Сабақтың тақырыбы : § Термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерде қолдану Cынып: 10 Сабақтың мақсаты



жүктеу 1,01 Mb.
бет1/4
Дата18.12.2017
өлшемі1,01 Mb.
#4550
түріСабақ
  1   2   3   4


«Кемелұлы атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерде қолдану

Айдарбеков Мұратхан Керімбайұлы
Пән: Физика

Сабақтың тақырыбы:

§ 5.7.Термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерде қолдану


Cынып: 10
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерде қолдануы жайлы толық мағлұмат беру.

Дамытушылық: Оқушыларды өз бетімен еңбектенуге үйрету ой-өрісін дамыту пәндерге деген қызығушылықтарын арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды алғырлыққа, шапшандыққа, ізденімпаздыққа өз беттерінше еңбектенуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютерлер, электронды оқулықтар
Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

1.1 Оқушыларды түгендеу

1.2 Сынып тазалығына көңіл бөлу

1.3 Үй тапсырмасы қайталау үшін ойын ойнату (құпия сандар)


ІІ Жаңа сабақ

    1. Электронды оқулықтың көмегімен және интерактивті тақтаны пайдаланып термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерде қолдануды түсіндіру.

    2. Оқушылардың жаңа тақырыпты өз бетінше конспектілеу.


ІІІ Жаңа материалдарды бекіту

4.1 Физика пәні бойынша 10 сұрақ

4.2 Физика пәні бойынша 10 тест сұрақтары
ІV Бағалау

5.1 Оқушылар өздері-өздерін бағалайды. (бағалау жолы түсіндіріледі)


V Үйге тапсырма

6.1 5.7, 5.8 тақырыпты оқу, 24-жаттығу, реферат жазу.



Үй тапсырмасын қайталау үшін қойылатын сұрақтар:

  1. Термодинамика дегеніміз не? Термодинамика дегеніміз – жылулық құбылыстарды заттың ішкі құрылысына назар аудармай, энергетикалықтүрлендірулер негізінде зерттейтін физиканың бөлімі

  2. Жылулық құбылыстар дегеніміз не? Денелерді қыздырғанда немесе салқындатқанда оларда өтетін физикалық процестер жылулық құбылыстар деп аталады

  3. Термодинамикалық жүйе дегеніміз не? Макроскопиялық параметрлердің сандық сипатын беретін кез келген химиялық құрамдағы және кез келген физикалық текті денелердің жиынтығы

  4. Молекулалы-кинетикалық теория дегеніміз не? Молекулалы-кинетикалық теория дегеніміз – жылулық құбылыстарды зат атомдар мен молекулалардан тұрады және олардың қозғалысы Ньютон механикасының заңдарына бағынады дейтін болжамның негізінде зерттейтін физиканың бөлімі

  5. Дененің ішкі энергиясы дегеніміз не? Формуласын жаз. Дененің ішкі энергиясы оның барлық микробөлшектерінің сол дененің массалар центріне қатысты хаостық қозғалысының кинетикалық энергиясы мен өзара әрекеттесу, яғни потенциалдық энергиясының қосындысына тең болады. U = (Wk+Wp) N

  6. Ішкі энергияны қалай өзгертуге болады? Дененің ішкі энергиясын екі тәсілмен өзгертуге болады:

  1. Молекулалардың кинетикалық энергиясы температураға тәуелді, оны өзгерту үшін дененің температурасын өзгерту керек, яғни жылу берілу процесін жүзеге асыру қажет.

  2. Молекулалардың потенциалдық энергиясын өзгерту үшін олардың арақашықтықтарын өзгерту керек, демек дене жұмыс атқару керек.

  1. Заттың меншікті жылусыйымдылығы дегеніміз не, өлшем бірлігі қандай? Заттың меншікті жылусыйымдылығы дегеніміз – температурасын 1 К-ге жоғарылату үшін дененің бірлік массасына қанша жылу мөлшерін беру керек екенін көрсететін физикалық шама. 1Дж/кг*К

  2. Дененің жылусыйымдылығы дегеніміз не, өлшем бірлігі қандай? Дененің жылусыйымдылығы деп массасы кез келген шамадағы денеге оның температурасын 1К-ге арттыру үшін қанша жылу мөлшерін беру керектігін көрсететін физикалық шама. Дж/К

  3. Мольдік жылусыйымдылық дегеніміз не? Заттың бір молінің жылусыйымдылығын мольдік жылусыйымдылық деп атайды



Жаңа сабақ: Термодинамиканың бiрiншi заңын изопроцестерге қолдану


Изохоралық процесс. Бұл процесте газ көлемi өзгермейдi: V = const. Газдың iшкi энергиясының өзгерiсi оған берiлген жылу мөлшерiне тең: ΔU = Q. Егер газ қыздырылса , онда Q > 0 және ΔU > 0 – iшкi энергия ұлғаяды. Газды суытқан кезде: Q < 0 және ΔU < 0, оның iшкi энергиясы азаяды.

Изохоралық процесс кезiнде газ көлемi өзгермейдi, демек, газдың жұмысы нөлге тең болады. Газдың iшкi энергиясының өзгерiсi оған берiлген жылу мөлшерiне тең болады.



Изотермалық процесс. Изотермалық процесс кезiнде газдың температурасы тұрақты болады (Т = const) және оның iшкi энергиясы өзгермейдi. Газға берiлген барлық жылу мөлшерi пайдалы жұмыс атқаруға жұмсалады: Q = А′. Газ белгiлi жылу мөлшерiн (Q > 0) алған кезде, ол оң жұмыс атқарады (А′ > 0). Керiсiнше, егер газ қоршаған ортаға жылу берсе, онда оның атқарған жұмысы терiс болып саналады.

Изотермалық процесс кезiнде газдың температурасы тұрақты және iшкi энергиясы өзгермейдi. Газға берiлген барлық жылу мөлшерi пайдалы жұмыс жасауға жұмсалады.




жүктеу 1,01 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау