Сабақтар Тәжірибелік сабақтар 1 1-тақырып Бухгалтерлік есеп оның маңызы мен мәні 4


Өзін-өзі бақылауға арналған тестілік тапсырмалар



жүктеу 1,25 Mb.
бет16/93
Дата04.01.2022
өлшемі1,25 Mb.
#31523
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   93
бух лекции (1)

Өзін-өзі бақылауға арналған тестілік тапсырмалар:

$$$ 1 B

Шаруашылық процестердің сандық және сапалық жағынан үздіксіз тіркеп экономикалық зерттейтін есеп ;

A.статистикалық

B. бухгалтерлік

C. оперативтік

D. қортынды

  1. өндірісті

$$$ 2 C

Қортынды ақпаратты қандай өлшемнің көлемімен алуға болады?

A. табиғи

B. еңбек

C. ақшалай

D. қаржылық

  1. заттай

$$$ 3 C

Халық шаруашылығында ұйымдастырушылық рольді есептің қай түрі орындайды?

A. оперативтік

B. бухгалтерлік

C. статистикалык

D. өндірістік

  1. қаржылық

$$$ 4 A

Шаруашылық есепте өлшемнің қандай түрлері қолданылады ?

A. еңбектік,ақшалай,табиғи заттай

B. еңбектік, табиғи

C. бастапқы,ағымдағы

D. ақшалай, есептік

  1. қаржылық,есептік

$$$ 5 B

Өндіріс процесін бейнелеу үшін шаруашылық есептің қандай түрлері қолданылады ?

A. оперативтік,бухгалтерлік

  1. оперативті-техникалық, бухгалтерлік, статистикалық

C. қаржылық,басқарушылық

D статистикалық , есеп берушілік

  1. өндірістік,өндірістік емес

$$$ 6 D

Шаруашылық құралдары экономикалық мазмұны бойынша қалай топтастырылады ?

A. негізгі құралдар,материалдық емес активтер

B. ұзақ мерзімді және ағымдағы активтер

C. меншікті капитал,ұзақ мерзімді және ағымдағы

міндеттемелер

D. ұзақ мерзімді активтер және ұзақ мерзімді

міндеттемелер

  1. ағымдағы активтер және ағымдағы міндеттемелер

$$$ 7 B

Шаруашылық құбылыстарды жаппай,үздіксіз көрсетудегі қамтамасыз ететін принциптер мен тәсілдер жүйесі -бұл;

A. бухгалтерлік есеп пәні

B. бухгалтерлік есп әдістері

C. бухгалтерлік есеп обьектілері

D. бухгалтерлік есеп стандарттары

  1. бухгалтерлік есеп формалары

$$$ 8 D

Бухгалтерлік есеп обьектілеріне келесілердің қайсысы жатады ?

A. активтер, міндеттемелер, берешектер

B. шаруашылық операциялар,капитал

C. берешек және алашақ қарыз, шаруашылық

операциялар

D. активтер, міндеттемелер, капитал және

шаруашылық операциялар

  1. активтер,міндеттемелер

$$$ 9 D

Субьектінің шаруашылық нәтижелерін кешенді түрде сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы -бұл;

A. есеп беру

B. екі жақты жазу

D түгендеу

C. калькуляция

  1. бағалау

$$$ 10 B

Шаруашылық құралдарының нақты қолда барын анықтау және алынған мәліметтерді бухгалтерлік есеп мәліметтерімен салыстыру -бұл;

A. құжаттаау

B. түгендеу

C. бағалау

D. есеп беру

  1. баланс

2- шолу дәрісі Бухгалтерлік есептің атқаратын қызметі

Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру» туралы заңы еліміздегі бухгалтерлік есепті жүргізу жүйесін анықтайды, қаржылық есеп беру мен оның пайдаланылуын және есепке алудың негізгі принциптері мен жалпы тәртібін, ішкі

бақылау және сыртқы аудит жөніндегі талаптарды, сондай – ақ ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлықкәсіпорын бухгалтерлік есептеу мен қаржылық есеп беруді осы заңға сәйкес жүргізуге міндетті.

Кез келген ұйымда бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу экономикалық мәселелердің негізгі және басты қажеттілігі болып табылады. Бухгалтерлік есеп арқылы өндірілген өнімді есепке алуға, сатып – өткізуге, айырбастауға және одан түскен қаржыны тиімді де ұқыпты етіп бөліп жұмсауға, яғни кәсіпорындағы шаруашылық үрдістерінің барлығын басынан соңынан дейін есептеуге болады. Осы айтылғандарға сәйкес ұйымдағы экономикалық және технологиялық үрдістердің, сондай – ақ шаруашылық операцияларының барлығының да есепке алынуы экономикалық талапқа сай бухгалтерлік

есептің негізі болып табылады. Жалпы бухгалтерлік есеп кәсіпорында мынадай қызмет

атқарады:



  • болашақта пайдалану үшін ұйымда болып жатқан операцияларды тіркеп және оны өңдеп отырады;

  • ұйымның қаржылық – ақпараттық мәліметін өңдейді, сондай – ақ оны керек уақытына дейін сақтайды;

  • қаржылық – ақпараттық мәліметті пайдаланушыларға уақтылы беріп отырады, ал бұл ақпаратты пайдаланушылар осы деректер арқылы ұйымды басқару барысында түрлі шешім қабылдайды.

Бухгалтерлік есеп дегеніміз – мүлік, ұйым міндеттемелері және олардың қозғалысы туралы ақпаратты ақшалай көріністе, барлық шаруашылық амалдарды біртегіс, үнемі және құжатты есепке алу арқылы жинау, тіркеу және жалпылаудың реттелген жүйесі. Бухгалтерлік есепті жүргізу барысында субъект мыналарды қамтамасыз ету керек:

  • беру кезеңі барысында жекелеген шаруашылық амалдарды көрсету және есеп активтер мен міндеттемелерді бағалауды есепке алу бойынша қабылданған саясатының айнымас болуын

  • есеп беру кезеңі бойынша барлық шаруашылық амалдардың есепке алынуында

толық көрсетілуін

  • есеп беру кезеңдеріне сай кіріс және шығындардың дұрыс көрсетілуін

Бухгалтерлік есеп есептің басқа түрлерінен ерекшеленетін бірқатар өзгеше белгілер бар:

  1. Кәсіпорында жүргізілетін шаруашылық операциялардың бәрі түгел бухгалтерлік есеп жүйесінде бейнеленеді. Бухгалтерлік есепте тек қана ақшалай түрде өлшенетін шаруашылық операциялар көрсетіледі.

  2. Бухгалтерлік есепте тек қана өзіне тән арнайы әдістер (тәсілдер), (мысалы: шоттар, қосарлы жазу, баланс) қолданылады.

Бухгалтерлік есеп кәсіпорынды басқаруда үлкен роль атқарады, өйткені оның қызметі, қаржылық жағдайы туралы толық ақпарат береді. Нарықтық экономика жағдайында бухгалтерлік есептің ролі мен маңызы күшейе түсті.

Есепте орын алатын көрсеткіштер қаржы – шаруашылық қызметтің нәтижелерін талдау кезінде тек кәсіпорынның өзімен ғана емес, онымен тығыз серіктестік байланыста болатын жеткізушілер, тапсырысшылар, несие берушілер (банктер) және тағы басқалармен жүргізіледі.

Қазіргі уақытта есептің көрсеткіштерін салық және қаржы органдары, банктер пайдаланылады, ал кәсіпорынмен жасалған келісім шарт бойынша тексеру кезінде – аудиторлық фирмалар, кеңесшілер, заңгерлер, әсіресе жетекшілік пен басқарудың әр түрлі деңгейлерінде қаралатын даулы мәселелерді шешуде кәсіпорынның мүдделерін қорғауы қажет болған уақыттарда қолданады.

Сондықтан да ақпарат заң нормаларына сәйкес болуы тиіс. Ол үшін кәсіпорынның басшысы, бас бухгалтері және материалдық құралдар мен ақша қаражаттарға сақтаушы тұлғалар жауапты болады.

Бухгалтерлік сүйемелдеу және ұйымға қызмет көрсету бойынша қызмет кешеніне мына қызмет түрлері кіреді:


  • бастапқы есептік және салық құжаттарының бар екендігін, дұрыс рәсімделгендігін және заңнама талаптарына сай екендігін тексеру

  • жетпейтін бастапқы есептік және салық құжаттарын жасау, алынған шот-

фактураларды өңдеу және ұсыну

  • ҚР-ның Салық Заңнамаларына сәйкес салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді есептеу және төлем тапсырмаларын төлеуге дайындау

  • барлық немесе жекелеген есеп учаскелерінің талдау және синтездік есептерін жүргізу

  • банк және касса амалдарын рәсімдеу және өңдеу, банк көшiрмелерін, кадрлық құжаттарды өңдеу

  • типтік шарттарды әзірлеу, клиенттермен қатынасты рәсімдеу

  • есеп беретін тұлғалармен есептерді жүргізу және өңдеу

  • жабдықтаушылармен және сатып алушылармен есептерді жүргізу және өңдеу

  • тіркелген активтерді есептеу

  • жалақыларды есептеу

  • ішкі қаржы есептерін жасау

  • барлық бухгалтерлік (қаржы) және салық есептілік формаларын жасау.

  • бухгалтерлік және салық есептерінің регистрлерін жасау

Материалды – жауапты тұлғалар өздеріне бекітілген материалдық құндылықтардың табиғи түріне жауапты болады. Ол жағдай табиғи өлшегіштерде көлем бойынша есеп жүргізуді болжамдайды. Мезгілді түрде бухгалтерлік есептің мәліметтері материалды – жауапты тұлғалардың есептерінің мәліметтерімен салыстырылады. Ол үшін құндылықтардың сақталу орындарында түгендеу үрдісі жүргізіледі.

Табиғи өлшегіштерден басқа есепте еңбек өлшегіштері де қолданылады. Олардың жәрдемімен еңбек шығындары анықталады. Алайда бухгалтерлік есепте басты орынды ақша өлшегіші алады. Өйткені тек соның жәрдемімен ғана кәсіпорындардың әр түрлі мүлкінің жалы құнын есептеу мүмкін.

Кәсіпорындар мен ұйымдардағы болып отыратын барлық үдерістерді алдымен бақылап, орындалған жұмыстар мен атқарылған қызметтердің нәтижесінде өндірілген өнімдерді, олар үшін жұмсалған материалдар мен шикізаттарды, қаржы – қаражаттарды сандық өлшемге келтіріп және оны арнаулы құжаттарға қарай реттеп, соңынан тіркеу

жұмысын жүргізетіндігі бухгалтерлік есептің басты міндеті болып табылады. Қандай да

болмасын шаруашылыққа қажетті күнделікті қолданылатын есеп жұмысының белгілі бір

кезеңдерге сай дамитындығы белгілі.

Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпаттарын өлшейтін, есептейтін және оны пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болып табылады. Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін иеленеді. Бұған дәлел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының 1992 жылы өткізген конференциясында “Есептей алмаған, басқара алмайды” – деген сөздің бекер айтылмағандығын атап өтуге болады. Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындауы үшін қажет. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның

активтері мен міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді. Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның табыстары мен шығындарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады. Бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесі қаржылық (сыртқы) және басқарушы (ішкі) есеп болып екіге бөлінеді. Басқарушы есеп кәсіпорынның қаржылық ақпараттарын ішкі пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болса, ал қаржылық есеп жоғарыда айтылған қаржылық ақпараттарды ішкі пайдаланушылармен қатар сыртқы пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе. Яғни, басқарушы есептің мәліметін кәсіпорын басшылары қандай да бір шешім қабылдау үшін пайдаланса, қаржылық есептің мәліметін бұлармен қоса жабдықтаушы (мердігер) кәсіпорындар, банк мекемелері, салық органдары және тағы да басқалар пайдаланады. Кез келген ұйым үшін қаржылық есеп міндетті түрде жүргізілетін болса, басқарушы есептің жүргізілуі және оның тәртібі әрбір кәсіпорынның экономикалық саясатына байланысты.

Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде. Осыған орай бухгалтерлік есептің мазмұны мен құрылымына өзгерістер енгізілді. Елімізде жүргізіліп отырған бухгалтерлік есеп толығымен халықаралық қаржылық есеп беру талаптарына сай орындалады. Міне осыларды ескере отырып бұрын есепші деп саналып келген бухгалтер маманы кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтап, бағалап, есептеп отырумен қатар кәсіпорынның алдағы уақыттағы экономикалық әл-

ауқатын дамыту жолдарын жоспарлай білуі қажет. Сондықтан да кез келген елде бухгалтер

мамандарын барынша білімді етіп даярлау сол елдегі ұйымдардың экономикалық жағынан

тұрақты дамуына кепілдік береді.

Бухгалтерияның табысты және тұрақты жұмыс істеуінің шарты - сауатты ұйымдастырылған бухгалтерлік есеп болып табылады. Ретсіз, жүгенсіз жүргізілген бухгалтерлік есеп жүйесі бухгалтерлердің қатынасы мен есептік деректерді өңдеуге кететін уақытты тиімсіз жұмсауға алып баруы мүмкін. Бухгалтерлік есеп жүргізудің мақсаты – ең аз шығындармен бастапқы құжаттарды өткізіп, есептілікті алуға мүмкіндік

беретін ең қолайлы есеп схемасын әзірлеу және ендіру болып табылады.

Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру келесі құжаттарды әзірлеуді білдіреді:


  • Бухгалтерлік есеп және салық салу мақсаттарына арналған ұйымның есептік саясаты.

  • Бастапқы құжаттарға қол қою құқығы бар лауазымды тұлғалар тізімі және олардың қолтаңбаларының үлгісі

  • Кәсіпорын басшысының бекітілген лауазымды тұлғалар тізімінде көрсетілмеген тұлғаларға бастапқы есептік құжаттарға қол қою құқығын беруі туралы бұйрық жобасы

  • Түзету өткізулері туралы бухгалтерлік анықтама формасы

  • Өкілдік мақсаттарға арналған қаражатты есептеу және шығындау тәртібі туралы Ереже

  • Касса қалдықтары лимитін бекіту туралы бұйрық жобасы

  • Типтік шаруашылық шарттар альбомы

  • Бухгалтерлік қызмет туралы ереже

  • Жұмысшылардың лауазымдық нұсқаулары

  • Материалдық жауапкершілік туралы шарттар.

  • Құжаттарды ағымдағы мұрағаттау тәртібі туралы ереже

  • Өзге де құжаттар

Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты – барлық кәсіп-орындарда орындалатын операциялардың уақытылы есепке алынып, олардың қазіргі күнгі уақыт талаптарына сай

орындалуына, яғни жүзеге асырылуына бақылау жасау. Қоғамдық дамудың қай кезеңінде болмасын бухгалтерлік есеп кез келген кәсіпорында, яғни өнім өндіру мен оларды сату,пайдалану, бөлу үдерістерімен айналысу барысында жүргізілгендігі бүгінгі таңда белгілі болып отыр. Бухгалтерлік есептің негізгі бағыты – кәсіпорындардағы есеп жұмысының сапасына арттыру, есептеу жұмысының барысында қолданылатын, яғни толтырылатын құжаттардың қарапайым әрі түсінікті болуына және ондағы көрсеткіштердің пайдаланушыларға ыңғайлы болуына реттеліп жүргізіледі.

Бухгалтерлік есеп ұйымның есеп беру мен басқару, сондай – ақ экономикалық талдау жұмыстарының нақты түрде жүзеге асырылуын қажетті ақпараттармен қамтамасыз есіп отырады. Бухгалтерлік есептің тексеру, қадағалау, жинақтау принциптерін жүзеге асыру арқылы меншік заңдылығы мен қаржы және қаржыландыру тәртібі, үнемдеу шаралары тиісті заңдарға сай іске асырылады. Шаруашылық жұмыстарын әрі қарай дамыту, өнім өндірудің көлемін ұлғайту мақсатында бухгалтерлік есеп көрсеткіштері мен экономикалық талдау әдістерін кеңінен қолдана отырып, кәсіпорын бойынша іске асырмай келген резерв қорларын анықтап, оларды іске қосу үшін қажетті шаралар белгіленеді. Бухгалтерлік есептің ақпараттық мәліметтері мен көрсеткіштеріне сүйене отырып, экономикалық талдау кестелері жасалынады. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп жұмысының қорытынды құжаттар мен мәліметтеріне қарай әрбір ұжымның әлеуметтік дамуына және ондағы жұмысшы – қызметкерлердің материалдық ынталануына шаралар белгілеу жұмыстары іске асырылады. Бухгалтерлік есептің басты ерекшелігі сол, ол тек қана бастапқы және арнайы құжаттарға жазылып тіркелген нақтылы көрсеткіштер негізінде жүргізіледі. Кәсіпорындағы шаруашылық операциялардың тиімділігі мен

олардың заңдылығы, шығындардың орынсыз жұмсалынбауы, материалдық құндылықтардың қатаң тәртіппен ұқыпты да тиімді жұмсалынуы бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізудің міндеті болып табылады. Бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын экономикалық тұрғыдан зерттеуге бірден – бір негіз болып табылады. Сондықтан да бухгалтерлік есептің негізгі міндеті – халық шаруашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сай есептеу жұмысын жүргізу. Қоғамымыздың даму кезеңдерінің қай сатыларында болмасын дамудың объективті экономикалық заңдылықтарын анықтау және ол заңдылықтардыпайдалану шараларын дұрыс белгілеу үшін бухгалтерлік есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор.

Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты – ұйымның өз экономикалық және саяси

жағдайына тән шаруашылық қызметін тиімді жолдармен басқаруға қажетті ақпараттық

мәліметтермен қамтамасыз ету. Қорыта келгенде, бухгалтерлік есептің негізгі мақсатына кәсіпорын жұмысының экономикалық тиімді тұрғыдан орындалуы, ұйымның өзін – өзі қаржыландыруы мен табыс табу жатқызылады..


жүктеу 1,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   93




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау