Сабақтың мақсаты: «Қазақстан тарихы бойынша әңгімелер»


-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер



жүктеу 3,06 Mb.
бет9/14
Дата15.05.2018
өлшемі3,06 Mb.
#13588
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сабақтың тақырыбы: §34. XIX ғасырдағы тәуелсіздік үшін күрес жылдары.

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: XIX ғасырдың 1-жартысындағы Кенесары Қасымұлы бастаған және Ішкі ордадағы 1836-1838 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстар туралы мағлұмат беру.

  • Дамытушылық: қозғалыстардың себеп-салдарын, тарихи маңызын анықтай білуге, сонымен қатар өзі бетінше оқу, ой қорыту дағдыларын қалыптастыру, танымдық ой өрістерін арттыру.

  • Тәрбиелік: оқушыларды өз Отанын сүюге, патриотизмге тәрбиелеу, өткен тарихқа, Ұлы тұлғаларға құрметпен қарауға, олардың ерлік істерін үлгі ете білуге үйрету.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдісі: әңгіме, пікір алысу.

Көрнекілік: Қазақстан картасы, Исатай, Махамбет, Кенесары портреттері.

Сабақтың барысы.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үй тапсырмасын сұрау.

Алдымен кем дегенде үш оқушыға Абылай жайында жазған әңгімесін оқытамын.

Содан кейін өткен тақырыпты пысықтап оқушылардың білімін тексеру үшін сұрақтар жазылған карточқалар таратамын.

Олар:

1



Абылай ханның қазақ тарихындағы орнын қалай бағалайсың?

2

Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатындағы негізгі бағыттар қандай?

3

Әбілмансұр қалай Абылай атанды?

4

Абылай ханның жүргізген саясатының табысты болуына оның төңірегіндегі белгілі адамдардың ықпалы қандай болды?

Үй тапсырмасын қысқаша қорытындылаймын. Онда Абылай ханның өміріне, ата-тегіне, қайраткерлік жолына, ішкі және сырткы саясатына тоқталамын. Абылайдың қазақ мемлекетінің дербестігін, тәуелсіздігін сақтаудағы еңбегіне де тоқталып өтемін.



Жаңа сабақ:

Сабактың тақырыбы, жоспар алдын ала тақтаға жазылып қойылады. Оқушыларға тақырыпты айтып, сабақтың мақсатын түсіндіремін.



Сабақ жоспары:

1. Ұлт-азаттық қозғалыстардың себептері және мақсаты.

2. Қозғалыстардың сипаты, қозғаушы күші.

3. Көтерілістердің басшылары.

4. Көтерілістердің барысы және жеңілу себептері.

5. Кетерілістердің тарихи маңызы.

Оқушыларға жоспарды дәптерлеріне жазғызғаннан соң осы жоспар бойынша сабақты түсіндіремін. Оқушыларға оқулықтағы екі тақырыпшаны (1836-1838 жылдардағы көтеріліс пен 1837-1847 жылдар аралығындағы көтерілістер) салыстыра отырып түсіндіремін.

Көтерілістердің басты себептері ұксас. Екі көтеріліс те негізінен патша өкіметінің отарлау саясатына қарсы бағытталды. Қозғаушы күштері де қарапайым қазақ шаруалары.



1837-1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысты Абылай ханның немересі, Қасым төренің баласы Кенесары сұлтан басқарды. Оның төңірегінде Наурызбай, Ағыбай, Иман, Жоламан, Бұқарбай сияқты белгілі батыр, әскери қолбасшылар болды.

Ал 1836-1838 жылдардағы Ішкі ордадағы (немесе Бөкей ордасы) көтерілістерді старшын Исатай Тайманұлы мен белгілі ақын Махамбет Өтемісұлы басқарды.

Осы арада оқушыларға Кенесары Қасымұлы, Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы жайында қысқаша түсінік беріп өтемін.

Ұлт-азаттық көтерілістер өте табанды өтті. Көп жағдайда көтерілісшілер патша өкіметінің отрядтарын ойсырата жеңіп отырды. Бірақ көтерілісшілер көздеген мақсаттарына жете алмады.

Осыдан кейін көтерілістің жеңілуінің басты себептеріне тоқталып етемін. Оқушыларға осы екі көтерілістердің тарихи маңызын толықтай әңгімелеп беремін.

Дәптермен жұмыс.

Екі көтерілісті салыстыра отырып темендегі кестені толтырамыз.





Кенесары көтерілісі

Ішкі ордадағы көтеріліс

Уақыты







Қозғалыс басшылары







Көтеріліс еткен жерлер







Көтерілістің козғаушы күші, сипаты







Көтерілістің тарихи маңызы







Қорытынды:

Сабақты бекіту мақсатында осы тақырыпқа байланысты сұрақтар беремін.

1. Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің мақсаты қандай?

2. Кенесарының төңірегіндегі батырлар туралы айт.

3. Кенесары басқарған көтерілістің жеңілуінің басты себебі қандай?

4. Ішкі ордадағы көтерілістің басты себебі қандай?

5. Исатай мен Махамбеттің қолбасшылығы жайында айт.

Бұдан кейін қозғалыстарды салыстыра отырып сабақты қысқаша қорытындылап өтемін. Оқушылардың берген жауабып толықтырып өтемін.



Бағалау:

Үй тапсырмасы: 1. 34-параграфты оқу.

  1. Кенесары, Исатай, Махамбет жайында дәптерге шағын әңгіме жазып келу.

5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сабақтың тақырыбы: § 35. Қазақтың көрнекті ғалымы-Шоқан Уәлиханов

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Оқушыларды қазақтың көрнекті ғалымы Ш.Уәлихановпен таныстыру, оның өмірі, еңбегі, ғылымға қосқан үлесі жайында мағлұмат беру.

  • Дамытушылық: қазақтың ұлы ғалымдары жайындағы білімдерін одан әрі дамыту, ғылыми қызығушылықтарын ұлғайту, ұлы ғалымдардың еңбектерін өзі бетінше оқып үйренуге дағдыландыру.

  • Тәрбиелік: білім, ғылымға қызығушылықтарын арттыру, ұлы ғалымдардың еңбектерін оқу арқылы адамгершілікке, имандылыққа, білімділікке тәрбиелеу, олардың өмірін үлгі ету.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Ш. Уәлиханов, Г. Потанин, Ф. Достоевский суреттері, ғылыми карталар.

Сабақтың барысы.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын сұрау.

Өткен тақырыпты пысықтау мақсатында үй тапсырмасын тест сұрақтары арқылы тексеремін.

1. Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық күрес болған жылдар.

2. Кенесарының ата-бабалары.

3. Кенесары хан көтерілген жыл.

4. 1836—1838 жылдарда болған ішкі ордадағы көтеріліс басшыларының бірі, ақын.

5. Исатай Тайманұлы қазіргі қай облыстың жерінде дүниеге келді?

6. Бөкей ордасы қай өзендердің аралығында орналаскан?

III. Жаңа сабақ.

Алдымен сабақтың тақырыбын тақтаға жазып, оқушыларға негізгі мақсаты түсіндіріледі.

Жаңа сабақты оқушыларға сұрақ қоюдан бастаймын.

1. Шоқан туралы не білесіңдер?

2. Шоқанның аты ғылым мен мәдениеттің қандай саласымен байланысты деп ойлайсыңдар?

Осыдан кейін тақырыпты қыскаша түсіндіре бастаймын.

Шоқанның шын аты — Мұхаммедханафия. Шоқан Абылай ханның шөбересі екенін оқушылардың естеріне саламын. Шоқанның туып-өскен жері Құсмұрын және Сырымбет. Шоқанның жастайынан ғылым мен білімге құмартуына әкесі Шыңғыс сұлтан мен әжесі Айғанымның әсері мол болған.

Шоқан он екі жасында 1847 жылы Омбы қаласындағы Сібір кадет корпусына оқуға түседі. Бұл оқу орын патша өкіметіне қызмет ететін әскери саладағы офицерлерді дайындайтын. 1853 жылы Шоқан аталған оқу орнын корнет деген офицерлік шенмен бітіріп, әскери қызметке орналасады. Осыдан Шоқанның ғылыммен айналысуына жол ашылады. Ол көптеген ғылыми-зерттеу экспедицияларға қатысады. Қашқарияға жасаған сапары оның атын әлемге әйгілі етеді. Шоқан Ф.М.Достоевский, Г.Н.Потанин сияқты ғылым мен әдебиеттің белгілі өкілдерімен достасады.

Осылай түсіндіре келе оқушыларға Шоқанның өмірінен, ғылыми жолдарынан оқулықты пайдалана отырып дәптерге хронологиялық кесте жасау тапсырылады.

1. 1835 жыл - Шоқан дүниеге келді.

2.1847 жыл - Шоқан Омбыдағы Сібір кадет корпусына оқуға түседі.

3.1853 жыл - Шоқан Сібір кадет корпусын бітіреді т.б.

Бұдан кейін сынып оқушыларын екі топқа бөліп, Шоқанның өмірінен екі тақырып беріп шағын әңгіме жазуды тапсырамын.

Тақырыптар:

І-топқа: «Шоканның балалық шағы».

П-топқа: «Шоқан - көрнекті ғалым».

Жазып болғаннан кейін екі топтың жазған әңгімелерін бір-біріне алмастырып, пікір алысуға жағдай тудырады. Бұл әңгімені артынан қысқаша қорытындылап өтемін. Сонымен қатар қисынды әңгіме жазған оқушыларды бағалаймын.



Қорытынды кезең

Жаңа сабақты бекіту мақсатында оқушыларға өтілген тақырыпқа байланысты сұрақтар қоямын.



Бекіту сұрағының үлгілері:

1. Шоқанның жастық шағы қай өлкеде өтті?

2. Шоқанның ата-бабалары туралы не білесіңдер?

3. Шоқан Омбы қаласында қандай оқу орнында оқыды? Бұл оқу орнында қандай сала бойынша білім алды?

4. Шоқан қатыскан ғылыми-зерттеу экспедиқияларды ата.

5. Шоқанды әлемге әйгілі еткен қандай экспедиқия?

6. Шоқан ғылымның қандай салаларымен айналыскан?

7. Шоқан еңбектерін жарыққа шығарған академик кім?

Оқушылардың жауабын тыңдаған соң сабақты қорытындылаймын.

Шоқан Уәлихановтың өмірі өте қысқа болды. Бірақ сол қыска ғұмырында ол ғылым жолында өте көп табыстарға жетті. Тарих пен география, әдебиет пен этнография салаларында бірқатар ірі ғылыми еңбектер жазды. Санкт-Петербург қаласында Азия департаментінде қызмет атқарды. Қазақтардың арасында алғашқы болып Орыс географиялың қоғамының белсенді мүшесі болды. Шоқан орыстың алдыңғы қатарлы интеллигенция өкілдерімен жақсы қарым-қатынаста орнатып, достаса білді. Сонымен Шоқан Уәлиханов XIX ғасырдағы қазақтың біртуар ұлдарының бірі, ірі ғалым, ағартушы, қоғам қайраткері.



Бағалау:

Үй тапсырмасы.

1. 35-параграфты оқу.

2. Шоқан Уәлиханов жайында қосымша әңгімелер оқып келу. Мәселен, С.Бегалиннің «Бала Шоқан» повесі.

5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сабақтың тақырыбы: §36. Абай Құнанбаев-қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы.

Сабақтың мақсаты:


  • Білімділік: қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмірі, шығармашылық жолдары, Қазақ әдебиетіне сіңірген еңбегі жайында білім беру. Абайдың

қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы екеніне оқушылардың көзін жеткізу.

  • Дамытушылық: Абайдың еңбектерін насихаттау арқылы шығармашылық дағдыларын қалыптастыру, өткен тарихқа, әдебиетке, отанымыздың рухани мұраларына баға бере білуге үйрету, өз беттерінше шығармашылықтарын дамыта білуге дағдыландыру.

  • Тәрбиелік: Қазақтың бай әдебиетіне деген құрметке тәрбиелеу, Абай арқылы әдебиетке қызығушылықтарын ояту, адамгершілікке, имандылыққа, адалдықка тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас.

Әдісі: баяндау

Сабақтың көрнекілігі: Абайдың суреті, Семейдегі Ахмет Риза медресесінің суреті, Абай шығармалары (өлеңдер).

Сабақтың барысы.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

Үй тапсырмасын тест тапсырмалар арқылы он минуттай тексеріп шығамын. Тапсырма үлгілері:

1. Ш.Уәлихановтың өмір сүрген жылдары.

2. Шоқанның азан шақырып қойған аты.

3. Шоқан Омбыда қандай оқу орнында оқыды?

4. Шоқан Сібір кадет корпусын қандай әскери шенмен бітірді? т.б.

Тест тапсырмаларының саны он болады. Сонымен қатар оқушылардан Шоқан туралы қосымша оқып келгендерін сұраймын.

Оның артынан үй тапсырмасын қорытындылап өтіп, жаңа сабаққа кірісемін.

III. Жаңа сабақ:

Жаңа сабақтың тақырыбы алдын ала тақтаға жазылады. Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстырып өтемін.

Алдымен тақтаға «Абай» сөзін жазып коямын. Оқушыларға осы сөзді дәптерлеріне жазғызып жан-жағына не ойлайтындарын түсіремін.

Үлгі:

Абай

Бірнеше оқушыларды тақтаға өз ойларын түсіреді. Осы жазғандарын оқушылардың өздеріне қыскаша талдау жасатамын. Осыдан кейін мынадай сұрақ беремін.

1. Абай дегенде естеріңе не түседі?

2. Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер? Оқушыларға сонымен қатар Абайдың өлеңінен үзінді оқытамын. Осыдан кейін тақтаға түсірткен оқушылар ойларын негізге ала отырып сабақты түсіндіремін.

Абай Құнабайұлы 1845 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан (Семей) облысының Шыңғыстау өлкесінде дүниеге келген. Абайдың шын аты Ибрагим. Руы тобықты. Әкесі Құнанбай осы рудың басшысы, аға сұлтан болған. Абайдың зерек болып өсуіне шешесі Ұлжан мен әжесі Зеренің әсері мол болған. Абай кейіннен Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқып білім алады. Мұнда шығыстың ірі ғалымдары Фирдоуси, Низами, Науаи еңбектерімен танысады. Қалада болған кезінде орыс тілін шебер меңгереді. Көптеген орыс зиялыларымен танысып достасады. Бірақ Абайды әкесі Құнанбай ел билігіне араластыру үшін оқуын аяқтатпай ерте қайтарып алады.

Осы арада оқушыларға Құнанбай жайлы қысқаша әңгімелеп беремін.

Жас кезінен ел билігіне араласу Абайды ерте есейтеді. Осы кезден бастап Абай өлең жазумен айналысады. Оның өлеңдері жастарды білімге, ғылымға шақырады, халықтың сол кездегі нашар әлеуметтік хал-ахуалын суреттейді. Абайдың елуге жуық қара сөзінің аса зор философиялық мәні бар.

«Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі» деп аталатын үш поэма жазған. Орыс тілін жетік меңгеруі Абайдың орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударуына жол ашады. Абай Л. Толстой, А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, М.Е. Салтыков-Шедринді аударған. Абайдың талантты Мағауия, Акылбай, Өбдірахман атты ұлдары болған. 1904 жылы Абай қайтыс болады.

Бұдан кейін оқушыларға дәптерлеріне Абайдың кез келген өлеңінен төрт жол үзінді жазуды тапсырамын. Бес минуттай уақыт оқушыларға өздері жазған өлең шумақтары жайында ойларын айтқызамын.

Бұл өтілетін тақырыптың маңызын аша түсуге көмектеседі.



Қорытынды кезең

Сабақты бекіту мақсатында оқушыларға жазылған карточкалар таратамын.

Ондағы сұрақ үлгілері:

1. Абайдың қазақ әдебиетінде алатын орны.

2. Абайдың жан-жақты өсуіне әсер еткен орта туралы айт. Оқушылардың ойларын тұжырымдап қорытындылаймын.

Абай - қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, XIX ғасырдағы қазақ поэзиясының ірі өкілі. Абай өлеңдерінің әдебиетімізде алатын орны ерекше. Орыстың алдыңғы қатарлы зиялы өкілдерімен жақын араласуы Абайдың прогрестік жолына үлкен әсер еткен. Орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тілінде шебер сөйлете білді. Абай өмірінің ерекшелігін біз Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясынан оқып біле аламыз.



Бағалау:

Үй тапсырмасы:

1. З6-параграфты оқу.

2. «Абай жолы» романынан үзінді оқып келу.


5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сабақтың тақырыбы: § 37. Ыбырай Алтынсарин-ағартушы, педагог. /2 сағат/

Сабақтың мақсаты:


  • Білімділік: оқушыларға қазақтың ірі ғалымы, ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсарин туралы, оның еңбегі, шығармашылық мұрасы, ағартушылық қызметі жайында мағлұмат беру.

  • Дамытушылық: Ыбырай еңбектері туралы білімдерін одан әрі дамыту, танымдық көзқарастарын нығайту, шығармашылық ізденістерін жетілдіру.

  • Тәрбиелік: қазақтың ұлы тұлғаларының бірі Ыбырай еңбектерін үлгі ете отырып оқушыларды еңбекқорлыққа, адамгершілікке, іскерлікке тәрбиелеу, достық, ынтымақтықка баулу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Пәнаралық байланыс: география

Сабақтың көрнекілігі: Ыбырай суреті, еңбектері.

Сабақтың барысы.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын сұрау.

Тақтаға «Абай» сөзін жазып, бір парақ қағазға оқушыларға ассосация жасатамын (Абайға катысты сөздер жаздырамын). Оқушыларға осы жазғандарына түсінік беруге талап етемін.

Бұдан ары үй тапсырмасын тексеру мақсатында сұрақтар беріп, 3-4 оқушыдан жауап аламын. Кейбір оқушылардан «Абай жолы» романынан үйге берілген тапсырманы сұраймын.

Оқушылар жауабын толықтыра отырып үй тапсырмасын қорытындылаймын. Сонымен қатар өткен тақырыптың бүгінгі жаңа тақырыппен байланыстылығына қысқаша тоқталып өтемін.



III. Жаңа сабақ.

Жаңа сабақтың тақырыбы алдын ала тақтаға жазылып, Ыбырай Алтынсаринның суреті ілініп қойылады. Оқушылардың назарын осы суретке аударып жаңа сабақты сұрак қоюдан бастаймын.

1. Бұл сурет туралы не білесіңдер?

2. Ыбырайдың өлеңдері мен әңгімелері көбінесе не туралы жазылған?

Оқушылардан жауап ала отырып, Ыбырай өлеңдерінен үзінді оқытамын.

Осыдан кейін оқушыларға ойларына Ыбырай туралы не келеді соны жазып шығуды тапсырамын. Оқушылардың жазғандары ақын, мұғалім сияқты сөздер болады. Осыдан кейін оқушыларды жұпқа бөліп оларды тыңдаймын.

1. Ыбырай кім?

2. Оның қандай шығармасын білесің?

3. Ол көбінесе не жайлы жазған?

4. Ыбырай шығармасының кейіпкерлерінен кімді білесің?

Осындай сұрақтар төңірегінде оқушылар бір бірінің ойларын біледі. Осыдан кейін балалардың Ыбырай жайында кезектесіп айтқанын тақтаға жазып шығамын.

Осы жазылғандарды қорыта отырып жаңа сабақты түсіндіруге кірісемін.

Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының жерінде дүниеге келген. ( Оқушылардың назарын Қазақстан картасындагы Қостанай облысы және Торғай өлкесіне аударамын). 1857 жылы ол шекаралық комиссиясы жанындағы арнайы мектепті алтын медальмен бітіреді. Мектепті бітіргеннен кейін тілмаштық, ұстаздық қызметтер атқарады. 1864 жылдан бастап Торғайда қазақ балаларына арналған мектепте дәріс береді. Ұстаздың қызметте жүріп Ыбырай халықты оқу-білімге тарту, ағартушылық қызметтермен айналысады. Балаларға білім беруде кітаптың орны бөлек екенін түсінгенін ол, қазақ тілінде оқулық жазуды қолға алады.

1879 жылы жарық көрген «Қазак хрестоматиясы» Ыбырайдың қазақ тілінде жазған алғашқы оқулығы болды. Бұдан басқа Ыбырай қазақтарға орыс тілін меңгертуді де қолға алып осы бағытта бірнеше еңбектер жазады. 1879 жылы Торғай облысындағы мектептердің инспекторы қызметіне тағайындалған ол, ағарту ісіне білек сыбана кіріседі. 1887 жылы Ыбырай қазақ даласында алғаш Ырғыз жерінде қыздарға арналған мектеп-интернат ашады.

Осы уакыттар арасында Ыбырай өлең жазумен де айналысады. Оның өлеңдерінің негізгі тақырыбы еңбек, адамгершілік, достық, білім және ғылым ғылым жайында болды.

(Осы жерде шығармаларынан мысал келтіре кетемін).

Бұдан кейін оқушыларды үш топқа бөліп тапсырмалар беремін.

I топтың тапсырмасы. Ыбырайдың ағартушылық қызметпі жайлы өз ойларыңды айт.

II топтың тапсырмасы. Ыбырай өлеңдерінің негізгі мазмұны қандай мәселені қозғайды.

III топтың тапсырмасы. Ыбырайды қазақ әдебиетімен білім беру саласындағы алатын орны қандай?

Талқылауға 5 минуттай уақыт беремін. Сонымен қатар оқушыларға келесі топқа сұрақтар дайындау тапсырамын. Талқылап болғаннан кейін әр топтан бір оқушы жауап беріп екінші оқушы оны толықтырып отырады.

Әр топтың мүшелері дайындаған сұрақтарын келесі топ мүшелеріне қояды:

I топ? II топқа

II топ? III топқа

III топ? I топқа



Қорытынды кезең:

Алдымен үш топқа сұрақ қоямын.

1. Ыбырай туып-өскен жері, жастық шағы туралы не білесіңдер?

2. Білім беру саласында Ыбырай қандай істер атқарды?

3. Ыбырай шығармаларының мазмұны жайлы өз ойларыңды айт.

Оқушылар жауабынан кейін тақырыпты қысқаша қорытындылап, тақырыптың негізгі мәселелеріне тоқталып өтемін.



Бағалау:

Үй тапсырмасы:

1. 37-параграфты оқу.



Қорытынды қайталау.
Екінші бөлімді қайталау үшін сұрақтар мен тапсырмалар
1.Адамның пайда болуы туралы діни түсініктерді әңгімелеп беріңдер.
2.Алғашқы адамдар қашан және қай жерде пайда болған? Олар қалай тіршілік еткен?

3. Тас дәуірі қай уақытты қамтиды? Тас дәуірінің кезеңдерін сипаттап шығыңдар.

4.Қола дәуірінің басты ерекшеліктерін атап шығыңдар.
5.Сақтар тарихта қандай атаулармен белгілі болды, ол туралы деректер келтіріңдер? Сақтардың негізгі шаруашылығы туралы әңгімелеп айтып беріңдер.

6.Мөде шаньюйдік гщ мемлекетін құрудагы рөлі қандай? Құдіретті ғұн мемлекетінің ыдырауына қандай жағдайлар себеп болды?

7. «Түрік» атауы қандай мағынаны білдіреді? Көне түркі жазулары қалай зерттпеліп, ғылымға танылды?

8. Ұлы Жібек жолы қалай қалыптпасты? Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Қазақстан қалалары туралы әңгімелеп айтып беріңдер.

9. Неліктен әл-Фарабиді «екінші ұстаз» деп атайды? Сендер тагы басқа қандай ежелгі қазақ елінің ғалымдарын білесіңдер?

10.Ортатсырлық Қазақстан қалаларының сауда- экономикалық байланыстардағы рөлін сипаттап айтып беріңдер.

11. Қазақ халқының қалыптасуында қандай тайпалар маңызды рөл атқарды?
12. Қазақ хандығы қалай құрылды? Оның негізін салған хандар кімдер?

13. Қазақта ханды сайлауда қандай дәстур сақталды? Қазақтың қандай атақты хандарын білесіңдер?

14. Билер қандай әлеуметтік топқа жатады? Олар қандай қызмет атқарды?
15.Қазақтар мен жоңғарлар арасында болған қандай ірі шайқастарды білесіңдер? Қазақ батырларының қазақ-жоңғар соғыстары кезіндегі ерліктері туралы әңгімелеңдер.

16. Еліміздің Ресей бодандығын қабылдауына қандай жағдайлар себеп болды?
17. Абылайдың қазақ шекарасы мен қазақ хандығын нығайтудағы атқарған қызметі қандай?

18. Кенесары Қасымұлы, Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы басқарған ұлт- азаттық көтерілістердің себебі, қозғаушы күштері кімдер болды?

19. Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев қазақ даласында ғылым, білімнің дамуына қосқан үлесі қандай?
20. Абайдың қандай әндерін білесіңдер?

жүктеу 3,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау