Сабақ өткізу түрі: Дөңгелек стол Дәріс сабақтарға тапсырма:
Режиссерлық жаттығулар мен этюдтер. Этюдтің қойылымдық шешімін табу
Ұсынылатын әдебиеттер:
Генкин Д.М. Массовые праздники. М.: Просвещсние 1975.-144 с.
Жигульский К. Праздники и культура. - М.: Прогресс, 1965. - 108 с.
Камалова Н.К. Той - мерскслік салт-дәстүрлік өрекеттер. -Шымкент, ОҚМУ, 2002. 86 б.
Чечетин А.И. Основы драматургии тетарализованных представлении: Учебник для студентов ин-тов культуры.-М.:Просвещение,1981.-192с
сабақ. Режиссер жұмысындағы көркем-мәнерлеу құраладры
Сабақтың мақсаты: Музыка – драма театрындағы көркем-мәнерлеу элементі ретінде. Әр дәуірлердегі драма театрындағы музыка. Спектакльде музыка іріктеу барысында білуге тиісті музыкалық өнер жөніндегі жалпы түсінік. Режиссердің
қойылымдағы шу мен музыканы пайдаланудағы атқарылатын жұмыстар. Қойылымдарда радиодыбыстық аппаратуралармен жұмыс істеу ерекшеліктері.
Музыка мен шулар. Радиохабар құрылымында музыка мен шу композицияның жеке элементі ретінде орын алады және сөзбен, бір-бірімен тең дәрежеде қолданылады. Олар аудиоәңгіменің сюжеттік желісін, атмосферасын, өзіндік мазмұнын жеке дара таныта алады.
Радиохабардағы әрбір музыкалық және шу фрагменттерінің орнын және негізгі атқарар қызметін анықтау өте жауапты жұмыс, бұл істе радиорқызметкерлерінен кәсіби білім пен үлкен жауапкершілік талап етіледі.
Сабақ өткізу түрі: Тақырыптық пікірталас. Дәріс сабақтарға тапсырма
Музыка мен шулар радиохабар құрылымында адам сөзін алмастырып тұрса, онда олар төмендегідей қызметтер атқарады:
Оқиғаның болған жері мен мерзімін білдіреді.
Оқиғаның уақыт пен кеңістіктегі қозғалысын таныту.
Суреттеп отырған оқиғаның эмоционалдық мінездемесін ашып көрсету.
Журналистің немесе оқиғаға тікелей қатысқан адамдардың психологиялық жағдайын суреттеу. Кейіпкерледің сезімі мен ой тебіреністерін, жан-дүниесіндегі толқуларды жеткізуде музыка мен шуды астарлап қолдану.
Музыка – шындықты дыбыстық көркем образда бейнелеуші өнердің түрі, дыбысталған жанды сөз болғандықтан тыңдаушылардың эмоциясына әсер етеді, сонымен қатар радиокоммуникацияның уақытшалық мінездемесіне сәйкес келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |