|
Сабақтың тақырыбы 1 Географиялық мониторинг әдісі§ 106 оқу, сараланған 5 сұрақ құрастыру, жауабын дайындау
|
бет | 52/70 | Дата | 07.02.2023 | өлшемі | 0,83 Mb. | | #41174 | түрі | Сабақ |
| Саба ты та ырыбы 1 Географиялы мониторинг дісі (1) § 106 оқу, сараланған 5 сұрақ құрастыру, жауабын дайындау.
|
|
6-бөлім. ЕЛТАНУ
6.1 Кешенді географиялық аудандастыру
|
Сабақтың тақырыбы
|
107. Тарихи-мәдени аудандастырудың кешенді географиялық үлгісі
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес)
|
10.6.1.2 Кешенді географиялық және тарихи-мәдени аудандастырудың өз үлгісін ұсыну
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар: Үлгілеудің ерекшеліктерін біледі.
Оқушылардың көпшілігі: Физикалық-гоеграфиялық аудандастыру мен үлгілеудің қағидаларын талдайды. Кейбір оқушылар: Кешенді географиялық және тарихимәдени аудандастырудың өзүлгісін ұсынады.
|
Бағалау өлшемдері
|
- Үлгілеудің үш ерекшеліктерін біледі.
- Физикалық-гоеграфиялық аудандастыру мен үлгілеудің қағидаларын талдайды.
- Кешенді географиялық және тарихи-мәдени аудандастырудың өз үлгісін ұсынады.
|
Тілдік мақсаттары
|
Оқу дағдысы: түртіп алу арқылы оқу
Жазу дағдысы: графикалық түрде «Дүниежүзінің физикалық-географиялық, тарихи-мәдени, саясигеографиялық, геосаяси аудандастырылуы» тақырыбында сызбанұсқа құрастыру
Сөйлеу және тыңдау дағдылары: тапсырмаларды бөлу
және өзара оқыту, мәселелерді талқылау
Негізгі тірек сөздер тізбегі: кешенді-географиялық аудандастыру
|
Құндылықтарды қалыптастыру
|
Экономикалық бағытындағы тәрбие (ақпараттық және экономикалық мәдениет элементтерін қалыптастыру) Ынтымақтастыққа баулу (оппоненттердің пікірін тыңдау және қабылдау қабілетін қалыптастыру арқылы)
|
Пәнаралық байланыстар
|
Тарих, математика, информатика
|
Тақырып бойынша
алдыңғы білімдері
|
Географиялық аудандастырудың ерекшеліктері
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың
жоспарланғ ан кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Көрнекілік
|
Сабақтың басы
10 мин
|
Ұйымдастыру. Сыныпта қолайлы ахуал қалыптастыру «Өрмекші торы» әдісі Оқушылар айнала тұрып, жіп орамын бірбіріне береді, барлық оқушы жіптен ұстауы қажет. Орамды бергенде: «Бүгінгі сабақта саған .... тілеймін», – деп айтады.
Тірек етістіктер көмегімен мақсатты қалыптастыру.
Мұғалім сабақтың тақырыбын айтады және оқушыларға тірек етістіктердің көмегімен мақсатты қалыптастыруды ұсынады: оқу, білу, білік, анықтау, жалпылау, бекіту, дәлелдеу, салыстыру, талдау, қорытынды шығару, жүйелеу т.б. Өткенді қайталау.
1-тапсырма
Дүниежүзінің бөлінуінің белгілеріне сипаттама бер: физикалық-географиялық, тарихи-мәдени, саяси-географиялық, геосаяси аудандар.
|
Тірек етістіктермен слайд
|
Сабақтың ортасы
20 мин
|
Жаңа материалды меңгеру
(Ж) 2-тапсырма. Оқып, сұрақтарға жауап бер.
Геожүйенің физикалық-географиялық ландшафттық-геофизикалық үлгілері.
Үлгілеу физикалық географияның және ландшафттанудың маңызды тәсілі ретінде үлгілеудің үш ерекшелігімен байланысты:
1.Үлгі табиғи жүйелердің көлемін масштабтың көмегімен ыңғайлы мөлшерге дейін өзгертеді. 2. Табиғи процестерді танып-білуде қиындықтар туындайды: көптеген
|
|
|
процестердің баяу жүруі. (Үлгінің уақыт масштабын өзгерту сипаттамасы қиындықты еңсеруге көмектеседі)
3. Үлгілеу географиялық жүйелердің аса қиын жерлерін, яғни жүйе элементтерінің шектеулі саны мен олардың арасындағы байланыстарды бөлшектеп қарастыру арқылы оңайлатуға мүмкіндік береді.
Үлгілер бірнеше топқа жіктеледі:
- геожүйені кеңістік тұрғысынан зерттеу үшін қолданылатын үлгілер (континуальды және
дискретті);
- массалық тасымалдау үлгілері, қарапайым баланстық үлгілердің көмегімен биогенді тасымал, беткі шайылудың үлгісі, топырақтағы тігінен тасымалдану.
Геожүйенің деңгейі бойынша үлгілер жергілікті, аймақтық, жаһандық болып жіктеледі.
Сұрақтар:
1) Үлгілердің ерекшеліктерін ата.
2) Өз ойыңды айт, физикалық-географиялық аудандастыру қандай қағидаларға бөлінеді? Дескриптор:
- Үлгілердің ерекшеліктерін атайды.
- Физикалық-географиялық аудандастыру қандай қағидаларға бөлінетіндігін сипаттайды.
ҚБ. Оқушы-оқушы «Бағдаршам» әдісі
(Т) 3-тапсырма
Оқулық мәтінін оқып шығып, кешендігеографиялық және тарихи-мәдени аудандастыруға өз үлгісіңді ұсын. Дескриптор:
Кешенді-географиялық және тарихи-мәдени аудандастыруға өз үлгісін ұсынады. ҚБ. Оқушы-оқушы. «Сэндвич» әдісі
|
Үлгілер
1.Жағымды пікір
2. Сындарлы сын
3. Ұсыныс
|
|
|
Сабақтың соңы
10 мин
|
«Үш М» әдісі. Оқушыларға сабақта үш сәтті атауға мүмкіндік береді және келесі сабақта жұмысты оңтайландыру әрекетін ұсынады.
|
|
Үй тапсырмасы.
|
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|