Топтастыру стратегиясы:
Сәкен
Ақын, жазушы,
ұстаз, драмашы,
зерттеуші, қоғам қайраткері
Оқушылар пікірін толықтырып отырамын.
«Сыр сандық» өлеңін мәнерлеп оқу. Сынып оқушылары алты топқа бөлінеді. Әр топ өлеңді композициялық, сюжеттік құрылымына сәйкес оқып, мазмұндайды. Топ мүшелері толықтырады. (Өлеңді топтың оқу жүйесі: 1 - 2, 3 - 4, 5 - 7, 8 - 11, 12 - 19, 20 - 21 шумақтары)
1 - топтың жауабы Жалған достар қолыңда жемің болса, сені шырқ айналып, қасыңнан кетпейді. Ал қолыңнан билік кетсе, жемің таусылса, ол жалт береді. Ол дос емес, жалған дос.
2 - топтың жауабы. Нағыз достар сырын ақтарып, бірін - бірі ұғынып, сыр түйінін берік сақтайды. Ондай достардың жан сарайы, жүрегі - берік қойма. Оны ақтаруға кез - келгеннің қолы жете бермейді. Тек достың досы ғана ақтара алады.
3 - топтың жауабы. Сәкен де сағына сырласатын нағыз дос іздейді. Шын досының ішкі сырын мысал етіп жырлайтынын ескертеді.
4 - топтың жауабы. Ақын досының ішкі сырын Сарыарқаның биік шыңдарына, оның қалың нулы орманы, мұз бұлақтары мен табиғи байлығына теңейді. Меніңше, бұл суреттеме - досының жан дүниесі.
5 - топтың жауабы. – Сол тауда биік шың бар, шың басында қойма бар, онда қымбат жасау бар; сол асыл бұйым, ғажап перне, сен оның кілтін тауып аш та, сым пернені басып қара; дұрыс бассаң ғана сырын ақтара аласың. Ақынның суреттеген қоймасы - досының жан дүниесі, жүрегі.
6 - топтың жауабы. – Адамның жүрегі - алтын қойма, оның жайын сезе білетіндер ғана кілтін тауып аша алады. Ол - шынайы досың, жаныңның ұғатын жан.
Өлең 21 шумақтан, 7 - 8 буынды шалыс ұйқаспен жазылған.
Сарыарқаның бір тауы бар,
Бір тауы бар сымбатты.
Сол таудан сен сыр тауып ал,
Сыр тауып ал, қымбаттым! – деп, Сәкен өмір қызығы – достықта, достастықта. Туған топырағыңда досың көп болсын! – деп тілеген екен. Менің де тілегім - сендерге осы достық,- деп сабақты қорытындылаймын.
«Ой талқы сұрақтары» атты плакатты тақтаға ілемін.
1Достық дегенді қалай түсінесің?
2. Жақсы досты қалай табу керек?
3. Досыңның білместігін кешіруге бола ма?
4. Досыңның кім екенін ата - анаң білуге тиіс пе?
5. Досыңның қандай болғанын қалайсың?
Достарыңызбен бөлісу: |