Өндірістік шаңның зиянды әсерінің профилактикасы. Қазақстанда шаңмен байланысты кәсіптік сырқаттарды алдын алу мемлекеттік міндет болып, жалпы халық шаруашылығына және өнеркәсіптің жеке салаларына қатысты кешенді шараларды қолданумен жүргізіледі. Тап осы аталған заңдылық, технологиялық, гигиеналық және мдеу-профилактикалық шараларды кешенді қолданудың арқасында өнеркәсіптің көптеген салаларында еңбек жағдайын жақсарту, ауадаағы шаңның концентрациясын азайту және шаңдық текті кәсіптік сырқаттанудың деңгейін төмендету бойынша маңызды жетістіктерге қол жетті.
Технологиялық және санитарлық-техникалық шаралары. Технологиялық шаралар ең маңызды, шешуші шаралар болып келеді, олар шаңның құралу себептерін жоюына бағытталған. Мысалы, отқа төзімді бұйымдарды жасауда шикізатты ұсақтау мен ұнтақтаудың ылғалды әдісін қолдану шаңның пайда болуын мүлдем болдырмайды. Тау-кең өнеркәсіінде гпурларды бұрғылау жұмыстарын сумен шаюды қолданып бірге жүргізсе, ауаның шаңдануы және пневмокониоздармен сырқаттануы күрт төмендейді.
Егер шаң тудырғыш технологиялық процесстерді шаңсыз процесстерге ауыстыру мүмкіндігі болмаса шаң шығарушы материалдарды ұнтақтау, тиеу, тасу және буып-тұю процесстерні кешенді механикаланлырып (дистаниялық) алыстық басшылық жасау қондырғыларын қолдану жолы шаңмен күресті жүргізудің басты бағыттарының бірі болып келеді. Мұндай жағдайларда тек шаң шығару күрт төмендеме ғана, жұмысшылардың шаң шығару орындарында болу қажеттігі болмайды.
Пайда болған шаңдарды басу бойынша ерекше роль суды қолдануына беріледі, әсіресе бұл әдіс құрғақ процесстерді ылғалды процесстерге ауыстыру, және де шаңның ауаға түсу орнында шамалы суландыру мақсатымен қолданылады. Көмірді байытуда, керамикаларды жасауда т.б. ылғалды әдістерді қолдану ауаның шаңдануын оның рұқсатталған мөлшеріне дейін төмендетіп, пневмокониоз ауруларының пайда болу қауіптігін болдырмайды.
Ауадағы қалдық шаңдармен күрес жүргізуде басты роль тікелей шаң шығарушы көзіне жақын ұтымды орналасқан жергілікті сыртқа шығарушы вентиляциясына беріледі. Өндірістік шаңның зиянды әсер етуінің алдын алу.
Қазақстанда кәсіби шаң ауруларын ескерту мемлекеттік міндет болып табылады және шаралар кешенімен жүзеге асырылады: өнеркәсіптің әр желісіне қолданбалы, жалпы әрі жеке заңды, техникалық, гигиеналық және емдеу- сауықтыру шараларын кешенді қолдану еңбек жағдайының жақсаруына, шаңды ауа құрамында концентрациялардың және өнеркәсіптің көптеген салаларында кәсіби аурулар деңгейінің төмендеуіне мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |