Сабақтың тақырыбы §31 Қуат



жүктеу 101 Kb.
бет1/2
Дата09.01.2020
өлшемі101 Kb.
#26089
түріСабақ
  1   2

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Жұмыс. Қуат. Энергия.



Мектеп: М.Маметова атындағы №27 физика – математика бағытындағы мектеп – лицейі




Күні: 07.03.2018 ж.

Мұғалімнің аты-жөні:

Умирова Акзер Сериковна






Сынып: 7

Қатысқандар: 18

Қатыспағандар:0

Сабақтың тақырыбы

§31 Қуат




Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.3.7 – қуат ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру;

7.2.3.8 – механикалық жұмыс пен қуаттың формулаларын есептер шығаруда қолдану;






Сабақтың мақсаты

Барлығы:

Қуат ұғымының физикалық мағынасын түсінеді;

Механикалық жұмыс пен қуаттың формулаларын есептер шығаруда қолдана алады;

Көпшілігі: Механикалық жұмыс пен қуаттың формулаларын түрлендіріп, есептер шығаруда қолдана алады;

Кейбір оқушылар: механикалық жұмыс пен қуаттың формулаларын тәжірибелік - эксперименттік есептер шығаруда қолдана алады;





Бағалау критерийі

  • механикалық қуатқа анықтама береді

  • денелер қуаттарын салыстырады;

  • Механикалық жұмыс пен қуат мәндерін анықтайды;

  • Механикалық жұмыс пен қуаттың формулаларын тәжірибелік - эксперименттік есептер шығаруда қолданады




Тілдік мақсаттар


Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер.

қазақша

орысша

ағылшынша

механикалық жұмыс

механическая работа

mechanical work

уақыт

время

time

механикалық қуат

механическая мощность

mechanical power

МВт, мкВт, мВт, кВт

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

Жұмыстың орындалу жылдамдығын сипаттайтын шама........

Қуаттың өлшем бірлігі….





Құндылықтарға баулу

Оқушыларды жауапкершілікке, ұжымдыққа, еңбекқорлыққа, ойын толық жеткізе білуге баулу.




Пәнаралық байланыс



Математика, география, ағылшын, орыс тілі




Тақырып бойынша алдыңғы білім

Механикалық жұмыс. Жылдамдық. Күш. Орын ауыстыру.




Сабақ барысы




Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут



Ұйымдастыру.

Топқа бөлу: «Санау» әдісімен сыныпты үш топқа бөлемін.



(W) «Серпілген сауал» әдісі арқылы өткен тақырыпты еске түсіру.

  1. Жұмыс деген ұғымды қалай түсінесіңдер? 

  2. Механикалық жұмысқа анықтама беріп, мысал келтір, оған формуласын жазып көрсет. 

  3. Жұмыстың өлшем бірліктерін ата және ол кімнің есімімен аталады?

  4. Денеге күш әрекет етіп, бірақ ол орнынан қозғалмаса, механикалық жұмыс атқарылама? Дене қозғалыста болып, оған күш әрекет етпесе, онда механикалық жұмыс істелеме?

  5. Механикалық жұмыс қандай шамаларға тәуелді? 

  6. Дене ненің әсерінен қозғалысқа түседі және қай уақытта көбірек жұмыс істеледі? 

  7. Жәшікті бірқалыпты тік көтеріп, жұмыс жасағанда қандай күшті жеңуге тура келеді? Осы жәшік горизонталь бетте бірқалыпты орын ауыстырғанда ше? Түскен күштердің қайсысы кіші?

Дескриптор:

- жұмыс ұғымын түсіндіреді;

- жұмыстың анықтамасын біледі;

- мысал келтіріп, формуласын жазады;

- өлшем бірліктерін атап, тәуелді шамаларды біледі.



ҚБ – Мұғалім ауызша кері байланыс жасайды

Тамаша! Жарайсыңдар оқушылар!



«Мадақтау» әдісі

Сұрақ: Жұмыс деген сөзді басқаша қалай атайды? Осы ұғымдарға қатысты қандай мақалдар білеміз? 
«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» 
«Ердің жұмсаған күшін сұрама, бітірген жұмысын сұра».

(Мақалдарды талдап, күш, жылдамдық туралы айтып, жетекші сұрақтар қою арқылы сабақтың тақырыбын ашу) 

Сабақтың тақырыбымен таныстыру, мақсаты мен күтілетін нәтижемен таныстыру


«Санау» әдісі

«Серпілген сауал» әдісі


«Мадақтау» әдісі

Сабақтың ортасы

30 минут




«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы талдау. Оқушыларға тапсырма, сұрақ бойынша әрбір оқушы жеке жұмыс жасау арқылы өз ойларын қорытып, жұп болып пікірлерімен бөліседі, бұл пікір топтық талқылауға ұласады.

І топқа: Қуат ұғымының физикалық мағынасы.

ІІ топқа: Орташа қуат. Өлшем бірлігі.

ІІІ топқа: Күнделікті өмірден қуат ұғымына мысал. Қуаттың формуласын практикада қолдану.

Оқушылар мәтінмен танысып, постер қорғайды.


Бағалау критерийі:

- қуат ұғымының физикалық мағынасын сипаттайды;

- орташа қуат туралы түсіндіреді;

- мысал келтіріп, формуласын жазады;

- қуат формуласын қолданып, мәнін анықтайды;

ҚБ. Топтар бір – бірін «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалайды.



Жасыл түс-барлығына дұрыс орындағандар
Сары түс- түсіндіру барысында қателіктер жіберілді

Қызыл түс- толық жауап болмады


Тапсырма 1

a) Массалары әртүрлі екі қыз бала баспалдақпен жарыса жүгіріп, үйдің үшінші қабатына бір мезгілде көтерілді. Бұл жағдайда олар бірдей қуат өндіре ме? Жауабыңызды түсіндіріңіз.

b) Төменде суретте қол арасы мен электр арасы берілген. Олардың қуаттарын салыстырыңыз. «Механикалық қуат» терминін қалай түсінесіз?
Дескриптор

Білім алушы

- денелер қуаттарын салыстырады;

- механикалық қуатқа анықтама береді.

ҚБ Мұғалім «Смайликтер» арқылы бағалайды.

Тапсырма 2 «Эксперттер кездесуі» әдісі

Тәжірибе: Көлбеу тақтайдың бетімен жүкті жоғары қарай көтеру үшін жұмсалған жұмысты және осы кездегі қуатты анықтау керек.


  1. Динамометрмен жүкті өлшейді

  2. Көтерілу уақытын секундомермен өлшейді

  3. Тақтай ұзындығына тең көтерілу биіктігі сызғыштың көмегімен анықталады.

Дескриптор

Білім алушы

- динамометрмен жүкті өлшей алады;

- уақытты секундомермен өлшей алады;

- биіктікті сызғышпен анықтай алады;

- жұмыс және қуат формулаларын қолдана алады.

ҚБ Мұғалім «Смайликтер» арқылы бағалайды.
Тапсырма 3

А тобы: Көтергіш кран массасы 3000 кг жүкті көтеріп, 170 кДж жұмыс атқарды. Көтергіш кран жүкті қандай биіктікке көтерген?

Б тобы: Минутына 1000 л суды 20 м биіктікке көтеретін сорғының қуаты неге тең?

С тобы: Моторының тарту күші 5*104 Н ұшақ 800 км/сағ жылдамдықпен бірқалыпты ұшып келеді. Оның қуаты қандай? Осы есепті пайдаланып, қуатты табудың тағы бір формуласын қалай өрнектеуге болады?

Дескриптор

Білім алушы

- өлшем бірліктерін ХБЖ - не келтіре алады;

- есептерді шешуде қуат және жұмыс формулаларын қолданады;

- формулаларды түрлендіріп, қолдана алады;

(Мұғалім сабақ соңында дәптерлерін жинап алып, тексеріп, жазбаша ұсыныстар жазады)

ҚБ Мұғалім жазбаша бағалайды.


«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі

http://files.schoolcollection.edu.ru/dlrst ore/669b5260-e92111dc-95ff0800200c9a66/5_2.sw f



А3 форматы, фломастер

«Бағдаршам» әдісі

Жұптық жұмыс



«Өте жақсы»



«Жақсы»


«орташа»


Динамометр, секундомер, сызғыш

жүктеу 101 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау