Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңі
Сабақтың мақсаты: а) С. Сейфуллиннің өмір жолын, шығармашылығын, қоғам қайраткері екенін таныту, «Сыр сандық» өлеңінің мазмұнын меңгерте отырып, идеялық көркемдік ерекшелігін таныту; ә) адамгершілік қасиеттерге баулу, үлгі - өнеге ету;
б) шығармашылық ізденіске бағыттау, ой бөлісу, өз ойын көркемдеп еркін айтуға баулу, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, ізденімпаздыққа төселу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, талдау, іздену т. б
Сабақтың көрнекілігі: сызбалары, портреті, шығармалар жинағы т. б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
- Оқушылар, біз бүгін Сәкен Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңін оқимыз.
Сәкеннің өмірінен мәлімет беремін
Достарыңызбен бөлісу: |