін ұғымдарын одан әрі дамыту;

3. Адам еңбегін бағалай білуді үйрете отырып, нанды қастерлей білуе тәрбиелеу.

Сабақ түрі : жаңа сабақ

Көрнекіліктер: суреттер

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі, талдау, сұрақ-жауап,ой қозғау т.б.

Сабақ барысы

1.Психологиялық икем: Алда тұрған жұмыстарға жақсы икемдеп, оқу материалын қабылдауға арналған жаттығулар жасату;

2. Үй тапсырмасын тексеру:

3. Бақылау күнделігімен жұмыс:

4.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру: Жұмбақтар шешу:

1. Егіп көреді, Теңіз емес, тербеледі (Егін) 2. Ұзын мұртт сарылар, Қойынында наны бар (Бидай)

3. Айналып тыным таппас дөп-дөңгелек, Бір нәрсе адамдарға көптен көмек.

Толтырып аузына ас салып берсең, Ұнтақтап шығарады елеп-елеп (Диірмен)

Аузында орақ, Қолында тарақ, Аңызда келеді, Ақ маржан төгеді (Комбайын.

Суреттермен жұмыс:

Жұмбақтардың шешуіндегі суреттердің маңыздылығы жайлы әңгімелету;

- Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, осындай хош иісті, қызыл шырайлы нанды өсіріп, баптап дастарханға әкелу қиын ба, оңай ма? неліктен олай ойлайсыңдар?



Кітаппен жұмыс:

Ө.Тұрманжановтың «Нан қоқымын шашпаңдар» өлеңін оқып талдау:

- Балалар, осы өлең жолдарынан нені ұқтыңдар? Нанды қалай құрметтеуді ұсынып отыр?

- Өлең қандай мағынада жазылған, сендерден өтініп сұрап тұр ма, әлде тілек тілеп тұр ма?



Жаңа материалмен жұмыс:

Мәтінді оқып, талдау жүргізу:



  • Ал осы мәтінге сүйеніп айтып көріңдерші, сендерге нан не үшін қажет?

  • Нанның құрамында нелер бар дейді?

  • Қаймақ, сүт, айранды бір тілім нанмен жұтып алғың келеді. Яғни саған не керек? Әрине НАН қажет еттің. Яғни адамға су мен бірге не қажет екен? (су, тамақ)


Мәтінді оқушыларға тізбектеп оқыту, бөліктерге бөліп оқыту.

Дәптермен жұмыс:

Нан туралы мақал-мәтелдер жаздыру;

Сергіту сәті:

3.Жаңа білімді бекіту:

а) Сызбаны толтыр: әр оқушыға жеке-жеке таратып беріп, оқушылардың нанның шығуы туралы алған білімдерін тексеру:

ә) Мәтінмен жұмыс : тауып оқыту

- «Нанды аяқ астына тастама, баспа. Сүтті төкпе – деген тыйым сөздердің мағынасы неде? Неге олай айтады?

Кітапта берілген, сызбаны пайдаланып, нан пісіріп дайындау үшін қандай жұмыс тәртіппен орындалатынын ретімен қойдыру



4. Қорытынды:

Жұптық жұмыс:

  • Сонымен нанның адам өмірі үшін қандай пайдасы бар? нан дастарханға қалай келеді екен?

  • Ұннан наннан басқа тағы да қандай өнімдер жасауға болады?

«Бауырсақ» сөзжұмбағын шешу:

5. Үйге тапсырма: мәтінді оқып, ұннан жасалатын бір тағам түрінің жасалу тәртібін жазып келу;

6. Бағалау;



Күні: №5

Сабақтың тақырыбы: Адам еңбегі және оның адам өміріндегі маңызы

Мақсаты: 1. Адамның өміріндегі еңбектің мәнін бағалай білуді, жақсы өмір сүру үшін еңбек етудің пайдасы зор екенін түсіндіре отырып, тақырыптың негізгі идеясын ашу

2. Еңбектің маңыздылығы жайлы білетін ұғымдарын одан әрі дамыту;

3. Адам еңбегін бағалай білуді үйрете отырып, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі : жаңа сабақ

Көрнекіліктер: суреттер

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі, талдау, сұрақ-жауап,ой қозғау т.б.

Сабақ барысы

1.Психологиялық икем: Алда тұрған жұмыстарға жақсы икемдеп, оқу материалын қабылдауға арналған жаттығулар жасату;

2. Үй тапсырмасын тексеру: нанның пайдасы , дастарханға келу жолдары туралы сұрап, жазып келген тағамның жасалу жолдарын оқыту;

3. Бақылау күнделігімен жұмыс:

4. Тірек білім, біліктілік және дағдының өзектілігі: (суреттермен жұмыс)

- Балалар, қараңдар, нанды өндіруге қаншаман маман иесі жұмылдырылады. Бізді қоршаған барлық заттарды да адамдар жасайды.



Пікірталас тудыру: (сынып оқушыларын екі топқа бөлу. І топ: «Иә». ІІ топ: «Жоқ»)

- Әр маман иесі өз мамандығымен ғана айналысады – деген пікірге келісесіңдер ме? Неліктен?



Сызбамен жұмыс:

Плакаттағы сөзге білетін мамандық иелерін жазып, олардың істейтін қызмет түрлерін атап жазады.



5.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:

Суреттермен жұмыс:

Әр мамандық иелерінің суреттерін көрсете отырып, олардың қызмет түрлерін, пайдасын насихаттау;



  1. Кітаппен жұмыс:

Оқулықпен жұмыс: (11-беті):берілген суреттерді қарастырып, әр суретке берілген жұмбақтардың жауаптары арқылы мамандық иелерін атап, оның қызметінің маңыздылығы туралы әңгімелету; ерекше сызықтағы берілген сөйлемдерді талқылату;

Дәптермен жұмыс:

«Кім болғың келеді?» тақырыбына берілген тірек сұрақтар бойынша шығарма жазу:

Тірек сұрақтар: І. Өскенде кім болғың келеді?

ІІ. Не үшін ол мамандықты қалайсың?

ІІІ. Ол мамандықтың еліңе, өзіңе қандай пайдасы бар?

Сергіту сәті:

3.Жаңа білімді бекіту:

а) Сызбамен жұмыс: Адам еңбек етудегі, үздік мамандық иесі болудығы ең қажетті қасиеттер


Еңбек



Шыдамдылық

Жауаптылық

Білімділік

ә) Оқулықпен жұмыс :

Кітапта берілген өлеңді оқытып талдау жасау;

12-беттегі суреттермен жұмыс:

- Ата –ананың міндеті не екен? Баланың міндеті не?

- Әр жанұя мүшесі қандай үй тірлігімен айналысады?

- Адамдар қандай еңбек түрлерін жасайды?



Осы бетте берілген мақал-мәтілдерді оқытып мағынасын ашу, дәптерлеріне көшіріп жаздыру;

4. Қорытынды: Топтық жұмыс:

Әр топ, карточкадағы мамандықтарға сипаттама беріп, қимыл әрекер арқылы қызметтерін көрсету:


ӨРТ СӨНДІРУШІ

ЖҮРГІЗУШІ

МҰҒАЛІМ

ҰШҚЫШ

ДӘРІГЕР

13-бетте берілген суреттермен жұмыс:суретте берліген құрал-сайман мен көлік түрі не үшін қажет?

- Сонымен адамдар жақсы өмір сүруі үшін не керек? Қандай еңбек түрлерімен таныстық?

- Өз қалауыңдағыдай жақсы маман иесі болу үшін не керек екен? (сызбаны еске түсіріп, қорыту)

5. Үйге тапсырма: мәтінді оқып, ата-аналарының мамандықтары туралы жазып келу;

6. Бағалау;



Күні: №6

Сабақтың тақырыбы: Табиғатты қорғаудағы адамның рөлі

Мақсаты: 1. Оқушыларға адамның өміріндегі қызметі мен қоршаған ортаның жағдайын сәйкестендіріп тұратын маңызды ұғымдарды түсіндіру

2. Адамның табиғатпен дұрыс қарым-қатынаста болу үлгісін ұсына отырып, білім-білік дағдыларын дамыту;

3. Табиғаттағы тәртіпті сақтау ережелерін үйрету.

Сабақ түрі : жаңа сабақ

Көрнекіліктер: суреттер

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі, талдау, сұрақ-жауап,ой қозғау т.б.

Сабақ барысы

1.Психологиялық икем: Алда тұрған жұмыстарға жақсы икемдеп, оқу материалын қабылдауға арналған жаттығулар жасату;

2. Үй тапсырмасын тексеру: мәтінді сұрап, ата-аналары туралы жазып келген шығармаларын оқыту

3. Бақылау күнделігімен жұмыс:

4. Тірек білім, біліктілік және дағдының өзектілігі: (суреттермен жұмыс)

Балаларға өткен сабақтағы еңбек жайлы айтылған мақал-мәтелдерді еске түсіртіп, талдап өту



Тақтадағы жазба:

Адамдардың әрбір ағашқа, әрбір шөпке мейірімділігі қажет

Сөйлемді оқытып, өз пікірлерін ортаға салдыру;



5.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:

Суреттермен жұмыс:

15 беттегі берілген суреттермен жұмыстар жүргізу



  1. Суреттегі бала неге төмен қарап тұр?

  2. Қалай ойлайсыңдар, қыздар балаға не айтып тұр?

  3. Сынған ағаш, гүлдерді көрсеңдер қандай күйде боласыңдар?

  4. «Сыйға- сый» дегенді қалай түсінесіңдер?

  5. Өздерің ағашты күтіп баптау туралы не білесіңдер?

  6. Кітаппен жұмыс:

Оқулықпен жұмыс: (14-беті):берілген суреттерді қарастырып, «Алма жинау» ойыны арқылы сұрақтарға жауап алу:

  1. Бұл суретте қандай еңбек түрлері көрсетілген? 2. Жеміс ағаштарын қалай күтеу керек?

  1. Балалар не туралы сөйлесуі мүмкін? 4. Өсімдіктерді зиянкестерден қалай қорғауға болады

5. Сен қандай жұмыспен айналысар едің? 6. Адам табиғаттан не алады?

Дәптермен жұмыс:

«Өсімдіктер табиғат көркі?» тақырыбына берілген тірек сұрақтар бойынша шығарма жазу:

Тірек сұрақтар: І.Өсімдіктер табиғатқа қандай көрік береді?

ІІ. Оларға қандай қамқорлық жасау керек?

ІІІ. Жеміс ағаштарының, гүлдердің пайдасы?

Сергіту сәті:

3.Жаңа білімді бекіту:

15-беттегі берілген мәтінді оқытып, талдау жүргізу:

- «Бөгде зақымданудан сақтайды» дегенді қалай түсінесіңдер?

- бақты қорғайтын адамды кім дейміз?

«Не ексең, соны орасың», «Сыйға сый» мақалдарын оқытып мағынасын ашу, көшіріп жазып алу;



4. Қорытынды: Топтық жұмыс:

Әр топ, карточкадағы өсімдіктерге сипаттама беріп, суретін салу:


АЛМА АҒАШЫ

ЖЕМІСТЕР

КӨКӨНІСТЕР

БӨЛМЕ ӨСІМДІГІ

13-бетте берілген суреттермен жұмыс:суретте берліген адам бейнесі мен ағаштарды салыстырмалы түрде байланысын табу;

- Табиғаттағы ағаштар жайқалып табиғатқа ерекше көрік беріп тұру үшін қандай жұмыстар жасау керек?

- Табиғат тазалығын қалай сақтау керек? Қандай тазалық тәртіп ережелері бар?

5. Үйге тапсырма: мәтінді оқып, үйлерінің қасындағы бақшаның сызбасын сызып келу;

6. Бағалау;



Күні:

6. Сабақтың тақырыбы: Мен және басқалар. Әдептілік

Мақсаты: 1. Оқушыларға әдептілік ережелерін түсіндіре отырып, адамдармен қарым-қатынас ережелерін үйрету,

2. Өзара, бір-бірімен дұрыс қарым-қатынаста болу үлгісін ұсына отырып, білім-білік дағдыларын дамыту;

3. Татулыққа, бірлікке, әдептілікке, имандылыққа тәрбиелеу;

Сабақ түрі : жаңа сабақ

Көрнекіліктер: суреттер, кестелер

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі, талдау, сұрақ-жауап,ой қозғау т.б.

Сабақ барысы

1.Психологиялық икем: Алда тұрған жұмыстарға жақсы икемдеп, оқу материалын қабылдауға арналған жаттығулар жасату;

2. Үй тапсырмасын тексеру: мәтінді сұрап, сызып келген бақшаларының сызбаларын тексеру

3. Бақылау күнделігімен жұмыс:

4. Тірек білім, біліктілік және дағдының өзектілігі: (суреттермен жұмыс)

Балаларға өткен сабақтағы еңбек жайлы айтылған мақал-мәтелдерді еске түсіртіп, талдап өту



Тақтадағы жазба:

Дос бола білу де өнер. Адамды досына қарап таны

Сөйлемді оқытып, өз пікірлерін ортаға салдыру;



5.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:

Суреттермен жұмыс:

  1. еттегі берілген суреттермен жұмыстар жүргізу

  1. Суреттегі балалардың іс-әрекеттеріне қарап оларға қандай мінездеме беруге болады??

  2. Өздерің жолдан үлкен кісіні байқасаңдар не істер едіңдер?

Ой қиял: «Достық» сөзіне өлең шығарту, шығарған өлеңдерін оқыту;

Кестедегі тірек сөздерге қарап, досы туралы әңгімелету

Адал дос ардақты болады.

Шаттандыруға , қолдауға көмектеседі ....

Егер жолға бірге шықсаң....

Дос деген өмірдегі ....

Достық ұзақ ....

Көп ұлтты ....

Сыйлай білу, құрметтеу ...

Әрдайым көмек....

  1. Кітаппен жұмыс:

Оқулықпен жұмыс: (16-беті):берілген мәтінді оқып сұрақтарға жауап алу:

  1. Ілияс табысын қалай хабарлады? Оған анасы не істеді?

2. Бұл жердегі ана мен баланың қарым – қатынасы қалай деп ойлайсыңдар?

5. мәтінде балаға қандай жақсы қасиеттерді ұсынып отыр?



Дәптермен жұмыс:

Мәтіндегі берілген бала бойындағы қасиеттерді теріп жаздыру;



«Сыйластық ережесін» оқытып талдап, көшіріп жаздыру, жалғастыру;

3.Жаңа білімді бекіту:

жүктеу 0,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау