51
Сабақтың барысы:
I.
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, жинақтау, оларды сабаққа бейімдеу.
ІІ. Өтілген материалдарды қайталау
Сабақ Г. Мендель, Т. Морган өмірба яны, тәжірибелері туралы мәлімет.
«
Бой сергіту», «Бөшкеден шыққан шарлар», Жұмбақтас (есептер шығарту),
«
Сен – маған, мен – саған» кезеңдері бойынша өтілді.
Оқушылар «Алғырлар» мен «Тапқырлар» атты екі ұжымдық топқа
бөлінеді. Жауаптарын әділ қазылар алқасы бағалап отырады. Тақтаға бағалау
парағы ілініп, әр кезеңнен алған бағалар жазылып отырады. Әр кезең 5 ұпаймен
есептелінеді. Бірінші кезеңде топ басшылары өздерін таныстырады.
І топ «Алғырлар»
Ұраны: « Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады»
ІІ топ «Тапқырлар»
Ұраны: « Шешеннің сөзі өткір, тапқырдың ойы ұшқыр»
Сонымен «Бой сергіту» кезеңінде топтарға 5 сұрақтан қойылады. Оларды
талдауға уақыт беріледі, яғни «Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің
негізгі заңдылықтары » тарауын қайталау мақсатында сұра қтарға оқушылар
мүмкіндігінше тез жауап беруі қажет.
І кезең. «Бой сергіту»
«
Алғырлар» тобына:
1. Генетика ғылымы нені зерттейді?
2. Г. Мендель не себепті зерттеу жұмыстарына бұршақ өсімдігін алды?
3. Гибридологиялық әдістің ерекшелігі неде?
4. Мына терминдерге анықтама беріңіздер: генотип, фенотип, гомозигота,
гетерозигота. Моногибридті шағылыстыру деген не?
«
Тапқырлар» тобына:
1.
Мендельдің біркелкілік заңының мәні неде?
2.
Ажырау заңының мәні неде?
3.
Мына терминдерге аны
қтама беріңіздер: доминанттық ж
әне
рецессивтік, аллельді гендер.
4.
Талдай шағылыстыру деген не?
5.
Дигибридті шағылыстыру деген не?
«
Бір нәрсеге, не өнерге талпыну үшін адамға алдымен табандылық керек»
деп ұлы Әл -Фараби айтқандай, ойланып сұрақтарыңызға нақты жауап беруге
тырысыңыздар.
ІІ кезең. Бөшкеден шыққан шарлар
Топ мүшелері бөшкеден шыққан нөмірлері бар шарларды алады. Әр
нөмірге жеке сұрақтар жазылады. Топ ішінде талқылап, топ басшылары жауап
береді.
1. Тәуелсіз ажырау заңына анықтама беріңіз.
52
2. Пеннет торын пайдалана отырып, екінші ұрпақтағы белгілердің ажырау
заңдылығын түсіндіріңіздер.
3. Полигибридті шағылыстыруды қалай түсінесіздер?
4. Тіркесті тұқым қуалау деген не?
5. «
Бақытты сәт» – 5 ұпай қосылады.
6. Кроссинговер деген не?
7. Музыка. Шарда музыкалық нөмір.
Әділ қазылар екінші кезеңнің бағасын көрсетеді.
ІІІ кезең. «Жұмбақтас»
«
Алғырлар» тобына
1-
есеп. Шешесінің қаны ІІ топ, әкесінің қаны І топ. Балаларының қаны ІІІ
топ болуы мүмкін бе?
Шешесінің генотипі гомозиготалы АА.
гетерозиготалы АО
Әкесінің генотипі гомозиготалы ОО
О
О
О
О
А
АО
АО
А
АО
АО
А
АО
АО
О
ОО
ОО
Әке-шешенің генотипі
Балаларының генотипі
АА х ОО
АО – ІІ
АО х ОО
АО – ІІ ОО – І
Жауабы: шешесінің қаны гомозиготалы АА болғанда, балаларының қаны ІІ
топ гетерозиготалы АО болғанда балалардың қаны І, ІІ топ болады. В гені
болмағандықтан ІІІ топ болуы мүмкін емес.
2-
есеп. Дрозофила шыбынының екінші хромосомасының 48,5 локусында
денесінің қара түсін анықтайтын рецессивті ген, ал 54,5-локусында көзінің
қызыл түсін бақылайтын рецессивті ген орналасқан. Осы шыбынның денесі сұр
және көзі қоңыр дигетерозиготалы аналығында гаметалардың қанша типі және
қандай пайыз қатынасында түзіледі?
Жауабы: Есептің шарты бойынша гендердің ара қашықтығы 6 морганидке
тең (54,5-48,5). Жыныс клеткаларының мейоздық бөліну нәтижесінде
дигетерозиготалы аналығында 4 түрлі гаметалардың типі түзіледі, оның екі типі
кроссоверлі 6 пайыз, (
әрқайсысы 3 пайыздан) болады. Себебі, хромосомада
орналасқан гендердің ара қашықтығы кроссинговердің пайызына және
кроссинговерлі гаметалардың пайызына тура пропорционалды. Кроссоверлі
емес гаметалардың үлесі 94 пайыз (әр типке 47 пайыздан).
«
Тапқырлар» тобына
1-
есеп. Шешесінің қаны ІІ топ, ал әкесінің қаны ІІІ топ болса, балалардың
қаны І, ІҮ топ болуы мүмкін бе?
53
Шешесінің генотипі гомозиготалы АА, гетерозиготалы АО.
Әкесінің генотипі гомозиготалы ВВ, гетерозиготалы ВО.
В
В
В
О
А
АВ
АВ
А
АВ
АО
А
АВ
АВ
О
ВО
ОО
В
О
В
В
А
АВ
АО
А
АВ
АВ
А
АВ
АО
О
ВО
ВО
Балаларында әке-шешесінің ІІ, ІІІ қан топтары және әке-шешесінде жоқ І,
ІҮ қан топтары болуы мүмкін, яғни балаларының 4 түрлі қан тобының да болуы
мүмкін.
Әке-шешенің генотипі
Балаларының генотипі
АА х ВВ
АВ – ІҮ
АА х ВО
АВ – ІҮ, АО – ІІ
АО х ВО
ОО-І, АО-ІІ, ВО-ІІІ, АВ-ІҮ
АО х ВВ
ВО – ІІІ, АВ - ІҮ
2-
есеп. Егер әйелдің және еркектің генотиптері АаВвДд және АаВвҮү
болса, қанша және қандай типті гаметалар түзіледі?
Жауабы:
әйелдің АВД, авд, АВд, авД - кроссоверлі емес;
АвД, аВд, аВд, АвД - кроссоверлі;
еркектің АВҮ, АВү, АвҮ, Авү - кроссоверлі және кроссоверлі емес гаметалар
бірдей.
Әділ қазылар алқасы ІІІ кезеңге баға береді.
ІҮ кезең. «Сен – маған, мен – саған»
Топтар бір-біріне екі сұрақтан қояды.
1. Гендердің өзара әрекеттесуін қалай түсінесіздер? Оның қандай түрлерін
білесіздер?
2. Аллельді емес гендер қалай өзара әрекеттеседі?
3. Комплементарлық деген не?
4. Полимерия деген не?
Әділ қазылар ІҮ кезеңнің бағасын көрсетеді.
Қорытынды: «Алғырлар» мен «Тапқырлар» тобындағы оқушылардың
бағалары жарияланып, жіберілген кемшіліктерге толықтырулар жасалды.
V.
Үйге тапсырма: Тарау бойынша өтілген материалды қайталау.
Достарыңызбен бөлісу: |