Сабақтың тақырыбы: П дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға П дыбысы мен әрпін таныту,
таңбалап жазуды меңгерту. Мәтінмен жұмыс жасау
дағдыларын қалыптастыру,сөздерге
дыбыстық,буындық талдау жасай білуге, сөз
мағынасын түсінуге үйрету.
2. Ой-өрісін,сөздік қорын, есте сақтау,қиялдау
қабілеттерін,шығармашылық тапсырмалар беру
арқылы логикалық ойлау, дарындылық қабілеттерін
дамыту.
3. Сауатты оқып ,жазуға ,ұқыптылыққа ,тапқырлық,
ізденімпаздыққа , ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : Аралас сабақ
Әдіс тәсілі: талдау,жинақтау,шығармашылық тапсырмалар,сұрақ-жауап
Көрнекілігі: электронды оқулық, әріптер кассасы, шығармашылық тапсырмалар ,бағалау ағашы.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық.Оқу
құралдарын түгелдеу.
2. Психологиялық дайындық. Шаттық шеңберін құру. Бір-бірімен сәлемдесіп, жылы лебіздерін білдіру.
Қуан ,шаттан алақай !
Қуанатын күн бүгін.
Күліп шықты күніміз.
Қайырлы таң! Қайырлы күн!
Сәлеметсіңдер ме достарым?
Сәлеметсіз бе ұстазым?
Мұғалім: Сәлеметсіңдер ме балалар? Мен сендердің бүгінгі күндеріңе сәттілік тілеймін.
Хормен: Әліппе сенің сырласың,
Әліппе досың болады.
Әріптердің шұғыласы
Дәптеріңе қонады.
-Балалар біз бүгін Әліппе сабағында топтық жұмыс жасаймыз. Барлығымыз біртіндеп келіп,өз қалауымыз бойынша мына фигуралардан таңдап алыңдар.
Оқушылар алған геометриялық денелер арқылы бірігіп топ құрайды. Топтың
басшысын сайлап,топ аты,ұранымен таныстырады. Мысалы: «Айгөлек», «Балдәурен», «Балдырған», «Бала би», «Жас қыран» тобы.
Топ басшыларына бағалау парақтары таратылады.
Электронды оқулықпен жұмыс.
«Үйрек» десе –бірінші
«Бүйрек» десе –екінші
Бұл қайсы әріп екенін
Біреу айтып берсінші. Ү-ү-ү
-Дұрыс айтасыңдар.
-Ендеше өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
- Ү дыбысымен.
Ой шақыру . -Ү дыбысы қандай дыбыс?
дауысты
жіңішке
Ү қысаң ( жақ қатысына қарай )
Еріндік ( ерін қатысына қарай)
Жеке буын болады
Сөз басында, ортасында келеді
3. Үй тапсырмасын сұрау.
-Балалар үйге қандай тапсырма берілді?
- «Сен бақытты ұлансың » өлеңін мәнерлеп оқу. «Қыс қызығы » тақырыбындағы мазмұнды сурет бойынша әңгімелеу.
- Логикалық тапсырма. Ү- дыбысы қай буында кездеседі.
4.Өткен сабақты пысықтау. «Кім тапқыр» ойыны
Электронды оқулықпен жұмыс.
Ұ-Ү әрпі ұқсас Ұ-жуан, Ү- жіңішке.
-Балалар тақтаға назар аударыңдар. Ұ-Ү дыбысы бар сөздерді теріп айтыңдар.
Ұ дегенім-ұн.
Ү дегенім – үн
Ұны қойсаң ұр
Үні қойсаң үр.
Жуан айтсаң тұр,
Жіңішкертсең түр
Ағашта бар бүр
Мойыныңды бұр.
Топтық жұмыс. Көп нүктенің орнына тиісті Ұ-Ү дыбыстарын қойып жазыңдар.
Б... ршақ , қ... стар, .... йрек , ж.... рек , ....ршық , ...стел
Берілген тапсырманы тақтадағы дұрыс жауап арқылы тексеру.
Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Біп-биік болып өседі.
5. Жаңа сабақ. П дыбысы мен әрпі
Электронды оқулықпен жұмыс.
А) Жұмбақ шешу.
Қорықпайды күшті аңнан
Достарыңызбен бөлісу: |