ІV. "Жылдар сөйлейді"
Өмірбаяны бойынша жылдар таратылып беріледі сол арқылы оқушылар жауап береді.
1898 жыл - 1920-1921 жылдары -
1918 жыл - 1923 жыл-
1920 жыл- 1934 жыл -
V. Т.Жүргенов туралы қазақтың көрнекті тұлғаларының пікірлерімен таныстыру
Қазақстанға еңбегі сіңген медицина қызметкері, Республикалық дәрежедегі зейнеткер Т.Жүргеновтың адал жары Дәмеш Ермекова
«Дос, адал дос»
Мен 1936 жылы Отан жүрегі Москвада өткізілген қазақ әдебиетімен өнерінің тұңғыш он күндігіне қатысу бақытына ие болдым. Ол азаттық таңынан бастау алған жас республикамыздың өміріндегі ұлы оқиғалардың бірі еді. Темекең қазақтың тұңғыш музыкалық театрына драма театрынан Күләшті, Қанабекті, Құрманбекті, Елеубайды, Қалибекті, Сенкені, Манарбекті, Шараны т.б. шақырып отырды. Режиссер Жұмат Шаниннің қабілет-дарынын кеңінен пайдаланды. А. Жұбанов, Е. Брусиловский сияқты композиторлардың театрға белсене араласуына ықпал жасады.
Бір күні кешқұрым Темірбек екеуміз калинин көшесінің бойымен қыдырып келе жаттық. Кенет ол тоқтай қалды да маған қарап «осы жерде біздің опера театрымыздың үйі салынады», деді. Сол Темкең көрсеткен жерде бүгін ұлттық өнеріміздің алтын ордасы жұртшылыққа айқара ашып тұр.
Темекең жазушы, әдебиетшілердің де шын қамқоршысы еді. Ол араб, парсы тілінің жетік маманы, Шығыстың інжу-маржаны атанған. «Шаһнаманы» қазақ тіліне аударушы Тұрмағанбет Ізтілеуовтың талантын үнемі қастерлеп отыратын. Тұрмағанбет бұл адал еңбегімен ақтап,бас аяғы 10 айдың ішінде ұлы шығарманы өзінің ана тіліне аударылып шықты. Оның қысқа өміріндегі атқарған қыруар еңбегін бүгінгі ұрпаққа жария етіп, заманнан заманға ұсынып отыру тарихшылардың, әдебиетшілердің парызы болса керек.
Рахым Алшынбаев/Парталас досы/:
1916 жыл. Перовск (Қызылорда) қаласында Сауранбай болысқа қарсы кедей шаруалар көтерілісі болды. Осы көтеріліс жасаушыларды жазалау үшін, перовск қаласынан генерал-губернатор Кцрапаткиннің өзі келген. Осы кезеңде оқып жүрген жас Темірбек халық өкілі ретінде генералға барып сөйлесіп,уытты, отты сөздерімен генералды алған бетінен қайтуға мәжбүр етеді. Сөйтіп көтерілісшілер Темірбектің арқасында жазадан аман қалған еді. Темірбекпен 1908-11 жылдары қазіргі қызылорда облысының Тереңөзек ауданына қарасты «Аламесек» қыстағында екі кластық орысша-қазақша мектепте білім алдық. Мұғалімдер оған 5-тік бағаның үстіне қосу белгісін қоас қойып отыратын, ол сондай зерек, алғыр болатын!
VІ. Т. Жүргеновке арналған кітап көрмесімен таныстыру
VІІ. Қорытындылау
Қорыта айтсақ, Жүргенов өмірінің соңғы күндеріне дейін қазақ халқына, еліне адал қызмет етті, қалың жұртшылық арасында үлкен құрметке, зор беделге ие болды,ол кісінің ашқан қаншама білім ошақтарында қаншама түлек білім нәрімен сусындап өмірге қанат қағады. Жүргенов атамыздың жазықсыздан жазықсыз халық жауы атануы,оның жазықсыз екенін жұбайының дәлелдеуі халықтың ол кісіге деген құрметі шексіз екенін дәлелдейді.
Достарыңызбен бөлісу: |