Сабақтың мақсаты: «Қазақстан тарихы бойынша әңгімелер»


-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер



жүктеу 3,06 Mb.
бет8/14
Дата15.05.2018
өлшемі3,06 Mb.
#13588
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14

5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сабақтың тақырыбы: § 30. Қазақ билері

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Оқушыларды қазақ халқының бұрынғы сот төрелігі, билік айту жүйесімен таныстыру, қазақ билерінің өмірі, олардың тарихта алатын орны, өнегелі істері жайында мәлімет беру.

  • Дамытушылық: Өткен ғасырлардағы қазақ елінін сот жүйесі төрелік ету дәстұрімен таныстыра отырып мемлекет, билік жайында мәліметтерін кеңейту, құқықтық түсініктерін дамыту.

  • Тәрбиелік: Қара қылды қақ жарған әділ билік айтқан билер өмірін мысалға келтіре отырып әділдікке, адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу, құкықтык тәрбие беру.

Әдісі: интерактивті

Пәнаралық байланыс: география

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Қазыбек, Төле, Әйтеке билердің суреті.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. II. Үй тапсырмасын сүрау.

Алдымен оқушылардан үйге қандай тапсырма берілгенін сұрайды. Осыдан кейін өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар жазылған карточкалар таратамын. Сұрақтың үлгісі:



  • Хан дегеніміз кім?

  • Қандай атақты хандарды білесіңдер?

  • Ңазақ хандарының әулеті туралы айт.

Оқушылар жауап беріп болғаннан кейін өткен сабақты толықтырып, тақырыпты қорытындылаймын. Сонымен қатар өткен такырыпты жаңа тақырыппен байланыстырамын.

Жаңа сабақ

Жаңа сабақтың тақырыбы айтылады, сонымен қатар тақырып пен жоспар тақтаға жазылып қойылады. Алдымен сабақтың негізгі мақсатын айтып жоспарды түсіндіремін



Сабақтың жоспары:

а) Қазыбек би



ә) Төле би

б) Әйтеке би

в) Тәуке хан

Жоспардан бұрын оқушылардан билер жайлы не білетінін сұраймын. Содан кейін жалпы билер туралы, қазақ халқының өміріндегі билік айту жүйесі жайында қысқаша түсінік беріп өтемін. Билер қызметін қазіргі кездегі еліміздің сот жүйесімен салыстыра отырып, құқықтық тарихтағы билердің алатын орнын көрсету керек.

Жоспар бойынша сабақты түсіндіремін Ең алдымен қабырғаға Қазыбек, Төле, Әйтеке билердің суреттері ілінеді. Осы үш бидің өмірі туралы қысқаша оқушыларға баяндап беремін. Үш бидің Қазақтың үш жүзінен шыққаны, жастайынан билік айту жүйесіне қатысканы жайында, құқықтык жүйесіне сіңірген еңбегі туралы айтылады. Билердің жастық шағы, өмірлерінің барлығы дерлік соғыс, шапқыншылыққа толы жылдарда өткені, бұл жағдай олардың жас кезінен бастап билікке араласуына ықпал еткені белгілі.

Бұдан кейін оқушыларды үш топқа бөліп, үш бидің шешендік сөздері жазылған қағаздарды таратамын. Оны 5-7 минуттай оқып, ой қорытуға уақыт береміз. Осыдан кейін олардан не түсінгенін сұрау керек. Оқушылардың өз беттерінше талдау жасауына бағыт беріп, ойларын тыңдаймыз. Осы аркылы қара қылды қак жарған билердің шешендік өнеріне оқушылардың көздерін жеткізу.

Билер туралы негізгі мәліметтерді оқыта отырып қысқаша конспект жазғызамын

Сабақтың негізгі жоспарына сәйкес әр Ұлы билерге жеке тоқталамын.

Төле би Әлібекұлы қазақтың Ұлы жүзінің үйсін тайпасынан шыққан ірі мемлекет қайраткері. Жастайынан ел билеу ісіне араласкан Төле жоңғар шапкыншылығы кезінде елшілік қызметті де аткарды. Бұл оның халқын шапқыншылықтан, жаугершіліктен аман сақтап қалуына септігін тигізді.

Төле би қазақтың атақты «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасаушылардың бірі.

Қазыбек би Келдібекұлы Орта жүздің арғын тайпасының Қаракесек руынан шыкқан. Оның шешендігі мен саңқылдаған дауысына қарап халық Қаз дауысты Қазыбек деп атап кеткен. Тәуке хан бір кездері Орта жүздің билігін осы Қазыбекке сеніп тапсырған. Қаз дауысты Қазыбек би Тәуке ханның басшылығымен жасаған «Жеті жарғы» заңдар жинағының авторларының бірі.

Әйтеке би Байбекұлы Кіші жүздің биі және белгілі мемлекет қайраткері. Әйтеке жастайынан мемлекеттік істерге араласып, ел арасында билік айта бастайды. Қазақстанның батысы мен оңтүстік-батыс өлкесінде Әйтекенің аты ертеден белгілі болады. Төле, Қазыбек билермен қатар Әйтеке де Тәуке ханның бастауымен құрастырылған XVIII ғасырдағы Қазақ халқының әдет-ғұрыптық жинағы болып табылатын «Жеті жарғыны» жасауға қатысады.

Бұдан кейін жоғарыда сөз болған «Жеті жарғы» заңдар жинағы туралы оқушыларға түсіндіремін. Мұнда мұғалімде аталған заңдар жинағының қағазға жазылған нұсқасы болуы керек.

«Жеті жарғы» ХҮІІ-ХVIII ғасырдағы Қазақ халқының тұрмыстық әдет-ғұрыптық ережелерінің негізгі жиынтығы болып табылады.

«Жеті жарғы» заңдар жинағы Тәуке ханның кезінде өмірге келген. Әуелден бастап ханның жанындағы Ұлы билердің кеңесі «Жеті жарғы» атанған. Оның құрамында жоғарыда аталған Ұлы билерден басқа да беделді адамдар болған. Бұл қазіргі парламент деңгейіндегі билік жүйесі. Аталған заңдар жинағьш құрастыруға Төле, Қазыбек, Әйтеке сияқты казақтың белгілі билері қатысқан.

Қорытынды кезең.

Сабақтың қорытынды кезеңінде тақырыпты қысқаша қорытындылап, оқушылар бекітуге арналған 3-4 сұрақтар беремін.



Бағалау:

Үй тапсырмасына тақырыптың соңындағы сұрақтарға жауап жазып келу жүктеледі.


5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер



Сабақтың тақырыбы: §31. XVIII ғасырдағы қазақ батырлары

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Оқушыларға жоңғарларға қарсы күрескен қазақ батырлары, олардың ерлігі жайында кеңінен мәлімет беру, Қазақ тарихындағы батырлардың алатын орнын анықтау.

  • Дамытушылық: Қазақ батырларының ерлігіне тарихи тұрғыдан баға бере білуге дағдыландыру, танымдык қабілеттерін арттыру.

  • Тәрбиелік: Ерлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу, Қазақ батырларының ерлігін үлгі етуге, құрметтеуге үйрету.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: Аралас сабак, әңгіме.

Пәнаралық байланыс: география

Көрнекілік: Батырлардың суреттері, Қазақстан картасы.

Сабақтың барысы. I. Ұйымдастыру кезеңі. II. Үй тапсырмасын сүрау.

Қазақ билері жайында оқушылардан кысқаша сұрау. Кем дегенде 2-3 оқушыны сөйлету. Төрт оқушыға Қазыбек, Төле, Әйтеке билер және Тәуке ханға байланысты сұрақтар жазылған карточқалар беріліп, жауаптары тыңдалады. Бұдан соң үй тапсырмасын қысқаша қорытындылаймын. Дәптерге жазуға берілген тапсырма бойынша үш оқушыны тексеріп бағалаймын.



ІІІ. Жаңа сабақ

Өтілетін сабактын тақырыбы мен жоспары алдын ала жазылып қойылады. Ооқушыларды сабақтың тақырыбы және негізгі мақсаттарымен таныстырып өтемін.



Сабақ жоспар:

1. Жоңғар-ойрат мемлекетінің құрылуы.

2. Қазақ батырлары.


  • Жоңғар мемлекеті.

  • Батыс Монғолия жерінде, жоғарғы Ертіс, Алтай, Тар-бағатай еңірінде құрылған.

  • Құрылған уақыты - XVIII ғасыр (1635-1640 жылдар).

  • Сипаты - аскери-көшпелі.

  • Мемлекет билеушісі - қоңтайшы.

  • Тайпалар - торғауыт,чорос, дөрбет, хошауыт т.б. Бұлар дүрбіт-ойрат деп аталған.

Бұдан әрі балаларға жоңғарлардың Қазақ жеріне жасаған шапкыншылығы туралы түсіндіремін. Жоңғарлар да қазақ халқы сияқты көшпелі мал шаруашылығымен айналысқандықтан мал жайылымы оларға тарлық етеді. Оның үстіне ойрат тайпалары шығыс монғол (халха), манчьжур Қытайдан көп қысымшылық көрді. Сондықтан жоңғар нояндарын Қазақ елінің шұрайлы жерлері үнемі қызықтырады. Бұл шапқыншылықтың басты себебі болып табылады.

Жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылы ХУІІ-ХУШ ғасыр аралығын қамтиды.

Ең қасіретті жыл деп 1723 жылды айтуға болады. Себебі тарихтағы әйгілі қырғын «Ақтабан шүбырынды, Алкакөл сұлама» осы жылы болған. Бұдан соң оқушылардың назарын «Елім-ай» әніне аударамын. Сабақ жоспарындағы екінші тақырыпшаға кеңінен тоқталамын. Ең алдымен жоңғар шапқыншылығы кезінде қол бастаған, ел мен жерді қорғау кезінде ерлік көрсетіп, аты аңызға айналған батырлар жайында қысқаша әңгімелеп беру.

Батырлар: Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Шақшақ Жәнібек, Баян батыр, Райымбек, Малайсары т.б.

Бұдан кейін оқулық және дәптермен жұмыска 10 минуттай уақыт беремін.

Осыған байланысты төмендегідей кестені толтырту.






Қабанбай батыр

Бөгенбай батыр

Наурызбай батыр

Баян батыр

Өмір сүрген уақыты













Ерлік істері













Кестені толтырып болған соң 3-4 оқушыдан әр батырлар жайында, олардың ерлік істері туралы түсінгендерін айтқызамын.

Қорытынды кезең.

Жаңа сабақты бекіту мақсатында төмендегідей сұрақтарды қоямын



  • Жоңғар шапқыншылығы жайлы не білесіндер?

  • Қазак елін жат жерлік жаулардан қорғаудағы батырлардың үлесі қандай болды?

  • Бөгенбай жоңғарларға қарсы шамамен қанша жорыққа катысты?

  • Жоңғарларға қарсы жүргізілген көптеген ұрыстарда Қабанбай қандай міндет атқарған?

  • Жоңғарларға қарсы күресте ерлік көрсеткен басқа қандай батырларды білесіңдер?

Бекіту:

Оқушыларды бағалау:

Үй тапсырмасы:

1. Жоңғарларға карсы күресте ерлік көрсеткен батырлардың ерлік істері туралы қосымша оқып, жеке бір батыр туралы дәптерге қысқаша әңгіме жазғызу.



2. 31-параграфты окып келу.


5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сабақтың тақырыбы: Қайталау

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: ІІ тоқсанда өтілген материалдарды қайталата отырып, оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыру, тарихты сыни тұрғыда талдай алатын білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау

Әдісі: интерактивті

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, география, орыс тілі, қазақ әдебиеті

Көрнекілік: карта, сызба

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Аңыз бойынша сактардың ата-бабасы кімдер?

  • Аңыз бойынша сақтардың үш әулетінің қайсысы тұңғыш патша ұрпағы атанды?

  • Сақ коғамында абыздардың киген киімінің түсі.

  • Кирдің колынан қаза тапкан Томиристің ұлы.

  • «Сен қанға тоймаушы едің, енді той» деген сөз кімдікі?

  • Б.з.б. IV ғасырдың 30-жылдары сак-скиф жеріне грек-македондыктарды бастап келген қолбасшы.

  • Грек-македон әскерінің Үндістанға жорығына қатыскан массагет тайпасының ауыр қару-жарақты атты әскері калай аталады?

  • Парсы патшасы I Кир кай өзеннің бойына қала тұрғызды?

Қайталанатын материалдар:

  1. «Алтын киімді адам»

  2. Мөде-ғұн мемлекетінің негізін салушы

  3. Батыс және оңтүстік ғұн империялары

  4. Ежелгі түріктер. Түрік қағанаты

  5. Ежелгі түрік жазулары

  6. Мәдениет және сауда жолдары

  7. Әл-Фараби шығыстың ғұлама ғалымы

  8. Ортағасырлық қалалар

  9. Отырар-қаһарман қала

  10. Қазақ халқының қалыптасуы

  11. Қазақ хандығының құрылуы

  12. Қазақ хандарының тарихы

  13. ХҮІІІ ғасырдағы батырлар




Бекіту:

  • «Иә-жоқ»

  • Бетпе-бет

  • Эрудит

  • Мұны әркім білуі тиіс

  • Эссе

Бағалау: Үйге тапсырма: ІІ тоқсан материалдарын қайталау.

5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сабақтың тақырыбы: §32. Қазақстан және Ресей.

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Қазақстан мен Ресейдің тарихи байланысы және Қазақстанның Ресейге қосылуы жайында оқушыларға мағлұмат беру, Ресей империясының Қазақ елін отарлау саясаты жайында түсіндіру.

  • Дамытушылық: Қазақстанның Ресейге қосылуына, Ресей империясының Қазақстанды отарлау саясатына тарихи тұрғыда баға беру және тарихи маңызын, жақсы жағы мен кемшіліктерін анықтай білу дағдыларын қалыптастыру.

  • Тәрбиелік: достыққа, өз елінің тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас.

Сабақтың әдісі: әңгіме, баяндау.

Пән аралық байланыс: география, орыс тілі

Сабақтық көрнекілігі: Қазақстан және Ресейдің саяси картасы, Абылай, Әбілқайыр хандардың суреті.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үй тапсырмасын сұрау.

Екі оқушыға үйде жазған әңгімесін оқытамын. Содан оқыған параграфты тексеру мақсатында төмендегідей сұрақтар қоямын

1. Жоңғар мемлекеті туралы не білесің?

2. Жоңғарлардың қазақ жеріне шапқыншылық жасауының басты себебі неде?

3. «Елім-ай» әнінің мағынасы туралы айт.

4. Бөгенбай батырдың қазақ жерін жоңғарлардан қорғауда қоскан үлесі жайлы не білесің?

5. Қабанбайдың шын аты кім? Оны неліктен «Нарбала», «Дарабоз» деп атаған?

6. Наурызбай, Баян, Малайсары, Бөгенбай батырлардың қандай ерліктерін білесіңдер?

Бұдан кейін қыскаша үй тапсырмасын қорытындылайды.

Үй тапсырмасын қорытындылауда ең алдымен жоңғар шапқыншылығының Қазақстанға тигізген зардабы, елі мен жерін қорғаудағы батырлардың алатын орны, ерлігі жайында айтамын

III. Жаңа сабақ.

Тақырып тақтаға жазылады.

Сабақтың жоспар:

1. Қазақстанның Ресейге қосылу барысы.

2. Әбілкайыр хан.

Сабақты түсіндірмес бұрын оқушыларға мынадай сұрақтар қоямын

а) Қазіргі Қазақстан мен Ресей арасында қандай байланыс бар?

ә) Ресей елі туралы не білесіңдер?

Бұл сұрақтар арқылы оқушыларды жаңа тақырыпка дайындаймын. Аталған екі сұрақка өз ойларын айта алады. Қазақстан мен Ресей арасындағы қазіргі байланыстың түп-тамыры тереңде жатқанын айтып жаңа тақырыпты түсіндіремін.

Төмендегідей сұрақтарға тоқталамын.

1. Әбілқайыр ханның Ресей бодандығын мойындауының себептері.

2. Ресей бодандығын мойындау барысы.

3. Ресей империясының қазақ жерін біртіндеп отарлай бастауы.

Осы сұрақтар бойынша оқушыларға он минуттай уақыт түсінік беремін.

XVIII ғасырдың басында қазақ елінің жағдайы күрт қиындай түседі. Шығыстағы Жоңғар мемлекеті тарапынан үлкен қауіп төнді. Қазақтың шұрайлы жерін тартып алып, халқын бағынышты етуді көздеген жоңғар қоңтайшылары мен феодалдары қазақ жерін жиі шабуылдап ауыр зардап әкелді.

Осыдан кейін Ресей империясының Қазақ жерін отарлауына жол ашылады. Ең алдымен Ресей өкіметі қазақ жеріне қаптатып әскери бекіністерді тұрғыза бастайды. Мұндай бекіністер Жайық, Ертіс, Есіл езендерінің бойына көптеп салынады.

Осы жерде мысал келтіре кетуге болады.



Бекіністер: Орынбор, Семей, Өскемен, Кереку, Жәміш, Железин, Бұқтырма, Қызылжар, Орск т.б.

Қазақтар көптеген шұрайлы жерлерінен айырылады. Ертіс, Жайық өзендерінің оң жағалауына қазақтардың мал жаюына тыйым салынады.

Картадан аталған өзендерді, бекіністерді көрсету керек.

Жоспар бойынша Әбілкайыр хан туралы түсіндіреді.



Әбілқайыр хан.

Шыңғысханның тұқымы, Кіші жүздің ханы, белгілі мемлекет қайраткері. Бір кездері жоңғарларға қарсы соғыста Қазақ әскерлерінің қолбасшысы болған. XVIII ғасырдың басындағы қазақ елінің қиын жағдайы, жоңғар шапқыншылығы, билік үшін күрес Әбілкайыр ханды Ресей еліне сенім артуына итермелейді. Әбілкайыр қазақ тарихындағы белгілі қоғам қайраткері. Қазақстан Республикасы алғаш өзінің төл теңгесін шығарғанда 50 теңгелік банкноттың бетіне Әбілқайыр ханның суретін салады.

Оқушыларды екі топқа бөліл шағын пікірсакыс өткізу.

«А» тобы — Қазақстанның Ресейге қосылуының жағымды жағын,

«Б» тобы - Қазақстанның Ресейге қосылуының кері әсерін әңгімелейді.

Қорытынды кезең.

Сабақты бекітуге арналған сұрақтар бар карточқалар таратамын.

Ондағы сұрақтар:

1. Әбілқайыр хан неліктен Ресей бодандығын мойындады?

2. Ресей империясының Қазақстанды өз бодандығына тезірек қабылдауының басты себебі неде?

3. Ресей империясы қазақ жеріне әскери бекіністерді не мақсатта салды?

4. Әбілқайыр ханның қазақ тарихындағы орны қандай? Сұрақтарға жауап алынғаннан кейін тақырыпты қысқаша қорытындылаймын.

Бағалау:

Үй тапсырмасы: 1. 32-параграфты оқу.

5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сабақтың тақырыбы: § 33. Абылай хан

Сабақтың мақсаты:


  • Білімділік: Қазақ халқын бір хандыққа біріктіріп, Қазақ мемлекетінің іргетасын қалаған Абылай хан жайында оқушыларға мәлімет бере отырып, оның Қазақ тарихындағы орны, ерлік істері жайындағы білімдерін арттыру, Абылайдың жүргізген саясатының сырын түсіндіру.

  • Дамытушылық: Абылай ханның қазақ тарихындағы еңбегіне баға беру арқылы тарихи тұлғалардың еңбегін бағалай білуге үйрету, танымдық қабілеттерін арттыру.

  • Тәрбиелік: Абылай ханның қазақ тарихындағы алатын орнын анықтай отыра, оқушыларды қаһарман тұлғалардың ерлігін құрметтеуге үйрету, ерлікке, отансүйгіштікке, ұлтжандылықка тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Пәнаралық байланыс: география

Сабақтың көрнекілігі: Абылай ханның суреті, Қазақстанның саяси картасы, теледидар, «Көшпенділер» фильмінін бейнекассетасы.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үй тапсырмасын сүрау.

Алдымен оқушылардан үйге қандай тапсырма берілгенін сұраймын.

1. Сұрақтар жазылған карточкаларды көбейтіп оқушыларға таратамын.

2. «Қазақстанның Ресейге қосылуының тарихи маңызы» тақырыбы бойынша әңгімелеп беру тапсырылады.

3. Әбілқайыр туралы оқушылардан не білетінін сұрау.

Оқушылардың жауабын тыңдап болған соң тақырыпты шолып, қысқаша сабақты қорытындылаймын. Онда Қазақстанның Ресейге қосылуына тарихи тұрғыда баға бере отырып, оның тарихи маңыздылығына тоқталамын. Әбілқайыр Ресей бодандығына қол қойғанымен халықтың көпшілігі оған көнбеді. Міне осылардың басында Абылай тұрды. Осылай жаңа сабақпен байланыстыра кетемін.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Жаңа сабақтың тақырыбын тақтаға жаза отырып, сабақтың мақсатын оқушыларға айтып беремін. Сонымен қатар сабақтың жоспары тақтаға жазылады.



Сабақтың жоспары.

1. Абылайдың ата-тегі, жастық шағы.

2. Абылайдың жүргізген саясаты.

3. Абылай - қазақтың Ұлы ханы.

Жаңа сабаққа кіріспес бұрын оқушыларға бейнекассетаны қосып «Көшпенділер» киносынан үзінді көрсетемін. Осы кинодағы Мансұр бейнесіне назар аудару тапсырылады.

Содан кейін мынадай сұрақтар қойылады:

1. Осы кинодағы Әбілмансұр туралы не білесіңдер?

2. Әбілмансұр кинода қандай кейіпкер ретінде көрінеді?

Оқушылар жауабын тыңдап болғаннан кейін жоспар бойынша сабақты түсіндіруге кірісемін. Ең алдымен Абылайдың ата-тегіне тоқталамын.Абылайдың шын аты - Әбілмансұр. Арғы аталары әлемге әйгілі Шыңғысхан және оның үлкен Ұлы Жошы хан. Бұлардың тікелей ұрпағы болып табылатын Қазақ хандығының алғаш іргетасын қалаған Әз-Жәнібек те Әбілмансұрдың арғы аталарының бірі. Қазақтың хан тағына тек Шыңғыс ұрпақтары ғана отырды. Оларды төре деп атайды. Міне Әбілмансұр осы төре тұқымынан.

Бұдан әрі Әбілмансұрдың жастайынан жетім қалғанын, Ораз аталықтың көмегімен аман қалып, көшпелі қазақ халқының арасына келіп паналайтыны туралы айтып өтеді.

Осы жерде бейнекассетаны іске қосып, оқушылар назарын «Көшпенділер» киносындағы Ораз бейнесіне аударып, пікірлерін тыңдаймын.

Одан әрі ретімен жас Сабалақ туралы, оның Абылай атануы жайында оқушыларға түсінік беріп өтемін. Абылай ханның өмірінің соңғы кезімен аяқтаймын.

Негізгі түсіндіру уақыты аяқталғаннан кейін оқушыларға түрлі түсті қағаздар таратады. Қағазда мынадай жазу болады:

Абылай - ол:

Оқушылар Абылай туралы өз ойларын жазады. Мысалы: Абылай - хан, дипломат, батыр т.с.с.

Оқулықпен жұмыс.

Оқушыларға кітаптан Абылайдың өмірінен хронологиялық кесте жасатамын. Мысалы:

1. 1711 жыл - Әбілмансұр өмірге келді т.б. Осы жерде оқушыларға Абылайдың төңірегіндегі тұлғалар жайында түсінік беру. Бұқар жырау, Үмбетей жырау, Тәтіқара акын т.б. Бұқар жыраудың Абылайдың өмірін жырлаған жыр жолдарынан үзінді келтіремін.

Ей, Абылай, Абылай,

Сені мен алғаш көргенде

Тұрымтайдай үл едің,

Үйсін Төле бидің

Түйесін баққан құл едің,

Абылай атың жоқ еді

Сабалақ атпен жүр едің.

Қорытынды кезең

Сабақты қорытындылау үшін төмендегідей сұрақтарды беремін:

1. Абылай билікке қалай келді?

2. Абылай атының шыға бастауы қандай тарихи оқиғаға байланысты?

3. Абылай қазақ тарихында қандай орын алады?

4. Абылай төңірегіндегі белгілі адамдардың ықпалы қандай болды?

Абылай - үш жүздің басын бір хандыққа біріктірген, Қазақ хандығын біртұтас, мықты мемлекетке айналдырған дарынды қолбасшы, батыр, дипломат, атақты мемлекет қайраткері.

Бағалау:

Үй тапсырмасы: §33 Абылай хан жайында шағын әңгіме жазу.


жүктеу 3,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау