3 шолу дәрісі Бухгалтерлік есеп мәліметтерін пайдаланушылар және олардың рөлі
Бухгалтерлік есеп кәсіпорындар мен ұйымдардың пайдаланушыларға берілетін қаржылық-ақпараттық мәліметінің көлеміне және мінездемесіне қарай ұйымдастырылады. Бұл ақпараттық мәліметті пайдаланушылардың қатарына қаржы салымшыларын (инвесторларды), несие берушілерді банкнемесе банктен тыс мекемелер) және бірлесіп экономикалық қызмет жасаушыларды жатқызуға болады. Осы жоғарыда аталған кәсіпорындардың ақпаратын пайдаланушылар маңызды басқарушылық шешім қабылдау барысында кәсіпорынның қаржылық есебіне сүйенеді, Негізінен кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық-ақпараттық мәліметін пайдаланушыларды төмеңдегідей екі топқа бөліп қарастырады:
• ішкі пайдаланушылар;
• сыртқы пайдаланушылар
Ішкі пайдаланушыларға осы кәсіпорында қызмет атқаратын тұлғалар, ал сыртқы пайдаланушыларға осы кәсіпррыңда қызмет атқармайтын, бірақ оның қаржылық жағдаиына қызығушылығы бар заңды немесе жеке тұлғалар жатқызылады.
Сондай-ақ осы қаржылық-ақпараттық мәліметтерді пайдаланушылардың өзі төмендегідей санатқа бөлінеді:
кәсіпорыңды басқарушылар(басшылар);
кәсіпорыннан тыс орналасқан, бірақ оның қаржылық жағдайына тікелей қызығушылы бар тұлғалар;
кәсіпорынның қаржылық қызметіне жанама қызығушылығы бар тұлғалар.
Кәсіпорыңды басқарушыларға осы ұйымның алдына қойған мақсатына жетуіне және оның қызметіне толықтай жауапты адамдар жатқызылады. Бұндай адамдарға: кәсіпорынның иесі, кәсіпорынның басшысы, директорлар кеңесінің мүшелері, менеджерлер, бөлім басшылары және тағы да басқалар жатқызылады. Бұл аталған санатқа жататын адамдарды кәсіпорынның:
соңғы есепті жылдағы таза пайдасының көлемі (мөлшері);
нақты алынған табыс көлемінің жоспармен сәйкестілігі;
өндірген әрбір түрлі өнімнің өзіндік құны;
• қызметтің қандай түрінен табыс көбірек алынатындығы және тағы да басқа жағдайлар қызықтырады.
Кәсіпорыннан тыс орналасқан, бірақ оның қаржылық жағдайына тікелей мүдделі тұлғалар болып: қаржы салымшылары (инвесторлар), несие берушілер, жабдықтаушылар және басқалар есептелінеді. Бұл тұлғалар өздерінің салған салымдары мен сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері, сондай-ақ берген несиелерінің уақтылы қайтарылатындығын білу үшін ұйымның қаржы тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігін зерттейді. Ал кәсіпорынның қаржылық қызметіне жанама мүдделі тұлғалардың қатарына:салық органы, министрліктер мен агенттіктер, аудиторлар, сақтандыру
компаниялары,сатып алушылар мен тапсырыс берушілер және тағы да басқа заңды немесе жеке тұлғалар жатқызылады. Кәсіпорынның бюджет және бюджеттен тыс мекемелерге берешек төлемдерін уақтылы төлейтіндігін, қаржылық ақпараттық мәліметтерінің дұрыстығын және өз жұмысшы-қызметкерлерімен еңбекақы бойынша уақтылы есеп айырысатындығын қадағалау осы, яғни кәсіпорынның қаржылық қызметіне жанама мүдделі тұлғалардың жұмысы болып табылады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық – ақпараттық мәліметтерін пайдаланушылардың әр түрлі топтарының болуы, біртұтас бухгалтерлік есеп жүйесін екі бөлікке бөлді. Соңғы жылдары біздің елімізде де халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес бухгалтерлік есепті қаржылық есеп және басқарушылық есеп деп екіге бөліп қарастара бастады. Бұндағы қаржылық есеп ұйымның ішкі және сыртқы пайдаланушылары қолданатын қаржылық-ақпараттық мәліметтерді толық қамтитын болса, басқарушылық есеп тек қана кәсіпорынның ішкі пайдаланушыларына керекті өнім өндіру, табыс табу және оның алдағы кезеңдегі нәтижесінің артуына байланысты ақпараттық мәліметтерді қарастырады. Белгіленген заңға сәйкес, дұрыс жасалынған қаржылық ақпараттық мәліметтерді дер кезінде пайдаланушыларға жеткізіп беріп отыру кез келген кәсіпорындағы бухгалтердің кәсіби міндеті болып табылады.
Бухгалтерлік есептің міндеті мен мақсаты тәжірибелік сабақ
Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын өлшем түрлері
Бухгалтерлік есептің стандарттары және тұжырымдамалық негізі
Достарыңызбен бөлісу: |