Сабақ түрлері бойынша пәннің мазмұны және сағаттарын бөлу



жүктеу 156,5 Kb.
Дата15.04.2020
өлшемі156,5 Kb.
#29591
түріСабақ

ПОӘК 042-18-31.1.30/02-2014

№3 басылым «11».06.2015 ж.

беттің -сі





5В010300 - «Педагогика және психология» мамандығының

2курс студенттеріне арналған

«Педагогикалық психология»
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей


2016

Алғы сөз
1 ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН

Құрастырушы: ___________ 25.04.2015 ж

2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 Кафедра мәжілісінде «Педагогикалық психология»

Хаттама № 9 «12» 05. 2015 ж.

Кафедра меңгерушісі _______________ Джумажанова Г.К.


2.2 Факультеттің педагогика оқу-әдістемелік бюросының отырысында қарастырылды

Хаттама №6 «14» 05. 2015 ж.


Төрайымы _________________

3 БЕКІТІЛГЕН

Университеттің оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінде қаралып, баспаға ұсынылды

Хаттама №6 «11» 06. 2015 ж.


Төрайымы ________________ Искакова Г.К.
4 «11» 06. 2015 ж. шыққан ПОӘК-нің №3 БАСЫЛЫМЫ «11».09.2014 жылғы №1 басылым орнына

Мазмұны


  1. Жалпы ережелер

  2. Сабақ түрлері бойынша пәннің мазмұны және сағаттарын бөлу

  3. Пәнді оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар

  4. Пәннің форматы

  5. Пәннің саясаты

  6. Баға қою саясаты

  7. Әдебиеттер


1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Оқытушы және пән туралы жалпы мәліметтер

Джумажанова Гульжанар Какимжановна, психология ғылымдарының кандидаты, доцент

Кафедра «Педагогикалық психология»

Байланыс ақпарат – , оқу ғимараты №3, кабинет №108

Сабақ өткізу орны – дәрісхана №108

Пән бойынша кредит саны аталуы – 4



    1. Пәннің мазмұнының қысқаша сипаты:

Пәннің оқу-әдістемелік кешені Семей қаласының Шәкәрім атындағы МУ-нің пәндерге арналған оқу-әдістемелік кешені туралы ережесіне сай құрастырылған. Аталған пәнді оқыту барысында дәріс, тәжірибелік, сондай-ақ БӨЖ және БОӨЖ сабақтары құрастырылады. Оқу жоспарының көшірмесінде бөлініп берілген әр сабақ түрлері сағатқа шағылған, пәннің қысқаша мазмұны, мақсаттары мен міндеттері көрсетілген. ОӘК оқу пәнін меңгерудің барлық талаптарына сай келеді. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі бар. Студенттерге арналған жұмыс бағдарламасы берілген. Студентке арналған жұмыс бағдарламасында оқылуға тиісті тақырыптар мен жұмыс түрлерінің тізімі әдебиеттердің көрсетілуімен айқындалған. Әр дәріс сабағы бойынша қысқаша мәлімет берілген. Тәжірибелік сабақтардың тақырыптары және әр тақырыпта қарастырылатын мәселелер жоспар түрінде нақты көрсетілген. БӨЖ және БОӨЖ тапсырмаларын өткізудің мерзімі, тақырыптары және әдебиеттері жазылған. Студенттердің білімін бағалау әдістемесі бар.

1.3. Пәнді оқытудың мақсаты:



  • студенттерді педагогикалық психологияның негізгі ұғымдарымен, мәселелерімен және заңдылықтарымен таныстыру;

  • педагогикалық психологияның алуан түрлі ғылыми бағыттары бойынша студенттердің білімдерін жүйелеу;

  • психологиялық құбылыстарды жүйелі талдау біліктері мен дағдыларын қалыптастыру;

  • білім беру тұжырымдамаларындағы негізгі бағытты жүзеге асыру

  • өсіп келе жатқан ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеу үрдісін жаңаша іске асыру;

  • барлық ұғымдардың өзара байланысын, олардың ішкі мазмұнын ашу.

1.4 Пәнді оқытудың міндеттері:

  • педагогикалық психология пәнінің мазмұнын білу;

  • әртүрлі оқу-тәрбие жағдайларын шешу кезінде психологиялық және педагогикалық талдау жасай алу және оны біріктіре алу;

  • оқыту және тәрбиелеу мәселесін шешу, зерттеу сферасын кеңейту;

  • студенттердің өздігінен психологиялық-педагогикалық зерттеулер жүргізуіне мүмкіндік беретін білім, іскерлік және дағдыларын қалыптастыру.

1.5 Оқытудың нәтижелері:

Пәнді оқу нәтижесінде білімалушы міндетті:

білу:


  • теориядағы және практикадағы психологиялық байланыстың негізгі бағытын;

  • мектептегі жұмыстын құрылымын;

  • интерпретациялық нәтиженің өңделуі және зерттеудің жүргізілу ережесін;

  • педагогикалық психологияның танымал әдістемелердің көптілігін;

  • педагог-психологтың этикалық мәдениеттілігін.

игеру:

  • педагогикалық психология курста алған білімді сапасын бағалау;

  • нақты әдістемелерді таңдау барысында психолгиялық дамудың жеке оқытылуын;

ұғып алу:

  • педагогикалық психологияның негізін түсіну;

  • әдістерді орынды қолдану іскерлігін.

  • ғылыми теориялар және сөздіктермен жұмыс.

түсіну:

  • педагогикалық психологияның даму сатысын;

  • педагогикалық психологияның кәсіби этикалық түсініктемесін;

  • оқыту, тәрбиелеу және дамудың өзара байланыстылығын;

  • тәрбиелеу психологиясын, оқыту психологиясын.

1.6. Пән пререквизиттері:

1.6.1 Педагогикалық мамандыққа кіріспе;

1.6.2 Психология және адам дамуы;

1.6.3 Психологиялық мамандыққа кіріспе.

1.7. Пән постреквизиттері:

1.7.1 Мектепке дейінгі мекемелердегі әдістемелік жұмыс;

1.7.2 Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі.
2 ПӘН МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫҢ РЕТТЕЛУІ

1 кесте



р/с


Тақырыптың атауы

Сағаттар

Әдебиеттер



Дәріс

Лаб.

сағат


Прак.

сағат


БОӨЖ

БӨЖ

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Педагогикалық психологияның мақсаты, міндеттері, мазмұны

2

-

2

2

4,5

1 Б. 35-48

3 Б. 5-9


7 Б. 47-210

2

Педагогикалық психологияның зерттеу пәні,обьектісі, құрылымы, зерттеу әдістері

2

-

2

2

4,5

1 Б. 51-55

8 Б. 210-225



3

Педагогикалық психологияның әдіснамалық негіздері

2

-

2

2

4,5

6 Б. 29-56

7 Б. 105-135

4 Б. 52-69


4

Қазіргі кездегі білім беру

2

-

2

2

4,5

1 Б. 32-95

7 Б. 12-165

8 Б. 14-28


5

Оқу іс-әрекетінің қалыптасуы және құрылымы

2

-

2

2

4,5

1 Б. 35-48

3 Б. 5-9


7 Б. 47-210

6

Оқыту және дамыту арақатынасы

2

-

2

2

4,5

1 Б. 32-95

7 Б. 12-165

8 Б. 14-28


7

Білімді, іскерлікті, дағдыны меңгеру процесі

2

-

2

2

4,5

1 Б. 32-95

7 Б. 12-165

8 Б. 14-28


8

Педагогикалық қарым-қатынас психологиясы

2

-

2

2

4,5

1 Б. 32-95

4 Б. 52-69

7 Б. 12-165

8 Б. 14-28



9

Мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым–қатынастың психологиялық-педагогикалық негіздері

2

-

2

1

4,5

6 Б. 29-56

7 Б. 105-135

4 Б. 52-69


10

Қарым-қатынастағы қиындықтың жалпы сипаттамасы

2

-

2

1

4,5

6 Б. 29-56

7 Б. 105-135

4 Б. 52-69


11

Педагогикалық өзара әрекеттесуде болатын қиындықтардың сипаттамасы

2

-

2

1

4,5

1 Б. 32-95

4 Б. 52-69

7 Б. 12-165

8 Б. 14-28



12

Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің психологиясы

2

-

2

1

4,5

1 Б. 32-95

4 Б. 52-69

7 Б. 12-165

8 Б. 14-28



13

Мұғалімнің кәсіби және жеке тұлғалық дамуы

2

-

2

1

4,5

6 Б. 29-56

7 Б. 105-135

4 Б. 52-69


14

Педагогикалық ұжым психологиясы

2

-

2

1

4,5

6 Б. 29-56

7 Б. 105-135

4 Б. 52-69


15

Мектеп және жоғарғы оқу орындарындағы психологиялық қызмет

2

-

2

0,5

4,5

1 Б. 32-95

4 Б. 52-69

7 Б. 12-165

8 Б. 14-28






Барлығы

30

-

30

22,5

67,5





3. ПӘНДІ ОҚУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Студент аталған курс бойынша мынадай теориялық және практикалық мәселелерді игеруі керек. Оқу жоспарының көшірмесінде бөлініп берілген әр сабақ түрлері сағатқа шағылған, пәннің қысқаша мазмұны, мақсаттары мен міндеттері көрсетілген. ОӘК оқу пәнін меңгерудің барлық талаптарына сай келеді. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі бар. Оқушылар мен студенттерге арналған жүмыс бағдарламасы берілген. Студентке арналған жүмыс бағдарламасында оқылуға тиісті тақырыптар мен жүмыс түрлерінің тізімі әдебиеттердің көрсетілуімен айқындалған. Әр дәріс сабағы бойынша қысқаша мәлімет берілген. Тәжірибелік сабақтардың тақырыптары және әр тақырыпта қарастырылатын мәселелер жоспар түрінде нақты көрсетілген. БӨЖ және ОБӨЖ тапсырмаларын өткізудің мерзімі, тақырыптары және әдебиеттері жазылған. Студенттердің білімін бағалау әдістемесі бар.



Дәрісті тыңдап, жазуға әдістемелік нұсқаулар.

Мақсаты: студенттерді курс бойынша тиісті теориялық біліммен қаруландыру.

Міндеттері:


  • әр тақырыпты меңгерту мақсатымен жүйелі білім беру;

  • әр тақырып бойынша негізгі түсініктермен таныстыру және меңгерту;

  • пәнге қызығушылығын тудыру және ары қарай өздігінен жұмыс істей білуге үйрету;

  • курс бойынша тиісті білімді меңгеру үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету.

Жоғары оқу орындарында оқытуды ұйымдастырудың негізгі формаларының бірі - дәріс болып табылады. Ол студенттерге олар үшін күрделі және жаңа ақпараттарды беруге тиімді. Дәріс студенттерде пәнге қызығушылық тудырады, алынған білімді практикалық міндеттерді шешуде қолдануға көмектеседі, тақырыптың және қарастырылып отырған материалдың теориялық жақтарын ашып көрсетеді.

Дәріс – студенттерде өздігінен терең білім алуға ізденіс туғызады. Дәрісті тыңдау – бұл өзара бір-бірімен байланысқан танымдық үрдістердің (зейін, түйсік, қабылдау, ес, қиял, ойлау) бірлігі.

Сіздің курс бойынша жан-жақты білім алуыңыз дәріс сабақтарын толық тыңдауыңызға байланысты екенін еш ұмытпаңыз. Сондықтан бағдарлама мазмұнында берілген дәріс сабақтарын алдын-ала қарастырып жүріңіз. Сіздің білімініңізің деңгейі тек өзіңіздің жауапкершілігіңіз және өздігіңізден жұмыс жасау қабілетіңізге тікелей байланысты болады.

Дәріс сабағын тыңдау және жазуға даярлық сабаққа кешікпеңіз; дәріс дәптеріңіз және қаламыңызды ұмытпаңыз; дәріс барысында мәтінді қалмай жазып отыруға талпыныңыз, ол тәжірибелік сабақтарға, өздік жұмыстарға даярлануда негіз болады.



Білім алушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарын орындауға әдістемелік нұсқаулар

Мақсаты: студенттердің дәріс және тәжірибелік сабақтарында алған білімдері негізінде өздігінен жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру.

Міндеттері:


  • дәріс және тәжірибелік сабақтарында алған білімдерін тереңдету;

  • теорияны практикамен байланыстыру;

  • библиографиямен жұмыс істеу іскерлігі мен дағдыларын жетілдіру;

  • алынған білімі негізінде мәселелік сұрақтарды өздігінен шешу;

  • психологиялық-педагогикалық бақылау жүргізудің практикалық дағдыларын жетілдіру;

  • зерттеушілік, ізденушілік іскерліктерін жетілдіру;

  • өздігінен жұмыс істеу іскерліктері мен дағдыларын дамыту;

  • ойын еркін жеткізе білуге және оны қорғай білуге үйрету.

Өздігіңізден орындайтын өздік жұмысыңыз Сіздің курс бойынша меңгеретін біліміңізге және рейтинг бойынша жинайтын ұпайыңызға айтарлықтай ықпал жасайтынын ұмытпаңыз, сол себепті әрбір өздік жұмыс тапсырмасын өзіңіз дербес орындаңыз, тапсырманы орындауға мұқият қараңыз, әрі жауапты болыңыз. Өздік жұмыс тапсырмаларын орындау барысында басқадан көшіргеніңіз немесе басқаға көшірткеніңіз үшін жұмысыңыз мүлдем есептелінбеуі немесе бағасы төмендетілуі мүмкін.

Өздік жұмысын орындау формалары әр түрлі: кесте, таблица құру, реферат, коллоквиум, сөзжұмбақ, пікірталас, конспект бойынша талдау, аннотация жазу және т.б. Оларды орындау үшін оқу әдістемелік кешеннің мазмұнында жалпы әдістемелік нұсқаулар берілген.



Білім алушылардың өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер:

  1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б.) ие болу керек.

  2. Біліммен нәтижелі шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында даялануға дағдылану.

  3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.

  4. Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі оқытушылардан, кітапхана қызметкерлерінен ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.

  5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.

  6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.

  7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.

Өздік жұмыс түрлері: ауызша; жазбаша; практикалық; теориялық; шығармашылық.

Өздік жұмысты орындау барысында ерік қалыптасады, жұмысқа қабілет, зейін, оқу еңбегі, тәртібі тәрбиеленеді.



Өздік жұмыс формалары: реферат орындау; конспектілеу; аннотация жазу; тезис орындау; ғылыми баяндамалар жазу және т.б.

Конспектілеу - кітаптың мазмұнын қысқа баяндау.

Берілген тақырыпты конспектілеуге қойылатын негізгі талаптар:



  1. Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.

  2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.

  3. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет.

  4. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазылуы тиіс.

  5. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.

Сілтеме – бұл белгілі бір автордың ой-пікірін өз жұмысымызда пайдалансақ, онда оған сілтеме келтіреді, яғни ол әдебиеттің тізімін пайдаланғаны бойынша ретімен жазу.

Тезистеу - кітаптың негізгі ойларын қысқа баяндау.

Цитаталау - мәтінді сөзбе сөз көшіру. Міндетті түрде автор, кітап (жұмыс) аты, баспасы, шыққан жылы, беттері көрсетіледі.

Аннотация - мәнді, елеулі мағынасын жоғалтпай мазмұнды қысқа баяндау.

Рецензиялау - оқу материалы, кітап (жұмыс) туралы өз ойын қысқа жазу.

Ғылыми баяндамалар – аудиторияда оқылатын немесе мақала ретінде жарияланатын ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік –эксперимент жұмысының мазмұнын баяндайтын ғылыми құжат.

Эссе дегеніміз - философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтанулық, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. Эссе жазу барысында сақталынуы тиіс талаптар:

  • Жеке көзқарастың көрінісі;

  • Фактілі дәлелдер (аргументтер);  

  • Теоретикалық негіздеме;  

  • Цитаталарды келтіру;

  • Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу;

  • Логикалық заңдылықтың сақталынуы;

  • Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану;

  • Сауаттылыққа мән беру.

Әдебиеттермен жұмыс істеу әдістемесі

Кітаппен (негізгі әдебиетпен жұмыс жасағанда) жұмыс жасауда басты назар аударылады:

1. Кітаптың сыртқы мұқабасымен танысу (кітаптың аталуы, авторы, шыққан жылы, баспаның аты, кітаптың редакторы, алғы сөздің немесе кіріспе сөздің авторы); оның тұтастай көлеміне;

2. Мазмұны арқылы кітаптың жоспарымен (бөлім, тарауларымен) және қандай жүйеде жазылғанымен танысу;

3. Кітаптың алғы сөзімен, кіріспесімен мазмұнын, мақсатын түсіну үшін үстірт танысып шығу;

4. Негізгі мәтіннің құрылымымен (жеке тарауларға; мәтіннің жеке бөліктерге бөлінуіне (тақырыптарға, параграфтарға) танысу;

5. Безендірілу сипатына;

6. Қайталауға берілген сұрақтарға;

7. Қолданылған әдебиеттер тізіміне және т.б.

Келесі кезекте назарды қосымша әдебиеттерге аударған дұрыс.


4 ПӘННІҢ ТҮРІ (ФОРМАТЫ)

Семинарға дайындық кезінде студент мұғалімнің дәрісін назарға ұстай отырып, біршама ізденіс жұмыстарын жасау қажет. Ғылыми мақалалар мен монографиялар, сондай-ақ интернет желісінен алынған материалдардағы керекті деректер конспектіленіп алынады. Семинар студенттің ізденіс жұмысы болғандықтан, бір емес бірнеше дереккөздерді пайдалануға тиісті. Курс бойынша білуге тиісті терминдер мен шартты ұғымдарды оқытушы қамтып, түсіндіреді. БӨЖ тақырыптары берілген сұрақтарды қамти отырып, жазбаша және ауызша жұмыс түрінде орындалады. БӨЖ-ді конспект түрінде дәптерге жазып өткізу қажет. Сабақ барысында студенттің теориялық білімі, белсенділігі, ынтасы және шығармашылық шешім таба білу дағдысы бағаланады.




5 ПӘН САЯСАТЫ

Курсты оқу барысында алынған ұпай жинақталып, жалпы саны шығарылады. Жиынтық бағаны шығару үшін әрбір тапсырманы орындауы, сабаққа қатысуы, БӨЖ, ОБӨЖ тапсырмаларын, тиісті жаттығу жұмыстарын орындағаны жөніндегі ұпай жиынтығы, кезеңдік, қорытынды бақылау нәтижелері т.б. түгел ескеріледі. Курсты оқу барысында алынған барлық ұпайлар жинақталып, бір-біріне қосылады. Осы курстан алған жиынтық бағаны шығару үшін әрбір тапсырама мен рейтинг бақылауынан алынған баға және емтихан бағаларының қорытындысы бойынша орташа балл есептеледі. Барлық тапсырмаларды көрсетілген уақытында өткізу қажет. Барлық тапсырмаларды қабылдап алу емтиханға 7 күн қалғанда аяқталады. Барлық тапсырманы өткізбеген студенттер емтиханға кіргізілмейді. Жұмысты кеш тапсырсаңыз: қосымша тапсырма беру арқылы жұмыс көлемін ұлғайтылады; Тапсырмалар оқытушы тағайындаған уақытта қабылданады. Емтиханға келмесеңіз: орынды себеп болса, бұрынғы орындалған жұмыстарыңыз есепке алынады; орынсыз себеп болса, тапсырманы орындауыңыз қажет және осы мәселеге қатысты университет саясаты есепке алынады. Әрбір тақырыпты қайталау және өтеу міндетті. Өтілген материалды меңгеру деңгейі тест арқылы тексеріледі. Тест алдын ала ескертілмей өткізіледі. Аудиториялық сабақтарды босатпау, кешікпеу міндетті. Себепсіз сабақтан қалсаңыз: қосымша шығармашылылық жұмыс беріледі (реферат, көркем мәтінге талдау т.б.); Сабаққа екі рет кешігу бір рет сабақ босатылғанға теңгеріледі. Оқу үрдісіне белсенді түрде қатысу қажет.


6 БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ

Апта және бақылау түрлері бойынша баллдардың реттелуі кестеде келтірілген



«Педагогикалық психология» пән бойынша баллдардың реттелуі

2 кесте




Апта

Бақылау түрі

Жалпы балл

Ескерту

1

2

3

4




1-7 апта арасында дәрісханалық сабақтарға қатысу

30



3


Семинар

30




БӨЖ

20




4

Семинар

10




5


Семинар

30




БӨЖ

30



6


Семинар

30




БӨЖ

30




7

Семинар

0




Межелік бақылау 1

90




1-7 апта оқу нәтижесі бойынша жалпы балл

300




11

8-15 апта арасында дәрісханалық сабақтарға қатысу

30



9


Семинар

30




БӨЖ

20



11


Семинар

30




БӨЖ

30




13

Семинар

40




БӨЖ

30




15

Межелік бақылау 2

90




8-15 апта оқу нәтижесі бойынша жалпы балл

300




Емтихан үшін жалпы балл

400




Академиялық кезең бойынша жалпы балл

1000





7 ӘДЕБИЕТТЕР

7.1. Негізгі әдебиеттер:

7.1.1 Айсмонтас Б.Б. Педагогическая психология: схемы и тесты. - М.: Владос, 2004. - 208 с.

7.1.2 Григорович Л.А. Педагогическая психология. - М.: Гардарики, 2003. - 314 с.

7.1.3 Демиденко М.В., Клюева А.И. Педагогическая психология: Методики и тесты. - Самара: Бахрах, 2004. - 143 с.

7.1.4 Зимняя И.А. Педагогикалық психология: Жоғары оқу орындарына арналған оқулық. Екінш., толықт., түзет. және қайта өңд. бас./ Орыс тілінен аударған М.А.Құсаинова. - М.: Логос; Алматы: TST-company, 2005. – 368 б.

7.1.5 Логвинов И., Сарычев С., Силаков А. Педагогическая психология в схемах и комментариях. - СПб.: Питер, 2005. - 220 с.

7.2. Қосымша әдебиеттер:

7.2.1 Минаева В.М. Психолого-педагогический практикум. - М.: Академический проект, 2004. – 122

7.2.2 Оганесян Н.Т. Педагогическая психология: Вопросы образования и обучения: Система разноуровневых контрольных заданий. - М.: КноРус, 2006. - 324 с.

7.2.3 Столяренко Л.Д. Педагогическая психология для студентов вузов. - Ростов н/Д.: Феникс, 2004. - 250 с.

7.2.4 Хон Р.Л. Педагогическая психология: Принципы обучения. - М.: Академический проект, 2005. - 735 с.



7.2.5 Якунин В.А. Педагогическая психология. - М.: Изд-во Михайлова В.А., 2000. - 349 с.



жүктеу 156,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау