Сабақтың тақырыбы: «№1 зертханалық жұмыс. Жұмыс орындарында ауаның шаңдануын өлшеу»


Шаңды бақылаудың тағайындалу негізі - жұмыскерлердің еңбек жағдайын гигиеналық бағалау және шаңмен күресудің тиімді әдісін анықтау болып табылады



жүктеу 30,26 Kb.
бет11/14
Дата04.01.2022
өлшемі30,26 Kb.
#31779
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
«№1 зертханалық жұмыс.Жұмыс орындарында ауаның шаңдануын өлшеу».

Шаңды бақылаудың тағайындалу негізі - жұмыскерлердің еңбек жағдайын гигиеналық бағалау және шаңмен күресудің тиімді әдісін анықтау болып табылады.

Қоршаған ортадағы шаң факторын оқудағы бірінші кезеңі болып тексерілетін өндіріс аумағымен жалпы танысу болып табылады(мекеме типі, ғимараты, жерасты өндірімдері, ашық тау жұмыстары, технологиялық процестің сипаттамасы, бастапқы, аралық, соңғы өндіріс өнімдері, шаң түзілу көздері, оның интенсивтілігі, тұрақты жұмыс орнынның болуы, шаң бөлшектерінің түзілу орны мен оларды жою, түзілген аэрозольдердің алдын ала көрсетілген физико- химиялық мәліметтері және т.б). Бұл берілген өнеркәсіптегі жұмыс орнындағы ауа ортасының шаңдануын оқуда сандық және сапалық жоспар құруға, нақты зерттеу әдісін таңдауға, сонымен қатар жұмыскер ағзасына шаң бөлшектерінің әсерін анықтауға мүмкіндік береді.

Кәсіпорынның ауа ортасының шаң факторларының зерттеу жоспары жұмыскердің ағзасына шаңның нақты әсерінің мәліметтеріне сәйкес жүргізілу керек. Ауа сынамасы жұмыскердің тыныс алу аймағында жұмыс орнында жүргізілу керек. Егер белгіленген жұмыс орны болмаса, ауа сынамасы жұмыскердің жиі кезеңді орын ауыстыратын орында алынады. Ауа ортасына шаң бөлшектері біркелкі емес түскен кезде ұзақ мерзімді хронометражды бақылау жүргізу керек, бұл жағдай шаң түзілуді жоспарлы зерттеу кезінде ескеру қажет.

Жұмыс орындарында шаңдануды анықтауды тыныс алу аймағында (еденнен 1,5 м биіктікте) жүргізу қажет. Егер жұмыс орны тұрақты болмаса, онда шаңдардың концентрациясын өлшеуді ауысымның 50% жоғары уақытында жұмысшы болатын жұмыс аймағының нүктелерінде жүргізеді.

Ауа сынамасын алу кезеңінде міндетті түрде алу жағдайы тіркеледі: жұмыс орнының ауа температурасы, атмосфералық қысым, орындалатын жұмыстың түрі, желдету жүйесінің жұмысы, ауа тартудың ұзақтығымен жылдамдығын ескереді. Шаңдануды анықтауда оның массасын (мг/м3) анықтайды және дисперстігіне, яғни өлшемдері әртүрлі шаң бөлшектерінің пайыздық қатынасына сипаттама береді. Шаңның сапалық сипаттамасының бірінші кезекті химиялық құрамын оқытады, ол шаң бөлшектерінің ағзаға әсерінің сипаттамасын анықтайды. Шаңның сапасын сипаттайтын көрсеткіштерге аэрозольдің қатты фазасының дисперстілік құрамы жатады,ол өлшенген жағдайда ауа ортасында ұзақ уақыт сақталатын және тыныс алу жолдарына терең өтетін жоғары дисперсті бөлшектер (аса ірілерге қарағанда) болып табылады.

Шаңның сандық сипаттамасы шаң бөлшектерінің ауа бірліктерінің көлемі массасына және санына (өлшенген және есептеу әдісі) байланысты болады. Ауа ортасының шаңдануының есептеу әдісімен зерттеу соңғы жылдары тәжірибеде қолданылмайды.

Өндірістік шаңды гигиеналық бағалау мақсатында келесі негізгі әдістер қолданылады: 1) ауа бірлігі көлемінде шаң құрамын өлшеп анықтау (гравиметрлік әдіс). 2) шаң бөлшектерінің дисперстілік құрамын анықтау. 3) шаң бөлшектерінің химиялық құрамын анықтау (бос кремний оксидін анықтау).

Кейбір жағдайда арнайы жобаларды қолданады, мысалы желдеткіш ауа алмасудан ауа сынамасын алу шаң ұстағыш құрылғылардың тиімділігін бағалау үшін қолданады.




жүктеу 30,26 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау