Науқас адамның өз ауруына қатынасының түрлері:
Гармониялық - өзінің хәл-жағдайын адекватты, қалыпты түсінетін және барлық жағдайды жамандық жағына қарамай, бірақ қуаныш сезімінсіз бағалайды, емдеуге белсенді түрде қатысады. Науқас басқа дамдарға өзінің салмағын түсіргісі келмейді. Егер дерттің жағымсыз болжауы (прогнозы) болса, мүгедекке ұшыраса, өз күш-қайратын жақындарына көмектесуге өз шамасына, денсаулығыға қарай, өмірде өз орнын табуға тырысады.
Эргопатиялық-науқастың аурудан алшақтау үшін жүмысқа берілуі мен сипатталады. Типті дерттің ауырлық дәрежесінде де науқас өз жұмысын әрі қарай атқарады. Онда өте жоғары жауапкершілік, жұмысқа деген құштарлық болады. Науқастың бұндай көзқарасының себебі-өзінің профессиналдық статусына сақтауы мен және белсенді жұмыс қызметін әрі қарай жалғасытыруға құштарлығымен сипатталады.
Назофильді –адам ауруым бар деген жоғары құнды идеялар пайда болады, сол себептен ауруды емдеумен және өзін-өзі емдеу туралы елестетулер пайда болады.
Назофобты- науқас кемтар болып қалудан өзіндегі ауруынан айығамауынан қорқады.
Анозогностикалық- ауру туралы ойлардан, оның асқынуын, теріс жақтарынан белсенді түрде алшақ тұру.
Ипохондриялық типте субъективті жағын сезімдерге көп көңіл бөлу және олар туралы айналадағы адамдарға айтуы кездеседі. Науқастардың дертіне көзқарасының ең жиі кездесетін варианты.
Мазасыз типте –аурудың жағымсыз дамуына, ауру ағымына, оның асқынуының пайда болуына тиімсіз тіпті емдеудің өмірге қауіпті болуына күдікпен қарайды, жаңа емдеудің тәсілдерін іздестіреді. Бұл типтегі реакция ауру туралы қосымша мәліметттерді және емдеу тәсілдерін қарастыруға құштарлықпен сипатталады, «беделді мамандарды» іздестіру байқалады.
Неврастениялық- іс-әрекеті «әлсіз күйегелектену» түрімен сипатталады, күйегелектігі шапшаң болады, көбінесе аурудың жағымсыз сезімдері дамығанда емдеудің әсері болмаған кезде байқалады. Күйгелектік жилаумен немесе күлкімен аяқталады.
Меланхолиялық –айығуына толық сенбеуі пессимистикалық қатынасы айқындалып, жағымды объективті нәтижелер кезіндеде пассивті көзқарасы айқындалып жағымды объективті пассивті көзқарасынын депресивті айтып жазылуына деген сенімсіздігі білінеді, типті суицидальді ойларға дейін барады. Аурудың көрінісі бойына саналы түрде «өз-өзін физикалық жақтырмау» бірінші орында тұрады.
Апатиялық-өзінің тағдырына аурудың ағымына, емдеудің нәтижесінде немқұрайлықпен қарау процедураларға пассивті көзқараста болу және емдеу басқа адамдардың қадағалануымен ғана қабылданады. Науқас «өмірге деген ынтасын жоғалтады». Апатиялық түрінде ауру ағымына деген немқұрайлылықтың болуы, өмірге құштарлықтың болмауы анықталады.
Эгоцентриялық- «ауруға ену, бас ұру» деп сипатталады, науқас өзінің ауруы сезімі туралы өзіне көңіл аудару үшін жақын адамдарға, туысқандарға әңгімелей береді. Науқас адам өзіне басқалардың көп көңіл аударғанын қалайды.
Параноялды- ауру «біреудің жаман ойының бірі» деп санайды. Науқас дәрі-дәрмектерге және процедураларға күдікпен қарап, айналадағы адамдарды кінәлаумен сипатталады.
Дисфориялық- науқастың көңіл күйі нашар, сау адамдарға қызғанышпен қарайды, жақындарына десфотиялық қатынаста болуы белгіленеді.
Сенсетивті-науқас өзінің ауруы туралы мәліметтің айналадағы ортаға қандай әсерін тігізетінін ойлап түрады. Науқас «айналасындағы адамдар өзін айналып өтеді деп ойлайды, өзін толымсыз, кем сезініп, ауру туралы сөз қорғауға, ауруға байланысты жақын адамдарға күш түсіруге қорқады. Науқастың айналадағы адамдардың ұялуы, масыл болғысы келмеуі байқалады.
Диссимуляция- сырқаттанғанын біле отырып пациент саналы түрде аурудың белгілерін жасырады және ол үшін барлық күшін салады: мамандық міндеттерін бірқалыпты орындай береді, жанұяда және қоғамда қалыпты жағдайын сақтайды. Аурудың дамып үдеген кезінде оның белгілерін жасыру қиын, не мүмкін болмаған жағдайда да ол өзі таңдаған тәртіп бағытын сақтай береді.
Агравация-ауру белгілерін, жағдайының аурулығын арттырып асыра айту. Бұл жағдайда адам өзін аурудан шектеп тыс, өте ауыр және қауіпті деп көрсетеді. Агравация истерияға шалдыққан адамдарда кездеседі. Өзіне басқалардың назарының аудару және ниетін қоса білдіру, басқалардың көңіл күйіне әсер ету үшін немесе жеке басының пайдасын табу мақсатында іске асырылады. Көбінесе бұл егде адамдарда кездеседі (жалғыздықтан қорқуы, дәрігерлердің назарын тарту үшін т.б.). Агравацияны толық санасыз психологиялық реакция деуге болмайды, себебі науқас мұнда арнайы мақсат қойып, себебін анық біледі.
Симуляция. Бұл адамның ауруға жасаған әрекеті емес, себебі адамда дерт жоқ. Симуляция дегеніміз- ауруға шалдықпаған адамның саналы түрде дерттің белгілерін ұсынып, шағымдануы.Симуляция адамға ауру пайда әкелетін кезде байқалады, мысалы, әскери міндеттен қашу, мүгедектік алу сот жазасынан құтылу, т.б. білім дәрежесі төмен, медицинадан хабарсыз және аңқау, әлеуметті жетілмеген адамдарда симуляция жиі кездеседі. Сонымен қатар, медициналық білімі бар. Тәжірибелі денсаулық сақтау саласында қызмет атқаратын адамдадарды таңдаған дертті жақсы оқып, біліп алып симуляция әрекетін жасайды.
Тапсырма: Ситуациялық жағдаят
Қарттар үйіне тұратын 82 жастағы науқас сан алуан шағым айта бастады. Екі күннен бері аш екенін, оған тамақ бермейтінін, оны ешкім жақсы көрмейтінін айтып шағымданды. Интернаттың қызметкерлерінің айтуына қарағанда науқас ұйқысыздыққа ұшыраған, тыным тапайды, ұмытшақтық пайда болған. Кейде өз атын ұмтып қалады.
1. Науқас адамның өз ауруына қатынасының түрі?
2. Интернат қызметкерлері науқасты күтуде не істеу керек?
Достарыңызбен бөлісу: |