Сабақтар Тәжірибелік сабақтар 1 1-тақырып Бухгалтерлік есеп оның маңызы мен мәні 4


-шолу дәрісі Бухгалтерлік есептің принциптері



жүктеу 1,25 Mb.
бет18/93
Дата04.01.2022
өлшемі1,25 Mb.
#31523
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   93
бух лекции (1)

4-шолу дәрісі Бухгалтерлік есептің принциптері

Кез келген ғылымның, соның ішінде бухгалтерлік есептің өз принципінің болуы заңдылық. Латын тілінен аударғандағы принцип сөзі мағынасы жағынан - бастамасы, негізі деген түсінікті білдіреді. Қаржылық есеп беру тұжырымдамасы шаруашылық үдерістері барысында шешім қабылдау үшін бухгалтерлік ақпараттық мәліметтердің қажеттілігін анықтайды. Жалпы оқулықтар мен оқу құралдарын оқи отырып бухгалтерлік есептің жиырмадан астам принципін кездестіруге болады. Авторлар өз еңбегі барысында оларды кей кездері белгілі бір ұқсастықтарына қарай біріктіріп отырады. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп стандарттарында бухгалтерлік есептің мына төмендегідей принципі анықталған:

• есептеу;

• үздіксіз (ұдайы);

• түсініктілік;

• мәнділік;

• маңыздылық;

• сенімділік;

• әділеттік әрі тура көрсету;

• бейтараптық;

• сақтық;

• толықтылық;

• салыстырмалық;

• дәйектілік;

Түсініктілік, маңыздылық, сенімділік және салыстырмалық деп аталатын төрт принцип-бухгалтерлік есептегі ақпараттық мәліметтерінің негізгі, сонымен қатар сапалы мінездемесі болып табылады.

Түсініктілік принципі

Бухгалтерлік есептің ақпараттық мәліметтері оны пайдаланушыларға шешім Қабылдауы барысыңда; түсінікті болу керектігімен түсіндіріледі. Ол үшін бұл мәліметтерді пайдаланушылар бухгалтерлік есеп жайында белгілі бір дәрежеде білімді болулары қажет. Дегенмен де түсініктілік принципі ақпараттық мәліметтерді жәй қарапайым адамдардың, кәсіпқой емес тұлғалардың пайдалануы үшін сапасын төмендету деген түсінікке сай емес. Сонымен қатар осы мақсат үшін оны қаржылық есептен алып тастауға болмайды. Ақпараты пайдаланушы тұрғалар бұл мәліметтерді түсіну үшін алдын ала кеңес алулары қажет.

Маңыздылық принципі

Бухгалтерлік ақпараттық мәліметтердің, қаржылық есептің сыртқы пайдаланушыларға олардың шешім қабылдауы үшін қажет болуымен түсіндіріледі. Олар негізінен бухгалтерлік есеп мәліметтерін келесідей мақсаттарға пайдаланады:


  • алдағы уақыттағы экономикалық жағдайды болжау үшін;

  • бұрын жасалынған болжамдардың барысында алынған нәтиженің дұрыстығын анықтау үшін.

Бухгалтерлік ақпараттық мәліметтердің маңыздылық деңгейін өлшеу үшін үш түрлі сапалық аспектілер қолданылады.

1) Уақтылы. Бухгалтерлік ақпараттық мәліметтер өз пайдаланушыларына керекті уақытында жеткізіліп отыруы қажет. Бұл мәліметтің жеткізілу уақытының кешіктірілуі оның маңыздылық денгейін төмендетеді.

2) Болжамның құндылығы. Өткен немесе қазіргі кездегі жасалынған болжаулардың нәтижесінде алынған бухгалтерлік ақпараттық мәліметтер пайдаланушыларға тиімді болуы қажет.

3) Кері байланыс. Өткен уақытта жасалынған болжамдар немесе оларға енгізілген өзгерістер пайдаланушыларға тиімді, оң әсер етуі қажет.

Сенімдіпік принципі

Берілген ақпараттық мәліметтерде қате болмаса, сондай-ақ пайдаланушылар оған сенімді болса, онда бұл сенімді ақпарат болып табылады.

Салыстырмалық принципі

Қандайда бір кезеннің бухгалтерлік есеп мәліметтері (қаржылық есебі) өткен уақыттардағы мәліметтермен салыстырылып көрсетілген кезде ғана оның пайдалылығы мен мазмұндылығы арта түседі.

Сақтық принципі

Бухгалтерлік есептің ақпараттық мәліметгерінде жазылатын цифрлар кәсіпорынның экономикалық жағдайын суреттейді (бейнелейді) және пайдаланушылар осы мәлімет арқылы түрлі шешім қабылдайды. Сондықтан да әрбір әріптің және цифрдың дұрыс жазылуы үшін сақ болу қажет.

Есептеу принципі. Кәсіпорындағы кез келген операциялар (кірістер, шығыстар) есептеліп отырылуы қажет.

Үздіксіз принципі. Ұйымның қызметі үздіксіз жалғаса береді деп болжам


жасалынады.

Мәнділік принципі. Ұйымның бухгалтерлік есеп ақпараттары пайдаланушылардың қажеттілігін қанағаттандыруы қажет. Сондай-ақ пайдаланушылардың кәсіпорын жұмысына (қызметіне) баға беруіне көмекгесуі керек.

Бейтараптық принципі

Ақпарат сенімді болуы үшін алдын ала бір шешімді қабылдауға арналмаған болуы керек. Егер ақпарат өзінің іріктеліп дайындалуымен немесе ұсынылуымен белгілі бір шешім қабылдауға неме ойды қорытындылауға жету мақсатымен қалыптастыруға әсер ететін болса онда ақпараттық бейтарап болмайды. Алдын ала дайындалған ақпараттық мәліметтер болмаған жағдайда, негізделмеген, бір қорытындыға келтірілмеген ойды пайдалану бейтараптыққа сәйкес келеді.

Әділетті әрі тура көрсету принципі

Кәсіпорынның қаржылық қорытынды есебі осы мәліметтерді пайдаланушыларды қаржы жағдайы және ақша қаражаттарының қозғалысы туралы нақты әрі әділетті ақпараттармен қамтамасыз етуі қажет.

Толықтылық принципі. Ұйымның қаржылық қорытынды есебіндегі ақпараттық
мәліметтер сенімді болу үшін толық болуды қажет етеді және шыққан шығынға қарай олар мәнді болуы қажет. Мәліметтің толық болмауы оны теріс немесе жалған етеді. Сондықтанда ол сенімсіз және маңызсыз болады.

Дәйектілік принципі

Кәсіпорын өзінің қызметі барысыңда тандап алған есеп жүргізу саясатын есепті кезеңнің басынан соңына дейін дәйекті түрде қолдануы қажет.



жүктеу 1,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   93




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау