1-бөлім. ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
1.1 Жалпыгеографиялық әдістер
|
Сабақтың тақырыбы
|
5-6. Салыстырмалы географиялық зерттеу әдісі
|
Сабақта қол жеткізілетін оқыту мақсаты (оқу жоспарына сілтеме)
|
10.1.1.2 Зерттеу тақырыбына сәйкес салыстыру әдісін қолдану
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар: «Салыстырмалы зерттеу әдісі» ұғымын, қолдану саласын, салыстырмалы географиялық әдістің негізгі қағидаларын түсінеді.
Оқушылардың көпшілігі: Деректер базасын зерттеу және нәтижелерін талдайды.
Кейбір оқушылар: Өз көзқарасын дәлелдейді.
|
Бағалау өлшемдері
|
- «Салыстырмалы зерттеу әдісі» ұғымын, қолдану саласын, салыстырмалы географиялық әдістің негізгі қағидаларын түсіндіру мүмкіндігі.
- Деректер базасымен жұмыс істейді және нәтижелерін талдайды.
- Өз көзқарасын дәлелдейді.
|
Тілдік мақсаттары
|
Оқу дағдысы: географиялық терминдер сөздігімен жұмыс істеу
Жазу дағдысы: кестені және қорытындыны толтыру
Сөйлеу және тыңдау дағдылары: тапсырмаларды бөлу және өзараоқыту, мәселелерді талқылау
Негізгі тірек сөздер тізбегі: салыстырмалы
|
|
географиялық әдіс, жеке түрлерге бөлу, ұқсастық, айырмашылық операциялары
|
Құндылықтарды қалыптастыру
|
Индустрияландыру және инновация негізінде экономикалық өсу.
Ынтымақтастық – сыныптастарының көзқарасын қабылдау арқылы тыңдау дағдыларын қалыптастыру.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Математика
|
Тақырып бойынша алған
білімдері
|
Географиялық мониторинг әдісі
|
Сабақтың барысы
|
Сабақ кезеңдері
|
Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері
|
Көрнекілік
|
Сабақтың басы
10 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпта қолайлы ахуал қалыптастыру.
«Стикерлермен бөлу» әдісі.
Үй тапсырмасын тексеру. «Ыстық үстел» стратегиясы.
Оқушылар өткен тақырып бойынша сұрақтар құрастырып, дорбаға салады. «Ыстық үстелде» отырған оқушы дорбадан сұрақ алып, жауап береді, оқушы жауап бере алмаған жағдайда сынып оқушылары көмектесе алады. Дескриптор:
1. Географиялық мониторинг элементтерін біледі. 2. Мониторинг саласын анықтауда әртүрлі тұрғыда талдайды және әртүрлі сала мамандарын тарту қажеттілігін түсіндіреді.
3. Тұрғылықты елдімекендегі жерге түскен жапырақтарды пайдалану туралы өз көзқарасын білдіреді.
ҚБ. Мұғаліммен кері байланыс.
Тірек етістіктер көмегімен мақсатты қалыптастыру.
Мұғалім сабақтың тақырыбын айтады және оқушыларға тірек етістіктердің көмегімен мақсатты қалыптастыруды ұсынады: оқу, білу, білік, анықтау, жалпылау, бекіту, дәлелдеу, салыстыру, талдау, қорытынды шығару, жүйелеу және т.б.
|
|
Тірек етістіктермен слайд
|
Сабақтың ортасы 20 мин
|
Жаңа материалды меңгеру.
1-тапсырма
(Ж) Географиялық терминдер сөздігімен және интернетпен жұмыс.
Географиялық терминдер сөздігінен және интернеттен терминдердің анықтамасын тауып, тақырып бойынша ұғымдар сөздігін жазу.
1. Тақырыпты оқып, сөздік және интернетпен жұмыс атқарады.
2. Терминдердің анықтамасын табады.
|
Оқулық, географиялық терминдер сөздігі, географиялық сайт
WEBGEO.RU –
«География порталы»
|
|
|
|
|
|
|
Сөздікті дәптерге рәсімдейді.
ҚБ. Өзара тексеру.
|
Достарыңызбен бөлісу: |