Сабақтар Тәжірибелік сабақтар 1 1-тақырып Бухгалтерлік есеп оның маңызы мен мәні 4


- тақырып Бухгалтерлік қорытынды есепке қойылатын негізгі талаптар



жүктеу 1,25 Mb.
бет47/93
Дата04.01.2022
өлшемі1,25 Mb.
#31523
түріСабақ
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   93
бух лекции (1)

10- тақырып Бухгалтерлік қорытынды есепке қойылатын негізгі талаптар

1.Бухгалтерлік қорытынды құрамы мен түрлері туралы ұғым

2.Бухгалтерлік қорытынды есепке қойылатын негізгі талаптарды дамыту

Бухгалтерлік есеп ақпараттарын сыртқы пайдаланушылар мен кәсіпорын басқарушыларының талабын қанағаттандыру үшін бухгалтерлік есеп жүйесі дұрыс ұйымдастырылуы керек.

Ұйымдастыру деп-есеп жүргізудің жағдайын, мұның құрамдас элементтерін, есеп кезеңдерін (бастапқы құжаттан бастап, бухгалтерлік қорытынды есепті тапсыру мен құжаттарды архивке өткізуге дейінгі аралық) арнайы тәртәпке сай қатаң сақтау, бухгалтерлік есеп жүргізудің түрлерін (форма), есептеу техникаларын тиімді пайдалануды айтады. Сонымен қатар бухгалтерлік есепке тән ережелер мен нұсқауларды, нормативтік заң актілерін қатаң сақтау қажет.

Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастырудың негізі, біздің елімізде қабылданған Заң күші бар Қазақстан Республикасы Президенттің 26 желтоқсан 1995 жылғы 2732-«Бухгалтерлік есеп жөніндегі» Жарлығында салынған. Бұл Заң бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастырудың тәртібі, бухгалтерлік есеп жүргізудің тиімді әдістерін қолдану, қорытынды есеп жасап, мұны жариялау және бухгалтерлік есеп ақпараттарын анық және сенімді жасау жөнінде тиянақты ұғым береді.

Бухгалтерлік есеп жүйесін дұрыс ұйымдастыру жөніндегі ұстаған жалпы бағыт, кәсіпорын ішінде ұстанған жекелеген есеп объектілерін жүргізу жөніндегі бағытпен ұштасқан жағдайда бухгалтерлік есеп ұйымдастыру жағынан жетілдіріп отырады.

Кәсіпорындардың технологиялық ерекшеліктері мен ұжымдық түрлерінің ерекшеліктеріне қарай бухгалтерлік есеп кәсіпорынның өз ішінде ұйымдастырылады. Өнімдер өндірудің өндірістік негізгі ерекшеліктері бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастырудың басты бағыты болып табылады. Өндірісітік ерекшелік, негізінен еңбек ақы есептеу мен төлеу, өндірілген өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен өндірістік шығындарды жұмсау, дайын өнімдерді сату, әріптестермен аралық қатынастарға түсу, есеп айырысу т.б. есеп объектілері бойынша қалыптасады.

Есеп үрдісін тұрақты түрде ары қарай жетілдіру бухгалтерлік қызмет атқарушылар еңбегін ғылыми және алдыңғы қатарлы тәжірибе негізінде ұйымдастыру, бухгалтерлік есеп жүргізу шығындарын барынша азайтып отыру бағытымен тығыз байланысты. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп жүйесімен талдау жүргізу үрдісіне экономика – математикалық әдістерді, әртүрлі модельдерді, мақсатты – бағдармалық принциптерді, сондай-ақ еңбекті ғылыми тұрғыда ұйымдастырудың тиімді жолдарын енгізудің рөлі зор.

Бухгалтерлік қорытынды есеп ақпараттарын қалыптастыру мен жүргізу кезеңдерінде арнайы қабылданып, экономикалық өмірге енген ережелер мен әдістер сақталуы керек. Кәсіпорындарда нақтылы орын алған шаруашылық операциялары түгелімен үздіксіз жүргізіліп, өзара байланыстағы регистрлар жүйесіне түсетін бастапқы құжаттар жасау арнайы ережелер мен әдістерге сай орындалады. Сондықтан, бухгалтерлік қорытынды есеп бастапқы құжаттарға тәуелді. Бастапқы құжаттарға жазылған мәліметтер шаруашылық фактілерін іске асыру жөніндегі қабылданған шешімді көрсетеді. Яғни, бастапқы құжаттар шаруашылық фактілерінің іске асқандығын мәлімдейтін ақпараттық ағын болып табылады. Шаруашылық фактілерінің орындалуын көрсететін құжаттар дәл және сәтте жасалып, құжат жасаушы жауапты адамдардың қлдарды қойылуы керек. Бастапқы құжаттар жасап, өз қолдарын қоюушы жауапты адамдар, құжаттардың өз уақытында және дұрыс жасалынғандығы жөніндегі дәлдік пен шаруашылық операцияларының маңыздылығы мен тиімділігі жөнінде заң алдында жауапты екендігін дұрыс түсіну қажет.

Бухгалтерлік есепке алынатын барлық құжаттар кәсіпорынның бухгалтериясына өз уақытында тапсырылады. Бухгалтерияға тапсырылған құжаттардың заңдылығы тексеріліп, мұндағы мәліметтер мен сандық өлшемдер бағаланып, шашыранды құжаттар өздерінің маңызы мен атқарған міндеттеріне қарай топтастырылады.

Есеп мәліметтерін сапалы дәрежеде топтастыру жетілдірген әдістер мен амалдарды ұғымды қолдану, есеп регистрын синтетикалық және аналитикалық счеттар жүйесімен тығыз байланыстыру жөніндегі нәтижелі жұмыстарды дер кезінде ұйымдастырудың маңызы зор.

Есеп жүйесіндегі мәліметтерді жинақтап, бір жүйеге келтіріп, аналитикалық және синтетикалық счеттар талабына сай байланыстырып, арнайы жасалған есеп регистрларына түсіріп, бұлардың негізінде қорытынды есеп жасап отыру бухгалтерлік есепті, бұлардың негізінде қорытынды есеп жасап отыру бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың негізгі мақсатына жатады.


жүктеу 1,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   93




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау