57
Тапсырмалар:
1.
Крахмалданған матаны алып, ортасына әріп жазыңдар.
2.
Дәкені алақандарыңа 2-3 минут қысып ұстап, сосын оғанн йод
ерітіндісін салыңдар. Дәке қалай боялды?
Мұғалімнің әрекеті: Тістің түрлері мен құрылысы, сілекей бездері,
сілекей бездеріні
ң реттелуі туралы ма ғұлматты қысқаша баяндап,
көрнекіліктерді пайдалана отырып, түсіндіру.
Оқушының әрекеті:
1.
Оқушылар өздерінің қалауы бойынша құлақ тазалағышты алып, өзінің
сілекейімен ұнаған әріптерін немесе өз атының алғашқы әрібін жазады.
2.
Тaпсырма бойынша дәкеге2-3 минуттан кейін йод ерітіндісін салады.
Дәкеге жазылған әріптері қалай көрінді, себебі неде екендігін айтып
береді.
«Шығармашылық тапсырма»
Неліктен нанды ұзақ шайнағанда тәтті дәм шығады?
Бағалау
•
Тапсырманы мұқият орындауына және дәлелдей алғанына.
•
Шығармашылық тапсырманың жауабын тапқандығына қарай бағалау.
Үйге тапсырма: «Қайнатылған крахмалға сілекейдің әсерін байқау»
тақырыбына байланысты шығармашылық тапсырма ойластырып келу.
Сабақ жоспары
Сынып: 11
Сабақтың тақырыбы: Организмдердің тіршілік ортасына бейімділігін
зерттеп білу
Сабақтың мақсаты: бейімділіктің пайда болуы мен түрлері туралы
түсінікті қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері:
1.
Бейімділіктің пайда болуы мен түрлері туралы білімді қалыптастыру.
2. Органимдердің қоршаған ортаға бейімде луі туралы түсінігін дамыту
негізінде анализ жасау және ойлау дағдыларын, топта жұмыс жасай отырып,
оқшаулану себептерін зерттеудегі құзіреттіліктерін дамыту.
3. О
қушылардың биология сабақтарында өз бетімен білім алу
жауапкершілігін арттыру негізінде белсенділігін қалыптастыруға әсер ету.
Сабақ типі: жаңа материалды зерттеу және білімді бекіту.
Әдістер мен тәсілдер: проблемалық, зерттеу, әңгімелесу, көрнекілік,
практикалық-логикалық байланысымен.
Оқу қызметінің формалары: фронтальды, жеке, жұптық, топтық.
Сабақтың жоспары.
І. Қызығушылықты ояту.
ІІ. Мағынаны тану.
ІІІ. Толғаныс.
І. Қызығушылықты ояту. «Автор орындығы » стратегиясы. Оқушы
орындыққа отырады, оған класс сұрақ қояды, олар жауап береді. Жақсы жауап
58
берген оқушыларға 3 рет шапалақпен марапат көрсетіледі.
1. Гендер дрейфі дегеніміз не, оны кім ашты?
2. Гендер дрейфі нәтижесі қандай болмақ?
3. Популяциялық толқын құбылысын кім, қашан ашты?
4. Популяциялық толқындар қандай себептерге байланысты болады?
5. Популяциялық толқындардардың эволюциялық мәні қандай?
6. Оқшаулану түрлерін ата.
ІІ. Мағынаны тану. Мұғалімнің тақырыпқа кіріспе сөзі:
Организмдер эволюция барысында
өзін қоршаған ортаға бейімделеді.
Бейімділік организмдердің нақты ортада тіршілік етіп, ұрпақ қалдыруын
қамтамасыз ететін жаңа қасиеттер мен ерекшеліктердің пайда болуы. Мысалы,
құстардың ұшуға, кейбіреулерінің суда жүзуге бейім болуы, көртышқандардың
күрек тістері және алдыңғы аяқтары мықты болғандықтан жерді қазуы, кит пен
дельфиннің суда жүзуге денелерінің ыңғайлылығы, өсімдіктердің кейбіреуі
қуаңшылыққа, ал кейбіреуі ылғалды ортаға бейімделуі т.б. Қазір біз
сабағымызды ары қарай зерттеу үшін «Түртіп алу» стратегиясымен жұмыс
жасаймыз (4-кесте). «Бейімділік т
үрлері » мәтінімен таныса отырып,
қарындашпен бұрыннан білетініңді құс қанаты –V белгісімен, жаңалықты +,
келіспейтініңді -, сұрағың болса ? белгілерін жол жиегіне қойып белгілейсіңдер.
Осыған 5 минут уақыт беріледі.
4-
кесте - «Түртіп алу» стратегиясы
Бұрыннан білемін
V
Мен үшін жаңалық
+
Келіспеймін
-
Сұрағым бар
?
Одан со
ң алдымен бұрыннан білетінің, содан соң жаңалықты,
келіспейтінін, сұрағын айтады.
Бейімділік түрлері
Қорғаныш рең. Жануарлардың немесе ұсақ жәндіктердің тіршілігін
сақтап қалуын қамтамасыз ететін дене жамылғыларының кез-келген реңі
қорғаныш рең деп аталады. Қорғаныш реңнің бірнеше түрлері: жасырушы,
бөлшектену, сақтандырушы, қауіп төндіруші, еліктеуші бар.
Жасырушы рең. Көптеген көбелектер мен қоңыздардың қанаттарының
немесе денесінің түрлі түсті болуынан оларды сәйкес өсімдіктер арасы нан
ажырату қиын. Солтүстікте жануарлардың көпшілігінің түстері ақ болып
келеді. Мысалы, а
қ аю, аққұр. Кейбір жауарлардың дене пішіні мен реңі
айналасындағы заттарға ұқсайды. Мысалы, тропиктік орманда тіршілік ететін
жыландарды ондағы лианалардан ажырату мүмкін емес. Судағы қалың өскен
балдырлар арасынан теңіз атбасы мен инебалықты ажырату да оңайға түспейді.
Мүркөбелек
жұлдызқұрты
бұтаққа,
Бразилияда
тіршілік
ететін
жапырақбалықтың рені мен пішіні жапыраққа ұқсайды.
Бөлшектену реңі. Орманды, далалы жерлердегі жануарларды
ң
денелерінің жамылғысы жолақты немесе теңбілді болып, ағаштар мен
59
шөптердің арасынан байқалмайды. Мысалы, зебра, жираф, жолбарыс, жылан,
кейбір құстардың жолақты және теңбіл түстері жарық пен көлеңкенің тез
алмасып отыруына сәйкес келеді.
Сақтандырушы рең - көбінесе улы, жағымсыз иіс бөлетін және шағатын
жәндіктерге тән. Ханқызы жағымсыз сұйықтық бөлсе, өлексе қоңызы, шағатын
сона аралар ашық реңдеріне байланысты жауларынан қорғана алады.
Қауіп төндіруші рең. Улы жылан, плащты кесіртке т.б. айбат шегуіне
байланысты көзге түседі. Олар улы зат бөлетіндіктен жаулары жемейді.
Еліктеуші рең. Бейімділіктің бұл түрі қорғана алмайтын жәндіктерде
байқалатын мимикрия жатады. Кейбір қауіпсіз жәндіктер пішіні, реңі
тұрғысынан улы, қауіпті жәндіктерге ұқсайды. Мысалы, шағатын шыбын араға,
улы емес жыландар улы жыландарға ұқсайды.
Тақырып бойынша сергіту тренингі (мұғалім мәтінді оқиды, оқушылар
қимылмен көрсетеді):
Дельфиндер суда жүзеді, денелері торпедо тәрізді болғандықтан, су тез
ағып кетеді. Кенгурулар - секіруден «Әлем чемпиондары». Артқы аяқтары
алдыңғыларына қарағанда ұзын әрі күшті. Олар секіріп, жерге қонғанда өте
жұмсақ болады, себебі олардың аяқтары пружина секілді жұмыс жасайды.
Жирафтың биік бойы өсімдіктердің жоғары ярусындағы жапырақтармен,
гүлдермен қоректенуіне мүмкіндік береді. Оларды алу үшін ол арқты
аяқтарымен тұрып, басын 7 метрге дейін созады. Өсімдіктер қаңшылыққа
төзімді және ылғал сүйгіш болып бөлінеді. Жас өсімдік бұтағы әлсіз
болғандықтан жел болса біресе оңға, біресе солға қозғалады.
Көртышқандардың күрек тістері және алдыңғы аяқтары мықты болғандықтан
жерді қазады. Құстар ұшуға бейімделген. Осылай организмдер қоршаған орта
жағдайларына бейімделеді.
ІІІ. Толғаныс.
1. Бейімділіктің мысалдарын олардың мінездерімен байланыс тыру
(жұптық жұмыс):
Ақ аюдың дене жамылғысының түсі
Жирафтың түсі
Ханқызының сұйықтық бөлуі
Жұлдызқұрттардың ашық дақтары
Көртышқандардың күрек тістері мен
аяқтары
Дельфиннің суда жүзуі, дене пішіні
Мүркөбелек жұлдызқұртының бұтаққа
ұқсауы
Улы жыландардың айбат шегуі
Шыбынның араға ұқсауы
Жасырушы рең
Бөлшектенуші рең
Мимикрия
Сақтандырғыш рең
Физиологиялық бейімделу
Қауіп төндіруші рең
Жауабы:
Ақ аюдың дене жамылғысының түсі - жасырушы рең.
60
Жирафтың түсі - бөлшектенуші рең.
Ханқызының сұйықтық бөлуі - сақтандырғыш рең.
Көртышқандардың күрек тістері мен аяқтары - физиологиялық бейімделу.
Дельфиннің суда жүзуі, дене пішіні - физиологиялық бейімделу.
Мүркөбелек жұлдызқұртының бұтаққа ұқсауы - жасырушы рең.
Улы жыландардың айбат шегуі - қауіп төндіруші рең.
Шыбынның араға ұқсауы – мимикрия.
2. Биологиялық диктант. Солтүстікте өмір сүретін жануарлардың дене
жамылғысы ... ақ түсті болады, мүркөбелектің жұлдызқұрты ... ұқсайды,
зебраның теңбіл түсі ... байланысты, сақтандырғыш рең ... жәндіктерге тән,
плащте кесірткенің айбат шегуі ... реңге жатады, шыбынның араға ұқсауы ...
реңге жатады.
Жауабы: ақ, бұтаққа, мекен ортасына, улы, жағымсыз иіс бөлетін
жәндіктерге, қаіп төндіруші рең, еліктеуші рең.
«
Галереяға саяхат» стратегиясы. І топ кестені толтырады (5-кесте):
5-
кесте - «Галереяға саяхат» стратегиясы
Реңнің түрлері
Маңызы
Мысал
1. Жасырушы рең
2. Сақтандырушы рең
3. Бөлшектену реңі
4. Еліктеуші рең
5.
Қауіп төндіруші рең
ІІ топ организмдерді
ң тіршілік ор тасына бейімділік белгілерін
суреттер (дельфин, тигр, жираф, ақ аю, кактус, инелік, аса ылғалдылықта
өмір сүретін өсімдік) бойынша анықтау, кесте толтыру (6-кесте).
6-
кесте - Организмдердің тіршілік ортасына бейімділік белгілерін анықтау
р
/
с
Организм атауы
Мекен ортасы
Бейімділік белгілері
1
2
3
4
5
6
ІІІ топ бейімділік түрлеріне кластер жасайды.
Барлық топ жұмыстары жарға, тақтаға ілініп, балалар оларды аралап
жүріп, стикерлерге 2 жұлдыз 1 тілек жазу арқылы бағаларын береді.
1. Оқушылардың өздерін -өзі бағалауына тренинг: «Менің үйренгенім...»
(4 сабақта не үйренгені туралы), «Ертеңнен бастап...» (Неге назар аудару керек
61
екенін, неге әлі де болса қол жетпеді) айтады.
2. Оқушылардың бір -бірін бағалауы галереяға саяхат, эсс елері негізінде
анықталады.
3. Топтардың бір-бірін бағалауы (бағалау парақшалары арқылы).
Үйге тапсырма:
«
Организмдердің тіршілік ортасына бейімділігін зерттеу» тақырыбында
видео ролик дайындау.
62
Қорытынды
Биология пәнінен зертханалық және практикалық сабақтар – оқушылардың
танымдық қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғызады, оқушылардың ойын
дамытады,өз бетінше іздеп жаңа білімді игеруге ықпал жасайды.
Биология пәнінен зертханалық және практикалық сабақтар өткізу ауыл
оқушыларына толыққанды бейіндік білім бере отырып, жа
ңа ақпараттық
технологияларды меңгертіп шығару міндетін шешсе, екінші жағынан әрбір
оқушының әртүрлі білімге деген қажеттіліктерін қанағаттандырады, оқушы
өзінөзі дамытады, сапалы білім алады. Практикалық жұмыс оқу-тәжірибе
алаңдарында өткізіледі және ол теориялық бағытта ғана емес, практикалық
бағытта да болады. Шағын жинақты мектеп оқушылары ауылшаруашылық
жұмыстарына дағдыланып, теориялық талдауды біліп, түсініп алады.
Ұйымдастырудың бұл формасы оқушылардың ой еңбегін ғана емес, еңбек
операцияларын орындауды қажет ететін дене қызметін талап етеді.
Оқу-тәжірибе алаңында будандық әдіс, тұқымқуалаушылық заңдары,
гетерозис, полиплоидия, мутагенез, селекция
әдістері, организмнің ортамен
байланысы, биологиялық құбылыстардың мезгіл-мезгілдігі тәрізді ұғымдарды
нақтылап, жеңіл меңгеруге мүмкіндік туғызатын оқу сипатындағы тәжірибелер
жасалады.
Теория мен практиканы
ң байланыс принципі зертханалық және
практикалық жұмыстар арқылы барынша толық іске асырылады. Белгілі
жағдайлардағы өсімдіктердің дамуына жасалған тәжірибелер мен бақылаулар
оқушылардың
ғылыми-теориялық
қағидалардың
ауылшаруашылығы
өндірісінің практикасында зор мәні болатындығына көзін жеткізуге мүмкіндік
береді. Оқушылар практикалық әрекет барысында теориялық білімге сүйену
арқылы жұмысты ойланып істейтін болады. Практикалы
қ жұмыстың
құндылығы сол оқу тәрбиелік маңызы ерекше, себебі жұмысты орындау
барысындағы мақсатқа жету, міндетті шешу үшін оқушы өзінің алған
теориялық білімін іске асырады, біліктілік механикалық түрде дамымай алған
білімге сүйенеді. Сондықтан бұл жағдайдағы практикалық жұмыс білімнің көзі
болады. Ресурсты
қ орталықтарда практикалық жұмыс тіптен жоғары
сыныптардың өзінде де «өзбетілік зерттеуге» айналуы мүмкін емес. Оқушының
өзбетілік еркіндігін дамыту біртіндеп жүруі керек. Ол оқушының практикалық
жұмысты орындай алу біліктілігінің дамуы барысында мұғалімнің
басшылығымен жұмысты жеке процестерге жіктеп, әр оқушының қолына
нұсқау – тапсырма беріледі. Дұрыс өткізілген практикалық жұмыс оқушыларды
біраз логикалық операцияларды жасауға мәжбүр етеді. Мәселен, ұқсастық және
айырмашылықты, классификациялауды, қорытынды жинап шолу, ой
тұжырымын жасау.
Әсіресе, шағын жинақты мектеп жағдайындағы ресурстық орталықтардағы
биология пәнінен зертханалық және пркатикалық саба қтар оқушыларды ауыл
шаруашылығындағы кәсіптік қызметке даярлайды.
63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080
қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта
білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты.
2
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы
3 сәуірде №115 бұйрығымен бекітілген «Жаратылыстану» білім са ласы
пәндерінің оқу бағдарламаcы.
3
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылдың 17
қыркүйегіндегі №375 бұйрығы «Шағын жинақты мектеп және тірек мектебі
(ресурстық орталық) қызметін ұйымдастырудың типтік ережесі.
4
Әлиева Б. Оқыту стратегиялары. // Биология және салауаттық негізі.
2006.
№3 (21), -Б. 39-42.
5
Мырзабаев А.Б. Биологияны оқыту әдістемесі: Оқу құралы . -Қарағанды,
ЖШС «САНАТ-Полиграфия» баспасы, 2006. -344 б.
6
Мырзабаев А.Б. О
қушылар шығармашылығын дамыту (биология,
экология, валеологияны оқыту мысаланда). -Қ.: Санат. 2002.
7
Верзилин Н.М., Корсунская В.М. Общая методика преподавания
биологии. –М.: «Просвещение», 1987.
8
Байбородова Л.В., Лаптева Т.В. Методика обучения биологии. –М.:
«ВЛАДОС», 2003.
64
Мазмұны
Алғы сөз .................................................................................................
3
1
«Биология» пәнінен зертханалық және практикалық
сабақтарды өткізудің әдістемелік ерекшеліктері.........................
6
2
«Биология» п
әнінен зертханалық және практикалық
сабақтарды өткізудің тиімді тәсілдері………..……………………
23
2.1
Биология пәнінен зертханалық және практикалық сабақтарды
ресурстық орталықтарда ұйымдастыру әдістемесі, оның ғылыми
негізі.........................................................................................................
35
2.2
Биологияны оқытудағы білімді бағалаудың маңызы.......................
37
3
«
Биология» пәнінен зертханалық және практикалық сабақтар
үлгілерін әзірлеу..................................................................................
41
3.1
«Генетика ж
әне селекция негі здері» б
өлімін қайталау
сабағындағы практикалық жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесі
……………………………………………………………......................
41
3.2
«Тұқымқуалаушылықтың негізгі заңдылықтары» тарауын
қайталау сабағындағы практикалық жұмыстарды өткізу
әдістемесі………………………………….............................................
50
3.3
Биология пәнінен зертханалық сабақтардың сабақ жоспарлары.
54
Қорытынды .......................................................................................... 62
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………………..... 63
65
Биология пәнінен зертханалық және практикалық сабақтарды өткізу
Әдістемелік құрал
Басуға 30.07. 2014 ж. қол қойылды. Пішімі 60×84
1/
16
.
Қағазы офсеттік. Офсеттік
басылыс.
Қаріп түрі «Times New Roman». Шартты баспа табағы 4,0.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» РМҚК
Достарыңызбен бөлісу: |