Бақылау сұрақтары:
1.Бағдарламаның музыкалық шапкасы;
Дыбыстық декорация – тарихи ортаны анықтау, қозғалыстың, оқиғаның болған жерін таныту;
Дыбыстық фон ретінде қолдану, мәтіннің дыбыстық ырғағын айқындау (ақпараттық хабарларды жиі қолданылатын тәсіл);
Дыбыстық атмосфераны бейнелеу, кейіпкердің көңіл-күйін, жан толғанысын, оқиғаның жалпы болмасын аша түсу;
Дыбыстық образ жиынтығын қалыптастырудың көркемдік тәсілі;
Хабарда суреттелетін оқиғалардың арасын бір-бірімен жымдастыра байланыстыру.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Генкин Д.М. Массовые праздники. М.: Просвещсние 1975.-144 с.
Жигульский К. Праздники и культура. - М.: Прогресс, 1965. - 108 с.
Камалова Н.К. Той - мерскслік салт-дәстүрлік өрекеттер. -Шымкент, ОҚМУ, 2002. 86 б.
Чечетин А.И. Основы драматургии тетарализованных представлении: Учебник для студентов ин-тов культуры.-М.:Просвещение,1981.-192с
Сабақтың мақсаты: Мизансцена – режиссер тілі. Мизансцена әрекет пен оқиғаның пластикалық бейнесі ретінде. Мизансцена жасаудағы негізгі әдістер. Жанастыру.
Топтастыру. Әрекеттің темпоритмі. «Темп», «Ритм», «Темпоритм ұғымдарының мәні». Қойылым темпоритмінің ондағы басты міндетпен өзара байланысы. Метафора, гипербола, аллегория режиссурадағы шарттылық.
Мизансцена (фр. mіse en scene – сахнада орналасу) – актерлердің спектакль кезінде сахнадағы орны. Мизансцена – пьесаның идеялық мазмұнын бейнелі түрде көрсететін басты құралдардың бірі. Бір-бірін үздіксіз ауыстырып отыратын мизансценаларда кейіпкерлердің мінез-құлқы мен қарым-қатынастары айқындалады. Мысалы, тұрмыстық драма өмірдегі табиғи, қарапайым мизансценаны, ал көңілді комедия қимыл-қозғалысы мол, жеңіл мизансценаны қажет етсе, классикалық трагедия қатал да қатаң мизансценаны талап етеді.
Мизансцена спектакльдің стилі мен жанрына қарай құрылады. Мизансценаның жүйесі арқылы режиссер спектакльге арнайы пластикалық форма береді. Мизансцена режиссердің ойын нақты жеткізіп, актерлердің жан дүниесін ашу арқылы спектакльдің талаптарына толық жауап беруі тиіс. Мизансценаның орындалу барысы театр суретшісінің жұмысымен тығыз байланысты
Сабақ өткізу түрі: Тақырыптық пікірталас.
Дәріс сабақтарға тапсырма: Театрландырылған ойын-сауық драмасы мен сценариіндегі ортақ және жалпылама ерекшеліктерін білу.Сабақ барысында тақырыптық пікірталасқа түсе отырып мемлекеттік мерекелердің бірнешеуінің идеялық-тақырыптық негіздемесін жасауы тиіс.Оқытушы студенттердің іс-шараға драматургиялық талдау жасауына бағыт беріп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |