Пән мұғалімі: Нарбекова Ж.С
Сабактын тақырыбы: Диаграмма құру, редакциялау және пішімдеу.
Сабақтың мақсаты: МS Excel электронды кестесінің графикалық мүмкіндігі диаграмма құруды меңгеру.
Сабақтың міндеттері:
Мазмұнға байланысты міндет: Оқушыларды диаграмма құру, редакциялау және пішімдеумен таныстыру.
Сын тұрғысынан ойлауға міндет: оқушылардың сын тұрғыдан ойлау өзіндік және жеке ойлауын дамыту.
Топтық жұмыс немесе тәрбие іс-әрекетіне байланысты міндет: Оқушылардың бойына әлеуметтік ортаны құруды қалыптастыру.
Оқыту технологиясы: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: түртіп алу жүйесі, Джигсо немесе құрастыру, Блум жүйесі.
Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер:
Құралдар: интерактивті тақта, компьютер, маркер, маркерлік тақта.
Көрнекіліктер: слайды көрсетілімдер, қима қағаздар, практикалық тапсырмалар.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, математика
Сабақтың жоспары:
І. ҰЙЫМДАСТЫРУ
Қызығушылықты ояту.
Отбасымдағы жаңалығым.
Менің ерекше қуанышым.
Бүгінгі көңіл-күйім.
ІІ. ЖАҢА САБАҚ МАЗМҰНЫ.
Ой шақыру: Диаграмма деген сөзді қалай түсінесіз?
Бірлесіп қауымдасып жұмыс істеу. ЖИГСО әдісі бойынша /жанұя, жұмысшы тобы/
Мәтін 3-ке бөлінген.
Сол бөлімге байланысты 1,2,3 –деп оқушылар нөмер алады.
Үш бөлім үш адамға беріледі.
Оқиды, уақыт беріледі.
Оқушылар нөмеріне қарай топтасады (жұмысшы тобы 1+1+1)
Топтар ақыдасып жетекші сайлайды.
Мәтінді қорғайды.
Жанұя тобына оралады.
БЛУМ ЖҮЙЕСІ. (білім, түсіну,қолдану, талдау, жинақтау, бағалау)
Деңгейі
|
Берілгендер бойынша
сұрақ-тапсырмалар
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Білім
І деңгей
|
Жаңа сабаққа байланысты 3- ке бөлінген мәтін таратылады.
|
Мәтін танысады.
|
Түсіну
ІІ деңгей
|
Singuian әдісі./5 жолды өлең/
Тақырып: Зат есім.
Суреттеу: 2 сын есім
Қимыл: 3 етістік.
Сезіну: Сөз тіркесі
Мәтінді қайта айтатын сөз. (өз ойын айтады.)
|
Singuian әдісі./5 жолды өлең/
Тақырып: Диаграмма.
Суреттеу: дөңгелеу, түзу
Қимыл: салыстырады, талдайды, айқындайды.
Сезіну: Графиктік түрде мәліметтерді ұсыну.
Мәтінді қайта айтатын сөз: Салыстырмалы көрсеткіш.
|
Қолдану
ІІІ деңгей
|
ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС.
№1 тапсырма. Кестедегі мәліметтер бойынша диаграмма құру.
|
МS Excel электронды кестесін ашыңыз.
Үлгі ретінде ұсынылған кестені құр.
3 нөмерлі мәліметтері бойынша (үш ай) бойынша дөңгелек диаграмма құрыңыз.
Мазмұндары диаграмма бөліктеріне сәйкес алынатын сандық мәліметтермен берілген C3, D3, E3 ұяшықтарын белгілеңіз.
Диаграмма шеберін қосыңыз.
Бірінші қадамда (1 сурет) диаграмманың 3 түрін кезекпен таңдаңыз. Тізім ішінен Дөңгелек бөлімін, Түрі терезесінен жазық диаграмманы таңдаңыз.
Екінші қадамда (2 сурет) диаграмманың қалай көрінетіні шығады. Диаграмманың оң жағында диагрммаға түсінік беретін аңыз көрінеді.
Үшінші қадамда (3 сурет) диаграмма бөліктерінің көрінісін, диаграмма мен аңыз пішімін (өлшем, қаріп түсі) өзгертіңіз. «Сәлімжановқа төлеген сыйақы көлемі» деген диаграмма тақырыбын енгізіңіз.
Төртінші қадамда (4 сурет) диаграмманы қай жерге қою керегі, яғни жеке немесе мәліметтерімен бірге бір парақта орналасатыны анықталады.
Ең соңғы бағанның (5 сурет) мәліметтері бойынша бағандық диаграмма (гостограмма) құрыңыз.
Құжаттағы өзгерулерді сақтаңыз.
1 сурет 2 сурет
3 сурет 4 сурет
5 сурет
|
Талдау
IV деңгей
|
Венн диаграмма.
МS Excel электронды кестесі мен MS Word мәтіндік редакторының ортақ графикалық мүмкіндіктері
|
МS Excel
|
Ортақ графикалық мүмкіндіктері
|
MS Word
|
Диаграмма құру
|
Графикалық кескіндер қою, кесте құру,
Фигуралық мәтін кірістіру
|
Графиктік объектілерді біріктіру
|
|
Жинақтау
V деңгей
|
Диаграмма құру үшін орындалатын әрекеттердің тізбегін жаз.
|
|
Бағалау
VІ деңгей
|
Қорытындылау.
Бағалау критерийі
Анықтайды, түсінеді, суреттейді «3».
Талдайды, тізбектейді, құрастырады «4».
Дамытады, бағалайды, біріктіреді «5».
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |