Сабақтарды өткізу әдістемелік құрал


  Биология пәнінен зертханалық сабақтардың сабақ жоспарлары



жүктеу 0,72 Mb.
Pdf просмотр
бет24/25
Дата01.12.2017
өлшемі0,72 Mb.
#2566
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

54 

3.3 

Биология пәнінен зертханалық сабақтардың сабақ жоспарлары  

 

Сыныбы: 7  

Сабақтың  тақырыбы:  Құстарды  топқа  бөлу.  Құс  шаруашылығы. 

«

Құстардың сыртқы құрылысы мен қаңқасы».  



Сабақтың түрі: Жаңа-зертханалық сабақ.  

Сабақтың  мақсаты: 

Құстардың 

топқа 

бөлінуімен 



олардың 

шаруашылықта  қолданылуымен  таныса  отырып,  құстардың  сыртқы 

құрылысымен таныстыру.  

Сабаққа қолданылатын құрал-жабдықтар: «Құстардың алуан түрлілігі» 

плакат, Құс қауырсынының түрлері, «Құс шаруашылығы» видеоролик.  



Мұғалімнің қолданатын әдіс-тәсілдері:  

1. 


Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер (диалогтік оқыту);  

2. 


Сыни тұрғыдан оқытуға үйрету;  

3. 


Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;  

4. 


АКТ;  

5

. Талантты және дарынды балаларды оқыту;  



6. 

Оқуды басқару және көшбасшылық.  



 

Сабақтың жүру барысы  

 

Ұйымдастыру кезеңіндегі әрекеттер:  

Мұғалім:  Оқушылармен  сәлемдесу,  Оқушыларды  түгендеу  Топқа  бөлу 

(

әртүрлі түстер арқылы).  



Оқушылар:  Оқушылар  орындарынан  тұрып  сәлемдеседі.  Кезекші  оқушы 

сыныптағы  жоқ  оқушыны  айтады.  Берілген  түстерге  байланысты  4  топқа 

бөлінеді.  

Тапсырмалар. Сабақтың негізгі бөліміндегі тапсырмалар мен әрекеттер.  

А) 1- топқа тапсырма: Қыртөссіз немесе жүгіретін құстармен жұмыс.  

2-

топқа тапсырма: Жүзетін құстармен жұмыс.  



3-

топқа тапсырма: Қыртөсті құстармен жұмыс.  

Б) Әр  топ  өзінің  жұмысын  таныстыру .  Басқалары  оның  жұмысын 

қадағалау.  



Мұғалімнің әрекеті:  

А) әр топқа тапсырмаларды таратып, орындалу тәртібін түсіндіру.  

Б) Оқушылардың жауаптарын тыңдап, қателіктер жіберілсе келесі топтың 

оқушыларының дұрыстауына мүмкіндік беру.  



Оқушының  әрекеті:  А)  Берілген  тапсырмаларды қағаз  бетіне  түсіріп, 

бірін-бірі тексереді.  

ә)  әр  топтан  спикер  сайланып,  оқушылардың  алдында  тапсырманың 

жауабын талдайды, қалған  оқушылар сол тапсырманың жауабын толықтырып, 

қатесі болса түзетеді (10-минут).  

«

Құс шаруашылығы» туралы видеоролик көрсетіледі.  

Оқушыларға сыни ойлауға арналған тапсырмалар таратылады.  

1. 

Сен құс  шаруашылығын  ашатын  болсаң  пайданы  қай  жағынан 




55 

қарастырасың?  Осы  сұрақтың  айналасында  шағын  пікір  талас  айтылады. 

Мысалы: жұмыртқасын сатудан, балапан басқызып сатудан, т.б.  оқушылардың 

жауаптарынан мұғалім күтпеген жаңалықты іздеу(15 минут).  

2. 

№21  зертханалық  жұмыс :  Құстардың  сыртқы  құрылысы  мен 



қаңқасы.  

Зертханалық  жұмыстың  орындалу  тәртібі  жазылған  парақтар, 

қауырсынның түрлері таратылады (13 минут).  

3. 


Зертханалық жұмысты пысықтауға арналған сұрақтарға жауап алу.  

Жылдам жауап:  

• 

Мамық деген не? Көрсетіңдер.  



• 

Ұшатын құстың қыртөсін көрсетіңдер?  

• 

Құстың дене бөлігін атаңдар?  



• 

Құстың көз ұясы туралы не айтасыңдар?  

• 

Пәр деп нені айтамыз?  



Қаламша мен сояудың айырмашылығы (1-2 минут).  

Бағалау  Топтық  жұмыстың  орындалуы  бойынша  критерий  арқылы  бірін 

бірі бағалайды және мұғалім бағалайды.  

1. 

Құстарды топқа бөлу бойынша жасаған жұмыстарына.  



2. 

Құс шаруашылығына берген маңызды жауабына.  

3. 

Зертхана жұмысын сапалы орындағандығына.  



Осы  жұмыстарды  жеке  бағалап,  ортақ  қорытынды  бағаны  шығару   (3-

минут).  

Үйге тапсырма: «Құстарды топқа бөлу. Құс шаруашылығы. «Құстардың 

сыртқы  құрылысы  мен қаңқасы »»  тақырыбына  арналған  шығармашылық 

тапсырма ойластырып келу.  

 

Сыныбы: 6  

Сабақтың тақырыбы: Жапырақтың сыртқы құрылысы.  

Сабақтың түрі: Зертханалық сабақ.  

Сабақтың мақсаты: Жапырақтың сыртқы құрылысымен (морфологиясы) 

танысу.  



Сабаққа қолданылатын құрал-жабдықтар: «Жапырақ түрлері» плакат.  

Арнайы дайындалған жапырақтардың жиынтығы.  



Мұғалімнің қолданатын әдіс-тәсілдері:  

1. 


Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер (диалогтік оқыту);  

2. 


Сыни тұрғыдан оқытуға үйрету;  

3. 


Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;  

4. Талантты және дарынды балаларды оқыту;  

5. 

Оқуды басқару және көшбасшылық.  



 

Сабақтың жүру барысы  

Ұйымдастыру кезеңіндегі әрекеттер:  

Мұғалім. Оқушылармен сәлемдесу ,Оқушыларды түгендеу.  

Оқушы.  Оқушылар  орындарынан  тұрып  сәлемдеседі.  Кезекші  оқушы 


56 

сыныптағы жоқ оқушыны айтады.  



Сабақтың негізгі бөліміндегі тапсырмалар мен әрекеттер  

Тапсырмалар:  

1. 


Әртүрлі өсімдіктердің жапырақтарын іріктеңдер.  

2. 


Іріктеген  жапырақтарыңды  зертханалық  жұмыстың  барысы  бойынша 

сипаттап  жазыңдар.  Өздеріне  ұнаған  жапыр ақтың  суретін  дәптерлеріңе 

салыңдар.  

Мұғалімнің әрекеті:  

Жапырақтардың жиынтығын оқушылардың арасына тастайды.  



Оқушының әрекеті:  

1. 


Оқушылар  бірлесе  отырып,  іріктейді,  Мыс:  сағақты,  сағақсыз;  жиегіне 

қарай; жүйкесіне қарай, пішініне қарай жіктейді.  

2. 

Зертханалық жұмыстың талабы бойынша тапсырманы орындайды.  



Ұнаған жапырақтың суретін салып, сызық арқылы жапырақ элементтерін 

көрсетіп жазады.  



«Шығармашылық тапсырма»  

Жапырақтарды пайдаланып, сыйлық дайындаңдар.  



Бағалау  

• 

Жапырақтарға қателеспей морфологиялық талдау жасағаны бойынша.  



• 

Шығармашылық тапсырманы ойлап жасағандығына қарай.  

• 

Уақытты үнемді пайдаланғанын да ескере отырып бағалау.  



Үйге тапсырма: Жапырақтың барлық түрін пайдаланып пейзаж жасау.  

 

Сыныбы:8  

Сабақтың  тақырыбы:  Қайнатылған  крахмалға  сілекейдің  әсерін 

байқау.  

Сабақтың түрі: Жаңа – зертханалық сабақ.  

Сабақтың  мақсаты:  Ауыз қуысында  астың  қорытылуын  мәтін  арқылы 

түсіне отырып, практикада көз жеткізу.  



Сабаққа қолданылатын құрал-жабдықтар:  

«Ас қорыту мүшелері» плакат.  

«Тістің құрылысы» муляж.  

Крахмал, дәке, құлақ тазалағыш, йодтың әлсіз ерітіндісі.  



Мұғалімнің қолданатын әдіс-тәсілдері:  

1. 


Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер (диалогтік оқыту);  

2. 


Сыни тұрғыдан оқытуға үйрету;  

3. 


Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.  

 

Сабақтың жүру барысы  

 

Ұйымдастыру кезеңіндегі әрекеттер:  

Мұғалім. Оқушылармен сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу.  

Оқушы:  Оқушылар  орындарынан  тұрып  сәлемдеседі.  Кезекші  оқушы 

сыныптағы жоқ оқушыны айтады.  



Сабақтың негізгі бөліміндегі тапсырмалар мен әрекеттер:  


жүктеу 0,72 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау