Сабақтың тақырыбы: Адам өз өміріне қажетті жағдайлар



жүктеу 0,78 Mb.
бет3/5
Дата05.02.2018
өлшемі0,78 Mb.
#8688
түріСабақ
1   2   3   4   5

18-беттегі берілген ережені тиісті әріптерді қойып көшіртіп жаздыру; (көмектесіп)

Отбасының әрбір мүшесі бір-біріне үнемі КӨМЕКТЕСІП отырса, ондай отбасы бақытты өмір сүреді.

- Сендер бұл сөйлем сөйлемді қалай түсінесіңдер?



4. Қорытынды:

Жақсы деген немене, жаман деген немене» пікірлер сайысы

а) Сынып оқушыларын екі топқа бөліп, берілген пікірлер арасында пікірталас ұйымдастыру:

І топ: «Жақсы», ІІ топ: «Жаман» өз пікірлерін дәлелдету;

ә) «Әдептілік» туралы мақал – мәтелдер сайысын ұйымдастыру;

б) І топ: әдепті бала ; ІІ топ: әдепсіз бала жайлы көріністерін құрастырып, көрсету

- Сонымен әдептілік деген не?

- Отбасындағы бірлік, татулық – дегенді қалай түсінесіңдер?

- Достық деген не? Досың әдепсіз болса, сен де еріп кетер ме едің?



5. Үйге тапсырма: мәтінді оқып, әдептілік жайлы мақал-мәтелдер құрастырып, келу;;

6. Бағалау



Күні: №3

7. Сабақтың тақырыбы: Адам және қоршаған орта арасындағы қарым-қатынас

Мақсаты: 1. Оқушыларға әдептілік ережелерін түсіндіре отырып, адам және қоршаған орта арасындағы қарым-қатынас ережелерін үйрету,

2. Өзара, дұрыс қарым-қатынаста болу үлгісін ұсына отырып, білім-білік дағдыларын дамыту;

3. Татулыққа, бірлікке, әдептілікке, имандылыққа тәрбиелеу;

Сабақ түрі : жаңа сабақ

Көрнекіліктер: кесте, кітап

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі, талдау, сұрақ-жауап,ой қозғау т.б.

Сабақ барысы

1.Психологиялық икем: Алда тұрған жұмыстарға жақсы икемдеп, оқу материалын қабылдауға арналған жаттығулар жасату;

2. Үй тапсырмасын тексеру: мәтінді сұрап, жазып келген мақал-мәтелдерін оқыту

3. Бақылау күнделігімен жұмыс:

4. Тірек білім, біліктілік және дағдының өзектілігі:

- Адам қоршаған орта туралы нені білу керек?

- Белгілі бір мамандықтың иесі болу үшін адамға не керек? Үй салу үшін немесе бақша өсіру үшін адамға қандай білім қажет? (болжатып, мысалдар келтірту)

Кестені толтыру:


Үйде

Көшеде

Мектепте


  1. Үйде болғанда сен қандай ережелерді сақтауың қажет?

  2. Көшеге шыққан кезде нені есіңнен шығармау керек?

  3. Оқушы өзін мектепте қалай ұстауы тиіс?

5.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:

Берілген мәтінді оқытып талдау жұмыстарын жүргізу:



  1. Жолқозғалысының қандай ережелерін білесіңдер?

  2. Айналадағы дүниені танып білмей оны пайдалану дұрыс па?

  3. От жау емес, дос болу үшін қандай ережелерді қатаң сақтау керек?

  1. Кітаппен жұмыс:

Оқулықпен жұмыс: (19-беті):берілген мәтінді оқып сұрақтарға жауап алу:

  • Сіріңке, үтік, электер пеші, пышақ, қайшы сичқты заттардың адамға пайдасы мен зияны қандай?

  • Қоршаған ортада қандай зиянда заттар бар?

Дәптермен жұмыс:

Қауіпсіздік ережелерін құрастыру, оны сыныптастарымен бөлісу;



3.Жаңа білімді бекіту: Топтық жұмыс:

- Әр түрлі пәннен алған білімдерің сендердің өмірлеріңе қандай пайдасы тиеді?

І топ: қазақ тілі ІV топ: ана тілі

ІІ топ: математика V топ: еңбекке баулу

ІІІ топ: бейнелеу өнері VІ топ: дене шынықтыру

Әр топ өздеріне берілген тапсырманы орындап болған соң жазған жұмыстарын оқып, пікірлерін ортаға салады, әрқайсы жазған пікірлермен келісетіндігін немесе келіспейтіндігін айтып, мысалдар арқылы дәлелдейді.



13- берілген суреттен қандай тәртіпті көріп отырғандарын әңгімелейді

Өздерінің күн тәртіптерін құрады.



4. Қорытынды:

Т.Молдағалиевтың өлеңін мәнерлеп оқытып талдау:

- Бірінші шумақта не делінген? Таңертең нешеде тұру керек екен? ал сендер нешеде тұрасыңдар?

- Екінші шумақта не делінген? Тіс тазалау не үшін керек?

- Үшінші шумақта қандай ақыл-кеңес берілген?

- төртінші шумақта тамақтану тәртібі туралы не дейді? Мектепке бару үшін ше?

- Осы өлеңнен ойларыңа не түйдіңдер?

5. Үйге тапсырма: мәтінді оқып, мазмұндап келу;

6. Бағалау;


Күні: №4

Сабақтың тақырыбы: Адам және қоршаған орта арасындағы қарым-қатынас

Мақсаты: 1. Оқушыларға адамның қоршаған әлемдегі орны жайлы мағлұматтар бере отырып, табиғи құбылыстарды, денелерді анықтауға, бағалауға бағыт беру;

2. Айналадағы дүниені қалай зерттеу керектігі жайлы түсіндіре отырып, білім-білік дағдыларын арттыру;

3. Адам мен табиғаттың арасындағы өзара қарым-қатынасты бағдарлай білуге тәрбиелеу;

Сабақ түрі : жаңа сабақ

Көрнекіліктер: суреттер

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі, талдау, сұрақ-жауап, ой қозғау т.б.

Сабақ барысы

1.Психологиялық икем: Алда тұрған жұмыстарға жақсы икемдеп, оқу материалын қабылдауға арналған жаттығулар жасату;

2. Үй тапсырмасын тексеру: мәтіннен түсінгендерін, өздерінің түйген ойларын мазмұндату, әңгімелету;

3. Бақылау күнделігімен жұмыс:

4. Тірек білім, біліктілік және дағдының өзектілігі:

- Сендер алдыңғы сабақта күн тәртібін құрған кезде табиғи құбылыстарға байланысты болды ма?

- Ал, адамның мінез-құлқы табиғаттың өзгеруіне байланысты бола ма?

- киген киімдері ше?



5.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:

- Біз сендермен адам өзінің мінез-құлқын табиғаттағы өзгеріске байланысты өзгертетінін айттық. Ал, адамның қалауы бойынша табиғат өзгере ме?



  1. Кітаппен жұмыс:

Оқулықпен жұмыс: (21-22-беті):берілген мәтінді оқытып сұрақтарға жауап алу:

  • Адам айналадағы заттардан қандай пайда табады?

  • Айналадағы табиғат құбылысын, және өзгерістерді адам өз қажеттілігіне қалай бейімдейді?

22-беттегі суретті сызбаны талқылау;

  • Табиғаттағы жел, боранның күштерін адамдар қалай пайдаланады?

  • Ал, жұлдыз адамға қалай көмектесе алады?

  • Орман мен ауаның адам өміріне қандай пайдасы бар?

Дәптермен жұмыс: 23 беттегі сызбаны дәптерге сызып, толтыру;

3.Жаңа білімді бекіту: 23-беттегі берілген өлеңді оқытып талдату;

Кестені толтырту:

Адам

Табиғат

...

...

Қажетті нұсқаулықтар бере отырып, адам мен табиғатқа қажетті заттарды жазады

4. Қорытынды:

21-беттегі суреттермен жұмыс жүргізу:

Берілген суреттердегі табиғатта болып жатқан өзгерістер мен құбылыстарды әңгімелету;

- Сонымен адам айналасындағы дүниемен қандай дұрыс қарым қатынаста болу керек?

- Адам өміріндегі ең қажетті табиғи денелерге не жатады?

- Табиғатты зерделеу үшін не қажет?



5. Үйге тапсырма: мәтінді оқып келу; табиғат туралы мақал-мәтелдер жазып келу

6. Бағалау;



Күні: №7

Сабақтың тақырыбы: Көкжиек және көкжиек сызығы . Тұсбағар

Мақсаты: 1. Оқушыларға көкжиек, көкжиектің сызығы туралы білім бере отырып, көкжиектің негізгі және аралық тұстарын түсіндіру;

2. Көкжиек сызықтарын анықтай алуға үйрете отырып, білім-білік дағдыларын арттыру;

3. Алған білімдерін тиімді пайдалана білуге тәрбиелеу;

Сабақ түрі : жаңа сабақ

Көрнекіліктер: дидактикалық материалдар

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі, талдау, сұрақ-жауап,ой қозғау т.б.

Сабақ барысы

1.Психологиялық икем:

Ал, балалар, балалар, Ауа, аспан, Жер мен Көк

Күндей күліп тұрыңдар Сырын терең ұғыңдар

2. Үй тапсырмасын тексеру: мәтінді сұрап, жазып келген мақал-мәтелдерін оқыту

3. Бақылау күнделігімен жұмыс:

4. Тірек білім, біліктілік және дағдының өзектілігі:

Бүгінгі сабағымызды «Табиғат» деп аталатын жаңа тараудан бастаймыз


ТАБИҒАТ


ТІРІ

ӨЛІ

адам, өсімдік, жан-жануар,құс тау, тас, аспан, өзен, т.б.


  • Табиғаттың қандай құбылыстарын білеміз?

  • Адам неге табиғаттың бір бөлігі боып табылады? Алдымен адам маңызды ма, әлде табиғат маңызды ма? дәлелдету

5.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:

Тақтаға көкжиектің суретін ілу,1-сыныпта өткенді еске түсіру;

Берілген мәтінді оқып талдау жұмыстарын жүргізу:



  • Кітаптағы суретте берілген бейнеде қала салынған ба, әлде дала ма?

  • Сендер қалай ойлайсыңдар, аспан мен жердің түйіскен жеріне дейін жетуге бола ма?

  1. Кітаппен жұмыс:

Оқулықпен жұмыс: (26-бет): берілген мәтінді оқып сұрақтарға жауап алу:

  • Көкжиек дегеніміз не екен? ал, көкжиек сызығы дегеніміз не?

Сурет бойынша көкжиек сызығын анықтауды үйрету;

Дәптермен жұмыс:

Көкжиек тұстарының сызбасына сүйене отырып, жолдарды толтырту:



  • Солтүстік пен батыс аралығы

  • Оңтүстік пен батыс аралығы

  • Солтүстік пен шығыс аралығы

  • Оңтүстік пен шығыс аралығы

Көкжиектің негізгі және аралық тұстарын сызып, оларды шартты белгілермен белгілету;

  • Бір күні қыдырымпаз Тасбақа мен құмырысқа екеуі келісіп, ашық теңізге саяхатқа шығыпты. Көп жүріп, олар баратын бағыттарынан адасып қалыпты. Енді оларға көмекке келетін ешкім болмаса да , айғайлап көмекке шақырады. Сонда оларға көмекке бір зат келіпті. Ол не екенін білгілерің келе ме? Олай болса мына сөзжұмбақты шешіп тастайық:




Н

О

Т

Ұ

С

Б

А

Ғ

А

Р

А

н у

О

У

А

Н

М

Б




р

А

Р




А

И

А




Ы

Н

Ғ

Н

Ш




А







Т

  1. Біз одан барлық затты аламыз

  2. Бидай өнімі 3 . Тірліктің өзегі

4. Қысқы дауыл 5. Өмірдің нәрі

6. Аспандағы тылсым 7. Ас атасы

8. Табиғаттың дәулеті, аң мен құстың әулеті
- Сонымен оларға көмекке келген заттың аты не екен?

-Тұсбағар.



  • Оқушыларға тұсбағар туралы түсіндіріп, оның пайдасы туралы әңгімелету;

Оқушыларды 10 минутқа далаға шығарып, тұсбағардың қозғалысын, көрсетіп тұрған тұстарын аңғарту арқылы оның құрылысы туралы білімдерін нақтылау;

  1. Кітаппен жұмыс:

Оқулықпен жұмыс: (28-29-бет): берілген мәтінді оқып сұрақтарға жауап алу:

  • Тұсбағар дегеніміз дегеніміз не екен? қандай жергілікті белгілерге қарап, тұстарды анықтауға болады?

Дәптермен жұмыс:Тұсбағардың пайдалану тәртібін жазып алу:


3.Жаңа білімді бекіту:

Суреттер арқылы тұстарды бағдарлап, анықтаудың жолдарын үйрету:

Жеке өскен ағаштың солтүстігіне қараған жағының бұтақтары қысқа әрі сирек болады. ал, оңтүстігінің бұтақтары ұзын жайқалып тұрады.
Егер құмырысқа илеуін көрсең, байқап ақарсаң, әр уақытта оның солтүстігі биік, тік болады да, оң түстігі аласа келеді.

- Құмырысқалар неге илеуін олай жасайды деп ойлайсыңдар? (оңтүстік жағында жылу көбіректеу болады)




жүктеу 0,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау