- Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Жазғытұры »
- Сабақтың мақсаты:
- Біліктілік : Мәтінді мәнерлеп оқу , мазмұнын түсіндіру , мәтіннің негізгі идеясын ашу. Өмірмен байланыстыра отырып көктемгі тіршілік туралы ұғындыру .
- Дамытушылық : Оқушының ой –өрісін кеңейте отырып, тілін дамыту , сөздік қорын молайту. Көркем шығарманы оқуға қызығушылығын арттыру.
- Тәрбиелік мәні: Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, адамгершілікке тәрбиелеу.
- Көрнекілігі : Интерактивті тақта
- Сабақтың түрі: Аралас сабақ
- Сабақтың әдісі : Сыни тұрғыдан ойлау , сұрақ –жауап, әңгімелеу. Сатылай
- кешенді талдау.
- Сабақтың байланысы : Дүниетану , қазақ тілі , музыка
- Сабақтың барысы:
- І.Ұйымдастыру
- Психологиялық дайындық
-
ІІ. Өткенді пысықтау. Үй тапсырмасы “Жақсыдан үйрен” тарауынан қандай мағлұмат алдық? - І – топ. Осы бөлімнен оқыған мәтіндерді осы тақырыптар төңірегінде топтастыру.
- ІІ- топ. Негізгі ой осы түйін сөздерге құрылған мақал - мәтелдерді , нақыл сөздерді айту.
- ІІІ- топ. Осы бөлімде оқыған мәтіндерімізден алған әсеріміз қандай ? әңгімеле
- ІІІ. Жаңа сабақ . Мағынасын ашу.
- Суретпен жұмыс.
- Суретте қандай жыл мезгілі бейнеленген ?
- Оны неден аңғардың?
- Сурет бойынша әңгіме құра.
- Біз жылдың қай мезгілі туралы әңгімеледік?
-
-
- Абай туралы кімдер ,
- қандай сөздер айтқан ?
-
| - Біздің өткелі отырған тақырыбымыз Абай Құнанбаевтың «Жазғытұры» өлеңі болмақ.
- Өлеңді іштей оқыту.
- «Түртіп алу» стратегиясы
- Мәтінде таныс емес сөздерді түртіп алу.
- Дәптермен жұмыс. Ай мен күн ретін , жаңа тақырыпты жазу.
-
- Сөздік жұмыс.
-
- Өлеңді тұтас оқыту.
А.Құнанбаев “Жазғытұры”өлеңін сатылай кешенді талдау. - А.Құнанбаев “Жазғытұры”өлеңін сатылай кешенді талдау.
- 1.Авторы А.Құнанбаев (1845-1904)
- Сазгер ақын философ
- 2. Тақырыбы : Көктемгі табиғат тіршілігі
- 3. Жанр түрі - Өлең
- Өлең дегеніміз –белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырып , үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі
- 4.Идеясы –табиғат көрінісін өмірмен байланыстыра отырып бейнелеп ұғындыру.
- Идея дегеніміз –автор тақырып арқылы шындық өмір көріністерін суреттегенде ,оны өз көзқарасы ,өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді.
- 5. Өлең екі шумақтан тұрады.
- Шумақ –аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді.
- 6. Өлең 8 тармақтан тұрады.
- Тармақ-өлеңнің әр жолы
- 7. Бұл 3 бунақты өлең.
- Бунақ- белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі
- 8. Бұл 10-11 буынды өлең.
- Буын саны-сөздің құрамындағы дауысты дыбыстардың санына байланысты
- 9.Бұл өлең қара өлең ұйқасына құрылған
- “а-а-б-а”
- Ұйқас- бұл соңғы сөздер бір- бірімен үндес , дыбыстарыда бірегей жақын ,ол өлеңнің бітімімен, мазмұнымен тамырлас (бір-бірімен үндестігі )
- 10.Әдеби теориялық ұғымдар (троп,фигура )
- Көркем сөздер қыстың сызы
- Жазғытұры елжірер
- масатыдай
- анталаса
- ду –ду
- майысып
- сыбдыр
- бұраңдап
-
- 11. Түсіндірме сөздік :
- Жазғытұры - көктем
- Масаты - жібек матаның аты
- Қыстың сызы – салқын
- Анталаса – ентелеу
- 12. Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні
- Табиғаттың қыр - сырын ұғындыру
- Табиғатқа деген сүйіспеншілік
- Өлеңді жаттау
- - Қай топтан кім өлеңді жатқа айтады?
- Мақалдың мағынасын түсіндіру.
- Сәуір болса , күн күркірер ,
- Күн күркіресе, көк дүркірер.
- Шығармашылық жұмыс.
- І топ Жан –жануарлардың көктемгі тіршілігі эссе жазу.
- ІІ топ Көктем туралы өлең айту. Көктем сөзіне математикалық мінездеме беру.
- Көктем = O = + = ?
- ІІІ топ «Көктемгі табиғат » сурет салу
- IV. Қорытынды
- -Біз бүгінгі сабақта не білдік, не үйрендік ?
- -Қандай сұрақтарың бар ?
- Өлеңді жатқа айту.
- Көктем мезгіліне қатысты қазақ халқының ырымдарын біліп келу.
- Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |